Негізгі құралдар есебі

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2014 в 18:15, курсовая работа

Краткое описание

Материалдық - мүліктік формадағы активтер негізгі құралдардың құрамына жатады. Мысалы: Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес, жылжымайтын және жылжымалы мүліктер қатарына жатқызылатын, жылжымайтын мүлік, көлік құралдары, машиналар мен жабдықтау және басқа да мүліктерді негізгі құралдар деп атайды. Оларды субъектілер өнім өндіру немесе тауарларды (қызметтерді) жеткізу немесе өзге тұлғаларға жалға беру мақсатында пайдаланады және оларды қолдану мерзімі бір жылдан артық болады. Нарықтық экономикаға көшу жағдайында көптеген кәсіпорындардың қаржы жағдайы оларды жаңа күрделі қаржыдан шектеп, қаржыны тек негізгі құралдардың ең қажетті объектілеріне бағыттауды көздейді. Осыдан қолда бар негізгі құралдардың сақталуы мен тиімді пайдалануына қатаң есеп пен бақылаудың объективтілік қажеттілігі туындайды.

Оглавление

Кіріспе
I. Негізгі құралдардың бухгалтерлік есептегі рөлі
1.1. Негізгі құралдардың түсінігі және жіктелуі
1.2. Негізгі құралдарды кірістеу
1.3. Негізгі құралдардың өзіндік құны
1.4. Негізгі құралдардың шығысы
1.5. Негізгі құралдардың амортизациясын есептеу
1.6. Негізгі құралдарды жөндеу есебі
1.7. Негізгі құралдарды қайта бағалау
1.8. Негізгі құралдарды жалдау есебі
1.9. Негізгі құралдар лизингісі
1.10. Негізгі құралдарды түгендеу және негізгі құралдарды жөндеу шығындарын есепке алу
II. Негізгі құралдар есебі
2.1. Негізгі құралдарды кірістеу бойынша есептер
2.2. Негізгі құралдарды шығыс ету есептері
2.3. Негізгі құралдардың бір жауапты тұлғадан екіншісіне ауысуы
2.4. Негізгі құралдарды түгендеу бойынша есеп
Қорытынды.
Пайдаланатын оқулықтар тізімі.

Файлы: 1 файл

Аконти курс.работа.doc

— 228.50 Кб (Скачать)

Қысқаша толықтыру

Негізгі құралдарды жалдау және негізгі құралдарды лизинге беру тақырыптарына да негізгі құралдардың есебіне қатысты қарастыруға болады.

Негізгі құралдарды жалдау - жалға беру деп аталатын бір субъектінің, жалдаушы деп аталатын екінші субъектіге ғимаратты, құрылғыны, жабдықтарды, автокөліктерді және т.б.уақытша пайдалануға (ағымдағы жалдау) беруі. Бұл жағдайда жалға беруші мүліктің

иесі болып табылады және оны күрделі  жөндеуден өткізіп, амортизация  есептейді, ал жалдаушы, келісім шарт бойынша  келісілген жалдау ақысын төлеп, оны есепті кезең  шығындарына жатқызады.

Негізгі құралдарды жалдау операциялары төмендегі бухгалтерлік өткізбелер бойынша көрсетіледі:

7-кесте              Негізгі құралдарды жалдау операциялары

Рет

Операциялар мазмұны

Шоттар корреспонденциясы

Дебет

Кредит

1.

Жалға берушінің шот-фактурасы бойынша есептелген жалдау міндеттемелері

7010,7110,7210

3360

2.

ҚҚС есепке алынды

1420

3360

3.

Жалдау ақысын төлеу

3360

1010,1030


 

 

1.9. Негізгі құралдар лизингісі

Негізгі құралдар лизингісі бұл - негізгі құралдарды қаржылық жалға беру, яғни жалдау ақысы ұзақ мерзімге қарызға алынған негізгі құралдардың сатып алу төлемақысына жатқызылады. Бұл жағдайда негізгі құрал жалдаушының балансына есепке алынып, күрделі жөндеуді және амортизация есептеуді жалдаушы өз есебінен жүргізеді. Келісім шарт бойынша  құны толық төленіп болғанға дейін негізгі құрал жалдаушының лизингісінде болады, ал төленгесін негізгі құрал оның меншігіне көшеді. Жалдаушы жалға берушіге негізгі құралдың құнынан басқа, қаржылық жалға алуына орай келісім шартта көрсетілген мөлшерде жалға берушіге сыйақы төлейді.

