Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2012 в 16:49, курсовая работа
Негізгі құралдардың жіктелуі. Бухгалтерлік есепте негізгі құралдар деп өндіріс үдерісінде ұзақ уақыт бойы, яғни бір жылдан артық уақыт пайдаланылатын, өзінің бастапқы түрін, көлемін сақтай отырып , құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке есептелген амортизациялық аударым мөлшері шегінде біртіндеп ауыстырып отыратын еңбек құралдарын, яғни материалдық активтерді айтады.
1.Бөлім. Негізгі құралдар туралы түсінік.
1.1. Негізгі құралдардың жіктелуі.
1.2. Негізгі құралдардың бағалануы.
2.Бөлім. Негізгі құралдардың есебі.
2.1.Негізгі құралдар қозғалысы.
2.2.Негізгі құралдардың амортизациясы мен тозу есебі.
2.3.Негізгі құралдарды жөндеудің есебі.
2.4.Негізгі құралдарды есептен шығару тәртібі.
2.5.негізгі құралдарға түгендеу.
«Негізгі құралдардың есебі» тақырыбының жоспары.
1.Бөлім. Негізгі құралдар туралы түсінік.
1.1. Негізгі құралдардың жіктелуі.
1.2. Негізгі құралдардың бағалануы.
2.Бөлім. Негізгі құралдардың есебі.
2.1.Негізгі құралдар қозғалысы.
2.2.Негізгі құралдардың амортизациясы мен тозу есебі.
2.3.Негізгі құралдарды жөндеудің есебі.
2.4.Негізгі құралдарды есептен шығару тәртібі.
2.5.негізгі құралдарға түгендеу.
Негізгі құралдардың жіктелуі. Бухгалтерлік есепте негізгі құралдар деп өндіріс үдерісінде ұзақ уақыт бойы, яғни бір жылдан артық уақыт пайдаланылатын, өзінің бастапқы түрін, көлемін сақтай отырып , құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке есептелген амортизациялық аударым мөлшері шегінде біртіндеп ауыстырып отыратын еңбек құралдарын, яғни материалдық активтерді айтады. «Негізгі құралдарға»- қозғалмайтын мүлік,жер учаскілері,үйлер мен ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар мен жабдықтар, өлшеуіш және реттеуіш аспаптары мен құралдары, есептеуіш машиналар мен техникалары және олардың бағдарламалық құралдары, көлік тасымалдау құралдары, аспаптар, өндірістік және шаруашылық құрал- саймандары, өнім және жұмыс малдары, көп жылдық көшеттер, шаруашылықтың ішкі жолы, тағыда басқалар жатады.
Көлеміне немесіне бағасына қарамастан пайдалану мерзімі бір жылдан аспайтын өндіріс құралдары негізгі құралдардың қатарына жатпайды. Сонымен қатар негізгі құралдардың құрамына кәсіпорынның қоймаларындағы дайын бұйымдар болып саналатын жабдықтар мен машиналар, күрделі құрылыс құрамында есептелетін монтаждауды қажет ететін жабдықтар, жасалып біткен, бірақ әлі пайдалануға берілмей тұрған машиналар мен жабдықтар, сондай -ақ құрылыс -монтаж жұмысының өзіндік құнының құрамында қаралған үстеме шығындардың есебінен салынған титулдық тізімге кірмеген ғимараттар мен тетіктер, сонымен бірге жас малдар,яғни мал төлдері де жатпайды.
