Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2012 в 16:49, курсовая работа
Негізгі құралдардың жіктелуі. Бухгалтерлік есепте негізгі құралдар деп өндіріс үдерісінде ұзақ уақыт бойы, яғни бір жылдан артық уақыт пайдаланылатын, өзінің бастапқы түрін, көлемін сақтай отырып , құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке есептелген амортизациялық аударым мөлшері шегінде біртіндеп ауыстырып отыратын еңбек құралдарын, яғни материалдық активтерді айтады.
1.Бөлім. Негізгі құралдар туралы түсінік.
1.1. Негізгі құралдардың жіктелуі.
1.2. Негізгі құралдардың бағалануы.
2.Бөлім. Негізгі құралдардың есебі.
2.1.Негізгі құралдар қозғалысы.
2.2.Негізгі құралдардың амортизациясы мен тозу есебі.
2.3.Негізгі құралдарды жөндеудің есебі.
2.4.Негізгі құралдарды есептен шығару тәртібі.
2.5.негізгі құралдарға түгендеу.
Бұл кестеде жылдық амортизация сомасы мен орындалған жұмыстың өндіріс процесінде тікелей пайдалануымен байланысты екенін көреміз. Жинақталған тозу сомасы жыл сайын орындалған жұмыстың көлеміне немесе пайдалануға тікелей байланысты өсіп отырады, ал қалдық құн жойылу құнына жеткенше орындалған жұмыстың бір өлшем бірлігіне тікелей пропорционалды түрде азайып отырады.
Өндірістік әдіс бойынша амортизацияны есептеу тау-кен өнеркәсібінде ең қолайлы әдіс болып саналады. Аталған өндірісте амортизацияны есептеу тонна мөлшерлемесі бойынша жүргізіледі. Бұл әдіс негізгі құралдарды пайдалану мерзімі ішінде объектінің қайтарымы бойынша дұрыс есептелінсе ғана пайдаланады.
Амортизацияны есептеудің жеделдетілген әдістері. Бұл әдіс өндірістік мақсатта пайдаланылатын негізгі құралдардың көптеген түрлері бойынша пайдаланылады, бірақ ол оның алғашқы жылдарында өндірілетін өнімнің өзіндік құнын негізсіз күрт өсіреді,сондықтан оны іс жүзінде пайдаланудың өзі екіталай. Дегенмен де,теоретиктер,оның екі түрін ұсынды.
а)Кумулятивтік әдіс;
ә)Азайып отыратын қалдық әдіс.
Кумулятивтік әдіс- латын тілінен аударғанда «өсу» және «жиналу» деген мағынаны білдіреді,яғни сандарды қосудың көмегімен тозудың сомасы есептелінеді, демек объектінің қызмет ету мерзіміндегі жылдар санын қосу арқылы анықталады. Мысалы, автокөліктің болжамды қызмет ету мерзімі бес жыл. Бірінші жылы объектінің бастапқы құнының 5/15 бөлігіне амортизация есептелінеді. Екінші жылы 4/15 бөлігіне, үшінші жылы 3/15,төртінші жылы 2/15,бесңншң жылы 1/15 бөлігіне.
Жыл сайынғы амортизациялау нормасы: бөлімінде жылдар санының өосындысы, ал алымында:бірінші жыл үшін-5,екінші жыл үшін-4, үшінші жыл үшін-3,төртінші жыл үшін-2, бесінші жыл үшін-1 болатын бөлшек саны болып табылады. Әрбір бөлшек санды амортизацияланушы құнға көбейту арқылы жыл сайынғы амортизациялық соманы анықтайды.
Төменде негізгі құралдардың тозуын кумулятивтік әдіс бойынша есептеу жолы көрсетілген.
Негізгі құралдардың амортизациясын кумулятивтік әдісі
Мерзімі (жылдары) | Бастапқы құны | Кумулятивтік саны мен амортизациялаудың нормасы | Жинақталған жылдық тозу сомасы | Айға есептелген амортизация- ның сомасы (тенге) |
Сатып алынған мерзімі: 1-ші жыл
2-ші жыл
3-ші жыл
4-ші жыл
5-ші жыл |
100 000
100 000
100 000
100 000
100 000 |
5/15 x90 000=30 000
4/15 x90 000=24 000
3/15 x90 000=18 000
2/15 x90 000=12 000
1/15 x 90 000=6000 |
30 000
54 000
72 000
84 000
90 000 |
2500
4500
6000
7000
7500 |
Кестенің мәліметтерінен кумулятивтік әдіс бойынша есептелген амортизация сомасы объектіні пайдаланудың бірінші жылында күрт өсіп, соңғы жылдарында азайғанын көреміз.