Қаржылық жалдаудың ағымдағы жалдаудан басты ерекшелігі, қаржылық жалдау кезінде (лизинг), жалдау мерзімі аяқталғаннан кейін негізгі құрал,           құрал міндетті түрде жалдаушының  меншігіне көшеді.

 

Негізгі құралдардың лизингісі төмендегі бухгалтерлік өткізбелер бойынша жасалады:

7-кесте                         Негізгі құралдардың лизингісі

Рет

 

Операциялар мазмұны

Шоттар корреспонденциясы

Дебет

Кредит

Лизинге берушінің бухгалтерлік өткізбелері

   

1.

Лизингке берілген активтердің есептен шығарылған сомасы(қаржылық жалдау)

7410

2410

2.

Сатып алушыға берілген шот (лизинге алушыға):

-берілген активтердің  сомасына

-ҚҚС сомасына

 

 

1230,2130

1230,2110

 

 

3520

3130

3.

Лизингке берілген мезгілге толықтай есептелген сыйақының жалпы сомасы

2170

3520

4.

Есепті кезеңнің соңында танылған табыс

3520

6130,6110

5.

Лизинг бойынша төленген төлемдер (негізгі берешек сома)

1010,1030

1230,2130

6.

Сыйақылар бойынша түскен төлемдер

1010,1030

2170

Лизинге алушының бухгалтерлік өткізбелері

   

1.

Қаржылық лизингпен алынған активтер бойынша көрсетілген келісім шарттағы келісілген сома

2410

3370,4150

2.

Есепке алынған ҚҚС(шот-фактура бойынша)

1420

3370,4150

3.

Лизинг мерзіміне тұтастай есептелген сыйақының жалпы сомасы

1620

4160

4.

Лизинг бойынша төленген төлемдер (негізгі берешек сома)

3370,4150

1010,1030

5.

Сыйақы төлемдері

4160

1010,1030

6.

Сыйақы сомасының шығындарына жатқызылған

7310

1620


 

Лизингтік операциялардың есебі.

Қаржылық жалдау (лизинг келісім шарты) бойынша жалға беруші үшінші тұлғаның мүлкін сатып алып, оны кәсіпкерлікпен айналысыуына мүмкіндік беру үшін арендаторға иелік етіп, уақытшы пайдалануға береді (ҚР АК 565 бап).

ҚР «Қаржы лизинг» туралы Заңына сәйкес, қаржылық жалға берудің барлық шарттары анықталған. Заңға сәйкес бұл қызмет инвестициялық әрекеттер түріне жатады,соған байланысты:

1)Лизингке беруші келісім шарт бойынша келіскен затты басқа тұлғадан сатып алып, келісілген баға бойынша және белгіленген уақытқа лизинг алушыға ақылы түрде, кәсіпкерлікпен айналысу үшін, уақытша иелік етіп, пайдалануға береді. Лизингке берілетін мүлік лизинг алушыға ол мүліктің амортизацияланатын мерзіміне пара-пар ұзақ мерзімге мүмкін;

2)Лизингке алушы келісім шартта көрсетілген лизингке алу бағасын, уақытында, келісілген мөлшерде төлеп тұруды міндетіне алады. Сонымен қатар, лизингке берілген мүліктің толық құнын лизингке алушы келісім шарттар көрсетілген мезгілде төлеп бітірсе, ол мүлік лизингке алушының меншігіне көшеді, егер ондай шарт лизинг келісім шартында көрсетілген болса.

Жерді және қозғалмайтын мүліктің жалға берілуі қаржылық жалға беру  деп есептелуі мүмкін, бірақ экономикалық тұрғыдан жерді пайдаланудың мерзімі анықталмаған, сондықтан ондай жалға беру операциялық жалға беру болып саналады. Ондай жағдайда жалға алғаны үшін жасалған төлемдер, жалға алу мерзіміндегі аванстық төлем ретінде қаралады.

