Негізгі өндіріс шығындарының есебі

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2014 в 08:15, курсовая работа

Краткое описание

Өндіріс шығыны өзіне шикізат, материал, жанармай, электроэнергия, тұрақты капиталдың өткізілген бөлігі мен жұмыс күшін сатып алуға кететін шығындарды енгізеді. Тауарды дайындауға кәсіпорынның жұмсаған шығындары тұрақты және өзгермелі капитал сомасына (с+v) тең. Айналым шығындар категориясы тауарды өткізу және сатып алумен байланысты. Айналым шығындары өндіріс процесінің айналым саласында жалғасатынын көрсетеді, сөйтіп тауардың өлшем-орауын, сорттауын, тасымалдануын және сақталуын енгізеді.

Оглавление

Кіріспе...................................................................................................................3-4

1. Шығындар туралы жалпы түсінік................................................................5
1.1 Шығындар түсінігі.............................................................................................5
1.2. Шығындардың жіктелуі...................................................................................8
2. Негізгі өндіріс шығындарының есебі..........................................................10
2.1. Материалдық шығындар есебі......................................................................10
2.2. Еңбек шығындар есебі...................................................................................14
2.3. Үстеме өндірістік шығындар есебі...............................................................19
2.4. Өндірістік шығын есебіндегі өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау......26

Қорытынды.....................................................................................................31-32
Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................33

Файлы: 1 файл

Kursavaya_rabota упр учет.doc

— 297.50 Кб (Скачать)

Бөлу әдісін таңдаған кезде өндірістің нақты жағдайын ескеру қажет, сол бойынша бұйымдардың жекелей өзіндік құны, әрбір шығын түрінің үлесі, өнім көлеміне шығынның байланыстылығы анықталады.

Өндірістік емес үстеме шығындарды өтеудің әртүрлі есеп саясаты болады. Олар мынандай болуы мүмкін:

- ағымдағы кезең шығындарына жатқызылады және бұйым түрлеріне қарамастан өткізілген өнімнің жалпы сомасының өзіндік құнына енгізіледі;

-бұйым түрлерінің өндірістік өзіндік қнына үйлесімді бөлінеді.

Кейбір өндірістік емес шығындар ұйымдық және өткізу қызметінің тікелей шығындары болуы мџмкін. Мұндай шығындарға бөлудің басқа амалы қолданылады, бұлар келесі тарауларда талданады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.4. Өндірістік шығын есебіндегі өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау

 

   Өнімнің өзіндік құны – бұл өндіріске және өткізуге кететін ақшалай түрдегі шығындар.

  Калькуляциялау – бұл барлық тауарлық өнімдердің де әрі бір бірліктің де өзіндік құнын есептеу. Ол кәсіпорын жұмысын оперативті басқаруда маңызды орын алады, өйткені ішкі резервті дер кезінде ашуға мүмкіндік беріп, оны өнімнің өзіндік құнын төмендетуге және бәсекеге жарамдылығын арттыруда пайдаланылады. Калькуляцияны өнімнің өзіндік құнын жоспарлауға және өнімнің нарықтағы сұранысын ескеретін негізгі бағасын белгілеуде пайдаланылады. Калькуляцияда субъект шығындары ақшалай түрде қолданылады.

    Калькуляцияның мына түрлері болуы мүмкін:

Жоспарлы – еңбек шығынының, озық техника мен өндірістің және жұмыстың жақсы ұйымдастырылуын білдіретін өндіріс қаражатының озық (прогрессивті) нормасы негізінде жоспарланған кезеңге жасалады;

Есеп берушілік (нақты) калькуляция - өнімнің өзіндік құны кәсіпорынға тәуелді және тәуелді болмайтын себептер бойынша жоспардын ауытқуы мүмкін нақты шығындармен сипатталады;

Нормативті калькуляция – ағымдағы жоспарлы калькуляцияның әр түрлілігі болып табылады. Ол шығын есебінің нормативті әдісін қолданатын және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялайтын кәсіпорында жасалады. Оның негізінде көбінесе қол жеткізген шығын деңгейін сипаттайтын ағымдағы әрекет ететін нормалар жатады. Нормативті калькуляцияны жоспарлымен салыстырғанда есептік кезеңдегі өнім өндіруге кететін шығын деңгейін әлдеқайда нақты көрсетеді;

Жобалық калькуляция – келешекке құрылған жоспарлы калькуляцияның әртүрлілігі болып табылады. Ол күрделі салымның, жаңа техниканың және технологияның тиімділігін анықтау үшін қолданылады;

Алдын-ала жүргізілетін калькуляция – нақты шығын негізінде және он айда немесе төртінші тоқсандағы немесе басқа кезеңдегі болжалдық (ожидаемому) өнім өндіру мен шығын бойынша есеп айырысудың басқа кезеңінде алынатын нақты өнім (табыс) негізінде жасалады. Бұл калькуляцияның мәліметтері өнім өндірудің ағымдық жылдағы нәтижесін алдын-ала анықтауда қолданылады. Мұндай калькуляция, негізінде, ауыл шаруашылық кәсіпорындарында қолданылады.

