Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2014 в 18:15, курсовая работа
Материалдық - мүліктік формадағы активтер негізгі құралдардың құрамына жатады. Мысалы: Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес, жылжымайтын және жылжымалы мүліктер қатарына жатқызылатын, жылжымайтын мүлік, көлік құралдары, машиналар мен жабдықтау және басқа да мүліктерді негізгі құралдар деп атайды. Оларды субъектілер өнім өндіру немесе тауарларды (қызметтерді) жеткізу немесе өзге тұлғаларға жалға беру мақсатында пайдаланады және оларды қолдану мерзімі бір жылдан артық болады. Нарықтық экономикаға көшу жағдайында көптеген кәсіпорындардың қаржы жағдайы оларды жаңа күрделі қаржыдан шектеп, қаржыны тек негізгі құралдардың ең қажетті объектілеріне бағыттауды көздейді. Осыдан қолда бар негізгі құралдардың сақталуы мен тиімді пайдалануына қатаң есеп пен бақылаудың объективтілік қажеттілігі туындайды.
Кіріспе
I. Негізгі құралдардың бухгалтерлік есептегі рөлі
1.1. Негізгі құралдардың түсінігі және жіктелуі
1.2. Негізгі құралдарды кірістеу
1.3. Негізгі құралдардың өзіндік құны
1.4. Негізгі құралдардың шығысы
1.5. Негізгі құралдардың амортизациясын есептеу
1.6. Негізгі құралдарды жөндеу есебі
1.7. Негізгі құралдарды қайта бағалау
1.8. Негізгі құралдарды жалдау есебі
1.9. Негізгі құралдар лизингісі
1.10. Негізгі құралдарды түгендеу және негізгі құралдарды жөндеу шығындарын есепке алу
II. Негізгі құралдар есебі
2.1. Негізгі құралдарды кірістеу бойынша есептер
2.2. Негізгі құралдарды шығыс ету есептері
2.3. Негізгі құралдардың бір жауапты тұлғадан екіншісіне ауысуы
2.4. Негізгі құралдарды түгендеу бойынша есеп
Қорытынды.
Пайдаланатын оқулықтар тізімі.
1.4. Негізгі құралдардың шығысы
Мекемелерде негізгі құралдар өзге заңды және жеке тұлғаларға ақысыз берілгенде, сатылғанда, апатты жайға байланысты жойылғанда , физикалық және моральдық тұрғыдан тозуына байланысты есептен шығарылады.
Негізгі құралдардың жарамсыздығын, қайта қалпына келтіруге орай жөндеу жүргізу мүмкін еместігін немесе экономикалық тұрғыдан тиімсіз екендігін, директордың бұйрығы бойынша тағайындалған тұрақты түрде әрекет ететін түгендеу комиссиясы анықтайды. Комиссия жойылған нысанды тұрған жерінде қарап шығады. Оларды есептен шығарудың себебін және ондай жағдайға жеткізген кінәлі тұлғаларды анықтап, жауапқа тартады. Одан әрі пайдалануға жарайтын детальдар мен жабдықтарды, материалдарды анықтап, оларды бағалайды. Нәтижесінде негізгі құралдарды есептен шығару (ф.№ НҚ-3) немесе автокөлік құралдарын есептен шығару (ф.№ НҚ-4) актілері жасалып, солардың негізінде бухгалтерия тиісті бухгалтерлік операцияларды іске асырады. Актіде нысанның бастапқы сомасы, бухгалтерлік мәлімет бойынша есептелген амортизацияның сомасы, нысанды бұзу (демонтаж) кезінде алынған материалдық құндылықтардың бағасы, нысанды жоюға кеткен шығын, оны сатудың мүмкін болған бағасы және жоюдың жалпы нәтижесі көрсетіледі.
Төтенше жағдайлар мен апаттарға байланысты жойылған негізгі құралдар бойынша есептен шығару актілеріне, уәкілетті органның төтенше жағдай болғаны туралы анықтамасы, немесе апат болудың себебі туралы актісінің көшірмесі және оған кінәлі тұлғалардың тізімі қоса тіркеледі. Нысанды бұзып, демонтаж жасау барысында алынған материалдық құндылықтар мен материалды сатудан түскен сома кіріске алынады. Сатудан түскен қаржы ұйымының иелігінде қалады. Негізгі құралдарды сатудан түскен табысқа 20% ставкамен (2009жылы) корпоративтік табыс салығы салынады.
