Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2012 в 16:49, курсовая работа
Негізгі құралдардың жіктелуі. Бухгалтерлік есепте негізгі құралдар деп өндіріс үдерісінде ұзақ уақыт бойы, яғни бір жылдан артық уақыт пайдаланылатын, өзінің бастапқы түрін, көлемін сақтай отырып , құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке есептелген амортизациялық аударым мөлшері шегінде біртіндеп ауыстырып отыратын еңбек құралдарын, яғни материалдық активтерді айтады.
1.Бөлім. Негізгі құралдар туралы түсінік.
1.1. Негізгі құралдардың жіктелуі.
1.2. Негізгі құралдардың бағалануы.
2.Бөлім. Негізгі құралдардың есебі.
2.1.Негізгі құралдар қозғалысы.
2.2.Негізгі құралдардың амортизациясы мен тозу есебі.
2.3.Негізгі құралдарды жөндеудің есебі.
2.4.Негізгі құралдарды есептен шығару тәртібі.
2.5.негізгі құралдарға түгендеу.
-салынып біткен құрылыстың қабылданған кездегі жағдайы;
-құрылыстың салынып біткен уақыты;
-амортизациялық аударым мөлшері;
-бастапқы құны;
-басқа да шартты белгілері.
Негізгі құралдардың салынып біткен аса ірі объектілеріне ұйымдағы бас механикалық бөлім төлқұжат толтырады. Негізгі құралдарға төлқұжат толтыру олардың есебін дұрыс ұйымдастырудың негізгі шарттарының бірі болып табылады. Негізгі құралдарға толтырылатын төлқұжаттарда олардың пайдалануға берілген уақыты, техникалық сипаттамасы (көлемі, материалдық өзгешелігі, тозу мөлшері,істен шығарылу себебі) және тағыда басқа мәліметтер жазылады. Осы төлқұжаттардың негізінде ұйымдар әрдайым өздеріндегі негізгі құралдарға түгендеу жүргізіп және олардың іске жарамдылығын тексеріп отырады.
Негізгі құралдарға толтырылған қабылдау –тапсыру актісі кейіннен бұйымның бухгалтериясына тапсырылуы тиіс. Актімен бірге объектінің техникалық төл құжаттары да беріледі. Бухгалтерия бұл құжаттардың негізінде тиісті түгендеу карточкалармен негізгі құралдарды есептейтін кітапшалардың тиістілерін толтырып, кейіннен бұл құжаттар кәсіпорынның тиісті бөлімдеріне табыс етіледі. Актіні ұйымның басшысы бекітеді. Кәсіпорындағы бұрын салынған үйлер мен ғимараттарға, орнатылған жабдықтарға жалғастырылып салынған немесе олардың бастапқы құнын өсіретін қосымша салынған құрылыстар, орындалған жұмыстар қабылдау актісі бойынша негізгі құралдардың құрамына өзіндік құны бойынша қосылады. Негізгі құралдарды кіріске алғанда ұйымның бухгалтериясында мынадай бухгалтерлік жазулар жазылады:
Дт: Негізгі құралдар-шоты;
Кт: Ақшалар-шоты;
Еншілес (тәуелді) серіктестіктерге қарыз- шоты;
Қоюшы мердігерлермен есеп айырысу-шоты;
Төленбеген капитал-шоты;
Үкімет органдарының субъсидиялары-шоты
деп аталатын шоттардың тиістілері.
Егер кәсіпорынға келіп түскен, яғни кіріске алынған негізгі құралдар бұрын пайдалып және оларға тозу сомасы есептелген болса, ондай негізгі құралдардың тозу сомасына мынадай бухгалтерлік жазулар жазылады:
Дт:Негізгі құралдар-шоты;
Кт:Негізгі құралдардың тозуы-шоты.
