Негізгі құралдардың және .материялдық емес активтердің экономикалық мәні және құрлымы

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 19:47, курсовая работа

Краткое описание

Халық шарушылығы есептерінің арасында бухгалтерлік есептің алатын орны ерекше. Барлық экономикалық ғылымдар ішінде бухгалтерлік есеп өз алдына дараланып тұратын бөлек ғылыми сала. Өйткені, бухгалтерлік есеп қоғамдық өндірістің дамуы жолында қажет. Бухгалтерлік есептің мәліметтері мен көрсеткіштері қоғамдық өндірістің дамуын экономикалық тұрғыдан зерттеуге бірден-бір негіз болып табылады. Сондықтан да бухгалтерлік есептің негізгі міндеті – халық шаруашылығының барлық салаларында нақты тұжырымды мемлекеттік талапқа сай есептеу жұмысын жүргізеді.

Оглавление

1.НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАР ЕСЕБІНЕ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК.............................................................................................................
1.1 Негізгі құралдардың мәні және жіктемесі......................................................
1.2 Негізгі құралдардың тозу есебі және аморттизацияны есептеу әдісі....................
1.3 Негізгі құралдарды бағалау,қайта бағалау және түгендеу......................................
2.МАТЕРИЯЛДЫҚ ЕМЕС АКТИВТЕРДІҢ СИПАТЫ,БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ЕСЕПТЕУ.............................................................................................................................
2.1 Материялдық емес активтердің сиаттамасы.............................................................
2.2 Материялдық емес активтерге бағалау тану...........................................................
2.3 Материялдық емес активтерге амортизация есептеу..........................
3.НЕГІЗІ ҚҰРАЛДАРМЕН МАТЕРИЯЛДЫҚ ЕМЕС АКТИВТЕРДІ ЕРЕКШЕЛЕУ,ЕСЕПТЕУ................................................................................................
3.1 Негізгі құралдардың жекелеген түрлерін есептеу ерекшеліктері................
3.2 Негізгі құралдарды тозуы материялдық емес активтерді түгендеу...............
3.3 Материялдық емес активтерді есептеп шығару, Негізгі құралдарды есептен шығару................................................................................................................................
КІРІСПЕ
ҚОРЫТЫНДЫ

Файлы: 1 файл

САЛТАНАТ Ф31.docx

— 107.15 Кб (Скачать)

 

Материалдық емес активтерді тану

38   «Материалдық  емес  активтер» ҚЕХС  (Қаржылық есеп  берудің  халықаралық  стандарттарына)  және  28  «Материалдық емес  активтер  есебі»  БЕС (бухгалтерлік  есеп  стандарттары) сәйкес  материалдық  емес  активтер әкімшілік  мақсатта  және  басты  субьектілерге   жалға  беруде,  өндірісте   және  тауарларды  (жұмысты,көрсетілген  қызметті) өткізуде  ұзақ  уақыт  бойы  (бір  жылдан  астам)  қолдануға  арналған, заттай  формасы   жоқ  үлестірілетін  ақшалай   емес  активтер, оларды:

  а) анықтауға болады;

  ә) субьект бақылайды

  б)қолданудан  субьекті  болашақта  экономикалық  пайда   алуды  күтеді;

 Материалдық емес  бап  материалдық  емес  актив   болып  саналады,егер:

  а)материалдық  актив  анықтамаларына  сәйкес  келсе

  ә)белгі-өлшемдерге  сәйкес  келеді және  мынадай  жағдайда  есепке  тіркеледі.

Субьектінің осы  активке  тікелей  байланысты   болашақта  күтілетін  экономикалық  пайда  алу  ықтималдығы   жоғары  болса;

Актив  құны  күмәнсіз  сеніммен  анықтауға болса;

Матеиалдық емес  активтерді  тану  сәтінде  олардың  бастапқы  құны  бойынша  бағаланғанында;

Материалдық  емес  активтердің  бастапқы  құны  оларды  сатып  алу  құнына  тең  болады,  бұған  оларды  алуға   кеткен   және   қолдануға  әзіпрлейтін  жағдайға  (сатып  алу  бағасы  орны  толып  өтелмейтін  салықтар   мен  алымдар  және  тағы  да  басқа  шығындар)  келтіруге  жұмсалған  шығындар  кіреді.

