Негізгі өндіріс шығындарының есебі

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2014 в 08:15, курсовая работа

Краткое описание

Өндіріс шығыны өзіне шикізат, материал, жанармай, электроэнергия, тұрақты капиталдың өткізілген бөлігі мен жұмыс күшін сатып алуға кететін шығындарды енгізеді. Тауарды дайындауға кәсіпорынның жұмсаған шығындары тұрақты және өзгермелі капитал сомасына (с+v) тең. Айналым шығындар категориясы тауарды өткізу және сатып алумен байланысты. Айналым шығындары өндіріс процесінің айналым саласында жалғасатынын көрсетеді, сөйтіп тауардың өлшем-орауын, сорттауын, тасымалдануын және сақталуын енгізеді.

Оглавление

Кіріспе...................................................................................................................3-4

1. Шығындар туралы жалпы түсінік................................................................5
1.1 Шығындар түсінігі.............................................................................................5
1.2. Шығындардың жіктелуі...................................................................................8
2. Негізгі өндіріс шығындарының есебі..........................................................10
2.1. Материалдық шығындар есебі......................................................................10
2.2. Еңбек шығындар есебі...................................................................................14
2.3. Үстеме өндірістік шығындар есебі...............................................................19
2.4. Өндірістік шығын есебіндегі өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау......26

Қорытынды.....................................................................................................31-32
Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................33

Файлы: 1 файл

Kursavaya_rabota упр учет.doc

— 297.50 Кб (Скачать)

 

 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШЕТ ТІЛДЕР ЖӘНЕ ІСКЕРЛІК КАРЬЕРА УНИВЕРСИТЕТІ


 

«Экономика және басқару кафедрасы»

 

 

 

 

 

 

Курстық жұмыс

 

Негізгі өндіріс шығындарының есебі

 

 

 

                                                                         Орындаған:   УА11-04-01

                                                                                                 Имбергенова М.О

                                                                           Қабылдаған: э.ғ.к., доцент

                                                                                                  Жапбарханова М.С

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы 2013

Мазмұны

 

 

Кіріспе...................................................................................................................3-4

 

1. Шығындар туралы жалпы түсінік................................................................5

1.1 Шығындар түсінігі.............................................................................................5

1.2. Шығындардың жіктелуі...................................................................................8

2. Негізгі өндіріс шығындарының  есебі..........................................................10

2.1. Материалдық шығындар есебі......................................................................10

2.2. Еңбек шығындар есебі...................................................................................14

2.3. Үстеме өндірістік шығындар есебі...............................................................19

2.4. Өндірістік шығын есебіндегі өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау......26

 

Қорытынды.....................................................................................................31-32

Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................33

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Өндіріс шығыны  өзіне шикізат, материал, жанармай, электроэнергия, тұрақты капиталдың өткізілген бөлігі мен жұмыс күшін сатып алуға кететін шығындарды енгізеді. Тауарды дайындауға кәсіпорынның жұмсаған шығындары тұрақты және өзгермелі капитал сомасына  (с+v) тең. Айналым шығындар категориясы тауарды өткізу және сатып алумен байланысты. Айналым шығындары өндіріс процесінің айналым саласында жалғасатынын көрсетеді, сөйтіп тауардың өлшем-орауын, сорттауын, тасымалдануын және сақталуын енгізеді.

Фирманың тепе-теңдік нүктесі  және максималды пайдасы  шеткі табыс пен шеткі шығындар тепе-теңдігі жайында  (MR=MC) фирма осындай арақатынасқа қол жеткізгенде, онда ол өндірісті енді ұлғайтпайды, өнім шығару тұрақталып фирма тепе-теңдігі сақталады.

Өндірістік шығындар есебін ұйымдастыруда екі ұйымдастырушылық аспект бар: қолданылатын бухгалтерлік шоттар жүйесі мен шығындарды топтастыру тәсілдері. Мұндай есепті ұйымдастыруға мына факторлар әсер етеді: қызмет түрі, басқару құрылымы, кәсіпорын мөлшері, ұйымдастыру құқтық пішін және т.б.

