Валюталық операциялардың жіктелуі

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Февраля 2013 в 21:54, курсовая работа

Краткое описание

ҚР нарықтық қатынастарының дамуы сыртқы экномикалық дамудың қажеттігін және маңыздылығын анықтыды. Оның ішіне қаржы – валюталық қамтамасыздандыру, валюталық несиені алу, валютаны сатып алу, оның бағалы қағаздарға салынуы, валюталық тәуекелдерден сақтандыру және т.б. қажеттігі мен маңыздылығын жатқызуға болады.

Файлы: 1 файл

Коммерциялық банктердің валюталық операциялар.doc

— 296.00 Кб (Скачать)

КІРІСПЕ

 

Зерттеу тақырыбының  өзектілігі. ҚР нарықтық қатынастарының дамуы сыртқы экномикалық дамудың қажеттігін және маңыздылығын анықтыды. Оның ішіне қаржы – валюталық қамтамасыздандыру, валюталық несиені алу, валютаны сатып алу, оның бағалы қағаздарға салынуы, валюталық тәуекелдерден сақтандыру және т.б. қажеттігі мен маңыздылығын жатқызуға болады.

    Сыртқы экономикалық қызмет жуйесінде кәсіпорындар нарықтық шаруашылық әдістерімен байланымады. Атап айтсақ әлемдік валюталық нарық құралдарымен: шетел валютасы, валюталық курс, маржа, трансферт, есептік ставка, факторинг, форвард, курстық тәуекелдер және т.б. ҚР территориясында қызмет ететін қазіргі таңдағы валюталық механизм нарықтық экономика принциптеріне негізделген.

     Нарықтық экономика сыртқы экономикалық кәсіпорындардың қызметін орындайтын үлкен мүмкіндіктер туғызды. Бұл клиентке валюталық қызмет көрсететін коммерциялық банктер санының көбеюіне әкелді. 2010 жылы 1 маусымда  Қазақстан Республикасында 39 екінші деңгейлі банктер тіркелген, оның 24 сыртқы және ішкі валюталық нарықтарда операциялар жүргізуге лицензиясы бар банктер. ҚР Ұлттық Банкінің шетел валютасымен операция жүргізуге лицензиясы бар коммерциялық банктердің пайда болуы валюталық нарықта валюталық бақталастарды құрды және валюталық механизмнің қызмет ету аясын кеңейтті. Айтып кету керек 1992  жылы Қазақстан өзінің жеке шетел валютасы аукционын ашты. Ол  1996 жылы - AFINEX болды. Коммерциялық банктердің сыртқы экономикалық  қызметі тауар және қызметтердің экспорт/импорт бойынша шетел валютасынмен және ҚР территориясында, шетелдерде   шетел валютасының іске асырылуымен байланысты болды.

Валюталық операцияларды  біздің елімізде шетел валютасымен  банктік операциялар жүргізуге  ҚР Ұлттық банкінен алған лицензиясы бар өкілетті банктер ғана орындай алады. Сонымен қатар, ҚР Ұлттық банк валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүргізеді.

Валюталық реттеу -  мемлекеттік халықаралық есеп айырысу және валюталық құндылықтармен байланысты мәміле жасау тәртібін реттеуге бағытталған қызметі. Нормативтік актілермен және халықаралық валюталық келісімдермен реттеледі. Сондай – ақ ұлттық заңдар негізінде елдің аумағында шетел валютасының пайдаланылуын тәртіптеу де валюталық реттеуге жатады.

       Валюталық реттеу - нормативтік құқықтық актілерді жасау және бекіту, ақпараттарды жинау, валюталық заңдылықтардың орындалуына бақылау жасау, заңмен көзделген санкцияларды қолдану шараларын білдіреді.