 Ұйымның  материалдық   емес  актив  обьектілерін  қабылдау-тапсыруды  құжатпен  рәсімдеу  үшін  материалдық   мес  актив  түрінің  толық   атауы,оның   ұйымға  берілген  ай-күні,  жылы, (ұйымда  жасалған  ай-күні,жылы),  обьектінің  сипаттамасы,  оның құны,  аммортизация  нормасы  және  басқа  да  қажетті  мағлұматтар  көрсетілуі  тиіс.

  Материалдық  емес  актив  обьектілерін  қабылдауды  рәсімдегенде  акт  материалды  емес  актив  обьектісінің  әрбір  обьектісіне  бір   данадан  жасалады. Материалды  емес  активтердің  бірнеше   біртектес  обьектілерін  қабылдауды  ресімдейтін  жалпы  акт   жасауы  мүмкін.  Акт  ресімделгеннен  кейін  материалдық  емес  актив  обьектімсін  немесе  оны  қолдануды  жүйелеп   баяндайтын  құжаттама немесе  осы  обьектіге қатысты   ұйымның  сондай  және  тағы  да  басқа  мүліктік  құқықтарын  растайтын  құжаттар  тіркеліп,  ұйымның  бухгалтериясына   беріледі,  оған  бас  бухгалтер   қол  қояды  және  ұйым  басшысы  немесе  соған  уәкілетті   адам  бекітеді.Басқа  ұйымға  материалдық  емес  активтерді  бергенде  немесе  сатқан  уақытта   акт  екі  дана  болып   жасалады, тапсыратын  ұйым  және  материалдық  емес  активтер  есебі  карточкасында  тиісті  жазба  жасалады.

 Материалдық  емес  активтерді  мынандай  түрлерге  бөліп  жіктеуге  болады:

 Лицензиялық келісімдер-  кәсіпорынға үкіметтік органдар  немесе  муниципиалитет  беретін және  қоғамдық  меншікті  монополиялық пайдалануға (электр  желілері  үшін  қоғамдық  жерді пайдалануға және т.б)  беретін құқықтар

 Бағдарламамен   қамтамасыз ету,  ол әдетте  сатып алынады,  не  болмаса субьектінің өзі жасайды және  сыртқы  немесе  ішкі  мақсаттарға арналады.

 Патенттер- заңды түрде танылған  және  тіркелген айрықша құқықтар. Патент  белгілі бір өнімді  шығаруға, не  болмаса арнайы  ерекше  процесспен  технологияны  пайдалануға   эксклюзивтік  құқық береді. Патенттік құқық сырттан басқа тұлғалар  араласпаған кезде патент  таратылатын үрдісті немесе  қызметті,  бұйымдарды  пайдалануға,  өндіруге,  сатуға  және  бақылауға иесіне  мүмкіндік береді. Өндіріс дизайнын  тіркеу  өндірілетін бұйым түріне,  үлгісіне  немесе  моделіне  сәйкес  келетін патентке  ұқсайды.  Өндіріс дизайнын  тіркеу  сыртқы  нысанды ана қорғаса патент  қызмет  көрсетуді қорғайды

Ұйымдастыру  шығындары  (қалдырылған шығындар) – субьект шеккен  шығындар, олардан тек болашақта ғана  нәтиже  алынады немесе  шығындар  болашақ кезеңдерге  (ұйымның мекен-тұрақты ауыстыруына байланысты  шығындар,  ұзақ  мерзімді  алдын ала төлеу-бірнеше жыл бұрын аванс түрінде төленетін)  сақтандыру

 Гудвилл-субьектінің жағымды сипаттамасына байланысты  сатып алушының  сауда сәтінде пайда болған  құндылығы. Ол  сатып алушының  бухгалтерлік  балансында  сатылым (субьектінің тұтастай  алғандағы құны)  мен таза  активтердің жеке-жеке  нарықтық  құн сомасы  арасындағы  айырма  ретінде анықталады. Есеп  мақсаттары  үшін  гудвилл фирманың  алған нақты бағасы  мен таза  активтердің сәйкес  теңестірілген әділ нарықтық  бағасы  арасындағы  айырма  ретінде қарастырылады. Таза  капитал: «капитал  минус міндеттемелер»  болып анықталады.

