Негізгі құралдардың есебі мен аудиті

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Декабря 2012 в 20:29, дипломная работа

Краткое описание

Негізгі құралдар материалдық өндіріс салаларында, сонымен қатар өндірістік емес салаларда бір жылдан астам уақыт бойы қызмет ететін және де жұмыс істейтін материалдық - заттық құндылықтар. Оларға жататындар: ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар жабдықтар, көлік құралдарын, өндірістік және шаруашылық мүлкі, құрал - саймандар жатады. Шаруашылық қызметте пайдалануға арналған негізгі құралдарды сатуға немесе ақшаға айналдыруға болмайды. Ақшалай бағаланбаған негізгі қорлар, негізгі құралдар деп аталады. Олар бухгалтерлік есепте осы бағамен көрінеді және субъект балансында көрініс табады.

Оглавление

Кіріспе...............................................................................................................3
Бөлім 1. Өндірісті басқаруды ұйымдастыру және субъектінің
Қызметін экономикалық талдау..................................................................4
1.1. Өндірісті басқарудың құрылымы және технологиялық процестердің
қысқаша сипаттамасы........................................................................................4
1.2. Кәсіпорынның қаржы - экономикалық қызметін талдау........................11
1.3. Қазақстан Республикасында қазіргі заманғы бухгалтерлік
есеп пен аудиттің даму концепциясы..............................................................15
2. Негізгі құралдардың есебі.........................................................................24
2.1. Негізгі құралдарды жалпы ұғымы, оларды топтастыру
және бағалау......................................................................................................24
2.2 Негізгі құралдардың келіп түсуі мен есептен шығарылуы
және олардың есебі...........................................................................................26
2.3 Негізгі құралдардың амортизациясының және оларды жөндеудің есебі....................................................................................................................33
2.4 Негізгі құралдарды жалдаудың есебі....................................................................................................................37
2.5 Субьетінің негізгі құралдарды қайта бағалау және түгендеу..............................................................................................................39
2.6 Компьютерлендіру жағдайында негізгі құралдардың есебін ұйымдастыру......................................................................................................41
3. Негізгі құралдардың аудиті және талдауы...........................................44
3.1. Негізгі құралдардың тиімді пайдалануын талдау.................45
3.2. Өнімді (жұмысты, қызметті), өндіру көлемін арттыру, қор
қайтарымы мен қор шығындылығының резервтері........................................50
Қорытынды......................................................................................................52
Әдебиетттер тізімі............................................................................................54

Файлы: 1 файл

Негізгі құралдардың есебі мен аудиті.docx

— 196.17 Кб (Скачать)

 

Кестедегі беілген мәліметтерге қарай отырып «Облжылукоммунқуат»  МКК — ның басқару мамандығының негізгі көрсеткіштерінің бірі болып  өткізілген қызметтің көлемі (кіріс), яғни ол өткен жылмен салыстырғанда 30669 мың т, көбейген. Өткізілген өнімнің  көлеміне сатып алушылардың әсерінен болған. Өткізілген өнімнің көлемі, кәсіпорынның қаржы жағдайына әсер етеді, айналым қорларының жағдайына, қордың көлеміне және бюджет төлемінің  жағдайына әсер етеді. Ал кәсіпорынның өткізілген өнімінің өзіндік құны өткен  жылмен салыстырғанда 24861 тг. өсті. Бұның  өсуі жалпы кірістің көлемінің сәл  болса да азаюына себепші болады, яғни ол 5808 мың тг. өсті. Бұның өсуі мен кәсіпорынның кезең шығындарының өткен жылмен салыстырғанда 7781 мың  тг. көбейіп — кәсіпорынның таза пайдасы, яғни кіріс (зиян) барлығы - 31392 мың тг, азайды. Бұның азаюы қазіргі  кәсіпорынның шығында отырғанына себепші  болады. Сол үшін кәсіпорын өзінің кірістілік деңгейін арттыру үшін өзінің көрсетілген қызметтің өзіндік  құны мен кезең шығындарын азайтуы  қажет. [12.108 б]

Көрсетілген қызметтің көлемінің  өзгеруне көптеген факторлар әсер етеді. Олар төмендегілер:

1. Кәсіпорынды еңбек ресурстарымен  қамтамасыз ету.

2. Кәсіпорынның негізгі  құралдары мен қамтамасыз етілуі  және тиімді пайдалануы.

3. Матеиал мен және  ішкі затпен уақтылы қамтамасыз  етілуі және оны тиімді пайдалану.

Осы жоғарыдағы аталған факторлардың қызмет көлемінің әсерін анықтау  үшін төмендегідей кесте құрамыз.