 

1.10. Негізгі құралдарды түгендеу

№24 БЕС «Бухгалтерлік қызметті ұйымдастыру» және оған әдістемелік нұсқауларға сәйкес ұйымдар бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп берудің берілгендерінің дұрыстығын қамтамасыз ету мақсатында әрдайым негізгі құралға түгендеу жұмыстарын жүргізіп тұрады.

Арнайы құрылған комиссия жүргізілетін түгендеудің міндетіне негізгі құралдардың нақты қолда бары және техникалық жағдайы жөнінде бухгалтерлік мәліметтермен салыстыру жатады. Түгендеу басталмас бұрын техникалық құжаттардың қолда бары тексеріледі. Құжаттар болмаған жағдайда олардың алынуы қамтамасыз етілуі немесе рәсімделуі қажет. Негізгі құралдардың талдау есебін жүргізу негізгі құралдарды есепке алуды түгендеу карточкасы арқылы жүргізіледі, ол әрбір инвентарлық объекті немесе объектілер тобы үшін ашылады.

Түгендеу карточкалары бір дана болып «негізгі құралдарды қабылдау-беру актісі (№ НҚ -1)», техникалық және басқа құжаттар негізінде толтырылады.

Түгендеу карточкаларында мыналар тіркеледі: объектінің шифры, баланстың құны, амортизация нормасы, паспорт нөмірі мен сызбасы, объектінің  кәсіпорын ішіндегі қозғалысы туралы, күрделі жөндеу туралы (күні, жазылған нөмірі, сомасы) мәліметтер, заттың шығарылуы туралы деректер (шығарылған күні, актінің нөмірі, шығарылған бағыты, жазылған күні мен шифрі). Түгендеу карточкалары көптеген кәсіпорындарда бір данада толтырылып, сақтығын қамтамасыз ету үшін олар негізгі құралдарды есепке алу жөніндегі инвентарлық тізімде (нысан №НҚ-10) тіркелінеді. Инвентарлық объектілердің пайдаланылған (орналасқан) жері бойынша (цех, бөлім) негізгі құралдардың инвентарлық тізімі олардың орналасқан, пайдаланатын орны бойынша (нысан №НҚ -13) қолданылады.

 

 

 

Негізгі құралдарды жөндеу шығындарын есепке алу.

Негізгі құралдар өндіріс процесіне қатысумен жылдар мерзімінің әсерімен, табиғат күшінің әсер етуімен пайдалану процесінде біртіндеп тозады және оларды жұмыс жағдайында ұстауды үнемі қажет етеді.

Ұйымдық – техникалық белгілеріне , жөндеу жұмыстарын сипатына, күрделігіне қатысты жөндеу күрделі және ағымдағы болып бөлінеді.

Күрделі жөндеу деп негізгі құралдардың жеке бөлшектерін қалпына келтіруді айтады. Оларды тұтас объектімен салыстырғанда тозу мерзімі аз болады. Машиналардың, жабдықтардың және көлік құралдарының күрделі жөндеуді деп жүргізуінің кезеңді мерзімі бір жылдан асатын жөндеуі деп жүргізуінің кезеңді мерзімі бір жылдан асатын жөндеуді санайды.

Ағымдағы жөндеу негізгі құралдардың  тозған жеке бөлшектерін жұмыс жағдайында ұстау үшін оларды ауыстырудан немесе жөндеуден тұрады. Ағымдағы жөндеу барысындағы жұмыстардың барлығы негізгі құралдар объектілерінің жұмыс қабілеттілігін тұрақтандыруға ықпал етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II Негізгі құралдар есебі

 

2.1. Негізгі құралдарды  кірістеу бойынша есептер.

 

Негізгі қорлардың сатып алу процесінде кірістелуін «Көксу ауылшаруашылық колледжінің» бухгалтериясы арқылы орындалған операция бойынша қарастырамыз. Мысал ретінде «Даналық»ЖШС-тен қабылдап алынған құрал-жабдықтардың бухгалтерлік құжаттарын  рәсімдеу тәртібін қарастырайық.

