Негізгі құралдардың және .материялдық емес активтердің экономикалық мәні және құрлымы

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 19:47, курсовая работа

Краткое описание

Халық шарушылығы есептерінің арасында бухгалтерлік есептің алатын орны ерекше. Барлық экономикалық ғылымдар ішінде бухгалтерлік есеп өз алдына дараланып тұратын бөлек ғылыми сала. Өйткені, бухгалтерлік есеп қоғамдық өндірістің дамуы жолында қажет. Бухгалтерлік есептің мәліметтері мен көрсеткіштері қоғамдық өндірістің дамуын экономикалық тұрғыдан зерттеуге бірден-бір негіз болып табылады. Сондықтан да бухгалтерлік есептің негізгі міндеті – халық шаруашылығының барлық салаларында нақты тұжырымды мемлекеттік талапқа сай есептеу жұмысын жүргізеді.

Оглавление

1.НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАР ЕСЕБІНЕ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК.............................................................................................................
1.1 Негізгі құралдардың мәні және жіктемесі......................................................
1.2 Негізгі құралдардың тозу есебі және аморттизацияны есептеу әдісі....................
1.3 Негізгі құралдарды бағалау,қайта бағалау және түгендеу......................................
2.МАТЕРИЯЛДЫҚ ЕМЕС АКТИВТЕРДІҢ СИПАТЫ,БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ЕСЕПТЕУ.............................................................................................................................
2.1 Материялдық емес активтердің сиаттамасы.............................................................
2.2 Материялдық емес активтерге бағалау тану...........................................................
2.3 Материялдық емес активтерге амортизация есептеу..........................
3.НЕГІЗІ ҚҰРАЛДАРМЕН МАТЕРИЯЛДЫҚ ЕМЕС АКТИВТЕРДІ ЕРЕКШЕЛЕУ,ЕСЕПТЕУ................................................................................................
3.1 Негізгі құралдардың жекелеген түрлерін есептеу ерекшеліктері................
3.2 Негізгі құралдарды тозуы материялдық емес активтерді түгендеу...............
3.3 Материялдық емес активтерді есептеп шығару, Негізгі құралдарды есептен шығару................................................................................................................................
КІРІСПЕ
ҚОРЫТЫНДЫ

Файлы: 1 файл

САЛТАНАТ Ф31.docx

— 107.15 Кб (Скачать)

құнды бірқалыпты (тура жолды) есептеп шығару әдісі.

құнды орындалған жұмыстың (өндірілген өнімнің) көлеміне тепе-тең мөлшерде есептен шығару әдісі (өндірістік әдіс)

жылдамдатып есептен шығару әдістері

а) қалдық құнның кему (қалдық азайту) әдісі

б) сандардың жиынтығы бойынша  құнын есептен шығару (коммулятивтік  әдіс) әдісі.

Амортизациялық аударым  есептеудің қолдануға таңдап алынған  әдісі шаруашылық субъектінің есеп саясатында көрсетіліп, бір есеп беру кезеңінен екінші есеп беру кезеңіне дейін дәйектілі түрде қолданылады. Егер негізгі құралдарға қолданылатын амортизациялық аударым есептеудің әдісі өзгертілген жағдайда осы өзгерістің қандай себептермен болғаны қаржылық есептемеде айтылып көрсетілуі керек.

Жылжымайтын мүлік, үйлер  мен жабдықтар объектісі қауіпсіздікті  қамтамасыз ету үшін немесе қоршаған ортаны қорғау мақсаттарында сатып  алынуы мүмкін. Осындай жылжымайтын  мүлік, үйлер мен жабдықтарды  сатып алу қолда бар нақты  жылжымайтын мүлік, үйлер мен  жабдықтар объектісін пайдаланудан алынатын болашақ экономикалық пайдалардың ұлғаюына тікелей байланысты болмаса да, ұйымға тиесілі басқа активтерді пайдаланудан алынатын болашақ экономикалық пайдаларды ұйымның алуы үшін қажет болуы мүмкін. жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтардың осындай активтері активтер ретінде танылуы мүмкін, өйткені, егер осы объектілер сатып алынбаған болса, алынуы мүмкін болатындардан тыс тиісті активтерден ұйымның болашақ экономикалық пайдалар алуын қамтамасыз етеді. Мысалы, химия компаниясы қауіпті химиялық заттарды өндіру немесе сақтау кезінде экологиялық нормалардың сақталуын қамтамасыз ететін жаңа технологиялар енгізе алады; технологиялар мен жабдықтарды жетілдіру жөніндегі тиісті шаралар актив ретінде танылады, себебі компания оларсыз химикаттарды өндіріп, сата алмайды. Солай бола тұрса да, ондай активтің және осыған байланысты активтердің баланстық құнының жиынтық мәні 36-«Активтердің құнсыздануы» IAS Халықаралық стандартына сәйкес құнсыздану мәніне байланысты тексерілуге тиіс.