Азайып отыратын қалдық әдіс. Бұл әдісте кумулятивтік әдістің принциптеріне негізделген. Оны екі еселенген амортизациялау нормасын қолдану арқылы азайып отырған қалдық әдісі деп те атайды. Мысалы, жоғарыда айтылған автокөліктің қызмет ету мерзімі бес жыл. Бірқалыпты үлестіру әдісінде амортизациялау нормасы 20% болады.
Екі еселенген нормасымен есептелініп, азайып отыратын қалдық әдісінде амортизациялау нормасы мынаған тең 40% болады. Бұл белгіленген ставка қалдық құнға әрбір жылдың соңында жатқызылады.
Қалдық құнды азайту үшін қажетті шамамен шектелетін соңғы жылды қоспағанда, тозуды есептеген кезде жойылу құны есепке алынбайды деп саналады. Автокөліктің бастапқы құны 100 000 теңге. Бес жыл бойы амортизация мынадай мөлшерде есептелінеді.
Мерзімі | Бастапқы құны | Екі еселенген амортизацияның жылдық сомасы | Жинақталған жылдық амортизация- ланған сомасы | Айға есептелген амортизация- ның сомасы (теңге) |
Сатып алынған мерзімі: 1-ші жыл
2-ші жыл
3-ші жыл
4-ші жыл
5-ші жыл |
100 000
100 000
100 000
100 000
100 000 |
40%x100 000= 40 000 40%x60 000= 24 000 40%x 36 000= 14 400 40%x21 600= 8640 2960 |
40 000
64 000
78 400
87 040
90 000 |
3333
5333
6533
7253
7500 |
Халықаралық практикада баяу амортизация деп аталатын әдіс бар, мысалыға, күрделі пайыздық әдіс, бірақ оны тек қана арнайы жағдайда ғана пайдаланады. Бұл әдістің мәні мына жағдайдан тұрады: онда негізгі құралды пайдаланудың бірінші жылында тозу сомасы аз мөлшерде есептен шығарылып, ал келесі жылдары ол біртіндеп арта бастайды. Амортизациялық әдіс өзгертудің нәтижесі ағымдағы және болашақтағы есеп беру кезеңдерінде көрініс табады.
Мысалы: «Әлия» ЖШС 1998жылы желтоқсан айында құны 1 608 333 теңге тұратын сауда құрал – сайманын сатып алған. Оның болжаған жою құны 3760 теңге тұрған, ал пайдалану мерзімі 15 жыл.
Кәсіпорын амортизациясын есептеу үшін кумулятивтік әдіс пайдаланған, ал 2001 жылдан бастап бірқалыпты әдіске көшкен.
Есеп қағидасындағы өзгерістердің әсерін есептеу және оны көрсету мынадай жолмен жасалынады:
Кезеңі | Кумулятивтік әдісі бойынша амортизацияны есептеу | Бірқалыпты әдісі бойынша амортизацияны есептеу |
1999жыл | (1608333- | (1608333-3760)/15 = =106971 |
2000жыл
| (1608333- | (1608333-3760)/15= =106971 |
2001 жылға жинақталған амортизациясының сальдосы |
200572+187200=387772 |
106971+106971= =213942 |
Амортизацияны есептеу 1999жылдың 1-ші қаңтарынан басталған.
Амортизацияны есептеу үшін кумулятивтік саны мынадай формула бойынша есептелінеді:
15 x (15+1)/2=120
Екі әдісті пайдаланудың салдарынан 173830 теңгеге айырма пайда болған, осы пайда болған айырма таратылмаған табысқа жатқызылады.
Негізгі құралдарды жөндеудің есебі
Негізгі құралдар пайдалану процесінде табиғи және моральді жағынан тозады. Олардың жекелеген бөлшектері негізгі құралдарды тұтастай алғандағымен салыстырғанда неғұрлым қысқа мерзімде тозады.
Негізгі құралдар уақытынан бұрын тозып кетпеуі үшін, оларды мезгіл сайын жөндеп тұру керек. Ұйымдастыр – техникалық белгілеріне қарап, жөндеуді күрделі және жай деп бөледі.
Күрделі жөндеу деп негізгі құралдардың объектісін тұтастай алғандағымен салыстырғанда тозу мерзімі азырақ жекелеген бөліктерін қалпына келтіруді айтады. Машиналардың, жабдықтардың жәнк көлік құралдарының күрделі жөндеуі деп бір жылдам астам мерзімде агрегатты толық бөлшектеп, барлық тозған детальдары мен бөлшектерін ауыстырып немесе қалпына келтіріп, агрегатты қайта жинауды және сынақтан өткізуді, жүйелі түрде жүргізіліп отыратын жөндеуді айтады. Машиналардың негізгі агрегаттарына машина маркасына байланысты алдын-ала белгіленген жолын жүріп өткеннен кейін күрделі жөндеу жұмысы жасалынады.