Бухгалтерия бөлімшесі интернет желісі арқылы порталға  тапсырыс береді. Белгілі бір уақытта жабдықтаушылар өзаралық бәсекеге түсіп, осы бәсекеде жеңген компания тапсырушының тапсырысын белгілі уақыт аралығында орындайды.

Жабдықтаушы интернет желісі арқылы тапсырыс берушіге жеткізілетін жабдықтар қайда және қалай жасалғанын көрсететін мәліметерді  жібереді.

Бірінші кезекте тапсырыс беруші мен  жабдықтаушы арасында келісім-шарт рәсімделеді. Ескелді ауданының  «Көксу ауылшаруашылық колледжінің» директоры тапсырыс беруші ретінде және «Ғылыми - өндірістік ұйым  Даналық» ЖШС директоры жабдықтаушы ретінде келісім шартқа қол қояды. Шарт бойынша бюджет түрі-жергілікті.Спецификасы-139 «Басқа тауарларды сатып алу».

Екі жақ та өз міндеттемелерімен танысып, жабдықтаушы осы шартта көрсетілген таурларды уақытында әкеліп 2011 жылдың «30» науырызына дейін әкелуге, ал тапсырыс беруші уақытында яғни, 5күн ішінде ақша төлеуге уәделеседі.Келісім шарттың сомасы 810 000теңге.

      Төлемге қажетті құжаттар:төлем тапсырмасы, шот-фактура, шығыс кассалық ордер, жүкқұжат (наклодной), орындалған жұмыс бойынша акт 2 данада төменде көрсетілген.

Төлем тапсырмасында стендттар үшін «Көксу ауылшаруашылық колледжі» ЖШС-не «Ғылыми - өндірістік  ұйым  Даналық» АҚ «Қазастанның Халық банкі» арқылы АҚ «Альянс Банкіге» 810 000 теңгені (ҚҚС пен бірге санағанда) аударғаны туралы мәліметтерді көрсетеді. Күні, директордың қолы, бас бухгалтердің қолы қойылып мөр басылады.

Жүкқұжатта (наклодной) сатып алынған стендттерды Ельшибаев С.Б. қабылдап алғанын көрсетіп, директордың, бас бухгалтердің және қабылдап алған адамның қолдары қойылып мөр басылады.

Шот-фактурада тапсырыс берушінің және жабдықтаушының индекстары көрсетіліп, қанша зат алғанын, олардың бір данасы қанша тұратынын, ҚҚС-мөлшері (12%), жалпы сомасы көрсетіліп, компания директорының қолы қойылып, мөр басылады.

Шығыс жүкқұжатта тапсырыс берушінің қанша зат алғанын,әрбір заттың жеке бағасы қойылып, тапсырыс берушінің және жабдықтаушының қолдары қойылып, екі жақта да мөр басылады.

Орындалған жұмыстар актісінде жабдықтаушы жеткізілген жабдықтардың құрамына кіретін элементтер тізімін беріп, оларды орнатып, тексеріп іске қосып өткізеді. Бұл құжатты шартқа отырған екі жақтың басшылары қол қойып, мөрмен растайды. Техникалық спецификацияда стенд құрамына кіретін жабдықтардың түрлері, бірлігінің бағасы, қажетті данасы және олардың құны кесте түрінде көрсетілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

           Негізгі қорлардың сатып алу процесінде кірістелуін «Көксу ауылшаруашылық колледжінің» бухгалтериясы арқылы орындалған операция бойынша қарастырамыз. Мысал ретінде «Даналық»ЖШС-тен қабылдап алынған құрал-жабдықтардың бухгалтерлік құжаттарын  рәсімдеу тәртібін қарастырайық.

Бухгалтерия бөлімшесі интернет желісі арқылы порталға  тапсырыс береді. Белгілі бір уақытта жабдықтаушылар өзаралық бәсекеге түсіп, осы бәсекеде жеңген компания тапсырушының тапсырысын белгілі уақыт аралығында орындайды.

Жабдықтаушы интернет желісі арқылы тапсырыс берушіге жеткізілетін жабдықтар қайда және қалай жасалғанын көрсететін мәліметерді  жібереді.