Келесі шығындар  айтылған тану принципіне сәйкес, ұйым жылжымайтын  мүлік, үйлер мен жабдықтар объектісінің баланстық құнында осы объектіге  күнделікті қызмет көрсетуге арналған шығындарды танымайды. Оның орнына, ондай  шығындар пайдалар мен залалдар шегу жағдайына қарай сонда танылады. Күнделікті қызмет көрсетуге арналған шығындар негізінен жұмыс күшіне және шығыс материалдарына жұмсалған  шығындардан тұрады, сондай-ақ жиынтықтаушы бөліктер сатып алуға шығатын  шығындарды қамтуы мүмкін. Бұл шығыстардың  мақсаты көп жағдайларда жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар объектісін «жөндеу және ағымдағы қызмет көрсету» ретінде көрсетіледі. 

Қ.К Кеулімжаевтың., Н.А. Құдайбергеновтың «Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері» атты оқулығында былай деп жазылған:  Негізгі құралдардың өндіріс үрдісінде бірте-бірте тоза бастайды, яғни өзінің бастапқы сапасын жоғалтады. Олар белгілі бір уақыт өткеннен кейін пайдалануға жарамай қалады да, бұл құралдардың орнына жаңа негізгі құралдар аустырып алуға тура келеді.

Негізгі құралдардың тозуын табиғи және сапалық тозу деп екіге  бөледі. Негізгі құралдардың табиғи тозу олардың материалдық жағынан  тозуы болып табылады, яғни жұмыс істеу үдерісінде машиналар мен құралдардың жеке бөліктерінің қажалып мүжілуі, үйлер мен ғимараттардың тозығы жетіп құлайтындай дәрежеге жетуі. Негізгі құралдардың табиғи тозуы олардың көп уақыт бойы пайдаланылмағандығына ғана байданысты емес, оған сонымен қатар басқа да табиғи жағдайлар әсер еткендігіне байланысты. Яғни негізгі құралдардың табиғи тозуы (физикалық тозуы) олардың ұзақ уақыт пайдалануы және оларға басқа да факторлардың әсер етуі нәтижесінде болып табылада.

Негізгі құралдардың сапалық  тозуы олардың толық табиғи тозуы  жетпей-ақ құнсызданып, өндірістің даму үрдісінен кейін қалуы, яғни активтердің ғылым мен техниканың дамуының бүгінгі күнгі талаптарына сәйкес келмейтін жағдайда болуынан пайда болады.

Осы жоғарыда айтылғандарды  қорыта келе, негізгі құралдарың тозуы  дегеніміз, олардың табиғи және сапалық  сипаттарын жоғалтуы деп те айтуға болады.

Негізгі құралдардың сапалық  тозуының бірінші себебі - өндіріс салаларында ғылыми-техникалық прогреске байланысты еңбек өнімділігінің өсуі болып табылады. Еңбек өнімділігі өскен сайын белгілі бір дайын бұйымды, құрал-жабдықты және тағы да басқаларды өндіруге кететін уақыт азаяды да, оның құны соғұрлым төмендейді. Осыған сәйкес еңбек өнімділігінің өсуіне байланысты жаңа құрал-жабдықтардың, машиналардың, яғни негізгі құралдардың бағасы бұрын сатып алынған тура осындай негізгі құралдардың бағасына қарағанда арзан болады. Мұндай жағдай ұйымдарға қымбат және тозыңқыраған машиналар мен көліктерінің құрал-саймандарының тағы да басқа негізгі құралдарының орнына жаңа әрі сапасы жоғары негізгі құралдарды сатып алуды тиімді етеді.

        Сонымен  қатар амортизациялық аударымда  мынадай жағдайларда есептелінбейді:

кайта құру, жаңарту және техникалық қайта қорландыру жұмыстары  жүргізіліп жатқан уақытта.

