Негізгі құралдардың есебі мен аудиті

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Декабря 2012 в 20:29, дипломная работа

Краткое описание

Негізгі құралдар материалдық өндіріс салаларында, сонымен қатар өндірістік емес салаларда бір жылдан астам уақыт бойы қызмет ететін және де жұмыс істейтін материалдық - заттық құндылықтар. Оларға жататындар: ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар жабдықтар, көлік құралдарын, өндірістік және шаруашылық мүлкі, құрал - саймандар жатады. Шаруашылық қызметте пайдалануға арналған негізгі құралдарды сатуға немесе ақшаға айналдыруға болмайды. Ақшалай бағаланбаған негізгі қорлар, негізгі құралдар деп аталады. Олар бухгалтерлік есепте осы бағамен көрінеді және субъект балансында көрініс табады.

Оглавление

Кіріспе...............................................................................................................3
Бөлім 1. Өндірісті басқаруды ұйымдастыру және субъектінің
Қызметін экономикалық талдау..................................................................4
1.1. Өндірісті басқарудың құрылымы және технологиялық процестердің
қысқаша сипаттамасы........................................................................................4
1.2. Кәсіпорынның қаржы - экономикалық қызметін талдау........................11
1.3. Қазақстан Республикасында қазіргі заманғы бухгалтерлік
есеп пен аудиттің даму концепциясы..............................................................15
2. Негізгі құралдардың есебі.........................................................................24
2.1. Негізгі құралдарды жалпы ұғымы, оларды топтастыру
және бағалау......................................................................................................24
2.2 Негізгі құралдардың келіп түсуі мен есептен шығарылуы
және олардың есебі...........................................................................................26
2.3 Негізгі құралдардың амортизациясының және оларды жөндеудің есебі....................................................................................................................33
2.4 Негізгі құралдарды жалдаудың есебі....................................................................................................................37
2.5 Субьетінің негізгі құралдарды қайта бағалау және түгендеу..............................................................................................................39
2.6 Компьютерлендіру жағдайында негізгі құралдардың есебін ұйымдастыру......................................................................................................41
3. Негізгі құралдардың аудиті және талдауы...........................................44
3.1. Негізгі құралдардың тиімді пайдалануын талдау.................45
3.2. Өнімді (жұмысты, қызметті), өндіру көлемін арттыру, қор
қайтарымы мен қор шығындылығының резервтері........................................50
Қорытынды......................................................................................................52
Әдебиетттер тізімі............................................................................................54

Файлы: 1 файл

Негізгі құралдардың есебі мен аудиті.docx

— 196.17 Кб (Скачать)

Тақырыбы: «Негізгі құралдардың есебі  мен аудиті»

Мазмұны

Кіріспе

Бүгінгі таңда Қазақстан  Республикасында Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру әдістемелік нарықтық қатынастарға сай жасалуы туындалып отыр. Нарықтық экономикаға дамыған сайын олармен бірге өндірістер, кәсіпорындар, компаниялар, банктермен шаруашылық серіктіктер бірге дамуда.

Қазіргі нарықтық экономикаға  өту кезінде көптеген субъектілер  жекешелендіріп негізгі құралдар Акционерлік  қоғаммен және шаруашылыққа қарады.

Негізгі құралдар материалдық  өндіріс салаларында, сонымен қатар  өндірістік емес салаларда бір жылдан астам уақыт бойы қызмет ететін және де жұмыс істейтін материалдық - заттық құндылықтар. Оларға жататындар: ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар жабдықтар, көлік құралдарын, өндірістік және шаруашылық мүлкі, құрал - саймандар  жатады. Шаруашылық қызметте пайдалануға  арналған негізгі құралдарды сатуға немесе ақшаға айналдыруға болмайды. Ақшалай бағаланбаған негізгі қорлар, негізгі құралдар деп аталады. Олар бухгалтерлік есепте осы бағамен  көрінеді және субъект балансында көрініс  табады.

