Негізгі құралдар есебі

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2014 в 18:15, курсовая работа

Краткое описание

Материалдық - мүліктік формадағы активтер негізгі құралдардың құрамына жатады. Мысалы: Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес, жылжымайтын және жылжымалы мүліктер қатарына жатқызылатын, жылжымайтын мүлік, көлік құралдары, машиналар мен жабдықтау және басқа да мүліктерді негізгі құралдар деп атайды. Оларды субъектілер өнім өндіру немесе тауарларды (қызметтерді) жеткізу немесе өзге тұлғаларға жалға беру мақсатында пайдаланады және оларды қолдану мерзімі бір жылдан артық болады. Нарықтық экономикаға көшу жағдайында көптеген кәсіпорындардың қаржы жағдайы оларды жаңа күрделі қаржыдан шектеп, қаржыны тек негізгі құралдардың ең қажетті объектілеріне бағыттауды көздейді. Осыдан қолда бар негізгі құралдардың сақталуы мен тиімді пайдалануына қатаң есеп пен бақылаудың объективтілік қажеттілігі туындайды.

Оглавление

Кіріспе
I. Негізгі құралдардың бухгалтерлік есептегі рөлі
1.1. Негізгі құралдардың түсінігі және жіктелуі
1.2. Негізгі құралдарды кірістеу
1.3. Негізгі құралдардың өзіндік құны
1.4. Негізгі құралдардың шығысы
1.5. Негізгі құралдардың амортизациясын есептеу
1.6. Негізгі құралдарды жөндеу есебі
1.7. Негізгі құралдарды қайта бағалау
1.8. Негізгі құралдарды жалдау есебі
1.9. Негізгі құралдар лизингісі
1.10. Негізгі құралдарды түгендеу және негізгі құралдарды жөндеу шығындарын есепке алу
II. Негізгі құралдар есебі
2.1. Негізгі құралдарды кірістеу бойынша есептер
2.2. Негізгі құралдарды шығыс ету есептері
2.3. Негізгі құралдардың бір жауапты тұлғадан екіншісіне ауысуы
2.4. Негізгі құралдарды түгендеу бойынша есеп
Қорытынды.
Пайдаланатын оқулықтар тізімі.

Файлы: 1 файл

Аконти курс.работа.doc

— 228.50 Кб (Скачать)

 

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министірлігі

Көксу ауылшаруашылық колледжі

 

 

 

 

 

 

 

 

   Қаржылық есеп пәнінен

       курстық жұмыс

 

Тақырыбы: «Негізгі құралдар есебі»

 

 

 

 

                                                Орындаған:Бейсен Ақмарал

                                Тексерген: Албакова К.С

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жастар ауылы 2013 ж

 

 

«Қаржылық есеп» пәнінен курстық жұмысты орындау үшін

 

Тапсырма

 

Көксу ауылшаруашылық колледжінің 0518000 «Есеп және аудит (салалар бойынша)» мамандығының 31 «БЭ» тобының студенті

        Бейсен Ақмарал Гиззатқызы

    (Фамилиясы,аты-жөні)

 

 

Тапсырма тақырыбы:  Негізгі құралдар есебі

 

Курстық жұмыстың жоспары

Кіріспе 
I. Негізгі құралдардың бухгалтерлік есептегі рөлі

1.1. Негізгі құралдардың түсінігі және жіктелуі

1.2. Негізгі құралдарды кірістеу

1.3. Негізгі құралдардың өзіндік құны

1.4. Негізгі құралдардың шығысы

1.5. Негізгі құралдардың амортизациясын есептеу

1.6. Негізгі құралдарды жөндеу есебі

1.7. Негізгі құралдарды қайта бағалау

1.8. Негізгі құралдарды жалдау есебі

1.9. Негізгі құралдар лизингісі

1.10. Негізгі құралдарды түгендеу және негізгі құралдарды жөндеу шығындарын есепке алу

II. Негізгі құралдар есебі

2.1. Негізгі құралдарды кірістеу бойынша есептер

2.2. Негізгі құралдарды шығыс ету есептері

2.3. Негізгі құралдардың бір жауапты тұлғадан екіншісіне ауысуы

2.4. Негізгі құралдарды түгендеу  бойынша есеп

Қорытынды.