Негізгі құралдарды уақытша  тоқтатып қойған мерзімде

Негізгі құралдар үйлер мен  ғимараттар, машиналар, көліктер және т.б. өндіріс үдерісінде пайдаланылған кезде өздерінің бірте-бірте тозуына байланысты құндарын өздерінің көмегімен өндіріліп шығарылатын, жаңадан жасалған өнімдерге біртіндеп ауыстырып отырады. Бұл үдеріс амортизация деп аталады. Амортизация белгіленген бір мөлшерде өнімнің өзіндік құнына қосылып отырады. Ал мұны амортизациялық аударым деп атайды. Амортизациялық аударым әрбір өнімнің өзіндік құнына кіріп ал өнім сатылған кезде қайтарып отырады, яғни негізі құралдардың тозуына байланысты құнының кемуі амортизациялық аударым жасау арқылы қайтарылады.

Амортизациялық аударым  мөлшері дегеніміз негізгі құралдардың  бастапқы құнынан белгіленген пайызбен есептеліп шығарылған бір жылдық амортизациялық аударым сомасы.

Ұйымдарда негізгі құралдағы  ай бойы есептелген амортизациялық аударым  сомасы ай сайын өндірілген өнімнің атқарылған жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің өзіндік құнына қосылып отырады.

Кәсіпорындағы жаңадан келіп түскен кіріске алынған негізгі құралдарға амортизациялық аударым келесі айдың басынан бастап есептелінеді. Ал ұйымның балансынан есептен шығарылған негізгі құралдарға келесі айдың басынан бастап амортизациялық аударым есептеу тоқталады.

Активте түйінделген болашақ  экономикалық пайдалар негізінен оны  тұтыну арқылы қолданылады. Актив бос  тұрып қалған кезде моральдық  немесе коммерциялық тұрғыдан ескірген басқа факторлар осы активтен алу мүмкін болатын экономикалық пайданың азаюына жиі әкеп соқтырады

2 – кесте. Негізгі құралдарға тозу сомасы есептелгенде бойынша жүргізілетін операциялар

 

АКТИВТЕР

Жолдар коды

Есептік кезең ішіндегі

І.ҚЫСҚАМЕЗІМДІ АКТИВТЕР:

   

Ақшалай қаражаттар

010

14 409 368

Қысқамерзімді қаржылық инвестициялар

011

33 878 600

Қысқамерзімді дебиторлық берешек

012

3 791 437

Қорлар

013

6 320 884

Топ ішіндегі қорлар

014

8 236 850

Ағымдағы салықтық активтер

015

233 145

Өзге түрдег қысқамерзімді активтер

016

4 761 471

Қысқамерзімді активтердің жиыны

100

71 631 755

ІІ. ҰЗАҚМЕРЗІМДІ АКТИВТЕР

   

Ұзақмерзімді дебиторлық берешек

020

2 799 920

Үлестік қатысу әдісімен есепке алынып отыратын инвестициялар

021

6 169 748

Негізгі құралдар

022

1 440 671

Материалдық емес активтер

023

45 049 585

Өзге түрдегі ұзақмерзімді активтер

024

158 932 271

Ұзақмерзімді активтердің жиыны

200

214 392 795

Баланс (100-жол + 200-жол)

 

286 024 550

МІНДЕТТЕМЕЛЕР МЕН КАПИТАЛ

   

ІІІ. ҚЫСҚАМЕЗІМДІ МІНДЕТТЕМЕЛЕР

030

 

Қысқамерзімді қаржылық міндеттемелер

031

23 232 245

Салықтар бойынша міндеттемелер

032

561 922

Топ ішіндегі бойынша міндеттемелер

033

90 353

Қысқамерзімді несиегерлік берешек

034

8 505 904

Қысқамерзімді бағалау міндеттемелері

035

2 333 048

Өзге түрдегі қысқамерзімді міндеттемелер

036

12 589 393

Қысқамерзімді міндеттемелердің жиыны

300

47 312 865

ІV.ҰЗАҚМЕРЗІМДІ МІНДЕТТЕМЕЛЕР

   

Ұзақмерзімді қаржылық міндеттемелер

040

52 660 901

Ұзақмерзімді несиегерлік берешек

041

11 017 903

Ұзақмерзімді баға беру міндеттемелері

042

230 695

Ұзақ мерзімді міндеттемелердің жиыны

400

63 909 499

V. КАПИТАЛ

   

Капитал

050

32 916 055

Резервтер

051

78 330 506

Үлестірілмеген пайда

052

63 055 625

Азшылықтың үлесі

053

 

КАПИТАЛДЫҢ ЖИЫНЫ

500

174 802 186

Баланс (300-жол + 400-жол + 500-жол)

 

286 024 550


 

 

Негізгі құралдардың құны бойынша амортизацияны

бірқалыпты  (түзу сызықты) есептеу әдісі.

