Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2014 в 08:15, курсовая работа
Өндіріс шығыны өзіне шикізат, материал, жанармай, электроэнергия, тұрақты капиталдың өткізілген бөлігі мен жұмыс күшін сатып алуға кететін шығындарды енгізеді. Тауарды дайындауға кәсіпорынның жұмсаған шығындары тұрақты және өзгермелі капитал сомасына (с+v) тең. Айналым шығындар категориясы тауарды өткізу және сатып алумен байланысты. Айналым шығындары өндіріс процесінің айналым саласында жалғасатынын көрсетеді, сөйтіп тауардың өлшем-орауын, сорттауын, тасымалдануын және сақталуын енгізеді.
Кіріспе...................................................................................................................3-4
1. Шығындар туралы жалпы түсінік................................................................5
1.1 Шығындар түсінігі.............................................................................................5
1.2. Шығындардың жіктелуі...................................................................................8
2. Негізгі өндіріс шығындарының есебі..........................................................10
2.1. Материалдық шығындар есебі......................................................................10
2.2. Еңбек шығындар есебі...................................................................................14
2.3. Үстеме өндірістік шығындар есебі...............................................................19
2.4. Өндірістік шығын есебіндегі өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау......26
Қорытынды.....................................................................................................31-32
Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................33
Өндірістік үстеме шығындар – бұл өндірісті ұйымдасатыруға, қызмет көрсетуге және басқаруға байланысты шығындар. Олар өндірістік бөлімшелерде-учаскелерде, цехтарда, өндірістерде, қайта бөлісуде пайда болады. Осы шығындардың мақсаты, сипаты мен атқарымдық рөлі тікелей өндіріспен байланысты. өндірістік үстеме шығындар құрамына енетіні-жабдықтарды күтіп ұстау, пайдалану шығындары, өндірістік мақсаттағы құрылысты, ғимараттарды басқару және күтіп ұстаудың цехтық шығындары т.б. өндіріске қатыстылығы бойынша жабдықтарды күтіп ұстау мен пайдалану шығындары негізгісі болып саналады, өйткені машиналар мен жабдықтарсыз өндіріс процесі мүмкін емес. Алайда олар өнімнің, өндірістік процестің, тапсырыстың тікелей шығынына жатқызылмайды. Мәселен, жабдықтарды алдын ала қарау, жабдықтарды күнделікті жөндеу. Алайда, егер объект есебі тапсырыс болып саналса, осы шығындардың кейбір баптары тікелей шығынға жатқызылуы мүмкін, оны орындауға аталған өндірістік бөлімшедегі немесе учаскедегі жабдықтар түгелдей қатысты болады.
Жабдықтарды күтіп ұстау және пайдалану шығындарына майлау, сүртетін және жабдықтардың күнделікті күтімі мен жөндеуі үшін материалдардың басқа да түрлері; жабдықтар мен көлік құралдарының амортизациясы (зауыт ішіндегі көліктер); жұмысшылардың жалақысы, сонымен қоса әлеуметтік қажеттілікке аударымдар; энергияның, будың, сығылған ауаның, судың барлық шығындары; дайын өнімдер; құндылығы шамалы және тез тозатын құралдар мен бұйымдар, жабдықтармен жұмыс істеуге байланысты өзге де шығындар жатады.
Өндірісті басқару шығындары жалақыны және өндірістік-диспетчерлік аппарат пен цехтардың әкімшілік-басқару аппаратын, өндірістік бөлімшелердің әлеуметтік қажеттілігіне аударымдарды; өндірісті дайындау және ұйымдастыру шығындарын; өндіріс қажеті үшін пайдаланатын үйлерді, ғимараттарды, мүліктерді күтіп ұстау мен жөндеу, амортизация; қалыпты жұмыс жағдайын қамтамасыз ету, кадрларды кәсіби бейімдеу және даярлау шығындары; құны арзан және тез тозатын мүліктердің тозуы, өндірістік бөлімшелерді басқарудың басқа да шығындары.
Жалпы өндірістік үстеме шығындар болып саналатыны-екі топ та жиынтық баптардан тұрады, көбінесе өндрістік бөлімшелерде туындайды, пайда болған орны бойынша жоспарлайды және ескереді, бюджеттік-сметалық әдіспен бақыланады, өнім түрлері арасын және дайын өнімдер мен аяқталмаған өндіріс арасын жанама жолмен бөледі.
Сонымен қоса, қарастырылып отырған әрбір топ әртүрлі экономикалықмазмұндағы шығындардан тұрады. Айырмашылығы шығынның бөлінуі және өтеу көздері базасында таңдап және негіздеп анықталады. Осы тұрғыдан өндірістік үстеме шығындарды жіктеу мәні арта түседі.