Негізгі құралдар нысандарын ақысыз түрде беру туралы шешімді мекеме директоры қабылдайды және бұйрықпен рәсімдейді.
Негізгі құралдарды есептен шығару туралы төмендегі бухгалтерлік өткізбелер жасалады:
2-кесте Негізгі құралдарды есептен шығару
Рет № |
Операциялар мазмұны |
Шоттар корреспонденциясы | |
Дебет |
Кредит | ||
1 |
Негізгі құралдарды есептне шығару: -қалдықтағы баланстық бағасының сомасымен
-есептелген амортизация сомасы |
7410
2420 |
2410
2410 |
2 |
Негізгі құралдарды демонтаж жасаудан алынған материалдарды кірістеу |
1350 |
2410 |
1.5. Негізгі құралдардың амортизациясын есептеу
Негізгі құралдардың амортизациясы есепті кезеңнің шығындарына жатқызылады. Негізгі құралдар құны көп болып, ұйымның қаржылық айналымының көлемі шағын болса, онда ол мекеменің қаржылық нәтижесін зиянды жағдайға әкеп соқтырады. Жылдық есептің түсіндерме жазбасында осындай себептен зиянға ұшыраған ашып көрсетілуге тиіс.
Амортизация сомасының мөлшері негізгі құралдардың пайдалы қолдану мерзіміндегі бағасының пайыздық бөлігі ретінде есептеледі.
Есептелген амортизацияның бухгалтерлік өткізбесі төменде көрсетілген:
4-кесте Негізгі құралдардың амортизациясы
Өткізбелердің аталуы |
Шоттар корреспонденциясы |
Ескерту | |
Дебет |
Кредит | ||
Негізгі құралдарға есептелген амортизация (шығындар бағыты бойынша) |
Ай сайын есептеледі | ||
-сату процесінде қолданылатын НҚ |
7110 |
2420 |
|
-негізгі өндірісте қолданылатын НҚ |
8110 |
2420 |
|
-жалпы шаруашылықтық |
7210 |
2420 |
Мекемелерде негізгі құралдардың барлық түріне нысандардың бастапқы бағасына бірқалыпты (түзу сызықты) тәсілді қолдана отырып амортизация есептеуді жүргізу ұсынылады.
Экономикалық тұрғыдан тиімді болып саналса, негізгі құралдардың жеке түрлері бойынша амортизация есептеудің шапшаңдатылған тәсілін қолдануға болады (амортизация нормасын 2 есе көбейту). Жаңадан келіп түскен негізгі құралдар бойынша амортизация есептеудің шапшаңдатылған түрі жалпы тәртіп бойынша атқарылады. Ал бұрыннан есепте тұрған негізгі құралдар бойынша амортизация есептеу тәсілін өзгерту үшін мекеме директорының жаңа тәсілді қолдану туралы жарлығы шығарылады және есептеуге тиісті бұйрық қабылданғаннан кейінгі айдың 1-жұлдызынан бастап іске асырылады.
Өндірістік жабдықтар бойынша амортизация есептеу олардың өндірістік сипаттарына қарай жүргізіледі, яғни жабдықтың есепті кезеңдегі пайдаланылатын өндірістік ресурстарының деңгейі еске алынады.
1.6. Негізгі құралдарды жөндеу есебі
Мекеме негізгі құралдарының үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін, жөндеу жұмысын тұрақты түрде жүргізеді.
Негізгі құралдарды күрделі және ағымдық жөндеуден өткізу, шаруашылық немесе мердігерлік жолдармен атқарылады. Орындалған жөндеу жұмыстарына шығындалған сома мердігерлердің шоттары
бойынша, орындалған жұмысты қабылдау актісінің
немесе өз күштерімен атқарылған кезде
жөндеу жұмыстары бойынша рәсімделген
бастапқы бухгалтерлік құжаттардың негізінде
анықталады (ТМҚ мен босалқы
нарядтары, еңбекақыға есептелген салық сомасы туралы бухгалтерлік анықтама және т.б.).
Негізгі құралдарды жөндеуге қатысты жұмсалған шығындар есепті кезеңнің шығынына жатқызылады. Жалға алынған негізгі құралдарды жөндеуге кеткен шығындар да оларды жұмсаған кезеңдегі шығынға жатады.
