Валюталық операциялардың жіктелуі

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Февраля 2013 в 21:54, курсовая работа

Краткое описание

ҚР нарықтық қатынастарының дамуы сыртқы экномикалық дамудың қажеттігін және маңыздылығын анықтыды. Оның ішіне қаржы – валюталық қамтамасыздандыру, валюталық несиені алу, валютаны сатып алу, оның бағалы қағаздарға салынуы, валюталық тәуекелдерден сақтандыру және т.б. қажеттігі мен маңыздылығын жатқызуға болады.

Файлы: 1 файл

Коммерциялық банктердің валюталық операциялар.doc

— 296.00 Кб (Скачать)

Банктердің мынадай  меншікті операциялары 300 мың АҚШ  долларынан асса хабарлануға жатады:

  • 180 күн мерзімнен асатын бейрезиденттерден алған коммерциялық несиелер мен займдар;
  • бейрезиденттердің банктерге жасаған тікелей инвестициялары;
  • бейрезиденттердің банктердің бағалы қағаздарын сатып алу, сондай-ақ банктердің халықаралық капитал нарығында бағалы қағаздарды алғашқы эмиссиялауы;
  • жылжымайтын мүлікке деген меншік құқығын сатып алумен байланысты жасаған бейрезиденттердің аударымдары.

Валюталық операциялар  бойынша тіркеу куәләгән беру, лицензиялау  және хабарламаны қабылдауды Қазақстан  Республикасы Ұлттық Банкінің Төлем  балансы және валюталық бақылау департаменті жүзеге асырады.

 

 

 

 

 

 

 

1.2 Валюталық операциялардың жіктелуі

 

   Экономикалық әдебиеттерде де банктер жүргізетін валюталық операциялардың өзіндік белгілеріне байланысты жіктелуін көрсетеді.

                                                                        

1-сурет. Валюталық операцялардың  жіктелуі

 

  1. Клиенттердің шоттарын ашу және жүргізу.

      Бұл операция мынадай түрлерден тұрады:

  • заңды және жеке тұлғаларға (резиденттер мен бейрезиденттерге) валюталық шот ашу;
  • шоттардағы қалдық бойынша пайыз төлеу;
  • овердрафт (банктің жетекшілерінің шешімімен ерекше клиенттерге) несиелерін беру;
  • операция жасалуына қарай шоттың көшірмелерін беру;
  • кез келген уақыт аралығына шот архивін рәсімдеу;
  • клиенттердің тапсырмалары бойынша операцияларды орындау (клиенттер есебінен шетел валютасын сатып алу және сату);
  • экспорттық-импорттық операцияларға бақылау жасау.
  1. Сауда емес операциялар.

Сауда емес операцияларға  клиенттерге тауарлар және қызметтер  экспорты мен импорты және капитал қозғалысы бойынша қызмет көрсетулер үшін есеп айырысуларға байланыссыз операциялар жатады.

 Өкілетті банктер  сауда емес сипатта мынадай  операцияларды жасауы мүмкін:

  • қолма қол шетел валютасын және шетел валютасындағы төлем құжаттарын сатып алу және сату;
  • шетел валютасын және шетел валютасындағы төлем құжаттарын инкассациялау;
  • шетел банктерінің жол чектерін сатып алу(төлеу);
  • ақшалай аккредетивтерді төлеу;
  1. Шетел банктерімен корреспонденттік қатынас орнату.

Халықаралық есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін банктер шетел банктерінде өздерінің корреспонденттік шоттарын ашады. Ондай шоттар екі түрлі болып келеді:

       1.НОСТРО шоты (біздің шотымыз сізде) – банк-корреспондентте коммерциялық банктің атына ашылған ағымдық шот. 

        2.ЛОРО шоты (сіздің шотыңыз бізде) – коммерциялық банкте банк-корреспондентінің атына ашылған ағымдық шот. 