Калькуляция барысында шығын есебінің объектісін және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау объектісін дұрыс анықтау қажет.

      Шығын есебнің  объектісі -  кәсіпорын  өндіріс  шығын есебінің талдамдылығын  ұйымдастырудағы объект. өнеркәсіпте  шығын есебінің объектісі мен  калькуляциялау объектісіне бұйым (сырт және іш киімдер жатады).

      Калькуляция объектісі  – кәсіпорын калькуляциялайтын  өнім  (жұмыс, қызмет) түрлері. Мысалыға, ауыл шаруашылығында есеп және  калькуляциялау объектілері бір-біріне  дәл келмейді.

Шығындарды калькуляциялауды әдістермен жүзеге асыруға болады:

ФИФО - өнім бірлігін өңдеуге жаңа өнімдердің түсуіне қарай жүзеге асырылады:

Жартылай өңделген өнімсіз – оны бір құрылымдық бөлімшеден екіншісіне тапсыру кезінде өзіндік өндірістегі жартылай дайындалған өнімнің бақылау қозғалысы нақты мағынасында оперативті жүзеге асырылады. Дайындауға кететін шығын баптарында ескеріледі. Үстемеленген шығындар әрбір қайта жасау бойынша көрініс табады, ал шикізат құны бірінші қайта жасаудың өзіндік құнына қосылады. Өнім бірлігін өндіруге кететін шығынның жиынтық есебі өндіріс процесіндегі олардың қатысу үлестерін ескеру арқылы қайта жасаулардың шығындарын жиынтықтаумен анықталады.

Жартылай өңделген өнімдік- бухгалтерлік есеп жүйесінде келесі қайта жасауға тапсыруда өзіндік өндірістегі жартылай дайындалған өнімнің өзіндік құнын қайта есептеумен жүргізіледі. өндіріс шығынының жиынтық есебі өнімді әрбір қайта жасау мен шығару бойынша анықталады, сонымен бірге келесі қайта жасауға тапсырылатын өнім тұтас өнім бойынша және құрылымдық бөлімше бойынша бір мезгілде калькуляцияланады.

    Өзіндік құнды калькуляциялаудың  процестік әдісі бір текті  немесе шамамен бірдей өнімді сериямен немесе жаппай өндіретін, әйтпесе үздіксіз өндіру кезеңіне жататын технологиялық процесте қолданылады. Шығынның процестік калькуляциясын технологиясы әрбір өндірістік бөлшектердің өндірістік процесті орындауын және өңделу дәрежесіне қарай өнімнің бір операциядан келесісіне жылжуын қарастыратын субъектілер қолданылады. Соңғы бөлімше өндіруді аяқтап, өнімді дайын өнім қоймасына тапсырады. Шығындар білгілі бір кезең үшін – бұл арада тапсырысты орындауға қажетті уақытта айтып тұрған жоқ, есептік кезеңде бұйым жасалған уақытқа қатыссыз - өндірістік бөлімшелер бойынша қорытындыланады. Әрбір бөлімшеге 1340 «Аяқталмаған өндіріс» жеке шот ашылады. Мұнда есептік кезеңнің  басында және соңында аяқталмаған өндіріс шартты түрде дайын өнім ретінде саналады. Бұйымның бір бірлігінің өзіндік құны белгілі бір кезеңдегі өндірістің өзіндік құнын осы кезеңде шығарылған бұйым санына бөлу арқылы есептеледі. Мұндай өндіріске кен өндіруші өнеркәсіп пен энергетика салалары жатады. Мұнда шығарылған өнім бір мезгілде шығын есебінің және калькуляциялаудың объектісі болып табылады.

