Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2014 в 08:15, курсовая работа
Өндіріс шығыны өзіне шикізат, материал, жанармай, электроэнергия, тұрақты капиталдың өткізілген бөлігі мен жұмыс күшін сатып алуға кететін шығындарды енгізеді. Тауарды дайындауға кәсіпорынның жұмсаған шығындары тұрақты және өзгермелі капитал сомасына (с+v) тең. Айналым шығындар категориясы тауарды өткізу және сатып алумен байланысты. Айналым шығындары өндіріс процесінің айналым саласында жалғасатынын көрсетеді, сөйтіп тауардың өлшем-орауын, сорттауын, тасымалдануын және сақталуын енгізеді.
Кіріспе...................................................................................................................3-4
1. Шығындар туралы жалпы түсінік................................................................5
1.1 Шығындар түсінігі.............................................................................................5
1.2. Шығындардың жіктелуі...................................................................................8
2. Негізгі өндіріс шығындарының есебі..........................................................10
2.1. Материалдық шығындар есебі......................................................................10
2.2. Еңбек шығындар есебі...................................................................................14
2.3. Үстеме өндірістік шығындар есебі...............................................................19
2.4. Өндірістік шығын есебіндегі өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау......26
Қорытынды.....................................................................................................31-32
Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................33
- кешенді – бірнеше элементтен тұратын (құрамына еңбек ақы, материалдар, амортизация т.б. бір элементті шығыстар кіретін);
4) Өндіріс көлеміне байланысты:
- өзгермелі — мөлшері өндіріс көлемінің өзгеруіне тура пропорционалды өзгеретін шығындар (еңбек ақы, отын энергия);
- тұрақты — өнім өндірісі көлемінің өзгеруіне байланысты емес шығындар (жылыту, өндірістік бөлмеге жарық беру, жалға алу, жарнама шығындары);
5) Пайда болу мерзімділігі
- ағымдағы — жиі мерзімде болып тұратын шығындар (шикізат, материал);
- бір жолғы – еңбек демалысы, жөндеу жүргізу шығындары;
6) Басқару міндеттері бойыша:
- өндірістік – тауарлық өнімді дайындауға байланысты және өндірістің өзіндік құнын құрайтын шығындар;
- әкімшілік – жалпы басшылыққа, жалпы шаруашылық және әкімшілік мақсаттағы шығыстарға байланысты;
- коммерциялық — өткізу бойынша шығындар.
7) Тиімділігі бойынша:
- өнімді - жоспарланатын;
- өндіргіш емес – жоспарланбайтын;
8) Бақыланатын мүмкіндігі
- реттелетін – егер атқарушы (еңбеккер) шығындар деңгейіне елеулі әсер ете алса;
- реттелмейтін – деңгейіне еңбеккер елеулі ықпал ете алмайтын шығындар;
9) Орташалау дәрежесі бойынша:
- жалпы — өндірілетін өнімнің барлық көлеміне шаққандағы;
- орта — өнімнің бір бірлігіне шаққандағы.
Басқару есебінде шығындарды жіктеу сан түрлі және қандай басқару міндетін шешу қажеттігіне байланысты. Басқару есебінің негізгі міндеттеріне мыналар жатады:
- өндірілген өнімнің өзіндік құнын есептеу, қорлар мен алынған пайданың құнын бағалау;
- басқару шешімін қабылдау мен жоспарлау;
- жауапкершілік орталығының өндірістік қызметін бақылау мен реттеу.
2. Негізгі өндіріс шығындарының
есебі. 2.1. Материалдық
Өндірістегі өнім шығындарының басты үш негізгі элементтері бар: негізгі (тікелей) матералдар; тікелей еңбек ақы шығындары (бұдан былай тексте өндірістік жұмысшыларының негізгі еңбек ақылары ретінде көрсетіледі); жанама шығындар (бұдан кейін жалпы өндірістік шығындар, кейде оны үстеме шығындар деп те атайды). Өндіріс шығындарын есептеу үшін 8110 «Негізгі өндіріс» бөлімшесінің шоттары қолданылады, олар түрлі мақсаттарға арналған.