Пайдаланатын оқулықтар тізімі.

Мазмұны.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тапсырма берген күні:_________                 Өткізген күні:______

Білім алушының қолы:_________                Оқытушының   қолы:_____

 

                                                      Кіріспе

Материалдық - мүліктік формадағы активтер негізгі құралдардың құрамына жатады. Мысалы: Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес, жылжымайтын және жылжымалы мүліктер қатарына жатқызылатын, жылжымайтын мүлік, көлік құралдары, машиналар мен жабдықтау және басқа да мүліктерді негізгі құралдар деп атайды. Оларды субъектілер өнім өндіру немесе тауарларды (қызметтерді) жеткізу немесе өзге тұлғаларға жалға беру мақсатында пайдаланады және оларды қолдану мерзімі бір жылдан артық болады.

Нарықтық экономикаға көшу жағдайында көптеген кәсіпорындардың қаржы жағдайы оларды жаңа күрделі қаржыдан шектеп, қаржыны тек негізгі құралдардың ең қажетті объектілеріне бағыттауды көздейді. Осыдан қолда бар негізгі құралдардың сақталуы мен тиімді пайдалануына қатаң есеп пен бақылаудың объективтілік қажеттілігі туындайды.

Негізгі құралдар - материалдық өндіріс саласында және өндірістік емес салада бірнеше жыл бойы кәсіпорынның өндірістік - шаруашылық ісіне  қызмет ететін еңбек құралдары мен материалдық активтер.

Экономиканың тиімділігін арттыру мемлекеттің осы заманғы экономикалық стратегиясының басты міндеті болып табылады. Мұнда ерекше рөлді кәсіпорындардың өндірістік - шаруашылық қызметін басқарудың маңызды құрамы ретінде және барлық шаруашылық  құралдарының оның ішінде негізгі құралдардың болуы, жағдайы, қозғалысы мен тиімді пайдалануына қатаң бақылау жасауды жүзеге асыратын бухгалтерлік есеп атқарады.

Осы курстық жұмыстың басты мақсаты - негізгі құралдарды қалыптастыру және оның кәсіпорында қалай жүргізілуін жалпы талдау, сондай-ақ оларды бухгалтерлік есепте есепке алынуын көрсету.

Негізгі құралдардың синтетикалық есебі №2410 «Негізгі құралдар» шоттарында, ал олардың тозуы №2420 «Негізгі құралдардың амортизациясы және құнсыздануы»шоттарында жүргізіледі.

 Негізгі бөлімде негізгі құралдардың мәні, жіктелуі, бағалануы, тозу сомасы, кірістелуі және шығысталуы туралы ақпараттар қарастырылады. Екінші бөлімде өндірістік тәжірибе өту базасының деректері негізінде негізгі құралдардың есебі көрсетілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I Негізгі құралдардың бухгалтерлік есептегі рөлі

 

1.1. Негізгі құралдардың түсінігі және жіктелуі

Кәсіпорынның қалыпты өндірістік – шаруашылық қызыметін қамтамасыз ету үшін негізгі құралдар қажет. Әрбір өндіріс бойынша олардың саны еңбек құралдарын тиімді пайдалану өндірісін ұйымдастырудың  және басқарудың прогрессивті нысандарын есепке алумен олардың жоспарлық тапсырмалармен  анықталады. Кәсіпорынның өндірістік шаруашылық қызметіне бірнеше жыл бойы қызымет көрсететін басқа мүліктің бағасы мен еңбек құралдарының бағасы экономикалық ұғымды «негізгі құралды» құрайды.