Өндірістік емес үстеме шығындар басқару функциясынан туындайды, оның өзі сипаты, қолданылуы және рөлі бойынша өндірістік функция мен өндірісті ұйымдастыру функциясынан өзгешеленеді. Бұл шығындар кәсіпорын ауқымында туындайды.
Қолданыстағы жалпы шаруашылық шығындар номенклатурасы өндірісті дайындау функциясын, ұйымдық функцияны және тікелей басқару функциясын жџзеге асыру шығындарымен топтастырылады. Экономикалық шығын мазмұны бойынша әртүрлі осындай біріктіру шығындарды нормалауды, жоспарлауды, бақылауды және талдауды күрделендіреді. Бақылау жүйесін құру және пайданы есептеу, өндірістік емес шығындарға әсер ететін факторларды айқындау мақсаты үшін, оларды атқарымдық мақсаты, ал олардың ішінде – шығын элменеттері бойынша топтастырған тиімді.
Шығындарды жіктеудің таңдалған бағыты олардың пайда болу орны бойынша шығындарды оқшаулауға, кәсіпорын қызметі бойынша шығын мазмұнын айқындауға ықпал етеді және оларды өнім түрлері бойынша, сондай-ақ өндірістік шығындар мен жұмыс күшін ұстау т.б. бойынша бөлу және қайта бөлу мүмкіндігін қарастырады. Мәселен, техникалық басқару шығындарына техникалық қызметтегі жұмыскерлерді ұстау, оларды жалақысы мен әлеуметтік қажеттіліке аударымдары, техникалық қызметпен айналысатын үй-жайлар мен ғимараттарды күтіп ұстау және жөндеу шығындары; жалпы зауыттық лабораторияларды ұстау; мүліктердің тозуы және оны қалпына келтіру шығындары; өнертабысы, техникалық жетілдіру т.б. шығындар жатады. Осы шығындардың бір бөлігін өнім түрлеріне өнертабысына, бұйым конструкцияларын техникалық жетілдіруге тікелей жатқызуға болады; басқа да бөлігі жеке өндірістік бөлімшелерге қатысты және өндірістік үстеме шығындармен қоса бөлінеді.
Кәсіпорынның басқа барлық шығындары секілді, үстеме шығындар басқару мақсатына байланысты басқару есебінде қарастырылады.
Материалдық-өндірістік қорларды бағалау үшін ең алдымен өндірістік үстеме шығындарды бөлу тәртібі маңызды, яғни дайын өнімдер мен аяқталмаған өндіріс арасын және өнім түрлерін бөлу. өндірістік үстеме шығындарды бөлу тәртібі 5.10. суретте берілген.
Үстеме шығындарды
негізгі және қызмет
I көрсететін бөлімшелер бақылау
арасында бөлу
қызмет көрсететін
негізгі өндірістік
II бөлімшелерді үстеме
шығындарды қайта бөлу орындалуын бақылау
әрбір өндірістік бөлімшелер
III үшін џстеме шыѓындарды шеде нақты шығындар-
бөлу ставкасыныњ есебі дың сметадан ауытқуын
өнім, жұмыс және өнім бірлігінің өзіндік
қызмет түрлері бойын- құнына үстеме шығын
IV ша үстеме шығын- шамасының өндіріс
дарды бөлу көлеміне ықпалын
Cурет- 5.10: өндірістік үстеме шығындардың бөлінуінің және оларды бақылау тәртібінің схемасы
Халықаралық практикада өндірістік үстеме шығындарды басқару есебі бірнеше кезеңде өтеді.
Бірінші-негізгі өндірістік және қызмет көрсететін бөлімшелер арасында үстеме шығындарды бөлу. Оның мақсаты-өзіндік құнды қалыптастырудың себеп-салдарына тікелей байланысты әдісті таңдау.
Бөлу әрбір бөлімшеде алынған пайдаға байланысты болуы тиіс. Ол үшін жинақтаушы ведомость- әрбір жауапкершілік орталығы бойынша есеп жасалады. Жауапкершілік орталығы бірнеше бөлімнен және бөлімшеден тұрған жағдайда, оны шығын орталықтарына бөледі және сол бойынша есеп жасайды. Мәселен, №1 токарлық станок цехы тобы-шығын орталығы. Осы орталық бойынша токарлық жабдықтарды ұстау және қызмет көрсету бойынша смета шығындары жасалады. Шығындарды пайда болған тікелей бөлімшелер бойынша жинақтайды.