Негізгі құралдар кіріске алынғанда бухгалтерлік есеп шоттары
бойынша жүргізілетін операциялар
№ | Операциялар мазмұны | Дебиттелетін шот | Кредиттелетін шот |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | Ұйымның салынып жатқан құрылысы аяқталып кіріске алынды | 122 | 126 |
2 | Негізгі құралдар қатарына өткізілген жас малдарды есепке алу | 125 | 126 |
3 | Көпжылдық өсімдіктерді кіріске алу | 125 | 126 |
4 | Уақытша салынған құрылысты кіріске алу | 122,125 | 126 |
5 | Үлес қосушылардан жарғылық қорды толтыру мақсатымен кіріс етілген негізгі құралдарға: -келісілген құнына; -тозу құнына. |
121-125 122-125 |
511 131-134 |
6 | Жеке немесе заңды тұлғалардан сатылып алынған негізгі құралдарға: -қалдық құны бойынша;
-қосылған құн салығы сомасына. |
121-125
331 |
421-424,431, 432,441,451, 452,671,687 421-424,431, 432,441,451, 452,671,687 |
7 | Тәуелді, еншілес және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардан кіріске алынған негізгі құралдар: -қалдық құны бойынша; -қосылған құн салығы сомасына; |
12-126 331 |
641-643 641-643 |
8 | Заңды тұлғалар мен жеке адамдардан келіп түскен,әзірге ақшасы төленбеген негізгі құралдар: -бастапқы құны бойынша; -қосылған құн салығы сомасына. |
121-126 331
|
671 671 |
9 | Басқа да атқарушы органдардан субсидия ретінде келіп түскен негізгі құралдарды кіріске алу: -қалдық құны бойынша; -тозу құнына. |
121-125 121-125
|
726 131-134 |
10 | Заңды тұлғалар мен жеке адамдардан тегін (ақысыз,қайтарусыз) алынған негізгі құралдарды кіріске алу: -қалдық құны бойынша; -тозу құнына. |
121-125 121-125 |
727 131-134 |
11 | Тексеру немесе түгендеу кезінде артық шыққан немесе бұрын есепке алынбаған негізгі құралдарды кіріске алғанда: -ағымдағы құны бойынша; -есептелген тозу сомасына. |
121-126 121-126 |
727 131-134 |
12 | Ұйымның өзінде өндіріліп,кіріске алынатын негізгі құралдар: -негізгі өндірістен; -көмекші өндірістен. |
121-126 121-126
|
900 920 |
Негізгі құралдардың тозуы және оларға амортизациялық
Негізгі құралдар өндіріс үдерісінде бірте-бірте тоза бастайды, яғни өзінің бастапқы сапасын жоғалтады. Олар белгілі бір уақыт өткеннен кейін пайдалануға жарамай қалады да, бұл құралдардың орнына жаңа негізгі құралдар сатып алуға тура келеді.
Негізгі құралдардың тозуын «табиғи» және «сапалық» тозу деп екіге бөледі. Негізгі құралдардың табиғи тозуы олардың материалдық жағынан тозуы болып табылады, яғни жұмыс істеу үдерісінде машиналар мен құралдардың жеке бөлшектерінің қажалып мүжілуі, үйлер мен ғимараттардың тозығы жетіп құлайтындай дәрежеге жетуі. Негізгі құралдардың табиғи тозуы олардың көп уақыт бойы пайдаланылғандығына ғана байланысты емес,оған сонымен қатар басқа да табиғи жағдайлар әсер еткендігіне байланысты. Яғни негізгі құралдардың табиғи тозуы (физикалық тозуы) олардың ұзақ уақыт пайдаланылуы және оларға басқа да факторлардың әсет етуі нәтижесінен болып табылады.
Негізгі құралдардың сапалық тозуы олардың толық табиғи тозуы жетпей-ақ құнсызданып, өндірістің даму үдерісінен кейін қалуы, яғни активтердің ғылым мен техниканың дамуының бүгінгі күнгі талаптарына сәйкес келмейтін жағдайда болуынан пайда болады.
Осы жоғарыда аталғандарды қорта келе, негізгі құралдардың тозуы дегеніміз, олардың табиғи және сапалық сипаттарын жоғалтуы депте айтуға болады.
Негізгі құралдардың сапалық тозуының бірінші себебі-өндіріс салаларында ғылыми- техникалық прогреске байланысты еңбек өнімділігінің өсуі болып табылады. Еңбек өнімділіге өскен сайын белгілі бір дайын бұйымды,құрал-жабдықты және тағы да басқаларды өндіруге кететін қажетті уақыт азаяды да, оның құны соғұрлым төмендейді. Осыған сәйкес еңбек өнімділігінің өсуіне байланысты жаңа құрал -жабдықтардың , машиналардың,яғни негізгі құралдардың бағасы бұрын сатып алынған осындай негізгі құралдардың бағасына қарағанда арзан болады. Мұндай жағдай ұйымдарға қымбат және тозыңқыраған машиналар мен көліктердің, құрал-саймандардың тағыда басқа негізгі құралдардың орнына жаңа әрі сапасы жоғары негізгі құралдарды сатып алуды тиімдім етеді.