Ұзақ пайдалану поцесінде негізгі құралдардың құрамы өзгереді. Олар кәсіпорынға келіп түседі және пайдалануға беріледі, пайдалану процесінде тозады, жөндеу жолымен қалпына келтіріледі, кәсіпорын ішіне өтеді, ескеру немесе одан әрі пайдаланудың мақсатсыздығы нәтижесінде шығарылып тоқталады, сондай-ақ басқа кәсіпорындарға беру. Барлық аталған өзгерістер бухгалтерлік есепте көрініс табады.

Негізгі құралдар активтердің қатарына жатқызылады, егер:

1)активпен байланысты туындайтын  келешекте алынатын экономикалық  табыстардың субъекті пайдасына  түсу мүмкіндігі бар болса;

2)активтің өзіндік құнын мұқият  өлшеу мүмкіндігі бар болса;

3)актив кейінен қайта сату үшін сатып алынбаса;

Егер актив экономикалық табыс әкелмейтін болса, онда сатып алу шығындары есепті кезеңнің шығынына жатқызылады. Егер негізгі құрадарға байланысты тиімділік пен тәуелділік субъектінің қарамағына көшпейтін болса, онда негізгі құралдар актив болып саналмайды.

Келешекте экономикалық тиімділік әкелу үшін,негізгі құралдар:

1)субъекті сататын тауарларды  өндіріп, қызметтерді көрсету кезінде өзге активтерден бөлек және олармен қоса пайдалануы мүмкін;

2)сатылуы немесе өзге активтерге айырбастылуы мүмкін;

3)міндеттемелер бойынша есептесу  мақсатында берілуі мүмкін;

4)ұйым иелеріне бөлініп берілуі  мүмкін.

Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебін жүргізгенде өлшем ретінде инвентарлық нысан пайдаланылады. Егер негізгі құрал мысалы пайдалану мерзімі бірнеше бөліктен  тұратын болса, әрбір бөлік жеке инвентарлық нысан  ретінде есепке алынады.

Негізгі құралдар есебін жүргізу барысында төмендегі түсініктер мен терминдер қолданылады:

Баланстық баға - жинақталған барлық  амортизациясы алынып тасталған активтің баланстағы сомасы;

Амортизацияланатын баға - жойылу құны алынып тасталатын активтің бастапқы сомасы;

Жойылу бағасы - пайдалы қолдану мерзімі аяқталғаннан кейін, кірістен шығаруға жұмсайтын шығыны алып тасталған субъектінің қолының тиюі мүмкін активтің сомасы;

                                                                                                                                  

Негізгі құралдардың амортизациясы - негізгі құралдар пайдалану мерзімінде активтің амортизацияланатын бағасына тұрақты түрде бөлініп тұратын шығынның сомасы;

Әділетті баға - бір біріне тәуелді емес тараптардың арасындағы операцияларды  немесе жүргізу немесе міндеттемелерді орындау кезінде өзара айырбастауға болатын активтердің сомасы;

Негізгі құралдардың құрамдас бөлігі - негізгі құралдар нысандарының элементтері (босалқы және құрамдас бөлшектер, конструкциялар). Тұрақты түрде айырбастап отыруды қажет етеді , пайдалану мерзімдері әр түрлі және негізгі құралдар ретінде танылмайды, қоралар ретінде есепке алынады. Оған қоса, ұйым ірі босалқы бөлшектер мен резервтік жабдықтауды бір жылдан артық пайдалануға есеп жасайтын болса, онда оларды негізгі құралдардың құрамына жатқызылады.

Пайдалы қолдану мерзімі-тиісті активті пайдалану арқылы субъектінің жаңа өнімдерді шығару мақсатында активті пайдалы түрде қолданылатын уықыты.

Негізгі құралдар есебінде 4 ең маңызды әрекеттері бар:

-негізгі құралдардың алынған  мерзімдегі тіркелген сомасы;

-негізгі құралдардың пайдалану  мерзімінде есептейтін тозу ставкасы;

-қабылдап алынғаннан кейін негізгі құралдардың  өзгертіп отырған құндары шоттарда қалай көрсетілетінділігі;

-негізгі құралдардың шығарылынуындағы тіркелуі.

