Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2012 в 16:49, курсовая работа
Негізгі құралдардың жіктелуі. Бухгалтерлік есепте негізгі құралдар деп өндіріс үдерісінде ұзақ уақыт бойы, яғни бір жылдан артық уақыт пайдаланылатын, өзінің бастапқы түрін, көлемін сақтай отырып , құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке есептелген амортизациялық аударым мөлшері шегінде біртіндеп ауыстырып отыратын еңбек құралдарын, яғни материалдық активтерді айтады.
1.Бөлім. Негізгі құралдар туралы түсінік.
1.1. Негізгі құралдардың жіктелуі.
1.2. Негізгі құралдардың бағалануы.
2.Бөлім. Негізгі құралдардың есебі.
2.1.Негізгі құралдар қозғалысы.
2.2.Негізгі құралдардың амортизациясы мен тозу есебі.
2.3.Негізгі құралдарды жөндеудің есебі.
2.4.Негізгі құралдарды есептен шығару тәртібі.
2.5.негізгі құралдарға түгендеу.
Негізгі құралдардың жөнделген лбъектінің техникалық төлқұжатында күрделі жөндеуден өткен объектінің қысқаша сипаттамасы беріледі, сондай-ақ техникалық төлқұжатына қайта құрастыруға және жаңартуға байланысты өзгерістері енгізілуі мүмкін.
Егер жөндеуді, қайта құруды және жаңартуды сыртқы кәсіпорын орындаған болса, онда актіні екі дана етіп жасайды. Екінші данасын жөндеу,қайта құру және жаңарту жүргізген субъектіге береді.
Шаруашылық тәсілмен негізгі құралдарды жөндеу цехтан тыс жерлерде жүргізілсе, онда шығындар тікелей өндіріс шығындарына жатқызылады. Мұндай кезде өндіріс шығындары немесе айналым шығындары мына шоттардың дебетінде 126,934,945,811,821, ал оларға кеткен материалдардың есебі мына шоттардың 201,206,208, жабдықтаушылар мен еншілес және тәуелді кәсіпорындармен есеп айрысуына мына шоттардың 671,641-643, кредитінде көрініс табады.
Жабдықтардың автомашиналардың, тракторлардың, мүліктердің және басқа да негізгі құралдардың объектілерін жөндеу шығындары 810 «Көмекші өндірістер» шотында, шығын баптарының мынадай номенклатурасы бойынша есептеледі:
Материалдар- жөндеуге жұмсалған материалдардың, қосалқы бөлшектердің және басқалардың құны. Материалдар өндірістік шығындарға нақты өзіндік құны бойынша қосылады.
Жұмысшылардың еңбегіне ақы төлеу – жөндеу құмысы үшін есептелген еңбекақы сомасы.
Еңбек-ақыдан есептелінген аударымдар- жұмысшылардың еңбек-ақысынан белгіленген процентпен мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыруға, зейнетақымен қамтамасыз етуге арналған және басқа да қорларға аударылады.
Электр энергиясы, жылу, газ, бу-жөндеу цехтарының технологиялық және басқа қажеттіліктеріне электр энергиясының, жылудың, газдың,будың шығындары .
Жөнделетін әрбір объектіге кәсіпорынның жөндеу цехтарында көп жолды карточкасы ашылады және оларда жөндеу бойынша шығындар жинақталады. Жөндеу жұмыстарын бітіргеннен кейін объектілерді акт бойынша тапсырыс берушілерге табыстайды.
Кәсіпорынға қажет болған жағдайда және жөндеуге кеткен шығынды өнімнің өзіндік құнына бірқалыпты тарату үшін, субъектілер резервтік қор құруына болады. Қорды құру үшін, жылдық сметалық шығыннан ай сайын қаржы аударып отырады.
Егер кәсіпорын жөндеу қорын құратын болса, онда ол ай сайын жөндеудің барлық түрі үшін осы қорға жылдық қаржыны 1/12 мөлшерінде аударымдар жасалады. Жөндеу қорына аударымдар жасалса, онда 126,811,821,894,845-шоттары дебеттеледі де, 686-шы « Басқадай есептелген шығыстар» шотының «Жөндеу қоры» деп аталатын аралық шоты кредиттеледі.