 Өндіріс шығындары өндіріске қажетті факторлардың төлемін көрсетеді. Осы өндіріске қажетті факторларды зерттеу дайындалған өнімді сатудан  түскен пайда көлемінің шығындарды жабуы мен жағымды пайда әкелуіне жеткіліктілігін қамтамасыз етуі қажет. Пайда кәсіпкерлік қызметтің дамуының кепілі болып табылады. Бірақ, аталған мақсаттарға қол жеткізу жұмсалған шығындар көлеміне тәуелді болады. Сол себепті өндіріс шығындары экономикалық талдаудың маңызды бөлігі болып табылады.

   Кәсіпкердің шығындар мен пайдаға деген өз көзқарасы болады. Белгілі бір шығындарды жапқаннан кейінгі пайда өндірістің жақсы мүмкіндіктерін қамтамасыз етуі қажет. Айтарлықтай тиімді өндірісті қамтамасыз ету үшін шығындар пайдадан аз болуы қажет.

  Есеп тәжірибесінде кәсіпорын шығындарын тиімді басқаруда жаңа іс- қимылдарын жасау және пайдалану отандық және шетел әдебиетінде кең талқылануда. Шығындар тәжірибесінде кәсіпорын шығындарын тиімді басқаруда жаңа іс- қимылдарын жасау және пайдалану отандық және шетел әдебиетінде кең талқылануда. Шығындар есебі мәнінің көпшілік қабылданған анықтамасы-бұл «шығындар есебі кәсіпорында белгілі уақыт аралығында болған жабдықтау, өндіріс және өнім өткізу процестерін оларды сандық өлшеу (заттай және құнды көрсеткіштермен, тіркеу, топтастыру және талдау арқылы көрсетуге бағытталған шаралар жиынтығы болып табылады. Мұндай көрсету кәсіпорынды (немесе кәсіпорындар бірлестігін) басқару мен оның қызметін қаржы нәтижелерін шығару арқылы бағалауға қажетті мәлімет алуды қамтамасыз етеді.

 Басқару есебін ұйымдастыру, сонымен қатар есеп объектісіне  байланысты, дәлірек айтқанда, түрлері, пайда болу орындары және жауапкершілік  орталықтарына қарай айқын топтасуын  көздейді. 

Курстық жұмыстың мақсаты, өндірістік шығындар және оның ұйымдастырылуы, өндірістік шығындарының мәні, мағынасы және есебінің әдістері туралы, сонымен қатар өндірістік шығындардың негізгі элементтер және өзіндік құның калькуляциясы туралы ашып көрсетемін.

Курстық жұмыстың міндеті, шығындардың өндіріске және  өнімді шығаруға қолданылатын  белгілі бір кезеңдегі қорлардың ақшалай көлемін көрсету. Сонымен қатар, экономикалық категория ретінде кәсіпорынның, кәсіпкерлердің, жеке өндірушілердің және басқа да шаруашылық етуші субъектілердің ақша түрінде берілген шығындарын,  айналымын және өнімнің өтімін көрсету.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Шығындар туралы жалпы түсінік 1.1 Шығындар түсінігі

 

Әрбір кәсіпорын жоғары деңгейдегі пайданы қамтамасыз ету үшін шешімдер қабылдауға міндетті. Бұл шарт орындауда негізгі талаптардың бірі – шығындарды азайту болып табылады. Ол үшін:

1. Өндіріс шығындарының құрамы  мен құрылымын білу қажет. Құрылымды  білу үшін – қайда көңіл  аудару керек деген сұрақ тұады.

2. Шығындарды талдап, олардың тиімді пайдалануын, реттеуді және бақылауды ұйымдастыру;

3. Щығындарды шектеу, өнімнің сапасына  сәйкес және оның бағаның негізі  болатындығын естен шығармау;

4. Шығындардың өзгеру заңдылығын  білу. Тасмалдау шығындарды төмендету  мәселесі алдында тұрады.

Шығындардың есебін жүргізу мәселесі - ертеден келе жатқан мәселе.

Шығындар дегеніміз – белгілі мақсатта пайдаланылған ресурстар көлемінің ақшалай көрінісі, яғни нәтижесінде өнім өндіріп, өткізілген өндірістік ресурстарды пайдаланудың ақшалай көрінісі.

Шығындар тек қарапайым шығындар емес, нарықтық құн формасын алған ресурстар шығындары аталады.