Яғни объектінің құны, оның қызмет ету мерзімі ішінде өндіріс шығындарына біркелкі норма бойынша жатқызылады. Бұл әдіс негізгі құралдардың  тозуына, оның қызмет ету мерзімінің ұзақтығына байланысты болып келеді.

Бұл тәсілде амортизациялық норманы аудару үшін:

қызмет етудің пайдалы  мерзімі. Бұл кезде пайдалануға  берілген объектінің жағдайы ескеріледі және күтіп ұстау жағдайына да байланысты болып келеді (жөндеу мәселесі және техникалық жағдайы, ауа райының оған тигізетін әсері т.б.)

Қазақстан Республикасының  салық заңдылықтарының белгіленген  амортизациялық нормасының шегінде. Шаруашылық жүргізуші субъектісіндегі жүк  автокөлігінің бастапқа құны – 100 000 теңге, 5 жыл мерзімі өткеннен кейін оның жойылу құны  10 000 теңгеге тең болады. Мұндай жағдайда жыл сайынғы амортизациялық нормасы амортизациялаушы құнның  20%-ін құрайды немесе бірқалыпты тәсілге сәйкес 18 000 теңге болады.

 

Бұл әдіс негізігі құралдар пайдаланудан түсетін табыс оны пайдалану мерзімінде бірден болады, яғни жобаның қалған ұтымдылығының кемуі біркелкі жүзеге асады деп болжамдалатын кезде пайдаланылады.

Құнды бірқалыпты есептен шығару әдісі бойынша объектінің амортизацияланатын құны негізгі құралдың жұмыс істейтін мерзімінің ішінде шаруашылық субъектісінің шығындарына бір қалыпты қосылып отырады. Бұл әдіс бойынша амортизациялық аударым мөлшері тек қана объектінің жұмыс істеу мерзімінің ұзақтығына байланысты деген болжамға негізделген. Бұл әдіс бойынша әр есеп беретін жылда негізгі құралға есептелетін амортизациялық аударым сомасы осы негізгі құралдарының барлық пайдалану мерзімінде амортизацияланатын сомасын, яғни бастапқы құны мен қалдық құнының айырмасын объектінің пайдалану кезеңіндегі есеп беретін жылдардың санына бөлу арқылы есептеліп шығарылады. Бұл әдіс бойынша, яғни құнды бірқалыпты есептен шығару әдісі  қолданылғанда негізгі құралдарға есептелетін амортизациялық аударым сомалары жыл сайын тұрақты мөлшерде жүргізіледі.

Кезең ішіндегі амортизациялық есептеулер әдетте пайдада немесе залалда танылады. Бірақ, кейде активте түйінделген экономикалық пайдалар басқа активтерді өндірген кезде жоғалып кетеді. Бұл жағдайда амортизациялық есептеулер басқа активтің бастапқы құнының бір бөлігін құрайды және оның баланстық құнына қосылады. Мысалы, өндірістік жабдықты амортизациялау тауар-материалдық босалқыларды өңдеу жөніндегі шығындарға қосылады (2 IAS қараңыз). Сол сияқты, әзірлеуде пайдаланылатын жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтардың амортизациясы 38-«Материалдық емес активтер» IAS Халықаралық стандартына сәйкес танылатын материалдық емес активтің бастапқы өзіндік құнына қосылуы мүмкін.

Активті амортизациялау, ол пайдалану үшін қол жететіндей болған кезде, яғни актив орналасқан жер мен оның жай-күйі ұйым басшылығының ниетіне сәйкес оны пайдалануды қамтамасыз ететін кезде басталады. Активті амортизациялау мына екі күннің ертерегі бойынша тоқтатылады: 5 IFRS сәйкес активті сату үшін арналған ретінде жіктеу (немесе оны сату үшін арналған деп жіктелген шығу тобына енгізу) күні және аталған активті тану

тоқтатылған күн.