Өндіріске жұмсалған барлық шығындарды қорытындылау үшін 8110 «Негізгі өндіріс» шоты арналған. Осы шоттың 1310-«материалдар», 3350- «жұмысшылардың еңбек ақысы», 8410- «үстеме шығыстары» жинақталады, содан соң жыл соңында 8110 «Негізгі өндіріс» шотына қорытындыланады.
Енді осы аталған элементтердің әр қайсысын қарастырайық. Алдымен материалдар есебіне көңіл бөлеміз, сосын жұмыс күшіне. Демек, бізге осы кезенде біршама процедуралармен және оған сәйкес құжаттармен толықтанысып алуымыз керек, содан соң, материал есебі мен бақылау процедурасын зерттейміз.
Шикізат және материалдар- өнімді әзірлеу негізінде пайда болатын немесе осы әзірлеу кезінде қажетті компоненттер болып табылатын шикізат пен негізгі материалдарға жұмсалған шығындар. Осы жерде табиғи шикізаттардың құны арнайы мамандандырылған ұйымдардың жүргізетін жер құнарлығын арттырудың шаралары көрсетіледі.
Қазіргі кездегі өндірістік ортада шаруашьшық етуші субъектілер көп бөлшектер мен өлшеуіштерді қажет ететін, кең ассортиментті өнімдер өндіреді. Сондықтан, мұндай шаруашылық субъектілері де материалдарды басқару және жоспарлау мәселелері кешенді мәселелер болып табылады.
Ол үшін алдымен шаруашылық субъектілері де материалдарды босату және алу, тапсырыстардың типтік процедурасын қарастырамыз. Материалдарды басқару және жоспарлаудың бірінші сатысы - қорлардың оптимальды деңгейін анықгау.
Қорларды басқарудың басты мақсаты: шикізаттан дайын өнімге дейін — қорлардың барлық түрлеріне капиталды жұмсаудың оптимальды деңгейін анықтау және шаруашылыққа қажет деңгейдегі мөлшерін ұстау болып табылады. Қорлардың оптимальды деңгейін белгілеу кезінде тұтынушылар сұраныс пен өндіріс мұқтаждарын жеткілікті дәрежеде қанағаттандыру үшін, аталған деңгейді тұрақты түрде қадағалап отыру керек.
Осымен қатар, онда шамадан тыс қорларды болдырмауын, әр заматта қорларға жұмсалған қаражаттардын тиімділігін және олардың басқа да тиімді пайдалану жолдарын іздестірген жөн.
Қорлардың оптимальды деңгейін белгілеу, сол қорларды бақылау үшін керек, бірақ біздің басты мақсатымыз - шикізат пен материаддар есебінің процедурасын карастыру: сондықтан бұл арада біз қорлардың оптимальды деңгейін қалай белгілеуге болатындығы жөніндегі мәселені қозғамаймыз.
Бәрімізге белгілі, материалдардың қорлану деңгейі олардың кірісімен тәуелді болады. Сақгауда жатқан материалдардың әрқайсысы бойынша оптимальды қорды қамтамасыз етуге қойма меңгерушісі жауапты. Ол қойма есебі (форма М-15) карточкасында қолдағы бар материалдар санының оперативтік немесе жедел есебін жүргізеді. Егер оның есебі компьютерде жасалатын болса, онда есеп карточкасының орнына тапсырыс орындары мен материалдардың қалдықтары жазылған дисплейі жеткілікті болады. Өндіріс сұранысы мен қойма ұсынысы арасындағы сәйкессіздік жабдықтау бөліміне белгілі бір мөлшерде кайтадан тапсырыс беру арқылы жойылады. Егер компьютерленген жүйе әрекет етсе, онда компьютер, қор деңгейін тапсырыс орнына (нүктесіне) жеткенде, тапсырысты автоматты түрде басады.
Жүйенің маңызы босалқылар қос бункерлік сақтаумен қорытындыланады. Бұл кезде қоймашы материалдың әрбір атауы екі негізін карточкамен көрсетілетін негізгі картотеканы енгізуі тиіс. Бұдан басқа, пайдаланылмаған запастар пакетіне салынған қайталама тапсырыс карточкасы болады. Пакетте сенімді сақталған материалдар тобы көрсетіледі. Пакеттер негізгі запас таусылғанша тиісуге болмайды. Ал негізгі материал босалқасы таусылып, пакет ашылған кезде, қайтадан тапсырыс берілуі тиіс.
