Негізгі құралдардың және .материялдық емес активтердің экономикалық мәні және құрлымы

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 19:47, курсовая работа

Краткое описание

Халық шарушылығы есептерінің арасында бухгалтерлік есептің алатын орны ерекше. Барлық экономикалық ғылымдар ішінде бухгалтерлік есеп өз алдына дараланып тұратын бөлек ғылыми сала. Өйткені, бухгалтерлік есеп қоғамдық өндірістің дамуы жолында қажет. Бухгалтерлік есептің мәліметтері мен көрсеткіштері қоғамдық өндірістің дамуын экономикалық тұрғыдан зерттеуге бірден-бір негіз болып табылады. Сондықтан да бухгалтерлік есептің негізгі міндеті – халық шаруашылығының барлық салаларында нақты тұжырымды мемлекеттік талапқа сай есептеу жұмысын жүргізеді.

Оглавление

1.НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАР ЕСЕБІНЕ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК.............................................................................................................
1.1 Негізгі құралдардың мәні және жіктемесі......................................................
1.2 Негізгі құралдардың тозу есебі және аморттизацияны есептеу әдісі....................
1.3 Негізгі құралдарды бағалау,қайта бағалау және түгендеу......................................
2.МАТЕРИЯЛДЫҚ ЕМЕС АКТИВТЕРДІҢ СИПАТЫ,БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ЕСЕПТЕУ.............................................................................................................................
2.1 Материялдық емес активтердің сиаттамасы.............................................................
2.2 Материялдық емес активтерге бағалау тану...........................................................
2.3 Материялдық емес активтерге амортизация есептеу..........................
3.НЕГІЗІ ҚҰРАЛДАРМЕН МАТЕРИЯЛДЫҚ ЕМЕС АКТИВТЕРДІ ЕРЕКШЕЛЕУ,ЕСЕПТЕУ................................................................................................
3.1 Негізгі құралдардың жекелеген түрлерін есептеу ерекшеліктері................
3.2 Негізгі құралдарды тозуы материялдық емес активтерді түгендеу...............
3.3 Материялдық емес активтерді есептеп шығару, Негізгі құралдарды есептен шығару................................................................................................................................
КІРІСПЕ
ҚОРЫТЫНДЫ

Файлы: 1 файл

САЛТАНАТ Ф31.docx

— 107.15 Кб (Скачать)

Амортизацияланған құн бастапқы құны мен жою құнының арасындағы айырма. Амортизациялық аударым әрбір  есептік кезеңнің шығысы ретінде  танылады.

Жаңадан пайдалануға берілген негізгі құралдар бойынша  амортизация  есептеу келіп түскен айдан кейінгі  айдың бірінші күнінен басталады, ал шығып кеткен негізгі құралдар бойынша  -  шыққан айдан кейінгі  айдың бірінші күнінен бастап тоқтатылады.

Толығымен амортизацияланған  негізгі құралдар бойынша  амортизацияны  есептеу қорлардың құны өнімнің (жұмыстың, қызметтің) құнына толықтай ауысқан айдан кейін туатын айдың  бірінші күні тоқтатылады.

Тоқтап тұрған негізгі  құралдар бойынша техникалық тұрғыдан қайта жарақтандыру барысында, консервацияға  ауыстырылған кезінде амортизация  есептелінбейді.

Жалға алынған негізгі  құралдар бойынша амортизация есептеуді  жалға беру шартының немесе шарт талаптарына  сай жалға беруші немесе жалға  алушы жасайды.

Одан басқа, мына төмендегі  негізгі құралдар бойынша амортизация  есептелінбейді: жер, өнім беретін малдар, кітапхана қоры, мұражай құндылықтары, ескерткіш архиектурасы мен өнері, ортақ пайдаланатын автомобиль жолдары.

Жалға алынған негізгі  құралдар бойынша амортизация есептеуді  жалға беру шартының немесе шарт талаптарына  сай жалға беруші немесе жалға  алушы жасайды.

Одан басқа, мына төмендегі  негізгі құралдар бойынша амортизация  есептелінбейді: жер, өнім беретін малдар, кітапхана қоры, мұражай құндылықтары, ескерткіш архиектурасы мен өнері, ортақ пайдаланатын автомобиль жолдары.

Құнсызданудан болған залал - активтің баланстық құнының оның өтелетін сомасынан асып түсетін  сома, жылжымайтын мүлік, үйлер мен  жабдықтар мынадай материалдық  активтерді білдіреді.