Алайда, шығын бөлігін нақты бөлімшеге жатқызу мүмкін емес, өйткені ол бірден бірнеше бөлімшенің мүддесі үшін жүзеге асырылады. Мәселен, бірнеше цехтар үшін материалдар мен жартылай фабрикаттарды зауыт ішінде тасымалдау шығындары. Мұндай жағдайда шығынның әрбір бабын әртүрлі базаға бөлуді қолдануға болады.
Осы кезеңдегі түпкілікті нәтиже: шығындарды баптары бойынша бөлу, нақты бөлімшеге жататын шығындарды бөлу, және де бөлімшелер аралығында жалпы шығынды бөлу.
Cурет- 5.11: Шығындарды бөлу базасы
Екінші кезеңде-қызмет үлесіне сәйкес өндірістегі қызмет көрсететін бөлімшелерге үстеме шығындарды қайта бөледі, оларды жеткізуші бөлімшелерге қызмет көрсететін тұтынушы бөлімшелер алады. Мәселен, жөндеу-механикалық цехта (ЖМХ) өндірістік бөлімшелерге техникалық қызмет көрсету жөніндегі уақыты тіркеледі. Жұмысты жүргізу уақытының аталған шығыны, өндірістік бөлімшелерге көрсететін ЖМХ қызметін бағалау үшін негіз болып саналады.
Қызмет көрсететін өндірістер бір-біріне өзара көмектескенде үстеме шығындарды бөлу күрделенеді. әдетте мұндай жағдайда бөлу механизмі өзгермейді де, өзара қызметті стандартты (нормативтік) өзіндік құн бойынша бағалайды.
Үшінші кезеңге әрбір бөлімше үшін әдісті таңдау тәртібі және үстеме шығындарды бөлу ставкасын есептеу енгізіледі. Негізгі мақсаты - әртүрлі бөлімшелер өндіретін өнім тапсырыстары мен түрлері шығындарын бөлу. Мұнда екі тәсіл ұсынылады:
1. Үстеме шығындарды бөлудің
бірыңғай жалпы зауыттың
2. Әрбір бөлімшеге ставканың бөлінуін есептеу. Жеке бөлімшелер бойынша үстеме шығындардың жалпы жиынтығы бөлу базасына бөлінеді. Тапсырыс және бұйым бойынша бөлу базасына жататыны:
а) жұмысты, процессті (станок-сағатты) орындау үшін машина уақытын нормалау;
б) қол жұмысын (норма-сағатты) орындаудың нормаланған уақыты;
в) бұйымдардың, материалдардың, жартылай фабрикаттардың т.б. массасы (салмағы).
Ставка былайша есептеледі:
өндірістік үстеме шығындар
Станоктардың жұмыс істеу уақыты немесе негізгі өндірістік жұмысшылардың жұмыс уақыты
Төртінші қорытынды кезеңде џстеме шығындарды бөлу, оларды тапсырыс бойынша бөлу болып саналады. әрбір тапсырыс, өнім түрлері бойынша, тапсырыс жөніндегі жұмысты орындауға жұмсалатын әрбір бөлімшенің жұмыс уақыты анықталады.
Жоғарыда сипатталған реттемені пайдаланған кезде үстеме шығындардың нақты шығысын негізге алады, мұның өзі әдіске оң сипат береді. Дегенмен, әдістің кемшіліктері де бар:
- үстеме шығындарды тұрақтыға
және ауыспалыға бөлу ескерілме
-басқару есебінің талаптары бұзылады-кезең ішіндегі нақты үстеме шығындар ақпараты есепті кезең аяқталған бойда әзірленеді, алайда ол аяқталмаған өндірісті және пайданы ұдайы бағалау үшін, тапсырыс пен өнім бағасын белгілеу үшін жедел түрде қажетті;
Ай сайынғы құбылмалы ставканы бөлуді есептеудің едәуір қиындығы;
-өнімді шығару уақытының сәйке
Нақты шығындарды бөлу әдісінің кемшіліктеріне сүйене отырып, нормативтік ставканы есептеу әдісіне және үстеме шығындарды өтеу әдісіне көшеміз. Нормативтік ставка үстеме шығындардың жылдық сомасы негізінде және өндіріс қызметі туралы деректер бойынша есептеледі. Бөлу тәртібінің схемасы 5.12. суретте көрсетілген.
Cурет- 5.12: өндірістік үстеме шығындарды өтеу тәртібі
Өтеу әдісін пайдаланғанда ескерітелетіні: үстеме шығындардың нормативтік шамасы нақтылыдан шамалы ауытқиды. Алынған ауытқулар кезең шығындары ретінде қарастыралады және түптеп келгенде нәтижеге жатады. Назар аударатын жайт, аяқталмаған өндіріске түзету енгізілмейді, толық емес немесе артық өтелу ағымдағы кезең шығындарына жатады және сол бойынша пайдадан өтеледі.