Негізгі құралдардың сапалық тозуының екінші себебі ғылыми- техниканың өркендеуіне байланысты жаңадан толық жетілген, өнімділігі жоғары әрі тиімді негізгі құралдардың пайда болуына байланысты. Кәсіпорындарда өнімділігі төмен негізгі құралдардың орнына, техникалық жағынан жетілдірілген тиімдімділігі жоғары негізгі құралдарды пайдалану әр уақытта тиімді болып табылады. Сондықтан да өнімділігі жоғары машиналар мен құралдардың пайда болуы және олардың бағасының арзандауы бұрынғы пайдаланылып келген негізгі құралдардың сапалық тозуына әкеліп соқтырады. Барлық ұйымдар қандай мешікте болса да (мемлекеттік,жеке меншік,акционерлік және т.б.) өздерінің негізгі құралдарының тозу дәрежесін анықтап және оны есептеп отырады. Ескертетін жағдай негізгі құралдарың ішінде мына төменде аталған активтерге тозу дәрежесі анықталмайды және де оларға амортизацмя есептелмейді:
-жерге;
-кітапхана қорларына;
-фильм қорларына;
-архитектуралық және өнер ескерткіштеріне;
-өнімді малдарға;
-мұражайлық құндылықтарға.
Сонымен қатар амортизациялық аударым мынадай жағдайларда есептелмейді:
-қайта құру,жаңарту және техникалық қайта қорландыру жұмыстары жүргізіліп жатқан уақытта;
-негізгі құралдарды уақытша тоқтатып қойған мерзімде.
Негізгі құралдар өндіріс үдерісінде пайдаланылған кезде өздерінің бірте-бірте тозуына байланысты құндарын өздерінің көмегімен өндіріліп шығарылатын, жаңадан жасалған өнімдерге біртіндеп ауыстырып отырады. Бұл үдеріс «амортизация» деп аталады. Амортизация сөзі латын тілінен аударғанда «өтеу» деген мағынаны білдіреді. Амортизация белгіленген бір мөлшерде өнімнің өзіндік құнына қосылып отырады. Ал мұны амортизациялық аударым деп атайды. Амортизациялық аударым әрбір өнімнің өзіндік құнына кіріп,ал өнім сатылған кезде қайтарып отырады, яғни негізгі құралдардың тозуына байланысты құнының кемуі амортизациялық аударым жасау арқылы қайтарылады.
Амортизациялық аударым мөлшері дегеніміз негізгі құралдардың бастапқы құнынан белгіленген пайызбен есептеліп шығарылған бір жылдық амортизациялық аударым сомасы,
Ұйымдарда негізгі құралдағы ай бойы есептелген амортизациялық аударым сомасы ай сайын өндірілген өнімнің,атқарылған жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің өзіндік құнына қосылып отырады.
Кәсіпорындарға жаңадан келіп түскен, кіріске алынған негізгі құралдарға амортизациялық аударым келесі айдың басынан (бірінен) бастап есептеледі. Ал ұйымның балансынан есептен шығарылған негізгі құралдарға келесі айдың басынан (бірінен) бастап амортизациялық аударым есептеу тоқтатылады.
Негізгі құралдарға амортизациялық аударым есептеу мына әдістер бойынша жүргізіледі:
1.Құнды бірқалыпты (тура жолды) есептен шығару әдісі.
2.Құнды орындалған жұмыстың, өндірілген өнімнің көлеміне тепе-тең мөлшерде есептеп шығару әдісі (өндірістік әдіс).
3.Жылдамдатып есептеншығару әдістері:
а)қалдық құнының кему әдісі;
ә)сандардың жиынтығы бойынша құнын есептеп шығару (комулятивті әдіс) әдісі.
Амортизациялық аударым есептеудің таңдап алған әдісі кәсіпорынның есеп саясатында көрсетіліп, бір есеп беру кезеңінен екінші есеп беру кезеңіне дейін дәйектілі түрде қолданады. Егер негізгі құралдарға амортизациялық аударым есептеудің әдісі өзгерген жағдайда осы өзгерістің қандай себептерден болғаны айтылып көрсетілуі тиіс.