    Шығындардың толық қосылуына  қарай толық шығын және өзгермелі шығын есеп әдістері айрықшаланады. Толық шығын есебнің айрықшалығы мынада: тікелей шығын бірлікке тікелей қатысты немесе нормаға сай әзірленіп, қолданатын өнімнің басқа өлшеміне қатысты болады. Мұнда жанама шығын өнім бірлігіне қатыстылығы үстеме шығын коэффицентерінің көмегімен қандай да бір базаға үйлесімді болады. Шығын есебін калькуляциялау бірнеше кезеңмен жүзеге асырылады:

Пайда болу орындары бойынша барлық шығындарды шоғырландыру және жанама шығындарды бөлімшелерге бөлу;

Шығынды негізгі өнімді шығармайтын  бөлімшелерге бөлу, негізгі өнімді шығаратын бөлімшелерге қандай да бір базаға үйлесімді қайта бөлу;

Үстеме шығынды негізгі өнімді шығарушы бөлімшгелерге, өнім шығармайтын бөлімшерлерге қандай да  бір базаға үйлесімді қайта бөлу.

       Өзгермелі тікелей  шығын әдісінде толық немесе  өзіндік құнның есеп айырысуы жүргізіледі. Ағымдағы шығынның бір бөлігі ескерілмейді және калькуляцияланбайды, залалсыздық нүктесіне қол жеткізуге дейін өзіне тұрақты шығынды қосатын, қол жеткізгеннен кейін – салық салуға дйінгі пайданы өзіне қосатын маржиналық табыс есебінен жабылады.

    «Директ-костинг» жүйесі  бойынша шығын есебінің әдісі.

Жүйенің мәні: тікелей шығындар дайын өнім түрлері бойынша қорытындылайды, ал жанама шығындар жеке шоттар жинайды және ол қай есептік кезеңде пайда болды, сол есептік кезеңдегі жалпы қаржылық нәтижеге есептен шығарады.

«Директ костинг» жүйесі бойынша өзіндік құнды калькуляциялау кез-келген өндіріс көлеміндегі тұрақты шығындардың өзгермейтін шамасын қарастырады, сондықтан басқарушылық есептің негізгі назары тұрақты шығындарға бөлінеді.

«Директ-костинг»  жүйесін айрықшалап көрсететін бірнеше ерекшеліктері бар:

өндірістік шығындар өзгермеліге және тұрақтыға бөлінеді.

шектеулі шығындар бойынша өнімнің өзіндік құнын калькуляциялайды.

есеп беруді жасау көп сатылы болады.

Есеп процесі екі кезеңде болады.

Өзіндік құнның бірінші есеп айырысуы:

Сатудан түскен табыс -   Х Х Х

Өзгермелі шығын – Х Х Х

Маржиналданған табыс – Х Х Х

Нәтижедегі екінші есеп айырысу:

Тұрақты шығын – Х

Өндірістің рентабельдігі, яғни пайдалылығы – Х.

«Директ-костинг» жүйесінің артықшылығы – баға белгілеудің тиімді саясатын жүргізуге, сондай-ақ шығын мен нәтижелерді есептеу, жоспарлау, нормалау, бақылау процесін оңайлатуға болады.

    Бұл жүйе өндірісті  өткізуге бағдарланған. өткізу мөлшері  неғұрлым мол болса, субъект соғұрлым табыс табады. Дайын өнімдер мен аяқталған өндірістер тек өзгермелі шығындар бойынша бағаланады. Мұндай жүйе кәсіпорынды соңғы мақсатқа – таза табыс алуға қол жеткізу үшін сату мүмкіндіктерін ұлғайту жолдарын қарастыруға итермелейді.

    Нормативті әдіс. Өнім өндіруге кететін материалды айдың басында цех шығын етпеген қалған материалды қоса ескеретін өндіріс көлемі мен әрекеттегі озық мөлшер негізінде белгіленген лимит шегінде қатаң тәртіппен беріледі.

  Ауытқу есебі ( +; - ) жабдықтың, шикізаттың, материалдың технологиялық ерекшеліктеріне, оларды нормалауға және өндірістің технологиялық процесіне қарай ұйымдастырылады.

Нормадан ауытқуға мыналар себепші болады: материалдың ауыстырылуы, оларды пайдалану сапасы, толыққанды немесе толық құнды материалды қалдықтармен бірге пайдалану және т.б.

Материалдар шығыны бойынша нормадан ауытқу мына әдістермен анықталады:

Құжаттау әдісі – материалды ауыстыру салаларынан болатын ауытқуларды анықтауда қолданылады. Даналық материалдың нормадан тыс шығыны арнайы құжаттармен рәсімделеді;

Топтамалық пішу - өндіріске босатылған аса қымбат материалдардың әрбір партиясы нормадан ауытқуды анықтауда қолданады. Ауытқуды нормативті шығын мен партия бойынша өнім шығарылымын және материалдың нақты шығынын белгіленген норма бойынша шығындарды салыстыру арқылы анықтайды.