Негізгі құралдар ХҚЕС №16 «Жылжымайтын мүлік, ғимараттар және жабдықтар» сәйкес жіктеледі.

-салары бойынша;

-бағыты бойынша:

1)Өндірістік - бұл өндірістік процеске тікелей қатысатын немесе өндірістің негізгі құрайтын негізгі құралдар.

2)Өндірістік емес - бұл тұтыну мақсатындағы негізгі құралдар.

-пайдалану бағыты бойынша түрлері  мен түр топтарына:

1)Жер - субъектінің меншік құқығымен алынған жерінің саны мен бағасы;

2)Үйлер - еңбек етуге, тұруға, халыққа әлеуметтік - мәдени қызмет көрсету және қорларды сақтауға жағдай жасау үшін белгіленген архитектуралық-құрылыс объектілері. Әрбір жеке тұрған үй түгендеу объектісі болып саналады;

3)Ғимараттар - іс-қызмет аясын атқару жолымен өндіріс процесін жүзеге асыруға арналған инженерлік-құрылыстық объектілер;

4)Машиналар мен жабдықтар - әрбір машина егер ол басқа мүліктік объектінің бөлігі болмаса, құрамындағы тетік, құрал-аспаптармен, қоршаулармен, тірек-тұғырымен мүліктік объект болып табылады;

5)Табыстау қондырғылары - электр, механикалық және жылу энергиясы (электр беру желісі, трұба құбыры) қондырғылары.

6)Көлік құралдары - адамдарды, жүктерді тасуға арналған (теміржол, су, әуе, автомобиль көлігі, арба көлігі)тасымал құралдары;

                                                                                                                                  

7)Басқа  да негізгі құралдар: аспап, өндіріс мүлік пен олардың керек-жарақтары, шаруашылық мүлік, жұмыс малы және өсімтал мал, көпжылдық көшет егістері, жерді жақсарту  жөніндегі күрделі шығындар.

8)Бітпеген құрылыс.

 

1.2. Негізгі құралдарды кірістеу

Мекеменің шаруашылық қызметінде пайдалану  мақсатында сатып алынған активтер негізгі құралдар ретінде кіріске алынады. Шаруашылық мақсатында емес, ұзақ мерзімді қаржылық салым ретінде сатып алынған негізгі құралдар, қаржылық инвенстициялар есебінде кірістеледі.

Нысандардың негізгі құралдардың  құрамына кіріске алу негізгі құралдардың алым - берім актісі (ф. №НҚ-1) бойынша рәсімделіп, сол жерде пайдаланылатын нормативтік мерзімі көрсетіледі. Мекеме негізгі құралдардың пайдалы қолдану мерзімін (негізгі құралдарды  пайдаланудан экономикалық табыс алынуы мүмкін уақыты) және жойылу бағасын (қолдану мерзімі аяқталғаннан кейін негізгі құралдарды жою кезінде алынатын босалқы бөлшектер, металлдар, қалдықтардың болжамды бағасы, оларды кірістен шығару кезінде жұмсалған шығын алынып тасталады) өзі анықтайды.

Актив ретінде танылатын негізгі құралдар бастапқы кезде сатып алынған нақты құнымен бағаланады (өзіндік құн).

 

1.3. Негізгі құралдардың өзіндік құны(бастапқы бағасы)

Сатып алу үшін жұмсалған шығындар мен импорттық баж салығының және басқа да төленбеген салықтардан, активті жұмысқа пайдалануға жарайтын деңгейге жеткізу үшін жасалған тікелей шығындардан, сонымен қатар жою кезіндегі болжамды шығындардан құралады. Сатып алу кезінде баға бойынша жасалған  жеңілдіктер сатып алу құнынан  шегеріледі.

Тікелей шығындарға төмендегілер жатады.