Шетел валютасымен есеп айырысу үшін валюталық шот ашу  керек. Егер заңды тұлғаның банкте теңгелік шоты болмаса, онда бұл үшін төмендегідей құжаттар қажет:

  • нотариалды куәландырылған, ұйымдастырушы құжаттар көшірмесі;
  • заңды тұлғаның валюталық шот ашатындығы туралы өтініші;
  • Қазақстан Республикасының өкілетті органының тіркелуі туралы құжаты;
  • төлемдер шығаратын және онда мәмілелердің, шарттардың, келісімдердің көшірмелері бар банкте заңды іс жүргізіледі;

       Кәсіпкерлік  қызметпен айналысатын жеке тұлға  банкте валюталық шот ашу үшін  мыналар қажет:

  • шот ашуға өтініш;
  • жеке куәлік көшірмесі;
  • салық органы қызметімен берілген, клиенттің салық есебінде тұратындығына дәлел болатын белгіленген формадағы құжат;
  • өкілетті органмен берілген, мемлекеттік тіркеуден өткендігін дәлелдейтін факт немесе осыған тең келетін құжат көшірмесі (лицензия мен патент).

       Шотқа  түскен валюталық қаражаттың  шығу тегі ашық, яғни заңды  болуы міндетті: қаржылық көмек, несиелер, қарыздар, сыйлықтар, экспорттық валюталық түсімдер, валюта, ішкі валюталық нарықта өкілетті банктен теңгемен алынған.

      Клиент  валюталық шоттан импорт тауары  бойынша келісім – шарттың  өтелуін іске асыруды, банкке  сәйкес келісімді, мәмілені немесе шартты көрсетуге міндетті.

      Аталған  құжаттар негізінде валюталық  шот ашқанда оған тоғыз санынан  тұратын нөмір беріледі:

000    000   000

 1                 2              3

мұндағы: 1 - валюта коды;

                 2 - шоттың баланстық көшірмесі;

                 3 -клиеттің жеке номері;

Валюталық шоттарды тіркеу кітабы  жүргізіледі, онда ашылған  күні, клиенттің аты, берілген номер  және қосымша ақпарат жазылады. Бірмезгілде  клиенттерге папка ашылады:жеке шот. Жеке шотта қаражаттардың шотпен қозғалысына байланысты барлық материал жинақталады.

Айтып кеткендей шетел  валютасымен операциялар жасау  үшін банк лицензия алуы қажет. Лицензиялау  заңға сәйкес Қазақстан Республикасының  Ұлттық Банкімен іске асырылады. Қазіргі  таңда бөлшек сауданы іске асырумен және қолма – қол шетел валютасын беру  қызметімен, сондай – ақ капитал қозғалысымен байланысты операцияларды жасау қызметі лицензияланады. Капитал қозғалысымен байланысты қаражаттардың бейрезиденттерден резиденттер пайдасына өтуін қарайтын Ұлттық Банкпен келесі валюталық операцияларды тіркеу тәртібі анықталған.  Барлық Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалармен орындалуы міндетті ҚР Ұлттық Банктің Қазақстан Респубдикасының Қаржы Мининстрлігімен келісе отырып және өкілетті мемлекеттік статистика органымен валюталық операцияның тәртібі, есептеу формасы мен есептілігі белгіленеді. Әрбір жеке және заңды тұлға республикадағы валютаны реттеу заңына сәйкес ҚР Ұлттық Банкіне және өкілетті банкке олардың жүйелі мұқтаждықтарына сәйкес қажетті ақпараттармен құжаттарды беруі міндетті. Банк валюталық операцияларды жүргізгенде түрлі тәуекелдіктерге барады. Біріншіден қысқа немесе ұзын позициядағы жеке валютадағы мәмілелердің жабылмауымен байланысты. Валюталық позиция – талаптар мен шетел валютасындағы бактің міндеттемелердің арақатынасын көрсетеді. Егер олар нақты валютан бойынша тең болса валюталық позиция юабық деп саналады, ал сәйкес  келмесе – ашық болып саналады. Жабық валюталық позиция боыйнша банк шетел валютасын сатып алуға келісім жасайды және оны сол уақытта  басқа сату келісісімен пайда тауып жабады. Ұлттық банк жабық валюталық позицияның мөлшеріне шектеулер қоймайды.

  1. Конверсиондық операциялар.

Конверсиондық операциялар – сол елдің қолма- қол және қолма -қолсыз ұлттық валюталарына  қолма -қол және қолма- қолсыз шетел валюталарын сатып алу және сату мәмілелері.

