Кәсіпорынның мүлкінің жіктелуі

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Октября 2011 в 15:54, лекция

Краткое описание

Кәсіпорынның шаруашылық құралдары құрамы орындалуы,пайда болу көзі мен көзделген мақсаты бойынша жіктеледі:
Негізгі құралдар-өндіріс процестерін жүргізу үшін қажетті жағдайлар жасайтын еңбек құралдары, олар ұзақ уақыт бойы сыртқы түрі мен формасын сақтап, өндіріс барысында 1жылдан астам қатысады. Өндіріс барысында олар бірте-бірте тозады, жөндеу немесе толығымен ауыстыруды қажет етеді.

Файлы: 1 файл

№ 7Лекция 7 Бух баланстың мазмұны мен құрылымы.doc

— 38.00 Кб (Скачать)

     Лекция  № 7    1.2.3 Кәсіпорынның мүлкінің жіктелуі 

  1. Кәсіпорынның  мүлкінің жіктелуі.

      Кәсіпорынның  шаруашылық құралдары құрамы орындалуы,пайда  болу көзі мен көзделген мақсаты  бойынша жіктеледі:

      Негізгі құралдар-өндіріс процестерін жүргізу  үшін қажетті жағдайлар жасайтын еңбек құралдары, олар ұзақ уақыт бойы сыртқы түрі мен формасын сақтап, өндіріс барысында 1жылдан астам қатысады. Өндіріс барысында олар бірте-бірте тозады, жөндеу немесе толығымен ауыстыруды қажет етеді.

      Материалды  емес активтер – нақты формасы жоқ, бірақ өндіріс процесіне пайда әкелетін активтер.

      Ұзақ  мерзімді қаржылық салымдар – субъектінің  басқа субъектілердің жарғылық капиталына сол субъектілерге үлестің қатысудан  алатын кірістер және дивиденттер немесе пайыз түріндегі қосымша экономикалық пайда алу мақатымен қаржы салуы.

      Айналым қаражат–шикізат, материалдар, отын және басқа бағалықтар: олар бір өндірістік циклде пайдаланады, осығсн байланысты барлық құн бірден кәсіпорынның шығындарына  кіреді. Осы топтың құрамына дайын  өнім және аяқталмаған өндіріс кіреді.

      Айналым қаражатқа қаржылық активтер қысқа  мерзімді қаржылық салымдар, банктік, депозиттік шоттары ақша, бағалы қағаздар және т.б. жатады. Ақшалай қаражат  ұйымының кассаларындағы қолма-қол ақшаның және есеп айырысу банктегі шоттардағы қаражат сомасының жиынтығы.

        Есеп айырысуларындағы қаражатқа  әр түрлі ұйымдардың,заңды және  жеке тұлғалардың кәсіпорындардың   алдындағы дебиторлық қарыздың  түрлері кіреді.

        Шаруашылық қаражаттан басқа  бухгалтерлік есептің обьектілері болып олардың қалыптасу қайнар көздері табылады. Олар кәсіпорынның пассиві болып меншікті және қарызға алынған болып бөлінеді. Ұйымның шаруашылық қаражаты қалыптасу қайнар көздері және мақсаты бойынша бөлінеді:

  • Меншікті қаражаттың қайнар көздері
  • Қаражаттың қарызға алынған қайнар көздері

      Жарғылықты  капитал-бұл ұйымның алғашқы меншікті капиталы,ол құрылтайшыларпдың құжаттарына  сәйкес үлестері негізінде қалыптасады.

        Резервтік капитал іс-жүзіндегі  заңға және ұйымның жарғысына  сәйкес таза табыс арқылы қалыптасады.

        Табыс-бұл есептегі жылдың және  өткен жылдардың табысы –салықтарды,  айыппұлдарды,айыптарды төлегеннен  кейін кәсіпорында қалатын капитал.

        Мақсатты қаржыландыру-мақсатты  бағыты шараларды іске асыруға  арналған қаржылар, басқа ұйымдардан және тұлғалардан түсетін қаржылар, шараларды қаржыландыру қайнар көзі ретінде тускен бюджеттің қаржылары және т.б. Осы қаржылар мақсаты бойынша ғана пайдалану керек. 

Информация о работе Кәсіпорынның мүлкінің жіктелуі