 

Кесте 2.

 

 

Көрсетілген қызмет көлемінің факторлық әсерін бағалау.

 

Көрсеткіш

Өлш. бірл.

2004ж

2005 ж

Ауытқу

(+; -)

1

2

3

4

5

6

1

Көрсетілген қызмет көлемі

мың тг

156708

187377

30669

2

Қызметкерлердің орташа төзімділік саны.

адам

435

438

3

3

Бір жұмысшының орташа жылдық өнімділігі

мың тг

360,248

427,801

67,553

4

Материалдық шығындар

мың т

130480

138735

8255

5

Негізгі құралдардың орташа жылдық құны

мың тг

222903

272704

49801

6

Материал қайтарымдылығы

тг

1,201

1,350

0,149

7

Қор қайтарымдылығы

тг

0,70

0,69

0,01


 

 

 

Берілген кестенің мәліметтеріне  талдау жүргізе отырып «Облжылукоммунқуат»  МКК - ның көрсетілген қызметінің көлемін 2004 ды өткен жылмен салыстырғанда 30669 мың тг. [187377 - 156708]. Ал өнеркәсіптік өндірістің персоналдардың орта тізім  саны өткен жылмен салыстырғанда 3 адамға [438 -435] көбейген.

Енді жоғарыда кестенің мәліметтері  бойынша факторлық 2003 жылғы өткізілген өнімнің көлемінің әсерін талдаймыз.

1. Еңбек ресурстарының  тиімділігін талдау үшін қызметкерлердің  санының және еңбек өнімділігінің  өзгеруінің әсерін анықтаймыз:

а) Қызметкерлердің тізім  сананың өзгеруінің әсерінен өнімнің  көлемі

[3x360,2]= 1080,6 мың тг ұлғаяды. 

б) Еңбек өнімділігінің  өзгеруінің салдарынан 2958,2 мың теңгеге

[67,553x438] артық өндірілген.

2. негізгі құралдардың  орташа жылдық құнының өзгеруінің  және оны тиімді пайдалануының  әсерін анықтаймыз. [15.100 б]

а) Негізгі құралдардың  орта жылдық құнының өзгеруінің әсерінен

өнімнің көлемі 35010,1 мың теңгеге [49601x0,703] артқан,

б) Ал қор қайтарымдылығының  өзгеруінен - 3566,4 мың теңгеге 

[-0,016x222903] кем өндірілген. Яғни кәсіпорын негізгі құралдарды  тиімді пайдаланбаған. Сондықтан  кәсіпорынның негізгі құралдарын  жаңарту шараларын енгізіп, оның  тиімділігін арттыру қажет.

3. Материал шығындарының  өзгеруінің және материал қайтарымды–лығының  тиімді пайдалану әсерін анықтаймыз.

а) Материал шығындарының өзгеруінің әсерінен өніңмнің шығын

көлемі 9914,2 мың теңгеге [8255x1,201] өскен.

б) Ал материал қайтарымдылығының  өзгеруінің әсерінен 19441,5 мың

теңгеге [0,143x130480] артығымен  өскен.

4. Келесі қарастыратын  көрсеткішіміз өнеркәсіптік өндірістің  персоналдардың еңбек ақы қоры, ол өткен жылмен салыстырғанда  8576,9 мың теңгеге [43626,5-35049,6] артығымен  жұмсалған. Осы көрсеткіштердің  ауытқуына әсер ететін екі  факторды қарастырамыз.

а) Жұмысшылар санының 3 адамға көбею себебінен еңбек ақы  қоры

105148,5 мың теңгеге [3x35049,6] артығымен жұмсалған.

 

б) Еңбек ақы қорының  өзгеруінің әсерінен өнім көлемі 3730951,5 мың теңгеге [8576,9x435] өскен.

 

 

1.3 Қазақстан Республикасында  қазіргі заманғы бухгалтерлік  есеп аудиттің даму концепциясы

 

Шаруашылық қаржылары  олардың қорлану көздерінің қалыптасу  қозғалыс күйін басқару және бақылау  мақсатындағы баланстық әдіс арқылы шаруашылық операцияларын жинақтап, зерттейтің ғылымды бухгалтерлік есеп деп айтамыз.

Қазақстан Республикасында, Қазақстан Республикасы Президентінің  «Бухгалтерлік есеп туралы» заң  күші бар жарлығы қолданылды.