Егерде осы негізгі  қорлардың бағасы нарықтық экономикада  сатып алу құнымен көрсетілсе, оладың бағалануы инфляция коэфиценттеріне  байланысты болады.

Қазақстан Республикасында  қазіргі жағдайда халықаралық тәжірбиедегі негізгі құралдардың есепке алынуының  жетік әдістері енгізілуі қолға  алынған. Соған сәйкес негізгі құралдардың  есебін дұрыс ұйымдастыру үшін бухгалтерлік есептің № 6 «Негізгі құралдарды есепке алу» стандартына сәйкес жүргізіледі. Осы стандартта негізгі құралдардың  амортизациялық тозу сомасын есептеу  әдістері көрсетілген.

Дипломдық жұмыстың мақсаты "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы акционерлік қоғамының "Луговой рельс дәнекерлеу кәсіпорны" филиалының  негізгі құралдардың есебі мен талдауын ұйымдастыру.

Бұл мақсатқа жету үшін келесі мәселерді қарастыру қажет:

  • өндірісті басқаруды ұйымдастыру, басқару құрылымын және кәсіпорынның негізгі қаржы - экономикалық кәсіпкерліктерін зерттеу;
  • негізгі құралдардың есебін жүргізуді қарастыру;
  • талдау жүргізу әдістемесінің мәнін және ролін анықтау.

Бұл жұмыста өндірістің меншікті негізгі құралдардың есебі сонымен  бірге оның аудитін , оған қоса толығымен  өндірістің талдауын жасалынған.

Қазіргі заман талабына сай  негізгі құралдырадың есепке алуда  компьютерлендіру жүйесі толығымен  қарасытырлған.

1. "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы акционерлік қоғамының "Луговой рельс дәнекерлеу кәсіпорны" филиалының экономикалық сипаттамасы

1.1 "Қазақстан  темір жолы" акционерлік қоғамының 

техника -экономикалық сипаттамасы

"Қазақстан  темір жолы" үлттық компаниясы  акционерлік қоғамының "Луговой  рельс дәнекерлеу кәсіпорны"  филиалы " Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы акционерлік қоғамының Қоғам тұрған жерден тыс жерде орналасқан оқшауланған құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Филиал Қазақстан  Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған және қоғамның директорлар кеңесінің шешімі (2004 жылғы 18 мамырдағы №11 хаттама) негізінде қайта тіркелуі тиіс.

Филиал өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қоғамның бүйрықтарына, өкімдеріне жэне өзге актілеріне, Қоғамның Жарғысына, сондай - ақ Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

Филиалдың орналасқан жері: 485541, Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Рысқүлов ауданы, Луговая станция, Призаводская көшесі, 1.

Филиалдың жеке теңгірімі болады. Филиал өз қызметін ұйымдастыру және жүргізу үшін заңнамада белгіленген тәртіппен банктерде ағымдық шоттарын ашады.

Филиалдың өз атауы, тауарлық белгісі және Қоғамның атауы бар мөрі, мөртаңбасы және бланклері болады.

Филиалдың қызмет мерзімі  шектелмеген.

Қоғам қызметінің мәні:

– Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен бағдарлама бойынша магистральдық темір жол желісінің қүрылысын, күтіп ұсталуын және жаңғыртылуын жүзеге асыру;

– Тасымалдау процесін бақылау;

– Магистральдық темір жол желісіне қызмет көрсету;

– Теміржол көлігімен жүктердің, оның ішінде қауіпті жүктердің тасымалдауын жүзеге асыру;

– Теміржолдың жылжымалы құрамын, оның ішінде қауіпті жүктерді тасымалдау үшін қолданылатын арнайы контейнерлерді жөндеу;

– Жүк жіберушілердің, алушылардың тасымалдауға қажеттілігін қанағаттандыру, тасымалданатын жүктердің сақталуын және олардың белгіленген пунктеріне дер кезінде жеткізілуін қамтамасыз ету;