Қосбункерлік сақтау жүйесін енгізгенге дейін материалдарды жылдам сатып алу тапсырмасының санын және жылдам сатып алумен байланысты шығындары ескеріледі.
Ұсынылған жүйе материалдар тапшылығын 0,5-0,75 пайызға айына төмендете алады. Жұмсалатын материалдардың жетіспеу себептері болып саналатыны:
қысқа уақыт аралығында күтпеген сұраныс;
өндірісте дайын тетіктердің ұзақ ұсталынуы;
бекітілген мерзімде жеткізу туралы келісімді орындаудың жеткізілуі үшін қиындығы;
тексеру кезінде анықталмаған ақау.
Материалдарды сатып алу. Жабдықтау бөлімі тапсырыс көшірмесін алған кезде, сатып алу сұрақтарымен айналысатын қызметкер бөлімдегі сарапшылардың (агенттер) ақпаратына сүйене отырып, материалдарды жеткізушіге өтініш жазылады. Тапсырыстың көшірмесі осы құжаттың мәлеметтерін, тауарлар келген кезде тексеру үшін қоймаға жіберіледі.
Материалдарды қабылдау. Қоймаға материалдарды қабылдау кезінде оларды жеткізуші толтырылған жүк накладнойының және жеткізуге тапсырыс көшірмесінің мәліметтерімен салыстырып қарайды.
Қойма алынған тауарларды кіріс ордеріне немесе басқадай кіріс құжаттарға енгізеді және қойма карточкасының (қабылданды) бағанасына қажетті жазуларды жасайды. Тауардың алынғаны туралы құжаттар жабдықтар бөлімі және бухгалтерияға беріледі. Жабдықтау бөлімінде тапсырыстың орындалғаны белгіленеді, ал бухгалтерияда тек нақты алынған тауарлар үшін ғана төлем жасау үшін бұл құжат жеткізушінің шотымен салыстырылады. Жеткізушіден шот әдетте тауарлар алынғаннан кейін бірнеше күннен кейін тапсырылады, бухгалтерия материалдың әрбір түрін бағалау үшін осы шоттың мәліметтерін пайдаланады. Сосын алынған тауарлар туралы жазулар материал босалқыларының мәліметтері көрсетілетін жиынтық ведомстің сәйкесінше бағанасына енгізіледі. Мұндай ведомстің мысалы 5.2. кестеде көрсетілген.
Материал |
Код |
Ең жоғарғы мөлшері Ең аз мөлшері | |||||||||
Алынғаны |
Босатылғаны |
Қалғаны | |||||||||
Мерзім |
ИТП № |
Мөлшері |
бағасы |
сомасы |
талаптары |
Мөлшері |
бағасы |
сомасы |
Мөлшері |
бағасы |
сомасы |
Кесте- 5.2 : Босалқылар есебінің кітабы.
Бұл құжатта нақты бар материалдардың әрбір жекелеген түрлерінің мөлшері мен құны белгіленеді. Кәсіпорындарда мұндай есепті жүргізу үшін есептеу техникасы пайдалануы тиіс.
Материалдарды босату. Жоспарлы-өндірістік бөлім өндірістік жоспармен жоспарланған босалқы деңгейіне сәйкес өндірістік процестің жүзеге асуына жауап береді. өндіруге кірісу үшін құжатты негіздеме болып жоспарлы-өндірістік бөлімнің белгілі бір өндірістік бөлімшеге (цехқа) берілген өндірістік тапсырыс болып саналады.
Жоспарлы-өндірістік бөлім сондай-ақ тапсырысты орындау үшін қажетті материалдардың мөлшерін анықтап, өндірістік тапсырысқа қоса тіркелетін қажетті материалдарды қоймадан босатуға талаптаманы (ҚБТ) аударады.
