Жұқпалы аурулардың аталуы, жіктелуі

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2013 в 21:08, творческая работа

Краткое описание

Работа содержит презентацию по дисциплине "Ветеринария"

Файлы: 1 файл

Індетттану.pptx

— 1.95 Мб (Скачать)

     Қазақ ұлттық аграрлық университеті

   Жұқпалы аурулардың  аталуы, жіктелуі

 

      Орындаған: Көшембаева М.Е

                             ВМ  401 топ

      Тексерген: Қасымов Е.И.

    Әрбір жұқпалы ауру ұзақ эволюцияның нәтижесінде қалыптасқан нозологиялық бірлік ( грекше nosos ауру). Оның өзгешелігі мен дербестілігі  қоздырушы микробпен байланысты. Жұқпалы аурудың дербестігін тану үшін оны қоздырушы микробтың өзгешелігіне яғни жеке даралығына көз жеткізу қажет. Басқаша айтқанда әрбір жұқпалы аурудың өзіне ғана тән қоздырушысы болады, ал әрбір зардапты микроб өзіне ғана  тән ауру қоздырады.

        жұқалы аурулардың атауы

 

         Жұқпалы аурулардың осы заманғы атаулары ешбір жүйесіз кездейсоқтық нәтижесінде қалыптасқан. Ғылыми негізге ең  жақын ешбір дау тудырмайтын ауру аттары қоздырушыларының  туыстық атауына оз ез жалғауларын жалғау арқылы жасалады. Кейбір жағдайда  аталған жалғау ауру қоздырушысының туыстық атауына ғана, түрлік атауына жалғанады.  Бірқатар аурулардың атауы клиникалық  белгілеріне негізделген.

           Аурулардың аты географиялық атаулармен де кісі аттарымен де байланысты қойылады. Ал кейбір жағдайларда жергілікті бір атаулар барлық халықтар үшін ортақ болып келеді.

        Жұқпалы аурулардың жіктелуі

 

       Жұқпалы ауруларды бір жүйеге келтіріп, жіктеудің теориялық және практикалық маңызы зор. Жіктеу, яғни классификация ауруларды зерттеп білу, оқып тану және есепке алу үшін қажетті алғышарттардың бірі. Жұқпалы ауруларды жіктеудің бірнеше түрлері белгілі;    

       Жұқпалы аурудың микробиологиялық жіктелуі оларды қоздырушы микробтардың токсономиялық орнына негізделген;

 

Бактериоздар  немесе бактериялық инфекция

Вироздар  немесевирустық инф.

Хламиоздар  немесе хламидиялық инф.

Риккетсиоздар немесе рикеттсиялық инф.

Микоплазмоздар  немесе микоплазмалық инф.

Микоздар  немесе миоздық инф

      Ауруладың клиникалық анатомиялық жіктелуі  бойынша  патологиялық процестердің орналасуына байланысты жұқпалы аурулар: ішек, өкпе, тері, орталық жүйке жүйесінің, сепсистік т.б. инфекцияларға бөлінеді.  Клиникалық анатомиялық ерекшеліктері бойынша дененің қай жүйесін зақымдайтындығына  және жіті немесе созылмалы өтуіне байланысты жіті ішек инфекциялары, созылмалы өкпе инфекциялары, жіті экземалық, денені жайлаған т.б. инфекция түрлері айқындалады.

Инфекция  қоздырушысының бастауына байланысты

Зооноздар

Қоздырушысы  жануар

Ктеноздар

  (үй  жануарлары)

Терионоздар

(жабайы  жануарлар)

Ктенотериоздар

(үй  хайуанаттарымен қатар жабайы  жануар)

Антропоноздар

 

Инф.қоздырушысының берілу тетігіне байланысты

респираторлық

алиментарлық

тері  арқылы

трансмиссивтік

                        Алиментарлық инфекциялар ас қорыту жолдары арқылы беріледі. Ауру қоздырушылары ішекқарында  болады да,сыртқы ортаға нәжіспен бірге бөлініп,денеге ауыз арқылы жемшөп және сумен енеді.

    берілу факторына   ауру қоздырушы  микробпен  ластанған жемшөп, төсеніш, су  т.б. Сыртқы ортадағы заттар  жатады.

     И.А.Бакуловтың  деректері  бойынша бұл топқа жататын  42 аурудың   24 ін бактериялар,   15 ін вирустар,  біреуін микоплазма, біреуін хламидия , біреуін саңырауқұлақтар  қоздырады.

           Індетке  қарсы шаралар: ауырған жануарды  оқшаулап, жеке бағып күту және  ветеринариялық санитариялық шаралар

         Респираторлық инфекциялар тыныс алу жолдары арқылы беріледі. Оларға  2 бактериоз, 12 микоплазмоз, 1 хламидиоз және 4 микоз жатады, яғни басым көпшілігі вирустық инфекциялар. Бұл аурудың таралуына жануарлардың тығыз орналасуы, вентиляцияның нашар жұмыс істеуі, ауаның жоғары ылғалдылығы мен суықтығы жағдай жасайды.

       Респираторлық  инфекциялар тыныс жолдары арқылы ауамен берілетіндіктен қоздырушы микробтар денеге тыныс жолдарының кілегейлі қабығы және өкпе арқылы енеді.

            Микробтар ауа арқылы тез тарайтындықтан  респираторлық аурулар жылдам  жұғады.

 

 

Респираторлық инф.

Басқа да жолдармен берілетін аурулар 

Тек қана ауа арқылы берілетін аурулар

     Трансмиссивтік инфекциялар қан сорғыш жәндіктер арқылы берілді. Олардың қоздырушылары тұрақты немесе оқтын оқтын қанда болады.

 

 

Трансмиссивтік  аурулар

Облигатты

Факультативті

      Тері арқылы тасымалдаушысыз  берілетін

инфекциялар таралу жолдарының

ерекшеліктеріне қарай 3 топқа бөлінеді:

 

Топырақ инф. қоздырушылары топырақта сақталады  да жаракаттанып, зақымданған кезде  жұғады.

Тікелей немесе жанасу кезінде берілетін  ауруар

Тек қана тікелей жанасу арқылы берілетін  аурулар

      Инфекция қоздырушысының берілу тетігі бойынша жіктелуін індеттанулық жіктелу деп те  атайды. Оның жұқпалы аурауларды танып білуде, олармен күрес жүргізіде маңызы зор.


Информация о работе Жұқпалы аурулардың аталуы, жіктелуі