 

Негізгі құралдардың  тозу есебі және аморттизацияны есептеу  әдісі   

 

КӨРСЕТКІШТЕРДІҢ АТАУЫ

Жолдар коды

Түзетуден кейін

1

2

5

Өнімді сату мен қызмет     ұсынудан түскен табыс

010

139 648 580

Топ ішіндегі өнімді сату мен  қызмет ұсынудан түскен табыс

020

 

Жалпы табыс

030

139 648 580

Сатылған өнім мен ұсынылған қызметтердің өзіндік құны

040

78 517 428

Топ ішіндегі сатылған өнім мен ұсынылған  қызметтердің өзіндік құны

050

 

Жалпы табыс

060

61 131 152

Кезең шығындары

070

1 478 265

Салық салуға дейінгі пайда (залал)

080

32 969 256

Корпоративтік табыс салығы бойынша  шығындар

090

65 938

Салық салуға кейін пайда (залал)

100

32 903 318

Кезең ішіндегі жиынтық пайда (жиынтық  залал)

110

30 092 541


 

 Негізгі құралдардың тозу есебі

 

АКТИВТЕР

Жолдар коды

Есептік кезең ішіндегі

І.ҚЫСҚАМЕЗІМДІ АКТИВТЕР:

   

Ақшалай қаражаттар

010

22 573 424

Қысқамерзімді қаржылық инвестициялар

011

2 869 086

Қысқамерзімді дебиторлық берешек

012

1 045 665

Қорлар

013

3 265 760

Топ ішіндегі қорлар

014

10 222 410

Ағымдағы салықтық активтер

015

4 738 283

Өзге түрдег қысқамерзімді активтер

016

4 602 532

Қысқамерзімді активтердің жиыны

100

49 317 160

ІІ. ҰЗАҚМЕРЗІМДІ АКТИВТЕР

   

Ұзақмерзімді дебиторлық берешек

020

99 920

Үлестік қатысу әдісімен есепке алынып отыратын инвестициялар

021

3 656 562

Негізгі құралдар

022

 

Материалдық емес активтер

023

 

Өзге түрдегі ұзақмерзімді активтер

024

209 435 532

Ұзақмерзімді активтердің жиыны

200

225 494 585

Баланс (100-жол + 200-жол)

 

274 811 745

МІНДЕТТЕМЕЛЕР МЕН КАПИТАЛ

   

ІІІ. ҚЫСҚАМЕЗІМДІ МІНДЕТТЕМЕЛЕР

030

 

Қысқамерзімді қаржылық міндеттемелер

031

2 449 276

Салықтар бойынша міндеттемелер

032

1 205 903

Топ ішіндегі бойынша міндеттемелер

033

256 148

Қысқамерзімді несиегерлік берешек

034

7 673 838

Қысқамерзімді бағалау міндеттемелері

035

1 667 194

Өзге түрдегі қысқамерзімді міндеттемелер

036

13 999 116

Қысқамерзімді міндеттемелердің жиыны

300

27 251 475

ІV.ҰЗАҚМЕРЗІМДІ МІНДЕТТЕМЕЛЕР

   

Ұзақмерзімді қаржылық міндеттемелер

040

48 984 283

Ұзақмерзімді несиегерлік берешек

041

427 728

Ұзақмерзімді баға беру міндеттемелері

042

14 477 507

Ұзақ мерзімді міндеттемелердің жиыны

400

63 889 518

V. КАПИТАЛ

   

Капитал

050

32 916 055

Резервтер

051

75 560 190

Үлестірілмеген пайда

052

75 194 507

Азшылықтың үлесі

053

 

КАПИТАЛДЫҢ ЖИЫНЫ

500

183 670 752

Баланс (300-жол + 400-жол + 500-жол)

 

274 811 745


 

 

Сатып алу құнын төлегеннен кейін ұзақ мерзімге жалға алынған  негізгі құралдар жалға алушының меншігіне айналады. Мұндай жағдайда ұзақ мерзімге жалға алынған негізгі құралдардың тозуы 13-ші бөлімшенің 12-ші «Ұзақ мерзімге жалға алынған негізгі құралдардың тозуы» деген аралық шотының дебеті бойынша және 13 бөлімшенің 1-ші аралық шотының кредиті бойынша көрсетіледі.

Негізгі құралдардың амортизациясы  есептеудің әртүрлі әдістері бар. Шаруашылық жүргізуші субъектінің бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес дербес тұрғыда, өздерінің есеп саясатында амортизацияны  есептеудің тәсілі бойынша жасалынады, олар:

-құнын бірқалыпты (түзу  сызықты) жолмен есептеп шығару;

-құнын орындалған жұмыстың  көлеміне пропорционалды ( немесе  пара-пар) етіп есептен шығару (өндірістік әдіс);

-жеделдетіп есептен шығару;

-қалдығын азайту жолыменесептен  шығару;

-құнын сандардың жиынтығы  бойынша (кумулятивтік әдіс) есептен  шығару;

Негізгі құралдардың түрлері  бойынша амортизацияны есептеудің әрқилы  әдістері пайдаланылады. Бұл кезде негізгі құралдың бір түрі бойынша бір ғана тәсілі пайдаланылады.