Егер жұмсалған күрделі шығындар (күрделі жөндеу, жетілдіру, қайта салу, техникалық қайта жабдықтау) бастапқы бағаланған нормативтік көрсеткіштерді (қызмет мерзімі, қуаты, көлемі, жылдамдығы, еңбек өнімділігі, өндіріс шығындарын азайту, шығарылған өнімнің сапасы және т.б.) өзгертетін болса, онда олар негізгі құралдар нысандарының бағасын ұлғайтуға бағытталады. Одан кейінгі жұмсалатын барлық шығындар көлеміне қарамастан, есепті кезең шығындарына жатқызылады.
Негізгі құралдарды жөндеу операциялары бойынша төмендгі өткізбелер жасалады:
5-кесте
Негізгі құралдарды жөндеу
Рет № |
Операциялар мазмұны |
Шоттар корреспонденциясы | |
Дебет |
Кредит | ||
1 |
Аяқталмаған құрылыс пен НҚ күрделі жөндеуге жұмсалған ТМҚ құны |
2920 |
1350 |
2 |
Аяқталмаған құрылыс пен НҚ күрделі жөндеумен айналысатын жұмыскерлердің еңбекақысы |
2920 |
3350 |
3 |
Аяқталмаған құрылыс пен НҚ күрделі жөндеумен айналысатын жұмыскерлер еңбекақысына есептелген әлеуметтік салық |
2920 |
3150 |
4 |
Жалпы шығындарды НҚ күрделі жөндеу шығынына жатқызу |
2920 |
7210 |
1.7. Негізгі құралдарды қайта бағалау
Негізгі құралдардың баланстық құнын әділетті (нарықтық) деңгейге жеткізу мақсатында, кәсіпорын белгіленген уақытта, жыл сайын есепті жылдың соңына қарай негізгі құралдар нысанына қайта бағалау жүргізуге міндетті. Нәтижесінде есеп пен есептілік негізгі құралдардың есебі ағымдағы баға бойынша жүргізілетін болады.
Қайта бағалау екі түрлі тәсілмен жүргізілуі мүмкін:
Бірінші тәсілі бойынша бастапқы сома мен жинақталған амортизация сомасы бір деңгейлі коэффициентке көбейтіледі.
Мысалы : Негізгі құралдардың баланстық сомасы =300000 тенге, пайдалы қызмет ету мерзімі 6жылға тең, бір жылдық амортизация нормасы 100%:6ж=16,667% , негізгі құралды екі жыл пайдаланғанда жинақталған амортизация сомасы =133336 тенге. Қайта бағалау нәтижесінде негізгі құралдың ағымдағы бағасы 360000 теңге болды.
Баланстық бағасының көбею коэффициентін анықтаймыз:
360 000:300 000=1.2
Амортизация сомасын анықтау үшін алынған коэффициентті қолданамыз. Жинақталған амортизациялық сома 133 336 *1.2=160 000 теңгені құрайды.
Осы жағдайларға байланысты негізгі құралдың бастапқы сомасы 360+160=520 мың.тг
Негізгі құралды келесі жылдары пайдаланғанда (қалған 4 жылда ) амортизация сомасы 520 000теңгеден жылына 16,667% көлемінде есептеледі.
520 000*16,667%=жылына 86 668 теңге
Екінші тәсіл бойынша, тек қана негізгі құралдың баланстық бағасы қайта бағаланады, негізгі құралдың пайдалы қолдану мерзімі қайта есептеледі (яғни амортизация нормасы) және амортизацияны есептеу жаңа көрсеткіштер бойынша жүргізіледі.
Мысалы: (Нәтижесін салыстыру мақсатында алдыңғы мысалды талдап көрелік). Негізгі құралдың баланстық сома =300 000 теңге, пайдалы қызмет ету мерзімі 6 жылға тең, бір жылдық амортизация нормасы 100%:6ж=16,667, негізгі құралды екі жыл пайдаланғанда жинақталған амортизация сомасы =100 000 теңге. Қайта бағалау нәтижесінде негізгі құралдың ағымдағы бағасы 360 000теңге болады.
Пайдалы қолданылатын жаңа мерзімі - 4жыл(6жыл-2) , амортизация есептеу нормасы - 100% :4ж=25%.
Негізгі құрады келесі жылдары пайдаланғанда (қалған 4жылда) амортизация сомасы 360 000 теңгеден жылына 25% көлемінде есептеледі.