Негізгі құралдардың құны бойынша амортизацияны бір қалыпты есептеу әдісі, яғни объектінің құны,оның қызмет ету мерзімі ішінде өндіріс шығындарына біркелкі норма бойынша жатқызылады. Бұл әдіс негізгі құралдардың тозуына, оның қызмет ету мерзімінің ұзақтығына байланысты болып келеді.
Бұл тәсілде амортизациялық соманы аудару үшін:
-қызмет етудің пайдалы мерзімі. Бұл кезде пайдалануға берілген объектінің жағдайы ескеріледі және күтіп ұстау жағдайына да байланысты болып келеді.
-Қазақстан Республикасының салық заңдылықтарының белгіленген амортизациялық нормасының шегінде. Шаруашылық жүргізуші субъектісіндегі белгіленген нормалар, салық заңдылығының нормасынан аспауы тиіс. Мысалы, жүк автокөлігінің бастапқы құны-100 000теңге, бес жыл мерзімі өткеннен кейін оның жойылу құны 10 000теңгеге тең болады . мұндай жағдайда жыл сайынғы амортизациялау нормасы амортизациялаушы құнның 20%-ын құрайды немесе бір қалыпты тәсілге сәйкес 18 000теңге болады.
Негізгі құралдардың амортизациясының бірқалыпты әдісі мына формула бойынша есептелінеді.
Бастапқы құн - жойылу құны = 100 000 – 10 000 = 18 000 теңге
Пайдалану мерзімі 5жыл
Осыған сәйкес ай сайынғы амортизация сомасы 150 000 теңгеге теі болады (18 000:12).
Төменде негізгі құралдардың амортизациясын бір қалыпты әдіс бойынша есептеу жолы көрсетілген.
Негізгі құралдардың амортизациясын (тозуын) бірқалыпты әдіс
Мерзімі | Бастапқы құны | Амортизацияның жылдық сомасы | Жинақталған тозу сомасы | Қалдық құны |
Сатып алынған мерзімі: 1-ші жылдың аяғында 2-ші жылдың аяғында 3-ші жылдың аяғында 4-ші жылдың аяғында 5-ші жылдың аяғында |
100 000
100 000
100 000
100 000
100 000
|
18 000
18 000
18 000
18 000
18 000
|
18 000
36 000
54 000
72 000
90 000 |
82 000
64 000
46 000
28 000
10 000
|
Негізгі құралды пайдалану барысында бір қалыпты табыс алынатын болып болжалынса ғана, бірқалыпты әдіс пайдаланылады, яғни ол объектінің пайдалылығының бірт індеп азайғанын көрсетеді.
Амортизацияны орындалған жұмыстардың көлеміне пропорционалды түрде есептеу әдісі негізгі құралдардың тозуы тек олардың пайдалану нәтижесі болып табылады және оны есептеу процесінде уақыт кесіндісі ешқандай роль атқармайды. Жоғарыда сөз болған автокөлік белгілі бір операцияларды орындады делік, ал оның жүретін жолы 900 000 километрге есептелген. Онда әрбір километрге есептелінетін амортизайиялық шығындар сомасы төмендегідей жолмен анықталады.
Бастапқы құн - жойылу құны = (100 000-10 000):900 000км =0,10теңге
Орындалатын жұмыстың
болжамды мөлшері
Егер пайдаланудың бірінші жылында автокөлік 200 000 шақырым жол жүрсе, екінші жылы – 300 000 шақырым жол жүрсе, үшінші жылы – 100 000шақырым, төртінші жылы – 200 000 шақырым және бесінші жылы – 100 000 шақырым жол жүреді деп шамаланса-амортизация жарнасын есептеу төмендегідей жолмен есептелінеді.
Негізгі құралдардың амортизациясын өндірістік тәсіл бойынша
Мерзімі | Бастапқы құны | Екі еселенген амортизацияның жылдық сомасы | Жинақталған жылдық амортизацияланған сомасы | Айға есептелген амортизацияның сомасы(теңге) |
Сатып алынған мерзімі: 1-ші жыл 2-ші жыл 3- ші жыл 4-ші жыл 5-ші жыл |
100 000
100 000
100 000
100 000
100 000 |
40%x100 000 =40 000 40%x60 000 =24 000 40%x36 000 =144 00 40%x21 600 =8640 2960 |
40 000
64 000
78 400
87 040
90 000 |
3333
5333
6533
7253
7500 |
Информация о работе «Негізгі құралдардың есебі» тақырыбының жоспары