Түгендеу әдісі – осы әдіспен ауысым, бес күндік, он күндік, бір айлық үшін ауытқуды материалдың нақты шығынын белгілеген норма бойынша шығындарды салыстыру арқылы анықтайды.

     Бухгалтерия кезең  сайын ауытқулар туралы, оның себептері мен оған кінәлілерге сілтеме жасай отырып, рапорт дайындап отыруы керек. Ауытқуларды анықтау тауарлық өнімнің өзіндік құнына және аяқталмаған өндіріс қалдығына қатысты, өндіріске кететін шығын тізімдемесінде көрсетілген индекстердің көмегімен оларға бөледі. Индекстер проценттік қатынаспен норманың өзгеру сомасын және калькуляция баптарының қоймасындағы норма бойынша сомаға нормадан ауытқуды анықтайды. өнімнің бір бірлігінің нақты құны шығын баптары бойынша нормативтегі нормативті калькуляциядан жазылатын өнім бірлігінің өзіндік құнының есеп айырысу тізімдемесінде есептеледі, ал норманың өзгеру сомасы мен нормадан ауытқу өндіріс есебінің тізімдемесінде көрсетілген индекстердің негізінде анықталады.

    Өнімнің нақты өзіндік  құны нормативті өзіндік құнға үстемелеу жолымен немесе одан есептік кезеңде анықталған нормадан ауытқулар мен норманың өзгеруін шегерумен есептеледі.

«Стандарт – кост»  жүйесі бойынша шығын есебінің әдісі.

«Стандарт» - өндіріске аса қажетті машина және еңбек шығынындағы өнім бірліктерінің саны немесе өнім бірлігінің өндірісіне бұрын есептелген машина және еңбек шығыны.

«Кост» - бұл өнімнің бір бірлігін әзірлеуге кететін өндірістік шығынның ақшалай көрінісі.

    Американдық әдебиеттерде  «стандарт – кост» ұғымы өндірістің тікелей бұйымдарын реттеуге бағытталған бақылау аспабы ретінде баяндалады.

«Стандарт - кост» жүйесінің артықшылығы  - өндіріс пен бұйымды өткізудің болжалды шығыны туралы ақпаратпен қамтамасыз етеді, өнім бірлігінің өзіндік құнын бұрын есептеу негізінде бағаны белгілейді, нормативтен ауытқуларды және оның әрбір басқару деңгейіндегі пайда болу себептерін бөліп көрсету арқылы кіріс пен шығыс туралы есеп беруді жасайды.

Ауытқу – нақты және нормативті шығындардың арасындағы айырмашылық. Болжалды шығындар форманың ішінде есептелген стандарттар негізінде анықталады.

  Жоспарлау және есеп объектісіне өндірістің заттай негізін құрайтын өнім жатады.

Барлық стандарттар жиынтығы үш топқа бөлінеді:

    Баға деңгейінің есебіне қабылданғанға байланысты:

1. идеалды - әлдеқайда қолайлы баға мен материал, қызмет көрсетудің тарифі, еңбекақы мөлшерлемелері және үстеме шығындардың  сметалық мөлшерлемесі;

2.  қалыпты – экономикалық  кезең ішінде орташа бойынша  болады.

3. ағымдық – нақты есептік  кезеңдегі болжалды әрі қолданыстағы баға негізінде есеп айырысу.

4.  базистік – жылдың басында  белгіленеді және жыл бойы  өзгеріссіз қалады.

Қуаттылықты пайдалану деңгейіне қарай:

1.  теориялық – кәсіпорын  оның жақсы немесе идеалды  орындауымен қол жеткізгені. Олар  қуаттылықты толық пайдалануға, нормативті көлемге, демалыс уақытына негізделген кәсіпорынның мақсаттары болып табылады.

2.  өткендегі орташа орындау  – статистикалық деректермен  есептеледі және ақау, жұмыссыз  бос тұру, бүліну  яғни өткен  кезеңдегі барлық кемшіліктер  есепке алынады.

3.  қалыпты орындау – алдағы  кезеңдегі норма кернеуінің болжалдық  орташа деңгейінде қарастырылады.

Өнімді шығару көлеміне байланысты:

1.  теориялық – кәсіпорынның  теориялық қуаттылығы алдын ала  анықталып қойылған. Оларға қол  жеткізу мүмкін емес немесе бір жолға тәртіппен қол жеткізуге болады.

2.  практикалық – кәсіпорын  жақсы орындаумен қол жеткізеді, нақты қол жеткен шығарылым  деңгейіне негізделеді және болмай  қоймайтын шығындарды жібереді.

Информация о работе Негізгі өндіріс шығындарының есебі