Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2014 в 08:15, курсовая работа
Өндіріс шығыны өзіне шикізат, материал, жанармай, электроэнергия, тұрақты капиталдың өткізілген бөлігі мен жұмыс күшін сатып алуға кететін шығындарды енгізеді. Тауарды дайындауға кәсіпорынның жұмсаған шығындары тұрақты және өзгермелі капитал сомасына (с+v) тең. Айналым шығындар категориясы тауарды өткізу және сатып алумен байланысты. Айналым шығындары өндіріс процесінің айналым саласында жалғасатынын көрсетеді, сөйтіп тауардың өлшем-орауын, сорттауын, тасымалдануын және сақталуын енгізеді.
Кіріспе...................................................................................................................3-4
1. Шығындар туралы жалпы түсінік................................................................5
1.1 Шығындар түсінігі.............................................................................................5
1.2. Шығындардың жіктелуі...................................................................................8
2. Негізгі өндіріс шығындарының есебі..........................................................10
2.1. Материалдық шығындар есебі......................................................................10
2.2. Еңбек шығындар есебі...................................................................................14
2.3. Үстеме өндірістік шығындар есебі...............................................................19
2.4. Өндірістік шығын есебіндегі өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау......26
Қорытынды.....................................................................................................31-32
Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................33
3. қалыпты - кезең ішінде өндірістің жоғары және төменгі көлемінің орташа шамасында өнім шығарылымының қол жеткізген деңгейіне есептеледі.
4. болжалды - өнім шығарылымының
болжалды көлеміндегі
Бұл сипаттамалар мынаны көрсетеді: америкалық фирмаларда шығын баптары бойынша стандарттарды белгілеудің әр түрлі тәсілдемелері бар. Алайда қабылданған стандарттың жаңа тәсілдемесінде өндіріс процесі басталғанға дейінгі стандартты өзіндік құн картасында бухгалтерияда қорытындылады. Картаны бұйым, тапсырыс бойынша, бұл бұйым,
Қорытынды
Қорыта келгенде, кәсіпорынның ұйымдастырушылық қызметі бүкіл кәсіпорынның мақсаттары мен міндеттеріне сай жұмыс істеуді қамтамасыз ететін қажетті процес болып табылады. Өндірістік есептің дұрыс ұйымдастырылуы кез-келген кәсіпорын үшін маңызды. Әр бір кәсіпорын үшін өндіріс шығындарын дұрыс есептеу кәсіпорынның әрі қарай өркендеуіне ықпал етеді. Өнімдердің өзіндік құнын нақты есептеу үшін, өндіріске жұмсалған шығындары толық дер кезінде және шынайы есепке алыну керек. Ал кәсіпорынның өндірістік іс-әрекетінің мақсаты - өнім шығару, оны өткізу мен пайда алу.
Өндіріс шығындарын басқару кәсіпорынның негізгі міндеттерін орындауға бейімделген басқарудың белгілі бір үлгісіне сәйкес өткен шақтағы, қазіргі және өндірістік қызметтің шығындары мен қорытындыларын байқау мен талдаудан тұрады. Өндіріс шығындары есебінің басты міндеті - өндірістік қызметті бақылау мен оны атқару үшін шығындарды басқару. Басқару есебін ұйымдастыру, сонымен қатар есеп объектісіне байланысты, дәлірек айтқанда, түрлері, пайда болу орындары және жауапкершілік орталықтарына қарай айқын топтасуын көздейді.
Өнімнің нақтылы түріне немесе нақтылы тапсырысқа сатысыз бірден жатқызуға болатын шығындар тікелей деп аталады. Нақтылы өнім қатарына жатқызу мүмкін емес немесе үнемді емес шығындар жанама деп аталады. Өнім таңдалған базаға сайма – сай ұйымдар бойынша бөлінеді. Бұл шығындар қосалқы материалдарға , қызмет көрсететін жеке құрамның еңбегін өтеуге, негізгі құрал жабдықтарды ұстау мен жөндеуге арналған.
Басқару есебі шегінде шығындарды жауапкершілік орталықтары бойынша басқару мен есептеу жүйесін орталықтандыру – жасалады – ең басында шешім қабылдайтын және жауапкершілік көтеретін басшылар тұрады. Сондықтан шығын басқару есебінің негізгі объектілерінің бірі болып табылады. Шығындардың берілген пайда болу орнында барлық шығындар жинақталатын нұсқасы кезінде, шығындарға бақылау жүйесінде бюджетті-сметалық әдісті пайдалану шындыққа жақынырақ болады. Цехтар, бөлімшелер, бөлімдер және т.б осындай жауапкешілік орталықтары бола алады.
Қазіргі таңда экономистердің, жүйелік техниктердің, талдаушылардың және ғылыми қызметкерлердің басым көпшілігі бірінен – бірі тәуелсіз түрден шаруашылық қызметінің аса актуалды мәселесі ретінде сындарлы проблемаларды анықтау мен оларды тиімді шешу жолдарын табуға ортақ байлам жасауда. Тіптен «№1 бизнес – бұл өндірісті басқару, №2 бизнес өндірістің өзі», - деген сөздерді қазіргі кезде мамандармен басшылардан жиі естиміз. Барлық деңгейде басқаруды жетілдіру өндіріс салаларында шаруашылық қызметінің арттырудың зор және ол әлі аз талап етіліп отырылған резерві болып табылады, ал басқару сапасы болса, қабылданатын жоспары мен, ұйымдастырушылығымен және жедел шешімдері мен анықталады. Дәлірек айтқанда қабылданатын шешім басшының еңбегінің «өнімі» болып табылады.
Сонымен, менің курстық жұмысымның бірінші бөлімінде өндірістік шығындарға жалпы сипаттама туралы талқылап өттім. Оның бірінші бөлімшесінде өндіріс шығындарының мәні және маңызы,екінші бөлімшесінде шығындардың жіктелуіне сипаттама бердім.
Екінші бөлімінде өндіріс шығындарының есебі туралы қарастырдым. Оның бірінші бөлімшесінде өндірістік шығындардың негізгі элементтерінің есебі, яғни материалды шығындар, екінші бөлімшеде еңбекақы шығындары, үшінші бөлімшеде үстеме шығындар, төртінші бөлімшесінде өндірістік шығын есебіндегі өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау туралы талқылап өттім.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Адайбеков. «Басқару есебі». Оқу құралы. Алматы, 2005ж 2. В. Л. Назарова, М. С. Жапбарханова, Д. А. Фурсов, С. Д. Фурсова. «Басқару есебі». Оқу құралы. Алматы, 2005ж
3. Тайгашинова К. Т., Жапбарханова М. С. «Тереңдетілген басқарушылық есебі». Оқу құралы. Алматы, 2008ж
4. Төлегенов Э.Т. «Басқару есебі». Оқу құралы. Алматы, 2006ж
5. В. Л Назарова. «Бухгалтерлік есеп». Оқу құралы. Алматы, 2005ж
6. Мадиева Қ.С., «Басқару есебі». Алматы, 2009ж
7. Бухгалтерлік есеп шоттарының типтік жоспары, №185 2000ж 23 мамырындағы бектітілген Қ.Р: қаржы Министірінің бұйрығымен бекітілген
8. Қ.Р «Бухгалиерлік есеп және қаржылық есеп туралы» заңы №234-III, 28.02.2007ж
9. Разливаева Л.В «Басқарушылық есеп». Оқу құралы. Қарағанды 2005ж
10. Сейдахметов.
«Қазіргі замандағы