- егер жөндеу мердігерлік тәсілмен орындалған болса,671- ші шотынан;
- егер жөндеу шаруашылық тәсілмен жөндеу цехында орындалған болса, 920-шотынан;
- егер жөндеу шаруашылық тәсілмен жөндеу цехынан тыс жерде жылжымайтын объектілерде орындалған болса, 201,206,208,641-643,671,681 және т.б,
Егер де кәсіпорынның құрған резерві жұмсалған шығындарды жаппаса,онда, есептеу қағидасына сәйкес, артық жұмсалған шығындар кәсіпорынның шығындарына жатқызылады, яғни 811,821, 834,845 шоттарына. Егер де кәсіпорынның құрған резерві жұмсалған шығындарды толығымен жауып, артылып қалса, онда пайдаланбаған резервтер қызыл жазумен жазылады. Өйткені 686 шотында қалдық қалдырылмайды. Жөнделетін негізгі құралдардың объектісінен алынған деректердің көмегімен дер кезінде бақылау жасап тұру мақсатында,негізгі құралдардың объектісіне жөндеу жасалып жатқан кезеңінде олардың мүліктік карточкасы карточкалардың «Жөндеу» бөліміне орналастырылады.
Жөндеудің аяқталуына қарай, жөндеуден қабылданғанобъектілердің карточкалары бұл бөлімнен картотеканың негізгі құралдар топтары бойынша тиісті бөлімдеріне ауыстырады.
Жалгер – кәсіпорын негізгі құралдарға кеткен шығындарын келсілген шарт жағдайына сай етіп көрсетеді, жөндеу жұмысының аяқталуына қарай мына шоттарғаесептен шығарылады:
- Егер де келісім -шарт жағдайы бойынша жалға алушы кәсіпорын өз қаражатының есебінен өтесе, онда 821 шоты дебеттеліп, 671,820 шоттары кредиттеледі.
Негізгі құралдарды түгендеу
Негізгі құралдарды түгендеу олардың сақталуын бақылау мен нақты бар екендігінанықтау мақсатымен №6 «Негізгі құралдардың есебі» бухгалтнрлік есеп стандарттарына сәйкес жүргізіледі.
Бухгалтерлік есеп пен есеп беру тәртібі бойынша барлық кәсіпорындар бухгалтерлік есеп мәліметтерінің дұрыстығынқамтамасыз ету үшін, сондай-ақ ұйымдағы негізгі құралдардың нақтылы бар-жоқтығын бақылау мақсатында жылына бір рет өзінің мүліктеріне түгендеу жұмысын жүргізіп тұрулары қажет. Ұйымдарда негізгі құралдарды түгенде жылдық қорытынды есеп беретін уақыт алдында қараша айының бірінен кейін жүргізілуі керек. Үйлерді, ғимараттарды және тағыда басқа жылжымайтын мүліктерді екі жылда бір рет, ал кітапхана қорларын бес жылда бір рет түгендеуге болады.
Негізгі құралдарды жоғарыда көрсетіліп жазылған мерзімдерден бұрын, яғни жиі түгендеу мынадай жағдайларда жүргізіледі:
-негізгі құралдарға жауапты адам қызметінен ауысқанда;
-негізгі құралдар ұрланған, жоғалған жағдайда;
-өрт немесе басқа да кенеттен болған табиғи апат жағдайларына байланысты;
-ұйым бір бағынышты органнан екінші орган қарамағына ауыстырылғанда және тағы да басқа жағдайларда.
Кәсіпорындарда негізгі құралдарға түгендеу жұмысын жүргізу үшін тағайындалған коиссия жұмыс жүргізуден бұрын мыналарды толық тексеріп алулары қажет:
-түгендеу карточкалардың, түгендеу кітапшалардың, түгендеу тізімнің түгелдігін және олардың жағдайын немесе жоқтығын;
-негізгі құралдардың төлқұжаттарының немесе техникалық құжаттарының түгелдігін және олардың жағдайын немесе жоқтығын;
-жалға алынған немесе жалға берілген, уақытша пайдалануға және сақтауға берілген, сондай-ақ уақыиша сақтауға алынғпн негізгі құралдардың тиісті құжаттарының түгелдігін немесе жоқтығын.