Таңдап алған амортизацияны  есептеу әдісі субъектінің есептік  саясатымен анықталу тиіс және ол бір есептік жылдан екінші бір есептік жылға өтуі мүмкін. Егер де амортизацияны есептеу әдісі өзгермейтін болса, онда оның себебін ашу керек.

Ал бюджеттік мекемелер бойынша тозудың есептеу әдісін таңдау құқығы өкілетті органдардың еншісінде болады.

Дүйсембаева К.Ш. «Бухгалтерлік  есеп» оқу құралында жазылғандай  негізгі құралдар өндіріс процесіне ұзақ уақыт бойы  қатыса отырып абиғи нысаны) табиғи-климаттық жағдайлардың әсерінен басталады. Нәтижесінде негізгі құралдар құнының бөлігі жоғалады.

Негізгі құралдардың моральдық  тозуы техникалық прогреспен, өндіріс әдістерінің жетілуі және жаңаруымен байланысты. Техника және технологияны жетілдіру қолданыстағы негізгі құралдарға қатысты өндірісті арзандатуға мүмкіндік тудырады. Соған байланысты пайдаланудағы негізгі құралдар өз құнының бөлігін жоғалта отырып, құнсыздана бастайды. Өндіріске неғұрлым жетілген және үнемді машина, жабдық, үй мен ғимараттар түрлерін, жануарлардың тұқымдарының, көпжылдық өсімдіктердің түрлері мен сараптарының жаңа және жақсартылған, неғұрлым өнімдірек түрлерін жасалуы мен ендірілуі қолданыстағы негізгі құралдарды одан әрі қолданудың экономикалық тиімділігін көрсетіп берді.  

Негізгі құралды моральды тоздыратын факторлар:

Өндірістегі жабдықтар мен жабдықтардың жаңаруы (ескі машиналарды жаңа, неғұрлым өнімделуіне ауыстырады);

Технологиялық процестің  жетілуі (жаңа технология кезінде қолданыстағы машиналар мен жабдықтарды пайдалану мүмкін емес);

Шығарылатын өнім номенклатурасының  жаңаруы мен өзгеруі (бұл орайда ескі машиналар мен жабдықтар  жаңа өнім шығаруға жарамсыз);

Тауар өндіруге арналған машиналар  мен жабдықтардың санын азайтуда субъектіден талап ететін, кейбір тауарларға сұраныстың азаюы;

Жұмыс күшінің білікті  қызметкерлердің еңбекпен қамтылуындағы, өндірістің географиялық орналасуындағы өзгерістер.

Олар өндіріс көлемін, пайдаланылатын машиналар мен жабдықтардың санын азайтуды талап етуі мүмкін;

Өнеркәсіптің өңдеуші салаларындағы шикізат құрамының жиынтығындағы өзгеріс, өнімнің жекелеген түрлерін өндіру қажеттілігі. Бұлар өнеркәсіптің өндіру салаларындағы өндіріс көлемінің қысқаруына әкеп соқтыруы мүмкін. Моральды тозудың нәтижесінде физикалық тозу басталғанға дейін негізгі құрал объектілерін жаңасына, неғұрлым үнемдісіне ауыстырады. Моральды тозуды болдырмас үшін негізгі құрал объектілерін қайта құрады және жаңғыртады. Мұражай мен қылқалам құндылықтарынан, кітаптардан, фундаментальді кітапханалардан, фильмдер қорынан, сәулет пен өнердің ескерткіші болып табылатын үйлер мен ғимараттардан басқа негізі құралдардың барлығы моральды тозуға бейім.

Амортизация – бұл тозудың  құндық белгісі. Бұл негізгі құралдардың  амортизациялық құнын тозу шамасына қарай оның көмегімен өндірілетін еңбек өнімі мен қызметке ауыстырудың, өндіріс шығындарына қосылатын амортизациялық аударымдар арнайы ақша қаражаттарын пайдалану немесе негізгі қорлардың (негізгі құралдың) жай және кеңейтілген өндірісіне айналдырудың объективтік процесі.

Амортизациялық құн - дегеніміз  бастапқы құн мен жою құнының  арасындағы айырмашылық. Ол негізгі  құралдар келіп түскенде қосалқы бөлшектердің, сынықтардың қызмет мерзімінің соңында қалыптасқан қалдықтардың болжамдық құны ретінде анықталады.

Амортизациялық аударымдар амортизация нормалары бойынша  жасалады.

Амортизация нормасы – бұл амортизциялық аударымдардың жылдық сомасының негізгі құралдардың жылдық орташа құнына қатынасы.