Талап ететін материалдар (үстеме шығындардың тапсырысы немесе ведомосы) цех |
№ мерзімі | |||||
Мөлшері |
түрі |
Код № |
салмағы |
бағасы |
сомасы |
Ескерту |
Шебер |
Кесте- 5.3 : Қоймадан босатуға талаптама
Цех бастығы осы тапсырысты алғаннан кейін құжаттарды сәйкесінше материалдармен алмастыру үшін қойма меңгерушісіне береді. Осыдан кейін қойма меңгерушісі қойма карточкасының «босатылды» бағанасына құжаттарда жазылған мәліметтерді түсіреді. Сосын ол талаптаманы бухгалтерияға немесе есептеу орталығына жібереді.
Көптеген кәсіпорындар бұл талаптаманың орнына тәжірибеде материалдарды босатудың шекті ведомосын немесе шекті картасын пайдаланады.
Бухгалтерия ҚБТ құжатын алғанда онда көрсетілген материалдардың әрбір түрі бойынша бағасы мен сомасын қояды. Бұл мәліметтер әрбір босатылған материалдар үшін «алынды» бағанасынан, ал бағасы-сәйкесінше сол материалдардың айналым ведомосынан алынады.ҚБТ құжаттарындағы ақпарат айналым ведомосын «мөлшері» және «сомасы» бағаналарына көшіріп, әрбір материалдардың нақты түрінің мөлшерінің балансы мен жиынтығы есептелінеді. Осы операциялар компьютердің көмегімен орындалатын кәсіпорындарда кейбір тіркелімдердің қажеті жоқ. Мысалы, компьютерге алынған және босатылған материалдардың мәліметтері енгізілуі мџмкін, бұл кезде қойма карточкасы мен материалдар босалқысы есебінің кітабын пайдаланудың қажеттігі жоқ.
Материалдар есебінің жүргізілу тәртібі. әрбір босатылған материалдың құны бағалау әдісін таңдауға тәуелді түрде тапсырыс нөмірі бойынша шығындарға немесе сәйкесінше үстеме шығындарға енгізілуі тиіс, бұл қажетті ақпарат алғашқы құжаттан алынады.
Материалдар есебінің жүргізілу тәртібі төмендегі суретте сызбамен көрсетілген (сурет 5.6.).
Қойма есебінің карточкасы
Айналым ведомосы
Сурет- 5.6 : Материалдар есебін жүргізу тәртібі
2.2. Еңбек шығындар есебі
Жұмыс күшіне арналған шығындардың есебі мынадай мақсаттан тұрады - кызметтің түрлері бойынша жұмыс уақытына кететін шығындарын анықтау; шығарылған өнім деңгейі немесе ауысымы (сменасы) бойынша тапсырмалардың орындалу деңгейі; еңбек ақынының есептелуінің айқындығы, жұмыс істеп жүрген қызметкерлердің еңбек ақысы бойынша есеп айырысу, яғни 3350 «Жұмысшылардың еңбек ақысы» шотында көрініс табады; жалақы қорының пайдалануын бақылау және т. б.
Еңбек ақы шығындары бірыңғай болып келмейді, сондықтан басқарудың талаптарын қанағаттандыру үшін оларды жіктейді. Кез келген жіктеменің негізінде біртектес құбылыстарды сипаттайтын қағидалар жату керек. ШС тәжірибесінде жұмыс күшінің шығындарын есептеу үшін келесі топтамасы қолданады:
жалақының түрлері бойынша — негізгі және қосымша;
элементтері бойынша — кесімді істелген жүмысына карап төленетін,
сыйақылар, сыртқы себептердің
салдарынан болған еріксіз тоқтауларға
төлеу, т. б.;
кызметкерлердің құрамы бойынша — тізімді-штаттық, келісім-
шарт бойынша жүмыс істейтінтіндер және
т.б.;
• қызметкерлердің категориялары
бойынша — жүмысшылар,
қызметкерлер, оның ішіндегі басшылар,
бас мамандар, яғни ИТЖ «Еңбек ақы» бабына
өндіріс нәтижелері үшін жұмысшылар мен
қызметшілердің сыйлықақыларын қоса алғанда,
кәсіпорынның негізгі өндірістік қызметкерлердің
жалақысын төлеуге жұмсалған шығындар,
ынталандырушы және өтемділік (компенсациялық)
төлемдері, сондай-ақ кәсіпорынның штатында
тұратын, негізгі қызметке жататын қызметкерлердің
жалақысына жұмсалатын шығындардың құрамына
мыналар енгізіледі: