Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2014 в 08:15, курсовая работа
Өндіріс шығыны өзіне шикізат, материал, жанармай, электроэнергия, тұрақты капиталдың өткізілген бөлігі мен жұмыс күшін сатып алуға кететін шығындарды енгізеді. Тауарды дайындауға кәсіпорынның жұмсаған шығындары тұрақты және өзгермелі капитал сомасына (с+v) тең. Айналым шығындар категориясы тауарды өткізу және сатып алумен байланысты. Айналым шығындары өндіріс процесінің айналым саласында жалғасатынын көрсетеді, сөйтіп тауардың өлшем-орауын, сорттауын, тасымалдануын және сақталуын енгізеді.
Кіріспе...................................................................................................................3-4
1. Шығындар туралы жалпы түсінік................................................................5
1.1 Шығындар түсінігі.............................................................................................5
1.2. Шығындардың жіктелуі...................................................................................8
2. Негізгі өндіріс шығындарының есебі..........................................................10
2.1. Материалдық шығындар есебі......................................................................10
2.2. Еңбек шығындар есебі...................................................................................14
2.3. Үстеме өндірістік шығындар есебі...............................................................19
2.4. Өндірістік шығын есебіндегі өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау......26
Қорытынды.....................................................................................................31-32
Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................33
сондай-ақ жеке еңбек келісім шартына сәйкес лауазымды айлық ақысы және тарифтік мөлшерлемесі, еңбекке кесімді ақы төлеу бағасы арқылы нақты орындалған жұмысқа есептелінген жалақысы;
берілетін сыйлық ақылар, кәсіптік шеберлігі, еңбектегі жоғары табыстары және т.б. көрсеткіштері үшін төленетін тарифтік ставкалары мен айлық ақыларға қосылатын үстемақылары;
сипаттағы төлемдер, оның ішінде: түнгі уақыттағы жұмыс, мерзімінен тыс жұмыс, көп ауысымды режимдегі жұмыс, демалыс және мереке күндеріндегі жұмыс үшін, мамандықты қосып атқарғаны, қызмет көрсету аймақтарын кеңейткені үшін, ауыр зиянды немесе ерекше зиянды еңбек жағдайларындағы және т.б. жұмыстары үшінзаңдарда белгіленген жағдайлары үшін тарифтік ставкалар мен айлықақыларға қосылатын үстемақылар мен қосымшаақылар;
қызметкерлеріне тегін көрсетілетін коммуналдық қызметтердің, тамақтың, азық – түліктің құны, қолданылып жүрген заңдарға сәйкес қызметкерлерге берілетін тегін тұрғын үйге ақы төлеу жөніндегі шығындар;
пайдалануында қалатын заттардың (арнайы киім- кешекті қоса алғанда) құны немесе олардың арзан бағаға сатылуына байланысты жеңілдіктер сомасы;
демалыстарға ақы төлеу, мемлекеттік
міндеттерді орындаумен, медициналық
тексерулерден өтумен
қайта құрылуына, қызметкерлер мен штаттағылардың қысқаруына байланысты жұмыстан босаған қызметкерлерге төлемдер төлеу;
мезгілдік сыйақылар төлеу;
және арнаулы орта оқу орындарын бітіріп шыққан жас мамандарға жұмыс басталар алдында демалысқа ақы төлеу;
атқарғаны үшін ақы төлеу;
жұмысшы- донорға тексеруден өткен, қан тапсырған және әрбір қан
тапсырған күннен кейін демалы
Еңбек ақыдан аударылатын аударымдар, Қазақстан Республикасының әрекет етіп тұрған заңына сәйкес жалақыдан аударылатын аударым бабында есептелген әлеуметтік салығы (21% мөлшерлемесі бойынша) көрініс табады. Әлеуметтік салықтың салық салу объектісі болып , жұмыс берушілердің еңбеккерлерге ақшалай немесе заттай нысанында төлеген шығысы жатады, оған салық салуға жатпайтын төлемдерден басқасы түгел кіреді.
Жұмыс күші өндірістік қызметте негізгі орынды алады және өндірістік ресурстардың құрамдас бөлігі болып табылады. Тек жұмыс күші, нақты еңбек қана қосымша құнды құрады. Осы себеп қана еңбек ресурстарын тиімді пайдалану қатынасын анықтайды немесе адамдарсыз, ұжымсыз ұйымдар өз мақсатына қол жеткізе алмайды.
Басқару есебі жүйесінде жұмыс күшіне жұмсалған шығындар есебі негізгі орындардың бірін алады және өндіріс шығыны есебінің бөлігі ретінде көрініс табады.