– Маркентингілік қызмет;

– Әртүрлі көлік түрлерін пайдалана отырып, тікелей және аралас қатынастар жүйесін үйымдастыру;

– Қазақстан Республикасының тасымалдау элеуетін барынша    толық пайдалану жөніндегі шараларды жүзеге асыру;

– Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігімен келісу бойынша темір жолдың транзиттік- көліктік коридорларын қалыптастыру жөніндегі шараларға қатысу;

– Сыртқы экономикалық қызмет және шетелдік үйымдармен экономикалық ынтымақтастықты дамыту;

– Өнімдерді, қызметтерді экспорттау (импорттау);

– Ақпаратты қорғаудың техникалық қүралдарын, ақпаратты өңдеудің қорғалған техникалық құралдарын әзірлеуді, ретке келтіруді, пайдалануды, сақтауды, сервистік қызмет көрсету және жөндеуді қоса алғанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын техникалық қорғау жөніндегі қызмет;

– Қоғамның қызметі туралы материалдарды эзірлеу және қорыту, Қоғамның жарнамалық қызметін жүзеге асыру үшін кітаптар, альбомдар, журналдар, буклеттер, бейнефильмдер шығару;

– Ақпараттық қызмет көрсету;

– Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қызмет болып табылады;

Филиал ескірген жарамды рельстеді жөндеу мен  пісірудың, жолдағы рельстерді егеудің, бунақтағы рельстерді пісірудің жалғағыштары дэнекерлеудің, сондай -ақ желімденген бүрандалы түйіспелердің, рельстік жалғағыштардың және басқа да өнімдердің көлемін үлғайту мақсатында қүрылған.

Филиал қызметінің мәні:

Жолдағы рельстерді егеу, айқастырмаларды және рельстердің ұш жағын балқыту, жалғағыштарды дәнекерлеу, бунақтағы рельстерді пісіру бойынша өндірістік жоспарларды орындау;

Ескірген жарамды  рельстерді қайта қалпына келтіру  жүмыстарын, сондай-ақ рельстік жалғағыштарды желімденген бүрандалы түйіспелерді жолдық қүрал саймандар мен керек жарақтарды дайындау;

Жолдың үстінгі қүрылысы материалдарын жөндеу үшін ережелер, нүхқаулар жэне технологиялық процестер картасын әзірлеуге қатысу болып табылады;

Филиалды жалпы басқаруды  Қоғам жүзеге асырады;

Филиалды басқару бойынша  Қоғамның қызметтеріне:

Филиал туралы ережелерді бекіту, оған өзгертулер мен толықтырулар енгізу;

Филиал қызметінің негізгі бағыттарын белгілеу, Филиалдың  жоспарын және олардың орындалғаны туралы есептерді бекіту;

Филиал директоры  мен, оның орынбасарымен, Филиалдың  бас инженерімен және бас бухгалтерімен жеке еңбек шарттарын жасау, өзгерту және түзу;

Штатық кестені бекіту және Филиалдың қүрылымын белгілеу;    

Тағайындалуы  Қоғамның келісімі бойынша жүргізілетін Филиалдың лауазымдар номенклатурасын бекіту;

Филиалдың өндірістік - қаржылық қызметінің жоспарларын  бекіту;

Филиал қызметінің нәтижелері бойынша жылдың есептерді, аудитордың есептері мен қорытындыларын бекіту, Филиалдың пайданы бөлу тәртібі мен шығындарды өтеу тәртібін белгілеу;

Филиалдың материалдық  қаражатарының көлемін, нысанын, сондай- ақ оларды бөлудің тэртібін белгілеу;

Қазақстан Республикасының  заңнамасы мен Қоғамның Жарғысында көзделген өзге іс-әрекеттер жатады;

Филиалдың қызметін тікелей  басқаруды директор жүзеге асырады;