Конверсиондық операцияларға  мынадай валюталық мәмілелер  жатады:

  • СПОТ мәмілесі – бір валютаға қарсы екінші валютаны сатып алу және сатуға байланысты мәміле жасалған күннен кейінгі екінші банктік жұмыс күніндегі валюталау күні жүргізілген операциялар.
  • ФОРВАРД (мерзімді, аутрайт) мәмілесі - бір валютаға қарсы екінші валютаны  сатып алу және сатуға байланысты мәміле жасалға күннен кейінгі екі банктік жұмыс күніндегі валюталау күні жүргізілген операциялар.
  • СВОП мәмілесі - бір валютаға қарсы екінші валютаны сатып алу және сатуға байланысты осы валютаны болашақта қайта сатып алу және сатуға сәйкес, яғни екі қарама-қарсы операциядан тұратын банктік мәміле.   
  • Аутрайтпен жасалатын мәміле - белгілі бір күнге валютамен жабдықтау шартын білдіреді;
  • Опционмен жасалатын мәміле – валютамен жабдықтаудың күні белгіленбеген шартын сипатайды.
  1. Халықаралық есеп айырысу бойынша операциялар.

Сыртқы саудада есеп айырысудың мынадай формалары қолданылады: құжатталған аккредетив, құжатталған инкассо, банктік аударым.

  • Құжатталған аккредетив - аккредетивте көрсетілген құжаттарға қарсы экспортердың (бенефициарға) пайдасына өзінің бұйырушы-клиентінің (импортердің) өтініші бойынша жасайтын аккредетив алушы банктің (эмитент банктің) мідеттемесін білдіреді.
  • Құжатталған инкассо - эмитент банктің, сенім білдірушінің берген құжаттарын төлеушіге (импортерға) төлеу үшін ұсынуға немесе ақшасын алып беруге өзіне алған міндеттемесін бідіреді.
  • Банктік аударым - бактік аударым жасаушының жасаған тапсырмасы негізінде барлық есеп айырысудағы валюталық түсімдердің өкілетті банктердің шотына есепке алынуын білдіреді.
  1. Валюталық қаражаттарды тарту және орналастыру операциялары.

         Мұндай операцияларға мыналар  жатады:

1) депозиттерді тарту:

         • жеке  тұлғалардан;

         • заңды  тұлғалардан, соның ішінде, банкаралық  депозиттер;

2) несиелер беру:

         • жеке  тұлғаларға;

         • заңды  тұлғаларға;

3) банкаралық нарықта несиелерді  орналастыру. 

Валюталық операцияларды біздің елімізде шетел валютасымен  банктік операциялар жүргізуге ҚР Ұлттық банкінен алған лицензиясы бар өкілетті банктер ғана орындай алады. Сонымен қатар, ҚР Ұлттық банк валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүргізеді

 

1.3 Қолма – қол валюталық операциялар

 

Ұлттық валюта экономикалық өзгешелік пен әрбір мемлекеттің саяси егемендігінің белгісі.

Халықаралық айналым ретінде қолдануға  мүмкін болатын бірыңғай төлем құралының  жоқтығы айырбас валютаснының қажеттігін анықтайды, ал ол өз кезегінде валюталық операцияның пайда болуы мен жүргізілуі әкеледі. Әлемнің көптеген мемлекеттерінде сатып алу және сату ауқымы бойынша түрлі қаржылық корпорациялармен, инвестициялық және зейнетақы қорымен, экспортерлар және импортерлармен біріккен біртұтас халықаралық шетел валютасын айырбастау нарығын құратын банктермен іске асырылады. Валюталық операциялар мемелекеттің халықаралық беделін анықтайды, мемлекет экономикасының макроэкономикалық көрсеткіштеріне әсер етеді және инвесторлардың инвестициялық бастамасының, жобасының индикаторы болып табылады. Сонымен қатар, банкаралық валюталық тәртәп ереже бойынша валюталық нарықтың сыйымдылығы мен өтіділігін анықтайды. Банкаралық валюталық қызметінің ерекшелігі- шетел валютасымен операциялары бойынша орталық банктердің талаптары мен  шектеулері мемлекеттің резиденттерімен жүргізетін операция  шетелдік  әріптестердің жете меңгеруіне қажетті болып табылады. Халықаралық іскерлік қатынастардың өсуі   банкаралық валюталық сауданың көлемінің өсуіне әсер етті. Банктер өзара және банкаралық нарықта 85-95% дейін валюталық операцияларды жасайды, сондай- ақ епті ұйымдастыруда бұл  бағыт жалпы табыстан 60-65% - ға дейін пайда әкелуі мүмкін. Бірақ валюталық операцияларды жүргізу ғылыми жүйелуді, ғылыми зерттеуді және жұмысты жүргізу техникасынның дұрыстығы бөліміндегі анализді, әлемдік валюталық нарықтың  қатысушылары ұшырайтын мезгіліне және валюталық тәуекелділіктен аулақ басуды талап етеді.