Басқадай (авторлық  құқықтар-шығарма,әзірлеме  және  тағы  да  басқа авторларға  заңмен  берілетін қорғау  формалары, сауда маркалары немесе  тауарлық  белгілер- ұйымға, өнімге  (көрсетілген қызметке)  берілген,  атаулар,  рәміздер  немесе  сәйкестендіруді білдіретін  басқалары); франшизалар-мемлекеттік меншікті  пайдалану құқығына  ие  болу  немесе  коммуналдық қызмет  көрсету және  т.б үшін  үкіметтік органдар  береді.

 

Материалдық  емес  активтер  мыналар  нәтижесінде  алынуы  мүмкін:

Сатып  алулар

Жарғы  капиталына  салымдар- материлдық  емес  активтер  тараптардың  шартпен  белгіленген  бағасы  бойынша  есепте көрсетіледі:  1)жарияланған  капитал сомасына; 2)жарғыда  көрсетілген, салынған  материалдық  емес  активтердің  келісім шарттық  құны;

Кәсіпорындардың  бірігуі  нәтижесінде  ие  болу- материалдық  емес  активтердің  бастапқы құны  өткізу  құны бойынша  мойындалады, егер  оны  күмәнсіз  сеніммен  бағалау  мүмкін  болмаса, онда актив  жеке  материалдық  емес  актив  болып  танылмайды,  алайда  гудвиллге  (фирманың  іскерлік  беделіне  бағасы)  енеді; өйткені  жақсы  іскерлік  бедел, қолайлы  мекен  тұрақ  бар, тауар  нарықта  жақсы  белгіленген  бағасы бар  және  т.б.

Мысалы,  8 000  000  теңгеге ұйым  сатып алынды, активтің  өзіндік құны 6 000 000 теңге

      1.Активтің  нақты  құн  сомасы

  «басқадай кредиторлық берешек» шот дебеті

              Ағымдық шоттағы ақша» шот кредиті                  6 000 000

             2. Гудвилл  сомасына:

 «Гудвилл»  шот   дебеті

              «Ағымдық  шоттағы  ақша                                         2 000 000

              3.Қосылған  кезде:

  Барлық  активтердің   дебеті

              «Басқадай кредиторлық берешек» шот кредиті.   6 000 000

Материалдық   емес   активтердің  келу  есебінің  сызбасы.

 

«Жарияланған  капитал»    «Материалдық емес активтер

Сатып  алынған  таза  активтердің  әділ  құны  фирманың  сатылым  бағасы мен  алынған  активтердің  әділетті  құн  арасындағы  есептелетін  теріс  айырма  болып  табылады  және  теріс  гудвилл  (бэдвил) деп  аталады. Кез  келген  теріс  гудвилл  фирма  алған  активтердің  құндылықтарын  азайту  үшін  пропорционалды  бөлінуге  тиіс. Мұндай  жағдайда  теріс  гудвиллді  болдырмау  үшін  материалдық  активтердің  құндылығын  азайту  қажет.

Мемлекеттік  жәрдем  ақша  (субсидиялар)  есебінен  шығындардың  нақты  сомасына (бағдарламамен  қамтамасыз  ету)

Айырбас-ұқсас  емес  активке  айырбастау  нәтижесінде  алынған  материалдық  емес  активтердің  бастапқы  құны  алынған  немесе  төленген  ақшалай  қаражат  сомасына  түзетілген, айырбасқа  алынған  активтің  өткізу құны  бойынша  мойындалып,  танылады.