360 000*25%=жылына 90 000 теңге
Негізгі құралдарды қайта бағалау бойынша төмендегі бухгалтерлік өткізбелер жасалады:
6-кесте
Рет № |
Операциялар мазмұны |
Шоттар корреспонденциясы | |
Дебет |
Кредит | ||
1. |
Қайта бағалаудың нәтижесінде көбейген негізгі құралдардың баланстық құны |
2410 |
54120 |
2. |
Қайта бағалаудың нәтижесінде кеміген негізгі құралдардың баланстық құны: -резервтік соманың шеңберінде негізгі құралдарды қайта бағалаудың теріс таңбалы айырма сомасына -теріс таңбалы айырма сомасының қалдығына |
5420 7420 |
2410 2430 |
1.8. Негізгі құралдарды жалдау есебі
Жалпы ережелер
Жалдау жөніндегі келісімшарт екі жақты жасалған мәміле болып табылады, сол бойынша тараптардың құқықтары мен міндеттері анықталады. Азаматтық заң талаптары бойынша жалдау келісім шарттары арқылы болып саналады.Жалға беруші (азаматтық заң бойынша, наймға беруші), мүлікті келісім шартта көрсетілген тәртіппен, белгіленген мерзімге ақылы түрде пайдалануға береді. Егер келісім шартта олар анықталмаған болса, әдетте, бір тектес мүліктерді жалдау кезіндегі шарттарды салыстырмалы түрде негіз етіп алады.
Жалдау туралы мәмілелер қаржылық - шаруашылқ операцияларының ішіндегі ең кең траған келісім түрі болып саналады. Жалдау келісім шарттарын жеке тұлғалар да жасауға құқылы.
Жалдауға байланысты қарым қатынастарды реттейтін басты заңды құжат ҚР Азамат кодексі (Жалпы бөлім), оның 29 тарауы толықтай мүліктерді жалдауға байланысты туындайтын сұрақтарға арналған. Сонымен бірге ҚР Азамат кодексінің 22-24 тарауларына да көңіл аудару қажет, онда келісім шарт жасаудың жалпы ережелері қарастырылады. Қаржылық жалдауға (лизинг) қатысы қарым - қатынастар ҚР «Қаржылық лизинг туралы» Заңымен және басқа да нормативтік құжаттармен реттеледі.
Келісім шартты жасаушы тараптар жалға алушы және жалға беруші болып екіге бөлінеді. Жалға алушы келісілген мөлшерде төленген ақымен мүлікті уақытша пайдалану үшін өз меншігіне алады, жалға беруші ол мүлікті жалға алушыға беруді міндетіне алады. Жалға алушы және жалға беруші ретінде заңды тұлғалар да, сонымен қатар жеке тұлғалар да қатыса алады (жеке кәсіпкер ретінде тіркелгендер де, тіркелмегендер де).
Заңды тұлғалардың жеке тұлғалардан ерекшелігі, олар мемлекеттік тіркеуден өткен уақыттан бастап, өзінің мақсатына сай заңды міндеттерін орындауға тиісті құқықтарға ие болған. Заңды тұлғаның құқықтық міндеттерін орындау мерзімі, оның таратылуы мен қызыметін тоқтату кезінен бастап аяқталады.
Мүлікті жалға беру мүлікті басқару құқығын бөлісу болып табылады. Соған сәйкес, мүлікті жалға беру құқығы ең алдымен оның меншік иесінің құқығы болып саналады. Жалға беруші ретінде, заң талаптарына сәйкес өкілеттілігі бар келісім меншік иесінің өкілі де қатыса алады. Мысалы, соған сәйкес келісім шарт бойынша меншік иесінің заңды өкілі мүлікті жалға бере алады.
Жасалған келісім шарттың талаптарын орындамаған тараптар заңды түрде жауапкер болады.
Жасалған келісім шарттың мерзімі біткеннен кейін, жалға алушы егер мүлікті жалға берушінің тарапынан, келісім шарттың мерзімін әрі қарай созу туралы ескерту алмаса, онда жалға алушы мүлікті пайдалану құқығын жалғастыра беруге құқылы. Ондай жағдайда келісім шарт бұрынғы қалпындағы шарттар бойынша жалғасын тапты деп саналады. Бір сөзбен айтқанда, келісім шартты тоқтату туралы екі тарапта алдын ала, заңда көрсетілген мерзімге сай уақытта ескертуге міндетті.