Тарихи тұрғыдан халықаралық айналымда  төлемнің екі негізгі түрі көрсетілген:

1)трассирлеу;

2)ремиттеу;

Бірінші түрінде несие беруші қарыз алушыға оның валютасында тратта көшіруді және өзінің валюталық нарығында сатып алушының бактік курсы бойынша сатады. Трассирлеуде несие берушіге активті жақ болады: өзінің валюталық нарығында қарызгер валютасында вексельді сатады. Ремиттегенде қарыз алушы активті жақ: сатушы курсы бойынша өзінің  валюталық нарығында несие алушының валютасын сатып алады. Бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін халықаралық айналымда қолданылған төлемнің түрлі формалары біртіндеп өздерін дербес есеп айырысу әдісі ретінде көрсетті.

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін валюталық операциялардың түрлері кеңінен дамуға мүмкіндік  алды.  Валюталық шектеулердің өрістеген  кезеңінде 50- ші жылдардың аяғына дейін  өнеркәсібі дамыған елдерде валютаны дереу жеткізу бойынша валюталық келісімдер және жедел (форвардты) келісімдер басым болды. Еске сала кететіні соңғылары валюталық реттеудің обьектісі болды. 50-60 жылдар аралығында валюталық заңдылықтардың либеризациясы “своп”  операцияларының дамуына әкелді.

70-жылдардан бастап  биржа қатарында фьючерстік келісімдер (бірақ олар банкаралық нарықтың  қалыпты операциясы болған жоқ), валюталық келісімнің жаңа саудагершілік  формасы- опциондық валюталық  келісімдер, валюталық тәуекелділіктерден  хеджерлеу, тәуекелділітерді жасау, әсіресе тауар келісімі болғанда дамыды.

Қолма - қол операцияларды  көптеген банктер атқарады, ол жедел  валюталық операциялармен “своп”  операцияларын негізінен ірі  банктер жүргізеді, ал тұрақты опциондық  келісімдерді - әлемдік басқарушы  қаржы орталықтарының ірі банктері жүзеге асырады.

        Сонымен валюталық келісімдерді қысқаша төмендегідей топтастыруға болады.


 

  

 

 

 

 

 

 

 

2-сурет. Валюталық келісімдер

 

Берілген қысқаша сұрыптау валюталық келісімнің жүргізілуін  болжайды және ол бір қарағанда оңай болғанымен аналитикалық зерттеуді қажет етеді, себебі барлық көрсетілген валюталық операциялар ең көп тараған және жиі қолданылады.

Шетелдік банкноттарды, қазыналық билеттерді, шақаларды  және шетелдік валюта түрінде жазылған төлем құжаттарын сатып алу – сату жөніндегі мәмілені - валюталық операция дейміз.

Алдымен қолма – қол  валюталық операцияларды қарастырайық. Мәмілені ресімдеу сәтінде не тәулік шегінде қолма – қол  шетелдік валюта пайдаланылатын – қолма – қол валюталық операция. Қолма – қол   валюталық операциялар  кеңінен таралған және валюталық мәміле көлемінің 90% -ын құрайды. Кей кездерде, қолма – қол  валюталық операцияларды дереу жеткізу мәмілелері деп атайды және оған валюталық операция  “спот” жатқызылады.

Информация о работе Валюталық операциялардың жіктелуі