1)Құрылыс жұмысы және активті сатып алуға тікелей қатысты жұмыскерлердің еңбекақы шығындары;

2)Құрылыс алаңын  дайындауға кеткен шығындар;

3)Бастапқы тасымалдау және тиеу –түсіру жұмыстарының құны;

4)Орнату және монтаждау жұмыстарының шығындары;

5)Актив жұмысын тестілеудің өзіндік құны;

6)Жұмыскерлердің сыйақысы;

7)Актив бұзылып, демонтаж жасалған кезіндегі есепті баға және алаңдарды  қалпына келтіру үшін міндеттеме бойынша алған шығындар.

Егер әкімшілік және басқа да қосымша шығындарды активтерді сатып алу  мен оны жұмыс істеуге жарайтын деңгейге дейін жеткізетін  шығындардың  қатарына  тікелей қосуға мүмкіндік болмаса, онда оларды негізгі құралдардың өзіндік құнына жатқызады. Дәл сол сияқты, егер олар  активті

жұмыс істеу деңгейіне жеткізу үшін қажет болмаса, өндірісті іске қосудың бастапқы шығындары  активтің өзіндік құнының  бір бөлігі болып саналмайды.

Негізгі құралдар көбіне мынандай жолдармен алынуы мүмкін:

1)Ақшаға;

2)Құрылыс салу арқылы;

3)Несиеге;

4)Ақысыз;

5)Өзге активтерге айырбастау арқылы.

Негізгі құралдардың өзіндік құны (бастапқы бағасы) мынандай жағдайларға байланысты анықталады:

-негізгі құралдарды мекеменің  өзі дайындағанда немесе нақты  шығындар сомасына сәйкес сатып  алынғанда;

-өзге заңды немесе жеке тұлғалардан  ақысыз - эксперттік жолмен (эксперттерді қатыстыру немесе тексеру комиссиясы мүшелерімен келісілген баға бойынша) немесе алым-берім актісінің мәліметтері бойынша алғанда;

Негізгі құралдардың бағасын есепті кезеңдегі қолданыстағы бағаларға сәйкес келтіру мақсатында, мекеме басшысы, қолданыстағы заңнамаларға сай нысанның бағасын қайта бағалауға құқылы. Осыған орай негізгі құралдар ағымдағы бағасы бойынша есепке алынады. Бухгалтерлік есепте негізгі құралдардың баланстық сомасы қайта бағалау сомасына тікелей өседі және бір мезгілде мекеменің капиталы да қосымша сомаға ұлғаяды. Қайта бағалаудан туындаған капитал негізгі құралдарды пайдалану барысында, амортизация тәсілі бойынша бөлінбейтін пайданың сомасына қосылып отырады.

Негізгі құралдар қоймада резерв ретінде сақталып, белгіленген тәртіп бойынша ұзақ уақыт бойы қолданылмай тұруы мүмкін. Баланстағы негізгі құралдарды консервацияға қою тәртібін қолданыстағы заңнамаға сәйкес мекеме директоры анықтап бекітеді.

Келіп түскен негізгі құралдар бойынша бухгалтерлік өткізбелер төмендегі түрде жасалады:

1-кесте        Негізгі құралдар бойынша бухгалтерлік өткізбелер

Рет

Операциялар мазмұны

Шоттар корреспонденциясы

Дебет

Кредит

1

Ұйымның өз есебінен салынған ғимараттың бастапқы бағасы (шаруашылық есебінен немесе мердігерлік жолымен)

2410

2930

2

Негізгі құралдар күрделі жөндеу мен жетілдіруге жұмсалған шығындар

2410

2920

3

Негізгі құралдарды сатып алу:

   

3.1

-жауапты тұлғалар арқылы

2410

1251

3.2

-ұйымдардан

2410

3310

3.3

-жеке тұлғалардан

2410

3540

4

Түгендеу кезінде анықталған есепке кірмей қалған негізгі құралдарды кіріске алу

2410

6280

Информация о работе Негізгі құралдар есебі