Бірінші кезекте тапсырыс беруші мен  жабдықтаушы арасында келісім-шарт рәсімделеді. Ескелді ауданының  «Көксу ауылшаруашылық колледжінің» директоры тапсырыс беруші ретінде және «Ғылыми - өндірістік  ұйым  Даналық» ЖШС директоры  жабдықтаушы ретінде келісім шартқа қол қояды. Шарт бойынша бюджет түрі-жергілікті.Спецификасы-139 «Басқа тауарларды сатып алу».

Екі жақ та өз міндеттемелерімен танысып, жабдықтаушы осы шартта көрсетілген таурларды уақытында әкеліп 2011 жылдың «30» науырызына дейін әкелуге, ал тапсырыс беруші уақытында яғни, 5күн ішінде ақша төлеуге уәделеседі.Келісім шарттың сомасы 730 000теңге.

      Төлемге қажетті  құжаттар:төлем тапсырмасы, шот-фактура, шығыс кассалық ордер, жүкқұжат (наклодной), орындалған жұмыс бойынша акт 2 данада төменде көрсетілген.

Төлем тапсырмасында стендттар үшін «Көксу ауылшаруашылық колледжі» ЖШС-не «Ғылыми - өндірістік  ұйым  Даналық» АҚ «Қазастанның Халық банкі» арқылы АҚ «Альянс Банкіге» 730 000 теңгені (ҚҚС пен бірге санағанда) аударғаны туралы мәліметтерді көрсетеді. Күні, директордың қолы, бас бухгалтердің қолы қойылып мөр басылады.

Жүкқұжатта (наклодной) сатып алынған стендттерды Ельшибаев С.Б. қабылдап алғанын көрсетіп, директордың, бас бухгалтердің және қабылдап алған адамның қолдары қойылып мөр басылады.

Шот-фактурада тапсырыс берушінің және жабдықтаушының индекстары көрсетіліп, қанша зат алғанын, олардың бір данасы қанша тұратынын, ҚҚС-мөлшері (12%), жалпы сомасы көрсетіліп, компания директорының қолы қойылып, мөр басылады.

Шығыс жүкқұжатта тапсырыс берушінің қанша зат алғанын,әрбір заттың жеке бағасы қойылып, тапсырыс берушінің және жабдықтаушының қолдары қойылып, екі жақта да мөр басылады.

Орындалған жұмыстар актісінде жабдықтаушы жеткізілген жабдықтардың құрамына кіретін элементтер тізімін беріп, оларды орнатып, тексеріп іске қосып өткізеді. Бұл құжатты шартқа отырған екі жақтың басшылары қол қойып, мөрмен растайды. Техникалық спецификацияда стенд құрамына кіретін жабдықтардың түрлері,  бірлігінің бағасы, қажетті данасы және олардың құны кесте түрінде көрсетілген.

2.2. Негізгі құралдарды  шығыс ету есептері.

 

Негізгі құралдардың шығыс етілуін жарамсыз болған құралдарды есептен шығару мысалында қарастырайық. Көксу ауылшаруашылық колледжінде  негізгі құралдардың жарамсыздығын директордың бұйрығы бойынша тағайындалған тұрақты түрде әрекет ететін түгендеу комиссиясы анықтайды. Комиссия жойылған нысанды тұрған жерінде қарап шығады. Оларды есептен шығарудың себебін және ондай жағдайға жеткізген кінәлі тұлғаларды анықтап, жауапқа тартады. Біздің мысалымызда іске жарамсыз, себебі ескірген, жөндеуге келмейтін тумбалық үстел мен ас үй үстелдерін есептен шығару актісі көрсетілген. Нәтижесінде негізгі құралдарды есептен шығару актісі жасалып, соның негізінде бухгалтерия тиісті бухгалтерлік операцияларды іске асырады. Актіде нысанның саны, бағасы, сомасы көрсетіледі және комиссия төрағасы мен мүшелері қол қояды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.3. Негізгі құралдардың бір жауапты тұлғадан екіншісіне ауысуы.

 

Ұйым ішінде негізгі құралдардың бір жауапты тұлғадан екіншісіне ауысуы директордың бұйрығы бойынша тағайындалған арнайы комиссия қатысуымен рәсімделген акт негізінде орындалады.

Информация о работе Негізгі құралдар есебі