 

 

 

1.3 Негізгі құралдарды  бағалау,қайта бағалау және түгендеу

 

Қызмет көрсету мерзімі  мен күйіне байланысты негізгі қорды  бағалаудың келесі түрлері кездеседі:

толық бастапқы құны, яғни жаңа құрал - жабдықтың өндіріс жағдайында жасалынған, және іске асырылған құны.

толық қайтадан қалпына келтіру  құны, яғни өндірістің қазіргі заманғы  жағдайындағы негізгі қорлардың  әрбір түрін қалпына келтіру  құны.

тозуды алып тастағандағы бастапқы құны.

тозуды алып тастағандағы қайтадан қалпына келтіру құны.

Ұйымның операцияларында  оларды пайдалану мазмұны мен  сипаты бойынша бірдей активтер тобы жылжымайтын мүлік, үйлер мен  жабдықтар тобы деп аталады. Төменде жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтардың жекелеген топтарына мысалдар келтірілген: жер учаскелері;жер учаскелері және ғимараттар; машиналар мен жабдықтар; су кемелері; әуе кемелері; автокөлік құралдары; жиһаз және инженерлік жабдықтың салынатын элементтері; және кеңсе жабдығы. Объектілерді жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтардың бір тобының ішінде қайта бағалау активтерді таңдап қайта бағалауды, сондай-ақ қаржы есептілігіне шығындар мен әр күнгі құндардың қосындысы болып табылатын сомалардың қаржы есептілігіне енуін болғызбау мақсатымен бір мезгілде жүргізіледі. Алайда, егер қайта бағалау қысқа уақыт ішінде жүргізілетін болса, және нәтижелер ұдайы жаңартылып отыратын болса, активтер тобы сырғымалы кесте бойынша қайта бағалануы мүмкін. 
      Егер активтің баланстық құны қайта бағалау нәтижесінде ұлғаятын болса, осы ұлғаю «қайта бағалаудан болған өсім» деген тақырыппен капиталдың өзінде көрсетілуге тиіс. Алайда бұл ұлғаю пайдада немесе залалда бұрын пайдада немесе залалда танылған сол активті қайта бағалаудан залалды реверстейтін дәрежеде танылуға тиіс.

Егер активтің баланстық  құны қайта бағалау нәтижесінде  кемитін болса, бұл кему пайдада  немесе залалда танылуға тиіс. Алайда, қайта бағалаудан болған кему тап  сол активке қатысты қайта  бағалаудан болған өсімде кез келген кредиттік сальдо болған жағдайда «қайта бағалаудан болған өсім» деген тақырыппен тікелей капиталға дебеттелуге  тиіс.

Активті тану тоқтатылған  жағдайда жылжымайтын мүлік, үйлер  мен жабдықтар объектісіне қатысты  капиталға енгізілген, оны қайта  бағалаудан болған өсім тікелей бөлінбеген пайдаға аударылуы мүмкін. Актив  пайдаланудан шығарылған немесе істен  шығып қалған кезде барлық өсім толық  көлемінде аудару мәні болуы мүмкін. Алайда, егер активті ұйым пайдаланатын болса, қайта бағалаудан болған өсімнің  бір бөлігі ғана аударылуы мүмкін. Ондай жағдайда аударылған өсім сомасы активтің қайта бағаланған баланстық  құны негізінде есептелген амортизация  сомасы мен оның бастапқы құны негізінде  есептелген амортизация сомасының  арасындағы айырманы құрайды. Қайта  бағалаудан бөлінбеген пайдаға өсімді аудару пайда немесе залал арқылы жүргізілмейді. 
      Негізгі қордың толық бастапқы құны тасымалдау мен монтажға жасалған шығындарды қосқандағы әрбір түрін сату немесе иемдену процесінде төленген нақты сомамен анықталады. Оған пайдалану процесінде еңбек құралдарының кеңейтілуі мен жаңартылу шығындары кіреді. Егер негізгі құралдар қаржы төлемін кейін төлеу арқылы немесе несиеге алынса, онда бастапқы құнға жабдықталуға төленетін пайыз сомасы да кіреді. Толық бастапқы құн бойынша негізгі қор кәсіпорының негізгі іс-әрекетінің балансына жатқызылады. Оның шамасы негізгі қордың кезекті қайта бағалау сәтіне дейін өзгермейді. Бағалаудың бұл түрі меншікке салынатын салықтың шамасына және амортизациялық төлемдерді анықтауға қолданылады.

Информация о работе Негізгі құралдардың және .материялдық емес активтердің экономикалық мәні және құрлымы