Өндірістік шығындарды жіктеп берудің бірнеше жолдары бар:

  • экономикалық элементтері бойынша – еңбекақы, материалдар, амортизациялар; Өзіндік құнының баптары. Ол калькуляция элементтеріне байланысты.
  • технологиялық процестер бойынша – тікелей және үстеме шығындар. Негізгі шығындар - өнімнің құрамына енетін шығындар. Үстеме шығындар – тікелей апаруға мүмкіндігі жоқ.
  • құрамы бойынша – бір элементтік, кешендік және жанама болып бөлінеді. Бірэлементтілер- бірэлементтен тұратындар (еңбекақы, материалдар, ақша аударулар). Кешенділер- бірнеше элементтен тұратындар. Жанамалар - өнімнің жеке түрлерінің өзіндік құнына тікелей енгізілмейтін және жанама түрде бөлінеді.
  • өнімнің өзіндік құнына жатқызу тәсілі бойынша – тікелей және жанама;

өндіріс процесіндегі рөліне байланысты - өндірістік және өндірістік емес. Өндірістік – тауарлық өнімді дайындауға байланысты және оның өндірістік өзіндік құнына құрайтын барлық шығындар.

  • шығын жасаудың сай келетіндігіне сәйкес - өнімділік, өнімділік емес. Өнімді(жоспарланатын) – тиімді технология мен өндірісті ұйымдастыруға белгіленген сападағы өнім өндірісіне шыққан шығындар. Өнімді емес (жоспарланбайтын) - өндіріс технологиясы мен ұйымдастырудағы кемшіліктер салдары іркіліс шығындары болып табылады.
  • жоспарға енгізу мүмкіндігіне байланысты – жоспарланған және жоспарланбаған;
  • өндіріс көлеміне қатысты –тұрақты және айнымалы шығындар. Тұрақты - өнім көлемінің өзгеруіне байланысты өзгермейтін шығындар. Айнымалы – шығарылған өнім көлеміне сәйкес өзгеретін өндірістік шығындар.
    1. пайда болуының кезектілігіне сәйкес – ағымды және бір жолдық. Ағымдағы – жиі мерзімде болып тұратын шығындар. Бір жолдық – еңбек демалысын, жөндеу жүргізу және т.б төлеуге арналғандар.
      • дайын өнімге қатынасы бойынша – аяқталмаған және дайын өнім шығындары;

Өнімнің өзіндік құнын анықтауда қорларды бағалау және пайданы анықтау бағытында шығындар:

- енетін немесе кіретін және болған шығындар;

- тікелей және жанама шығындар;

- негізгі және үстеме шығындар;

- өзіндік құнға енетін және мерзімді шығындар;

- шешім қабылдау және шоспарлау шығындары:

- тұрақты және айнымалы

- тұрақты бағалауға қабылданатын және қабылданбайтын шығындар;

- қайтарымсыз шығындар;

- енгізілген шығындар және жоғалтылған пайда;

- жоспарланатын және жоспарланбайтын шығындар;

- релеванттық және иррелеванттық шығындар.

Релеванттық шығындар – басқару шешімін қабылдағанда өзгеретін шығындар. Иррелеванттық шығындар - басқару шешімін қабылдағанда өзгермейтін шығындар.

Кәсіпорын шығындарын басқару күрделі процесс. Өзінің мәні жағынан ол кәсіпорынның бүкіл қызметін басқаруды білдіреді, өйткені болып жатқан өндіріс процесстерінің барлық жақтарын қамтиды.

Есеп тәжірибесінде кәсіпорын шығындарын тиімді басқаруда жаңа іс- қимылдарын жасау және пайдалану отандық және шетел әдебиетінде кең талқылануда. Шығындар тәжірибесінде кәсіпорын шығындарын тиімді басқаруда жаңа іс- қимылдарын жасау және пайдалану отандық және шетел әдебиетінде кең талқылануда. Шығындар есебі мәнінің көпшілік қабылданған анықтамасы-бұл «шығындар есебі кәсіпорында белгілі уақыт аралығында болған жабдықтау, өндіріс және өнім өткізу процестерін оларды сандық өлшеу (заттай және құнды көрсеткіштермен, тіркеу, топтастыру және талдау арқылы көрсетуге бағытталған шаралар жиынтығы болып табылады. Мұндай көрсету кәсіпорынды (немесе кәсіпорындар бірлестігін) басқару мен оның қызметін қаржы нәтижелерін шығару арқылы бағалауға қажетті мәлімет алуды қамтамасыз етеді.