Курстық зерттеу жұмысының  мақсаты және басты міндеттері:

Курстық жұмыстың мақсаты – валюталық нарықта қызмет ететін коммерциялық банктердің валюталық операцияларын дамытудың қажеттігі мен маңыздылығын теориялық және әдістемелік тұрғыдан негіздей отырып, ҚР-ғы екінші деңгейдегі банктердің валюта нарығындағы тәжірибелеріне талдау жасау, сондай-ақ коммерциялық банктердің валюталық операцияларын дамыту және жетілдіру жолдарын іздестіру болып табылады.

Көзделген мақсатқа жетуде мынадай міндеттерді шешуді қажет етеді:

  • «банктердің валюталық операциялары» ұғымын нақтылау;
  • банктердің валюталық операциялардың ерекшеліктерін көрсету;
  • ҚР-ғы валюта нарығындағы коммерциялық банктер қызметтерінің жағдайына талдау жасау және проблемаларды айқындау;
  • коммерциялық банктер қызметіндегі валюталық тәуекелді басқару әдістерін қарастыру.

Зерттеу пәні коммерциялық банктердің валюталық операцияларының аясында қалыптасатын экономикалық қатынастар.

Зерттеу объектісіне Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктердің валюта нарығындағы қызметі жатады.

Зерттеу жұмысының  әдістемелік және теориялық негізіне қазіргі кездегі отандық және шетелдік экономистердің коммерциялық банктердің валюталық операцияларын дамытудағы орын алатын мәселелері туралы және  оның  тиімді қызмет етуінің экономиканы модернизациялау мен диверсификациялаудағы рөлін сипаттайтын зерттеулері пайдаланылды.

Жұмысты жазу барысында сүйенген негізгі теориялық ақпарат көздері- ҚР-ның заңдары, арнайы экономикалық сайттар, мерзімді басылымдар, отандық әдебиеттер, әдеби-статистикалық мәліметтер. Статистикалық және ақпараттар базасы ретінде ҚР Ұлттық банктің ақпараттық бөлімшелерінің статистикалық және есептік деректері, нормативтік құжаттары, ҚР-ғы екінші деңгейдегі банктерінің жылдық есеп деректері, түрлі деңгейдегі ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары пайдаланылды.

Курстық жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

 

1 Валюталық операциялардың экономикалық мазмұны

 

    1. Коммерциялық банктердің валюталық операцияларды жүргізу тәртібі

 

Қазақстан Республикасының  «Валюталық  реттеу туралы» заңына  (24.12.1996 ж.) сәйкес, «валюта - мемлекеттердің төлем құралы ретінде қабылданған ақша бірліктері немесе банкноттар, қазыналық билеттер мен тиындар, соның ішінде қымбат металдардан жасалған тиындар (айналымнан алынған немесе алынатын, бірақ айналымда жүрген ақша белгісімен айырбастауға жататынын қоса алғанда) түріндегі қолма – қол және аударым нымандарындағы құнның ресми спандарттары, сондай – ақ шоттардағы, соның ішінде, халықаралық ақша немесе есеп айырысу бірліктеріндегі қаражаттары».

   Осы заңда «валюталық  операцияларға» мынадай түсінік берілген:

    1) меншік құқығының  және өзге де құқықтырдың валюталық  құндылықтарға ауысуына байланысты  операциялар, соның ішінде, төлем  құралы ретінде шетел валютасын  және шетел валютасындағы өзге  де төлем құралдарын пайдаланумен  байланысты мәмілелер;

     2) валюталық құндылықтарды кез келген тәсілмен Қазақстан Республикасына әкелу және жөнелту, сондай – ақ Қазақстан Республикасынан әкету және жөнелту.

     Мұндағы  валюталық құндылықтарға мыналар  жатады:

    1) шетел валютасы;

    2) номиналы  шетел валютасында көрсетілген бағалы қағаздар және төлем құралдары;

    3) тазартылған  құйма алтын;

    4) ұлттық валюта;  резиденттер мен бейрезиденттер  арасында олармен операциялар  жасалған жағдайда құны ұлттық  валютамен көрсетілген бағалы  қағаздар және төлем құжаттары.

