Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 15:06, реферат
Инвестиция – бұл капиталға ұзақ мерзімді салу нысанында қаржылық ресурстарды қолдану.
ҚР «Инвестициялар туралы» Заңда (8.01.2003 ж.) инвестицияның мынандай анықтамасы берілген инвестиция – барлық мүлік түрлері (жеке қолдануға берілген тауарлардан басқа), сондай-ақ инвестормен заңды тұлғаның жарғылық капиталға салынатын лизинг мүліктері, сондай-ақ оларға құқық немесе кәсіпкерлік әрекет үшін пайдаланатын белгіленген активтердің ұлғайтылуы.
Инвестициялар әдетте тұтынушылық, экономикалық және құнды қағаздарға инвестициялау деп бөлінеді.
Инвестиция – бұл капиталға ұзақ мерзімді салу нысанында қаржылық ресурстарды қолдану.
ҚР «Инвестициялар туралы» Заңда (8.01.2003 ж.) инвестицияның мынандай анықтамасы берілген инвестиция – барлық мүлік түрлері (жеке қолдануға берілген тауарлардан басқа), сондай-ақ инвестормен заңды тұлғаның жарғылық капиталға салынатын лизинг мүліктері, сондай-ақ оларға құқық немесе кәсіпкерлік әрекет үшін пайдаланатын белгіленген активтердің ұлғайтылуы.
Инвестициялар әдетте тұтынушылық, экономикалық және құнды қағаздарға инвестициялау деп бөлінеді.
Тұтынушылық инвестициялар – бұл ұзақ мерзімді пайдаланылатын қозғалмайтын мүлікті немесе тауарларды сатып алу. Инвестициялаудың объектісі ретіндегі қозғалмайтын мүлік мынадан тұрады:жеке қозғалмайтын мүлік (бір отбасына арналған коттедждер, кондоминиумдар, пайда әкелетін қозғалмайтын мүлік); жалға берілетін қозғалмайтын мүлік; сату үшін алынған қозғалмайтын мүлік (жер учаскелері және арнаулы белгіленген құрылыстар, яғни жанар-жағармай станциялары, шіркеу ғимараттары және т.с.с.).
Ұзақ мерзімді пайдаланатын тауарларға кіріс әкелетін мүліктік құндылықтар жатады (мысалы: алтын бұйымдар, өнер туындылары, антиквариат және т.с.с.).
Экономикалық инвестициялар – кіріс алу үшін тауарлар өндірісімен және қызмет көрсетумен байланысты болатын қаражатты нақты активтерге салу.
Пайда табу мақсатында құнды қағаздарға инвестициялау қаржылық инвестиция деп аталады.
Инвестициялардың мақсатына қарай екі түрі бар:
1) капиталды құрайтын
2) интеллектуалды
Капиталды құрайтын инвестициялар - бұл өндірістік және өндірістік емес қаржылық емкс активтердің өсуіне бағытталған инвестициялар, яғни кірісті ұлғайтудың қамтамасыз ететін инвестициялар.
Интеллектуалды инвестициялар – мамандарды дайындауға, олардың біліктілігін көтеруге, тәжірибе алмасуға, лицензияға, ноу-хау және т.б. қаражатты салу. Қазіргі кезде интеллектуалды инвестициялардың ең көп таралған түрлері: жоғарғы және орта арнаулы білім алуға мемлекеттік және жеке несиелер болып табылады.
Инвестициялар меншік нысанына қарай екіге бөлінеді:
1) мемлекеттік инвестициялар
2) жеке инвестициялар
Мемлекеттік инвестициялар бюджеттік қаражат есебінен немесе мемлекеттік кепіл негізінде алынған несие қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Жеке инвестициялар жеке немесе заңды тұлғалардың есебінен жүзеге асырылады.
Сонымен бірге инвестицияның кең таралған түрлері:
1) шетелдік инвестициялар
2) ұлттық инвестициялар
Мұндай бөлінудің негізгі – инвестицияның инвестордың елінде немесе өзге мемлекетте жүзеге асырылуы болып табылады.
Инвестиициялық қатынастарды реттеу.
Инвестициялық қатынастарды мемлекет реттей отырып, инвестициялық әрекет субъектілеріне ықпал ету нысандары мен әдістерін қолданады. Мемлекет инвестициялық қатынастарды арнаулы мемлекеттік органдар арқылы басқарады.
Инвестициялық мемелекеттік реттеудің екі құрамдас бөлігі белгіленген:
- тікелей мемлекеттік реттеу – мемлекеттік инвестиция аумағында; кенді пайдалану аумағында; мемлекеттік меншік объектілерін жекешелендіру аумағында; қаржылық және несие саясатын жүргізу аумағында, сондай-ақ салық саясатын жүргізу аумағында жүзеге асырылады.
- Инвестицииялық процестерді жанама реттеу, яғни мемлекетпен инвесторлардың құқықтарының кепілдігін, мемлекетпен қамтамасыз етуді, сондай-ақ инвестицияны қолдануды жүзеге асыру.