Бірақ мұндай тәсіл басқару есебінің даму барысында және дамыған өндірістік есеп теориясында пайдалану бағыттары бойынша шектелген. Біздің ойымызша өндіріске жұмсалған шығындар есебінің маңызын анықтау, техникалық жағынан басқа, өндіріске жұмсалған шығындар есебін түрлендіруі немесе басқару есебінің өндірісті қызметін ұйымдастыруға әртүрлі тәсілдерді қамтуы тиіс. Осылайша, шығындар есебінің мазмұнын анықтау кәсіпорындарда оны ұйымдастыруды үлгілеудің шынайы алғы шарттарын жасайды. Басқарудың кері процесіне сәйкес есеп ақпараттық тасқын ретінде тек қана іс әрекетті ғана емес, сондай-ақ болашақта кәсіпорын экономикасын үлгілеу үшін ақпараттар дайындайды.

Егер өндіріске жұмсалған шығындар есебін басқару үлгісінің сәйкесінше өткендегі, қазіргі және болашақтағы өндірістік қызметі нәтижелері мен шығындарын пайдалануды көрсету процесі ретінде қарастырса, онда есептің мұндай жүйесі өзіндік құнды басқарудың негізгі міндеттеріне сәйкес келеді.

Нақты бір кәсіпорынның өндіріске жұмсалған шығындары есебінің негізгі міндеттері:

  • кәсіпорын әкімшілігін басқару шешімдерін қабылдау үшін ақпаратты қамтамасыз ету;
  • болашақтағы экономикалық стратегияны қалыптастыру мен ауыртпашылықтарды табу мақсатында нақты шығын деңгейін нормативті және жоспарлы шығындармен салыстыра отырып бақылау;
  • дайын өнімді бағалау және қаржылық нәтижелерді есептеу үшін шығарылатын өнімнің өзіндік құнын есептеу;
  • құрылымдық бөлімшелердің өндірістік қызметінің экономикалық нәтижелерін анықтау және бағалау;
  • ұзақ мерзімді сипатқа ие , өндірістік және технологиялық бағдарламалардың өзін ақтауы, өнім түрлерінің пайдалылығы, негізгі қорлар мен өндірістік қосалқыларға салынған күрделі салымдардың тиімділігі шешімдер қабылдау үшін өндірістік қызметті басқару есебінің ақпараттарын жүйелендіру.

Өндіріс шығындары есебінің маңызды сипаттамасын қорытындылай келе, тағы да оның негізгі бағытын айта кетеміз- өндірістік қызметті бақылау және оны жүзеге асыру үшін шығындарды басқару.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2  Шығындардың жіктелуі

 

 

Шығындар есебін дұрыс ұйымдастыру үшін оларды ғылыми  негізделген жіктеудің мәні зор. № 7 бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес шығындар былайша жіктеледі:

- пайда болу орнына байланысты  — өндіріс, цехтар, учаскелер, құрылымдық бөлімшелер бойынша;

- шығынды көтерушілер, яғни өнім  түрлері бойынша — өнімнің  өзіндік құнын анықтау үшін қажет;

- өнімнің өзіндік құнына жатқызу тәсілі немесе шығын түрлеріне байланысты —  экономикалық элементтер (өнім өндірісіне нақты не жұмсалғанын көрсетеді) мен калькуляция баптары бойынша.  

Өндіріс шығындары бірқатар басқа белгілер бойынша жіктелуі мүмкін:

1) Өндіріс процесіндегі экономикалық ролі бойынша:

- негізгі - өндірістің технологиялық процесімен тікелей байланысты шығындар (шикізат пен материалдар, қосалқы материалдар мен басқадай шығындар);

-  қосымша - өндірісті ұйымдастыру мен оған қызмет етуге, оны басқаруға байланысты пайда болады.

2) Өнімнің өзіндік құнына жатқызу  тәсілі бойынша:

- тікелей - өнімнің белгілі бір түрін өндіруге байланысты, оның өзіндік құнына тікелей кіретін шығындар;

- жанама — өнімнің жеке түрлерінің өзіндік құнына тікелей енгізілмейтін.

3) Құрамы бойынша:

- бір элементтік – бір элементтен тұратын (еңбек ақы немесе материалдар шығындары);

Информация о работе Негізгі өндіріс шығындарының есебі