Үйлер мен ғимараттардың күрделі жөндеуі кезінде тозған құрылымдары мен детальдары толық ауыстырылады немесе олар неғұрлым мықты және үнемді, жөнделіп жатқан объектінің пайдалану мүмкіндіктерін жақсартатын детальдармен ауыстырылады.
Күрделі жөндеулер негізгі құралдардың пайдалану мерзімін, өндіріс қуаттылығын, көлемін, жылдамдығын, болашақта оның экономикалық табыстылығын арттырса, онда ондай шығындар негізгі құралдардың бастапқы құнын өсіреді, ал барлық қалған жағдайда ондай шығындар ағымдағы шығын ретінде танылады және ол оның бастапқы құнына әсер етпейді.
Мысалы, кәсіпорындағы автомашинаның бастапқы құны 1 500 000теңге құраған және оның пайдалы қызмет ету мерзімі 8 жыл болған. Бес жыл пайдаланғаннан кейін автомашинаға құны 290 000теңге тұратын жаңа двигатель салынған, сонымен қоса 45 000теңге тұратын оң жақ қанаты ауыстырылған. Бұл жерде автомашинаның двигателі, оның бастапқы құнын өсіреді, ал 45 000 теңге тұратын қанаты ағымдағы ретінде танылады.
Ағымды жөндеу дегеніміз негізгі құралдарды жұмыс жағдайында ұстап тұру үшін оның тозған детальдарын ауыстыру немесе жөндеу болып табылады. Оны негізгі құрал- жабдықтарды пайдалану процесінде жасайды. Негізгі құрал- жабдықтардың тозуының алдын алу үшін күні бұрын жоспарланып қойған жөндеу жұмысын мерзімінде жүргізудің маңызы зор.
Жөндеу есебінде атқарылған жұмыс түрі барлық түрі бойынша рәсімделеді,жұмыс көлемін және оның өзіндік құнын анықтайды, жөндеуге жұмсалатын қаражатты мақсатты түрде пайдалануды бақылайды.
Негізгі құралдарды жөндеу мердігерлік және шаруашылық тәсілмен жүзеге асырылады. Неғұрлым прогрессивті және үнемді болып саналатын мердігерлік әдісте негізгі құралдарды арнайы жабдықталған субъектілері жөндейді; ал шаруашылық тәсіл бойынша жөндеу субъектінің өз күшімен және қаражатымен жүзеге асырылады.
Мердігерлік ұйымдармен жасасқан ағымды және күрделі жөндеулері үшін субъект жөнделетін объектілерді жөндеу орнына апарып және қайтадан әкелу шығындарымен қоса, аяқталған жөндеу жұмыстарының еңбек ақысын төлейді. Жабдықтар мен еңбек құралдарын жөндеу үшін мердігерлермен есеп айрысуды объект тұтастай біткен соң жасалады. Есеп айрысу құжаттары негізінде шоттардың корреспонденциясы жасалынады.
Күрделі жөндеу өткен негізгі құралдарды қабылдап алу «Күрделі жөндеуден өткен, қайта құрастырылған және жаңартылған негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру актісі» бойынша құжатталады. Субъектінің негізгі құралдарды қабылдауға өкілетті қызметтері және жөндеу, қайта құрастырулар немесе жаңарту жұмыстарын жүргізген субъект өкілдерінің қол қойған актісі субъектінің бухгалтериясына немесе соған өкілетті адамдар бекітеді.
№ | Шаруашылық операцияларының мазмұны | Сомасы, теңге | Дебет | Кредит |
1. | Мердігерлердің орындаған және акт бойынша жазылған шоттары келісілді (акцептелді) |
|
|
|
| Негізгі өндіріс | 160 000 | 934 | 671 |
| Көмекші өндіріс | 50 000 | 934 | 671 |
| Әлеуметтік салық | 20 000 | 945 | 671 |
| ТМҚ сақтау және сату | 4000 | 811 | 671 |
| Жалпы және әкімшілік шығындарға жататындар | 40 000 | 821 | 671 |
| ЖИЫНТЫҒЫ | 274 000 | - | - |
| ҚҚС, 16% | 43840 | 331 | 671 |
| БАРЛЫҒЫ | 317840 | - | - |
2. | Орындалған және қабылданған жұмыстар үшін мердігердердің шоттары төленді | 317840 | 671 | 441 |
Информация о работе «Негізгі құралдардың есебі» тақырыбының жоспары