Филиалдың директоры  Филиалдың жүмысын үйымдастырады  және    Қоғам берген сенімхат негізінде оны басқарады, Филиалға жүктелген міндеттерді орындау орындаушылық жэне еңбек тәртібінің жағдайы және осы Ережемен белгіленген қызмет түрлерін Филиалдың жүзеге асыруы үшін жауапты болады;

Филиалдың директоры:

Қоғам берген       сенімхат бойынша Қоғам белгілеген     өкілеттіктер шегінде әрекет етеді;

Қоғам бекіткен жоспарларға сәйкес Филиалдың қызметіне басшылықты жүзеге асырады;

Филиалға бекітіліп берілген қаражатқа өзіне берілген қүқықтар шегінде иелік етеді;

Берілген өкілеттіктер шегінде Филиалдың барлық қызметкерлері  үшін орындалуы міндетті болып табылатын бұйрықтар мен өкімдер шығарады;

Банктерде Филиалдың ағымдық  шоттарын ашады;

Лауазымдар номенклатурасына сәйкес Филиал қызметкерлерімен 
еңбек шарттарын жасасады, өзгертеді, бұзады, Филиал қызметкерлерінің 
лауазымдық   нүсқаулық   карточкаларын   бекітеді, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес оларға көтермелеу шараларын және жазаларды қолданады;

Филиал қызметкерлерінің қызметтік және коммерциялық құпияны қүрайтын мәліметтерді жария етілуден қорғау жөніндегі іс - шараларды орындауын қамтамасыз ету, құпиялық режимін сақтау;

Белгіленген тәртіппен өзге де қүқықтарға ие болуы мүмкін;

Тағайындалуы  Қоғамның келісімі бойынша жүргізілетін Филиалдың қызметкерлерімен өзге еңбек шартын бұзу туралы Филиалдың директорына орындалуы міндетті болып табылатын нүсқаулар беруге Қоғамның қүқығы бар;

Филиалдың директорының орынбасары өз құзыреті шегінде, шығыс хат- хабарларға қол қояды;

Филиалдың Мемлекеттік  ұйымдармен және өзге де мекемелермен Филиалдың қызмет мәселелері бойынша хат- хабар алмасуына тек жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшенің немесе Қоғам басшылығының келісімі арқылы рухсат етіледі;

Филиалдың оған Қоғам берген қаражаттан, сондай- ақ Қоғамның жалпы теңгеріміне кіретін ақшалай, материалдың құралдардан, шаруашылық қызметің барысында сатып алынған құнды қағаздар мен материалдық емес активтерден тұратын мүлікке ие болады;

Филиал теңгеріміне  кіретін -мүлік Қоғамның меншігі  болып табылады;

Филиал осы  Ережеде белгіленген міндеттерді  орындау үшін Қоғам белгілеп берген шешім жэне шартпен қаржы - шаруашылық қызметті жүзеге асырады;

Филиалдың қаржы- шаруашылық қызметін тексеру Қоғамның оған уәкілеттік берілген бөлімдері, қажет болған жағдайда Қоғам тағайындайтын немесе тарататын аудиторлық қызметтер жүзеге асырады;

Филиалдың қаржы- шаруашылық қызметін бақылауды олармен  жасалған шарттар негізінде аудитор немесе аудиторлық ұйымдар жүзеге асыруы мүмкін;

Аудитор және аудиторлық ұйымдар өздеріне қажетті барлық материалдарды, бухгалтерлік немесе өзге құжаттарды және жеке түсініктемелерді Филиал қызметкерлерінен талап етуге құқылы;

Аудитор және аудиторлық ұйымдар өздері жүргізген тексерулердің нәтижелерін Қоғамның Басқармасына және (талап етуі бойынша) Қоғамның директорлар кеңесіне жібереді;

Информация о работе Негізгі құралдардың есебі мен аудиті