Осы жанрлықты іске асыру  мақсатында 1996 жылы Қазақстан Республикасының  бухгалтерлік есеп жөніндегі ұлттық комиссиясы құрылды. Ұлттық комиссияның  алдына қойған мақсаты - бухгалтерлік есептің халық аралық стандарттары негізінде бухгалтерлік есеп пен  қаржылық есеп беруді ұсыну стандарттарын  жасау болды. [12.100 б]

«Бухгалтерлік есепке алу  туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 25 желтоқсандағы  заң күші бар №2732 жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есепке алу және қаржы есептемесі жүйесін реттеп, есеп жүргізудің негізгі  қағидалары мен жалпы ережелері  осы жарлық Қазақстан Республикасындағы  бухгалтерлік есепке алу жүйесін  анықтайды. Есепке алудың негізгі принциптері  болып табылатын заңды және жеке тұлғалардың, сондай - ақ Қазақстан  Республикасының аумағында тіркелген  резидент еместердің фирмалары мен  өкілдерінің құқықтары мен міндеттерін  белгілейді. Қазақстан Республикасының  аумағында жұмыс істейтін барлық субъектілер бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп берудің банк жүйесіндегі банк туралы заңдармен реттеледі. Бухгалтерлік есепті жүргізу:

- бухгалтерлік есепке  алу туралы жарлық;

- бухгалтерлік есепке  алудың стандарттары;

- оларға берілген әдістемелік  ұсынбалар мен нұсқаулықтар;

- субъектінің есеп жүргізу  саясаты;

Есеп жүргізу саясаты  — бұл бухгалтерлік есепке алу  және қаржы есептемесін ашу үшін олардың қағидаттары мен негіздеріне  сәйкес субъектінің басшысы қабылдайтын  әдістерінің жиынтығы.

Субъектінің есеп жүргізу  саясаты Қазақстан Республикасында  бухгалтерлік есеп пен аудитті дамыту мен жетілдірудің 1998 - 2002 жылдарға араналған  мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан  Республикасы Президентінің 1998 жылдың 28 қаңтарындағы №3838 жарлығы мен  бекітілген. Бағдарламаның негізгі  мақсаты - түбегейлі экономикалық өзгерістер, халықаралық байланыстарды кеңейту  және Қазақстан Республикасының  әлемдік қауымдастыққа кіруі  талаптарына жауап береді, субъектілерді  пайдаланушыларға бағдарланған қажетті  қаржылық ақпаратпен қамтамасыз ететін жаңа бухгалтерлік есеп жүйесін әзірлеп  енгізуді, сондай - ақ бухгалтерлік есеп пен аудит саласында мамандардың  кәсіби біліктілігін арттыруда қамтамасыз ету болып табылады. Негізгі бухгалтерлік есеп пен аудит мынадай бағыттарда дамуы көрсетілген:

- кәсіпкерлік ісіндегі  бухгалтерлік есеп;

- бюджет қаражыты есебінен  қамтылған ұйымдардағы бухгалтерлік

есеп;

- коммерциялық емес ұйымдағы  бухгалтерлік есеп;

- ішкі бақылау мен тәуелсіз  аудит;

- бухгалтерлік есепті  компьютерлендіру.(7.10б)

Нарықтық экономикасы  дамыған елдердің бухгалтерлік есепті енгізу, қаржылық есепті дайындау ерекшеліктеі және қаржылық есеп беруді құру субъектілерінің  негіздерінде барлық шаруашылық субъектілеріне қолданылады.

Стандарт дегеніміз барлық шаруашылық субъектілер үшін орындаған  міндетті есептік жүйе денгейін нормативтік  құқықтық құжаттармен реттеу.

Шоттардың бас жоспары  — Қазақстан Республикасы бухгалтерлік есеп жөніндегі ұлттық комиссияның 1996 жылы 18 қарашадағы №6 қаулысымен бекітілген. [11.407 б]

Шоттардың бас жоспары - бухгалтерлік есеп шоттарының ғылыми  негізделген, жүйеленген және шифрленген тізімі. Шоттардың  бас жоспары субъектілердің (банктер  мен бюджеттік ұйымдардың басқа) бухгалтерлік есебінің шоттарында шаруашылық операцияларды көрсету тәтібін  анықтайтын нормативтік құқықтық акт  бола отырып, бухгалтерлік есепке шаруашылық қызметтің фактілеріне тіркеу мен  топтаудың схемасын білдіреді. Онда бөлімдердің атаулары, бөлімшелер, синтетикалық шоттардың атаулары мен  кодтары келтірілген. Бұл шоттар тек қана Қазақстан Республикасының  бухгалтерлік есебінде қолданылады. Бас  жоспар негізгі 10 — бөлімнен тұрады. Бұл жоспар халықаралық стандартқа негізделіп жасалған. Бұл жоспардың  негізгі бөлімдерінің 1 — 8 бөлімдері қаржылық бухгалтерияға арналған, 9 — бөлім басқару бухгалтериясына арналып жасалған. Ал 10- бөлім «Баланстан тыс шоттар» болып табылады.