Барлық «негізгі құралдар» өздерінің өндіріске қатысуына қарай өндірістік және өндірістік емес болып екі топқа бөлінеді.Өндірістік негізгі құралдар деп өндірісте қызмет ететін , яғни өнім өндіру орындарында пайдаланатын негізгі құралдарды айтады. Оларға: өндіріске арналған үйлер, ғимараттар, өткізгіш тетіктер, құрылыс машиналары, көлік тасымалдау құралдары, әр түрлі станоктар, двигательдер, құрал -саймандар, өлшеуіш аспаптар және тағы басқалары жатады. Өндірістік емес негізгі құралдардың қатарына шаруашылықтың өндірістен басқа салаларында пайдаланатын негізгі құралдар жатады. Оларға тұрмыстық үй- жай шаруашылығында, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет салаларында пайдаланатын негізгі құралдар және тағы да басқа негізгі құралдар жатады. Халық шаруашылық салаларында және істейтін қызметтерінің түрлеріне қарай барлық негізгі құралдар: өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы, тасымалдау, байланыс, құрылыс, материалдық- техникалық жабдықтау және сату- өткізу ұйымдары, қоғамдық тамақтандыру, басқару органдары, әлеуметтік сақтандыру, ғылым және білім беру, ғылыми көмек көрсету және тағы да басқа салалары бойынша топталады.
«Негізгі құралдарды» халық шаруашылығының салаларына қарай топтастырылған кезде олардың қатысуымен шығарылған өнімдердің, болмаса орындалған жұмыстар мен қызметтердің шаруашылықтың қай түріне жататындығы негізге алынады.
Егер кәсіпорындар мен ұйымдардағы негізгі құралдардың бәрі тек қана ұйымның негізгі шаруашылығының түріне ғана қызмет істейтін болса,онда бұл ұйымдағы негізгі құралдардың барлығы түгелімен сол кәсіпорынның атқаратын қызметі саласындағы топқа жатады.
Мысалы:өнеркәсіптік ұйымдағы өнеркәсіп өнімдерін өндіру үдерісіне тікелей байланысты негізгі құралдардың барлығы халық шаруашылығының өнеркәсіп саласына жатады.
Егер кәсіпорынның балансында осы ұйымның негізгі қызметінен басқа салаларында қызмет атқаратын өндірістері мен бөлімшелері болса, онда осы бөлімшелер мен өндірістің атқаратын қызметтерінің сипатына сәйкес келетін халық шаруашылығы саласы қызметі түріндегі топқа жатады.
Кәсіпорынның балансындағы тұрғын үй шаруашылығының негізгі құралдары халық шаруашылығының тұрғын үй шаруашылығы және халыққа тұрмыстық қызмет көрсету саласына жатады.
Негізгі құралдар алдына қойған мақсатына және атқаратын қызметіне қарай мынадай топтарға бөлінеді:
а)үйлер (тұрғын үй, кеңсе үйі, қойма және тағы басқалар);
ә)ғимараттар (көпірлер, аспалы жолдар, жасанды су қоймалары, эстокадалар, скважиналар және тағы басқалары);
б)өткізгіш тетіктер (жұмыс машиналары, энергия бөлетін тетіктер, құбырлар және тағы басқалары);
в)машиналар (бумен жұмыс істейтін двигательдер, іштен жанатын двигательдер, электроаппаратық трансформаторлар, экскаваторлар,грейдірлер,
г)тасымалдау құралдары (жолаушылар және жүк таситын көліктер, жеңіл көліктер,көлікке тіркемелер(прицеп),тракторлар және тағы
ғ)құрал- саймандар мен жабдықтар(шкафтар, бактар,контейнерлер және тағы басқалар);
д)шаруашылық құрал- жабдықтар (жиһаздар, креслолар, кілемдер, сейфтер және тағы басқалары);
е)жұмыс және өнім малдары;
ж)көп жылдық өсімдіктер мен көшеттер;
з)жер (ұйымның сатып алған жер көлемінің құны);
и)жерді жақсартуға (өңдеуге) жұмсалған күрделі шығын;
к)басқа да негізгі құралдар (кітапхана қорлары және тағы басқалары);
Негізігі құралдар кімнің меншігінде, иелігінде екендігіне қарай меншіктік, яғни кәсіпорынның өзіне тиісті және уақытша жалға алынған негізгі құралдарды баланс сыртындағы «Жалға алынған негізгі құралдар» деп аталатын шотта есептейді.
Сонымен қатар пайдалану барысына қарай негізгі құралдар жұмыс істейтін,жұмыс істемейтін және сақтауда тұрған деп үшке бөлінеді.
Жұмыс істейтіндерге өндіріс үдерісіндегі,яғни қолданыстағы негізгі құралдар жатады.