Егер ондай тиісті құжаттар болмаған жағдайда негізгі құралдарға жауапты адамдардың ондай құжаттарды табуын талап ету қажет. Егер бухгалтерлік есептің тіркелімдерінде немесе техникалық құжаттарда қателіктер жіберілген болса, онда ол қателіктерді анықтап, құжаттарға тиісті өзгерістерді енгізу керек. Негізгі құралдарға түгендеу жүргізу барысында комиссия міндетті түрде объектілерді мұқият қарап шығып түгендеу тізіміне олардың толық атын, қандай жұмысқа арналғандығын, инвентарлық нөмірі мен негізгі техникалық көрсеткішін, бастапқы құны мен тозу құнын және тағы да басқа керекті мәліметтерді енгізіпжазулары керек. Түгендеу барысында кәсіпорынның балансына бұрын есепке алынбаған, сондай-ақ есеп тіркелімдерінде сипаттайтын мәліметтері дұрыс көрсетілмеген немесе тіпті көрсетілмеген негізгі құралдар табылған жағдайда түгендеу тізіміне олар жайлы жетіспейтін мәліметтер дұрыс және толықтырылып жазылуы керек. Бұрын есепке алынбаған объектілері ағымдағы баға бойынша, ал олардың тозу құны ол негізгі құралдың сол күнгі техникалық жағдайына қарап анықталып, субъектінің балансына кіріске алынады. Бұл объектіге қойылған нарықтық бағасы мен тозу құны тиісті түгендеу актісінде көрсетілуі қажет. Егер құрылыстың, үйдің, ғимараттың жарым жартылай бұзылуы немесе оларға қосымша істелген күрделі жұмыстар түгендеуге дейін есепке алынбаған жағдайда комиссия тиісті құжаттар бойынша объектінің бастапқы құнының өсуінің немесе кемуінің нақты сомасын анықтап, оларды түгендеу тізіміне енгізуі керек. Сонымен қатар комиссия бұл қосымша жұмсалған қаржыны немесе қосымша шығынның есеп тіркелімдеріне жазылмай қалуына кінәлі адамдарды анықтауы керек.
Кәсіпорындарда негізгі құралдарға түгендеу жұмысы жүргізілетін уақытта басқа жақта болатын объектілерге басқа жаққа жібермей тұрып, алдын ала тексеріп, түгендеу тізіміне енгізу керек. Машиналар мен жабдықтар және күш беру қондырғылары түгендеу тізіміне түгендеу нөмірі және зауыттық нөмірі тағыда да басқа көрсеткіштері көрсетіліп тіркеледі.
Біртектес, құндары бірдей, бір уақытта кісңпорынға келіп кіріске алынған шаруашылық құралдарының аттарымен қатар сандары да жазылады. Пайдалануға жарамайтын, жөндеуге, бұрынғы қалпына келтіруге келмейтін негізгі құралдар түгендеу тізіміне енгізілмейді. Ондай негізгі құралдарға пайдаланылған уақыты мен тозуының себептері жазылып, бөлек акт жасалады. Ұйымның меншігіндегі негізгі құралдармен қатар жалға алынған негізгі құралдарына да түгендеу жүргізіледі. Бұл объектілерге түгендеу жүргізу жалға алғандағы тізімі бойынша жүргізіліп, тізімге негізгі құралдарды жалға берген субъектінің аты, жалдық мерзімі көрсетіліп жазылады. Түгендеу тізімінің бір данасы негізгі құралдарды жалға берген заңды тұлғаға, яғни негізгі құралдың иесіне жіберіледі. Кәсіпорынның бухгалтериясы негізгі құралдарға түгендеу жүргізудің нәтижесін анықтау үшін салыстыру тізімдемесін жасайды. Мұндай тізімдеме түгендеу барысында анықталған кәсіпорынның бухгалтерлік есеп мәліметтері мен ақпараттарына сәйкес келмейтін бұрын есепке алынбаған, яғни артық шыққан немесе кем шыққан негізгі құралдарға жасалады. Түгендеу жүргізу комиммиясы өз жұмысының соңында қорытынды жасап, өз шешімін шығарады. Бұл шешімді кәсіпорынның басшысы бекітуі керек.
Информация о работе «Негізгі құралдардың есебі» тақырыбының жоспары