Есепшілердің назары өндіріс  шығындарының есепке алуға өндірістің нақты көлемін есептеуге, бағдарламаның  орындалуын бағалауға және түрлі  бөлшектерді қызмет нәтижесіне аударылатын  болды. Капиталдың шоғырлану жағдайында ішкі және сыртқы бақталастық болуына  инфлияция кезінде өндіріс шығындарының көлемі өсуіне байланысты әр түрлі  басқару талабына сәйкес болмай қалды. Сондықтан тиімді жүргізу үшін бухгалтерлік есеп екі салаға бөлінеді:

1) Қаржы есебі;

2) Басқару есебі.

Бұлардың әрқайсысында өзінің мақсатында есептері, функциялары бар. Бұл бөлінуге себепші ретінде  калькуляциялық есептің мәнін алдын  ала құрастыру болып табылады. [13.17 б]

Жалпы алғанда қаржы есебі  жүйесінде сыртқы пайдаланушыларға мәлімет дайындалады, яғни осы кәсіпорын  құрамын кірмейтін тұлғалар үшін.

Ал басқару есебінің мақсаты  осы есеп жүргізіп отырған кәсіпорын  құрамына кіретін тұлғаларды ақпаратпен қамтамасыз еткіштер жүйесін айтамыз.

Қаржылық есеп беру деп  кәсіпорынның өткен кезеңдегі қаржы  шаруашылық қызметін кешенді түрде  сипаттайтын көрсеткіштер жүйесін  айтамыз.

Қаржылық есептің мемлекеттік  маңызы бар. Есеп берудің деректері  бойынша кәсіпорынның қызметін қорытындылайды. Ол талдау жасаудың, жоспарлаудың ақпарат  көзі болып табылады. Сонымен қатар  қаржы жөнінде есеп беру деректерін салықтардың және басқа да бюджеттік  төлемдердің дер кезінде төлеуіне бақылау жасау үшін пайдаланылады.

Қаржы жөнінде есеп беру Қазақстан Республикасы Президентінің  №2732 заңдық күші баар «Бухгалтерлік  есеп туралы» жарлығы негізінде  бірнеше арнайы формадан тұрады.

Атап айтқанда, олар:

1. Бухгалтерлік баланс;

2. Қаржы шаруашылық қызметінің  нәтижесі туралы есеп беру;

3. Ақшалы қаржылардың  қозғалысы туралы есеп беру.

Қаржылық есеп берудің  сондай - ақ түсіндірме жазбамен, қосымша  кестелермен және бухгалтерлік есеп стандарттарының талаптарына сәйкес басқа да материалдық деректер мен  толықтырылуы мүмкін.

2003 жылдың 15 қаңтарында «Аудиторлық  қызмет туралы» Қазақстан Республикасының  заңына өзгерістер мен толықтырулар  енгізіле отырып заң қайта  қабылданды. Бүгінгі күні 2003 жылында  шыққан жаңа заңмен іс жүргізіледі.

Аудит Қазақстан Республикасының  заңдарында белгіленген талаптарға сәйкес қаржылық есептіліктің дұрыс  және объективті жасалғаны туралы  тәуелсіз пікір білдіру мақсатында заңды тұлғалардың қаржылық есептілігін  тексеру болып табылады. [12.111 б]

Аудиттің түрлері міндетті аудит және бастамалық аудит болып  табылады.

Міндетті жыл сайынғы  аудитке: банктер кредиттер серіктестіктер, банк операцияларының жекелеген  түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар және бағалы қағаздар нарығында қызмет істейтін ұйымдар, сақтандыру ұйымдары, жинақтаушы зейнетақы қорлары, зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниялар, инвестициялық қорлар, табиғи монополия  субъектілері, шетел қатысатын кәсіпорындар, ашық халықтық қоғамдар жатады.

Аудит жүргізу, сондай - ақ Қазақстан  Республикасның заң актілерінде  көзделген өзге жағдайларды да міндетті болып табылады.

Бастамалық аудит аудиттелетін субъектің бастамасы бойынша  аудиттелетін субъектінің және аудитордың, аудиторлық ұйымның арасында аудит  жүргізуге жасалған шартта көзделген  нақты міндеттер аудит мерзімі  мен көлемі ескеріле отыып жүргізіледі.

Аудиторлық ұйымның құрамындағы  аудиторлардың саны көлемінде екі  адамна құрылуы тиіс.(8.12б)

Информация о работе Негізгі құралдардың есебі мен аудиті