      Мұндағы  резиденттерге жататындар:

  • ҚР– ның тұрақты тұрғыны, соның ішінде, уақытша шетелде немесе республикадан тысқары жерлерде мемлекеттік қызметте жүрген жеке тұлға;
  • ҚР– ның  заңдылықтарына сәйкес құрылған барлық заңды тұлғалар, олардың республика ішіндегі немесе одан тысқары жерлерде орналасқан филиалдары мен өкілеттігі;
  • ҚР– нан тысқары жердегі орналасқан дипломатиялық, сауда және өзге де өкілеттіліктер жатады.

       Ал  бейрезиденттерге резидент құрылымында  көрсетілмеген ҚР– ның   барлық  заңды және жеке тұлғалары немесе одан тысқары жерлердегі олардың филиалдары мен өкілеттіктері жатады.

       Кейбір  экономикалық әдебиеттерде валюталық  құндылықтар қатарына бағалы  металдар (алтыннан басқа да) мен  табиғи асыл тастарды (алмаз, рубин,  изумруд, сапфир, александрит және жемчуг) жатқызылады.

       Валюталық  операциялар ағымдық операциялар  және капитал қозғалысымен байланысты  операцияларға бөлінеді.      

     1. Ағымдық  операцияларға жататындар:

  • тауарлар, жұмыстар және қызметтер үшін төлемнің не аванс төлемінің мерзімін 180 күннен аспайтын мерзімге ұзартуды көздейтін экспорт-импорт  мәмілелері бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыруға арналған аударымдар;
  • 180 күннен аспайтын мерзімге несиелер беру және алу;
  • салымдар (депозиттер), инвестициялар, заем және өзге операциялар бойынша дивиденттерді, сыйақыларды және өзге де табыстарды алу және аудару;
  • гранттарды қоса алғанда, сауда сипатына жатпайтын  аударымдар, мұрагерлік соманы, жалақыны, зейнетақыны, алименттерді және басқа сомаларды аудару;
  • осы заңмен капитал қозғалысына байланысты операцияларға жатпайтын барлық өзге де валюталық операциялар.

      2. Капитал  қозғалысына байланысты операцияларға  жататындар:

  • инвестициялврды жүзеге асыру;
  • интеллектуалдық меншік обьектілеріне ерекше құқықты толық беруді көздейтін мәмілелер бойынша есеп айырысуларды жүргізуге арналған аударымдар;
  • мүліктік  құқыққа және өзге де жылжымайтын мүлік құқығына төлеуге аударымдар;
  • тауарлар, жұмыстар және қызметтер үшін төлемнің не аванс төлемінің мерзімін 180 күннен асатын мерзімге ұзартуды көздейтін экспорт-импорт мәмілелері бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыруға арналған аударымдар;
  • өздері тіркелген мемлекеттердің заңдары бойынша банк операцияларын жүзеге асыруға құқығы бар шетел банкілерінде және өзге де қаржылық ұйымдарда салымдарды (депозиттерді) жүзеге асыру;
  • зейнетақы  активтерін жинақтауға байланысты мәмілелер бойынша халықаралық аударымдар;
  • жинақтау смпатындағы сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша халықаралық аударымдар.

Валюталық операцияларды  біздің елімізде шетел валютасымен банктік операциялар жүргізуге ҚР Ұлттық банкінен алған лицензиясы бар өкілетті банктер ғана орындай алады. Сонымен қатар, ҚР Ұлттық банк валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүргізеді.

Валюталық реттеу  - мемлекеттік халықаралық есеп айырысу және валюталық құндылықтармен байланысты мәміле жасау тәртібін реттеуге бағытталған қызметі. Нормативтік актілермен және халықаралық валюталық келісімдермен реттеледі. Сондай – ақ ұлттық заңдар негізінде елдің аумағында шетел валютасының пайдаланылуын тәртіптеу де валюталық реттеуге жатады.