Жұмыс күшіне жұмсалған шығындар есебі келесі бағыттар бойынша жүргізілуі тиіс:
1. Жұмыс күшіне жұмсалған
2. Әрбір жұмысшыға келетін еңбек ақыны есептеулер мен ұсталымдар есебі; жекеленген қорлар мен бюджеттен тыс ұйымдар әртүрлі аударымдар есебі.
Жұмыс күшіне жұмсалған шығындар есебінің мақсаты-әрбір қызмет түрі бойынша еңбек уақытының шығынын анықтау; ауысымдық тапсырысты орындау деңгейінің шамасын анықтау; еңбек ақыны шынайы есептеу; еңбекке ақы төлеу бойынша жұмысшылармен есеп айырысу; еңбек ақы қорын пайдалануды талдау.
Еңбек ақы шығындары біртектес болмайды, сондықтан басқару талаптарын қанағаттандыру мақсатында оларды жіктейді. Кез келген жіктеудің негізіне біртектес құбылыстарды сипаттайтын принциптер енгізілуі тиіс.
Мысалы, тікелей еңбек ресурстарын басқарумен байланысты қызметкерлер, соның жоспарлау мен нормалау процестерімен байланысты шығындар, жұмысшылар санын жинақтау, іріктеу және қысқарту шығындары секілді басқару процестері бойынша шығындар туралы ақпараттар болмайды (сурет 5.7.)
Сурет- 5.7: Еңбек ресурстарын басқару жүйесінің элементтері
Шығындарды нақты жіктеу ең алдымен олардың туындау себептерін анықтау үшін қажет. Бұдан басқа нарыққа көшуге сәйкес кәсіпорындарға еңбек ақының мөлшері мен төлеу тәртібін анықтау құқығы берілген. Осы жағдайда жұмыс күшіне жұмсалатын шығындардың шектеулі саралау басқару мақсатын қанағаттандыра алмайды.
Басқару есебінің негізгі мақсаттарын жетекшілікке ала отырып, өнімнің өзіндік құнына енетін еңбек ақыны еңбекке ақы төлеу қорынан бөліп алу керек.
Жұмыс күшіне жұмсалған шығындарды жіктегенде, біздің ойымызша, басты назарды келесі баптарға аударған жөн;
1. Өнім өндірісі процесімен тікелей айналысатын өндірістік жұмысшыларға еңбек ақы төлеу шығындары. Мұнда атқарылатын норма және үстеме бағалар бойынша жұмысқа төлемдер, уақытша төленетін жұмыстар бойынша төлемдер енгізіледі.
2. Ынталандырушылық сипаттағы төлемдер-жұмыс сапасына және шеберлікке қосымша ақы, жұмыс стажы, ұзақ жыл еңбек еткені үшін сый ақы, әртүрлі сыйлықтар.
3. өндірістік емес төлемдер-заңға сәйкес атқарылмаған уақыт үшін төлемдер; жұмысшының кінәсі болып табылмайтын ақауға төлемдер; қалыпты еңбек жағдайынан ауытқулар үшін төлемдер, түнгі жұмыс үшін қосымша ақылар, жұмысшының біліктілігі сәйкес болмағаны үшін басқа жұмысқа ауыстыру және т.б.
4. Жұмыс күшін жалдау, іріктеу бойынша шығындар.
5. Саны мен еңбекті нормалау мен жоспарлау бойынша шығындар.
6. Кәсіби бағдар, оқыту және қайта оқытумен байланысты шығындар.
7. Құралдарды және көмекші
8. Жалпы өндірістік шығындар құрамына енетін өндірістік бөлімшелерді басқарумен байланысты жұмысшыларға еңбек ақы төлеу шығындары.
9. Жетекші кадрларды дайындау шығындары.
10. Жалпы өндірістік шығындар құрамына енетін, кәсіпорындарды басқарумен айналысатын мамандар мен жетекшілерге еңбек ақы төлеу шығындары.
Жұмыс күшіне жұмсалған шығындардың ұсынылған топтастырылуы көп жағдайда өзіндік құн есебі мен пайданы есептеу мақсатына, сондай-ақ жекелеп алғанда шығындарды бақылау және реттеу мақсатына жауап береді. Ал шешім қабылдауға келсек, онда есепте болашақтағы жұмыс күшіне жұмсалған шығындарды бөліп көрсету мәселесін есте ұстау керек.
Жұмыс күшіне жұмсалған шығындар есебін жүргізу тәртібі сәйкесінше еңбек ресурстары мен жұмыс күшіне жұмсалған шығындарды басқару процестерін сипаттайды.