Жұмыс істемейтін негізгі құралдардың қатарына тоқтатылып қойылғанда, белгілі себептермен басқа да жаққа әзірге берілмеген басы артық жабдықтар жатады.
Сақтауда тұрған негізгі құралдарға келешекте,яғни алдыңғы уақытта тозып немесе басқа да жағдайларға байланысты істен шығатын негізгі құралдардың орнына пайдалануға арналған құрал- жабдықтар жатады.
Материалдық активтер сатып алыну мақсатына қарай былай бөлінеді:
а)негізгі құралдар;
ә)тауарлық- материалдық қорлар;
б)қаржылық инвестициялар.
Мысалы: кәсіпорынның шаруашылық қызметін атқару барысында қажет болып табылатын өзінің пайдалануы мақсатында сатып алыған көлік құралы негізгі құралдар құрамында есептелінсе, ал сату үшін сатылып алынған көлік құралдары тауарлық- материалдық қорлар құрамында есептеледі. Кәсіпорынның өз қызметіне пайдалану үшін емес, ұзақ мерзімдік қаржы салымы мақсатында алған жер учкаскелері мен қаржылық инвестициялар ретінде есептелінеді.
Негізгі құралдардың бағалануы.
Негізгі құралдар дегеніміз -ұзақ уақыт бойы материалды өндіріс саласында да, өндірістік емес салада да еңбек құралы ретінде іс- әрекет ететін материалдық активтер ұлттық комиссиясы.
Негізгі құралдардың есебі Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп жөніндегі 1996жыл 13қарашадағы Қаулысымен бекітілген №6 «Негізгі құралдар есебі» бухгалтерлік есеп стандарттарында сәйкес іске асырылады.
Мақсаттық белгілеуіне және орындалатын іс- қызмет аясына байланысты, сонымен қатар Қазақстан Республикасын Ұлттық бухгалтерлік есеп бойынша 1996ж. 18 қарашадағы №6 қаулысымен бекітілген қаржы шаруашылық қызметтің бухгалтeрлік есебі шоттарының бас жоспарына сәйкес негізгі құралдар мынандай топтар бойынша мақсатты белгілеу мен орындалатын іс -қызмет аясына байланысты жіктеледі.
1. Жер- субъектінің меншік құқығымен алынған жерінің саны мен бағасы.
2. Үйлep- еңбек етуге,тұруға, халыққа әлеуметтік- мәдени қызмет көрсету және метериалдық қорларды сақтауға жағдай жасау үшін белгіленген архитиктуралық- құрылыс объектідері. Әрбір жеке тұрған үй түгендеу объектісі болып саналады.
3. Ғимараттар- еңбек заттарын өзгертуге қатысы жоқ белгілі бір қызметтерді орындау жолымен өндіріс процесін жүзеге асыруға арналған инженерлік құрылыс объектілері.
4. Машыналар мен жабдықтар- әрбір машина егер ол басқа мүліктік объектінің бөлігі болмаса, құрамындағы тетік, құрал- аспаптармен, қоршаулармен, тірек- тұғырымен мүліктік объект болып табылады. Негізгі құралдардың бұл тобы бес топшадан тұрады:
- күш қуатты машиналар мен жабдықтар- жылу және электр қуатын өндіретін машина- генераторлар; әр түрлі энергияны механикалық, яғни қозғалыс энергиясына айналдаратын машина двигательдер; жұмыс машиналары мен жабдықтары еңбек өнімін жасау процесінде керек жараққа механикалық, аппараттар мен жаббдықтар;
- өлшеуіш және реттегіш құрал аспаптар (приборлар, құрылғылар мен керек жарақтар, лабороториялық жабдықтар)- өндірістік процестерді өлшеуіш, реттеу үшін құрал- аспаптар, құрылғылар мен керек- жарақтар;
- есептегіш техника- процестерді түзету мен автоматтандыруға арналған машиналар, керек- жарақтар, құрал- аспаптар (компъютерлер мен басқа есептегіш техника);
Информация о работе «Негізгі құралдардың есебі» тақырыбының жоспары