Валюталық заңға сәйкес, валюталық реттеу шараларына мыналар  жатады:

  • лицензиялау;
  • тіркеу;
  • хабарлау;

Тіркеу және лицензиялауға  жататын валюталық операциялар  тізімі төмендегі кестемен берілген.

 

1-кесте. Тіркеу және лицензиялауға жататын валюталық операциялар

 

 

Валюталық операциялар түрлері

ҚР-на кіретін

ҚР-нан  шығатын

1

180 күн мерзімнен асатын коммерциялық несиелер

 

Тіркелді

 

Лизензияланады

2

Тікелей инвестициялар

Тіркелді

Тіркелді

3

Бағалы қағаздарды сатып алу

Тіркелді

Лизензияланады

4

180 күн мерзімнен  асатын қаржылық займдар

 

Тіркелді

 

Тіркелді

5

Капитал қозғалысымен жасалатын өзге операциялар

 

Тіркелді

 

Тіркелді


 

2-кесте. Тіркеуге жататын ең төменгі сомасы

 

Қазақстан Республикасына кепіл түскен мүлік (қаражат) 300 мың АҚШ долларына асқан жағдайда

Қазақстан Республикасынан  қаражат аудару (мүлікті беру) сомасы 10 мың АҚШ долларынан асқан жағдайда

Резиденттің бейрезидентке  мүлікті (қаражатты) қайтарумен байланысты міндеттемесі 300 мың АҚШ долларынан асқан жағдайда

Резиденттің бейрезидентке  мүлікті (қаражатты) қайтарумен байланысты талабы 10 мың АҚШ долларынан асса


 

Сонымен қатар заңды тұлға резиденттердің шетелдегі филиалдары мен өкілдіктерін ұстау шығыстарын қаржыландырумен  байланысты шетел банктерінде шот ашуы тіркеуге алынды.

Тіркеуге жатпайтын валюталық  операцияларға мыналар жатады:

  • мемлекеттің сыртқы займдар, мемлекеттің кепілдігі бар мемлекеттік емес сыртқы займдар туралы келісімдер, сондай-ақ осындай келісімдердің төңірегінде жасалатын операциялар;
  • валюталық келісімшарттың толық сомасына жасалған мәмілелік құжаты бар тауарларды экспорттаумен (импорттаумен) байланысты коммерциялық несиелер;
  • хабарлау режимінде жасалатын банктердің меншікті операциялары;
  • Қазақстандағы Республикасындағы шетелдік мекемелердің жүзеге асыратын валюталық операциялары;
  • Бейрезиденттердің Қазақстан Республикасында шығарылған мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алуы;
  • Бейрезиденттердің қазақстандық депозитарлық қолхаттарды сатып алуы;
  • Брокерлік қызмет көрсету негізінде бейрезиденттердің, резиденттердің бағалы қағаздарын сатып алуы;
  • өзге мемлекеттердің заңдарына сәйкес және олардың аумағында резиденттердің шығарған бағалы қағаздарын бейрезиденттердің сатып алуы.

Валюталық операцияларды  тіркеуге алу үшін қажетті құжаттар тізімі:

  • тіркеу үшін өтініш;
  • валюталық келісімшарт көшірмесі (тігілген және мөр басылған);
  • төл құжатының көшірмесі (жеке тұлғалар үшін)
  • Қазақстан Республикасы статистика ұйымының тарапынан заңды тұлғаға жеке идентификациялық кодының берілгендігін растайтын құжаттың көшірмесі;
  • СТТН көшірмесі;
  • Валюталық келісімшартқа сәйкес міндеттемелердің орындалуы және аяқталуын растайтын құжаттардың көшірмесі.

Информация о работе Валюталық операциялардың жіктелуі