Нормалар еңбек құралдарының экономикалық мақсатта қызмет мерзіміне  орай белгіленеді. Олар негізгі құралдар өтелуінің нормативтік мерзімін көрсетеді. Олардың деңгейі негізгі құралдың ұзаққа  шыдамдылығы мен физикалық тозуына байланысты. Мұның өзі еңбек құралдарының техникалық-құрылымдық және материалдық - заттық ерекшеліктеріне, пайдаланудағы негізгі құралдың (әсіресе машиналардың, жабдықтардың) нақты жасына, қолданыстағы еңбек құралдарының моральдық тозуына байланысты анықталады.

Автомобиль көлігінің  жылжымалы құрамының амортизациялық аударымының нормасы 1 000км жүрістің баланстық құнына процентпен белгіленуі мүмкін. Жыл бойы әрбір айдағы амортизациялық аудырымдардың мөлшерін анықтау негізгі құралдар құрамының өткен айда өзгеруіне байланысты, сондай-ақ негізгі құралдардың толық амортизациясына нормативтік қызмет мерзімінің аяқталуына байланысты белгіленген нормаларға түзетілген амортизация нормасына қарай жүргізіледі.

Қайтадан пайдалануға  берілген негізгі құралдар бойынша  амортизация есептеу енгізілген айдан кейінгі айдың бірінші күнінен басталады. Шығарылған негізгі құралдар бойынша амортизация есептеу шығарылған айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатылады. Қайтадан құру мен техникалық қайта жарақтандыру бойынша, егер олар толықтай тоқтатылса және НҚ консервацияға жіберілмесе, амортизация есептеу жүргізілмейді.

Жалға алынған негізгі құралдар бойынша амортизация есептеуді жалдау шартының нысанына және шарттың талаптарына сәйкес жалгер немесе жалға беруші жүргізеді.

Амортизациялық аударымдар әрбір есепті кезеңде негізгі құралдар әрбір түріне жұмсалған шығындар ретінде танылады. Амортизацияның әр түрлі әдістерін қолдануға рұқсат етіледі. Амортизацияны есептеудің субъект таңдап алған әдістері есеп саясатымен анықталып, бір есепті кезеңнен келесісіне қарай қолданылуға тиіс.

Т.Ә. Әбдіқалықовтың «Аудит және бухгалтерлік есеп» атты еңбегінде  негізгі құралдың ( үйлер мен ғимараттар, машиналар, көліктер, т.б.) өндіріс процесінде пайдаланылған кезде өздерінің бірте-бірте тозуына байланысты құндарын өздерінің көмегімен өндіріліп шығарылатын, жаңадан жасалған өнімдерге біртіндеп ауыстырып отырады. Бұл процесс «амортизация» - деп аталады. Амортизация сөзі латын тілінен аударғанда «өтеу» - деген мағынаны білдіреді. Амортизация белгіленген бір мөлшерде өнімнің өзіндік құнына қосылып отырады. Ал мұны амортизациялық аударым деп атайды. Амортизациялық аударым әрбір өнімнің өзіндік құнына кіріп, ал өнім сатылған кезде қайтарып отырады, яғни негізгі құралдардың тозуына байланысты құнының кемуі амортизациялық аударым жасау арқылы қайтарылады.

 Амортизациялық аударым  мөлшері – дегеніміз негізгі  құралдардың бастапқы құнынан  белгіленген пайызбен (процентпен) есептеп шығарған бір жылдық амортизациялық аударым сомасы.

Шаруашылық субъектілерінде  негізгі құралдарға ай бойы есептелген  амортизациялық аударым сомасы ай сайын  өндірілген өнімнің, істелген жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің өзіндік құнына қосылады. Маусыммен жұмыс істейтін шаруашылық субъектілерінде негізгі құралдарға жыл бойы есептелген амортизациялық аударым сомасы жыл соңында субъектінің жыл бойы өндірген өнімдері мен көрсетілген қызметтерінің өзіндік құнына кіргізіледі.

Шаруашылық субъектілеріне жаңадан келіп түскен, кіріске алынған негізгі құралдарға амортизациялық аударым келесі айдың бірінен бастап есептеледі. Ал субъектінің баласынан есептен шығарылған негізгі құралдарға келесі айдың бірінен бастап амортизациялық аударым есептелмейді.

Бухгалтерлік есептің  №16 ХҚЕС «Негізгі құралдарды (құрал-жабдықтарды) есепке алу» - деп аталатын стандартында негізгі құралдарға амортизациялық аударым есептеу үшін мынадай әдістер бекітілген:

Информация о работе Негізгі құралдардың және .материялдық емес активтердің экономикалық мәні және құрлымы