Келісімді еңбекке ақы төлеу шығындарын жекелеген тапсырыстар мен процестердің өзіндік құнына тікелей қосуды қарастырады. Бұл жағдайда шығындарға өндірістік жұмысшылардың еңбек ақысын, өндірісте қосымша операциялармен айналысатын қосалқы өндірістік жұмысшылардың еңбек ақысын, бригада да жұмыстарды ұйымдастырғаны үшін бригадирлердің қосымша ақысын жатқызуға болмайды.
Мұндай шығындардың бір бөлігін жалпы өндірістік және жалпышаруашылық үстеме шығындарға жатқызады және кәсіпорында қабылданған әдістемемен оларды бөледі. Шығынның бөлігін жекелеген топтарға бөледі және өнімнің нақты түрлері арасында, дайын өнім мен аяқталмаған өндірістің арасында бөледі.
Осы тұрғыдан бұйымдар түрлері бойынша сметалық (нормативтік) ставканы жасайды. Ставканы есептеу шамасының базасы ретінде уақытша еңбек ақылы жұмыс орнының саны, қызмет көрсету нормасы және жұмыс уақытыныњ бюджеті, тарифтік ставкалар мен сыйақылар жатқызылады.
Ставкалар шамасының есептесу базаларын жиі өзгерту салдарынан көптеген кәсіпорындар осындай шығындардың жұмысшылардың үйлесімді тікелей еңбек ақыларына есепті кезеңде қалыптасқан пайыз бойынша бөлінеді.
Еңбек шығындарынан өзге, жұмыс беруші жұмыс күшімен байланысты бірқатар шығындарды, оқыту бойынша, жалдау, іріктеу, еңбек жағдайын жақсарту, залалды қайтару, демалыс, зейнетақы қорына жарналар еңбекпен қамту қорына жарналар қамтиды. Шығындардың бұл тобы жіктеу баптары бойынша жинақталып, не үстеме шығындармен бірге, не үйлесімді есептеу мақсатында өндірістің бухгалтерияда шығындар сметасының орындалуы туралы жинақтау ведомосын жасайды, онда нақты шығындарды сметалықпен салыстырады. Жекелеген жинақтаулар ақау, жұмыс күшінің қозғалысы, жұмыс уақытының орындалуы туралы ақпараттарлы жинақтайды.
өнімнің өзіндік
құнының
калькуляциясы
Тікелей
Сурет- 5.8: Жұмыс күшіне жұмсалаған шығындар есебін жүргізу тәртібі
2.3. Үстеме шығындар есебі
Үстеме шығыстар,әдетте,біршама жалпы сипатқа ие болады:
-кешендік сипаты-шығыстар құрамында барлық экономикалық элементтер шығындары көрініс табады;
-екі және одан да көп
Үстеме шығыстар-бұл өндірісті басқарумен және қызмет көрсетумен байланысты шығыстар,олар кешендік сипатқа ие болады,Олардың құрамында экономикалық элементтердің барлық шығындары көрініс табады.
Бұл шығындар ай бойында белгіленген номенклатуралық шығыс баптары бойынша 8410- «Үстеме шығындар» шотында көрініс табады.Әрбір цехтың өзінде дайындалған өнімге үстеме шығыстар қосылады.
Үстеме шығыстар ай соңында белгіленген әдістеме бойынша жүргізіледі. Негізгі өндіріс шығындарының құрамына кіретін үстеме шығыстарын таратқан кезде 8110 шоты дебеттеліп және 8410 шоты кредиттеледі.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер өзінің есептік саясатында өндіріс ерекшеліктерін ескере отырып шығын баптарының номенклатурасына өзгерістер енгізуі мүмкін.
Үстеме шығыстар- бұл өнімді өндіруге жанама байланысты шығындар, бір өнімге тікелей апаруға мүмкіндігі жоқ.
Үстеме шығындардың ерекшелігі:
1) Бұл шығындар комплексті
2) Бірнеше өнім түрлерін
Шығыстарды негізгі және үстемеге бөлу бөлімше қызметін баѓалау үшін негіз болып саналады, әрі жоспарлау, есепке алу, талдау, бақылау және өндіріс қызметін реттеу процестеріне тығыз байланысты.
Үстеме шығындарѓа, тікелей жалақыдан және тікелей материалдық шыыннан өзге, кәсіпорынның барлық шығындары жатады. Оның өзі әзірлеуге, ұйымдастыруға, қызмет көрсетуге және басқаруға қатысты. Үстеме шығындар екі топқа бөлінеді: жалпы өндірістік және жалпы шаруашылықтық.