         Тауарлық  белгі  алынды:

        а)келісімшарттық  құнға:

«Басқадай  материалдық  емес  активтер» шот  дебеті

         «Төленуге  тиіс  шоттар»   шот  кредиті.                    100  000;

        ә)ҚҚС  сомасына:

«Өтелетін ҚҚС» шот кредиті                                              

 «Төленуге  тиіс  шоттар»  шот  кредиті                        16 000.

            Айырбасқа  берілген  бағдарламамен   қамтамасыз 

            етудің  нақты    өзіндік   құны  есептен  шығарылды:

«Материалдық  емес  активтердің  ічстен  шығуы 

         бойынша   шығындар» шот   дебеті

      «Бағдарламамен  қамтамасыз ету» шот  кредиті         60 000

            Сатып  алушыға  шот  ұсынылады:

          а) берілген  бағдарламамен   қамтамасыз  етудің 

             келісімшарттық  құнына:

«Алуға  арналған  шоттар»  шот дебеті

           «Материалдық  емес  активтердің   істен  шығуынан 

                 түскен кіріс»  шот  кредиті                                       80 000

           ә)Келісімшарттық  құнының  15%  ҚҚС  сомасына

  «Алуға  арналған  шоттар» шот  дебеті

        «ҚҚС»   шот  кредиті                                                  12 000

         Айырма  сомасы  аударылды:

«Төленуге  тиіс  шоттар»  шот  дебеті

«Ағымдық   шоттағы  ақша» шот  кредиті               24 000

 Өзара талаптарды  қоса  есептеу  жүргізілді

 «Төленуге  тиіс  шоттар»  шот  дебеті

            «Алуға  арналған  шоттар» шот   кредиті                 92 000

 Ұқсас  материалдық   емес  активтерге  айырбастау  нәтижесінде  алынған  материалдық   емес  активтің  бастапқы  құны  айырбас  активінің  баланстық   құны  бойынша  танылады  және  табыс  әкелмейтін  мәміле  болып  саналады

«Бағдарламамен  қамтамасыз  ету»  шот  дебеті «Бағдарламамен  қамтамасыз  ету» шот  кредиті

Құру-субьектінің  өзі  жасаған  материалдық  емес  активтердің  бастапқы  құны  іс  жүзіндегі  нақты  тікелей  және  қосымша  шығындар  сомасы  бойынша  танылады, олар  материалдық  емес  ативтерді  мойындау  өлшемдері  (критерииі)  мен  анықтамасына  материалдық  емес  баптардың  сәйкес  келген  сәтінен  бастап  шеккендерін  белгілеу  бойынша  қолдануға  арналған  активті  жасау  мен  әзірлеу  үшін  байыпты, ақылға  қонарлық  негізде  таратылуы  мүмкін. Материалдық  емес  бапты  жасауға  кеткен  шығындар  анықтама  мен  өлшемдерге  сәйкес  келетін  сәтке  дейін  активтің  бастапқы  құнына  кірмейді  және  кезең  шығындары  болып  танылмайды.

Материалдық  емес  активтерді  құрған  кезде  барлық  жұмыстар  зерттеулер  мен  әзірлемелер  сатыларынан  құралады.

  Зерттеулер  сатысы- жаңа  ғылыми  немесе  техникалық  білім   үшін  әрекеттенген, талап  қуып,  алдын  ала  қам  жасаған,  жоспарланған  ізденістер. Бұл   сатыға  мыналар  жатады:жаңа  білім  алуға  бағытталған   зертханалық  зерттеулер  жаңа  зерттеу  олжасын  немесе  басқа  білімді  іздеу: болашақ   өнім  немесе  өндірістік  нұсқаларды   жасау мен  ұғымын  тұжырымдау.  Зерттеу  сатысында  субьект   болашақта  экономикалық  пайда   әкелетін  материалдық  емес  активтер  бар  екендігін   айқара  ашық  көрсете  алмайды,  сондықтан  мұндай   шығындар  кезеңнің  шығындары  болып   танылады.

   Зерттеу   саласындағы   шығындар  қалай  көрсетілгеніне  қарастырайық:   зерттеу  жұмыстарына   шығындар  шықты  (қызметкерлерге  еңбекақы  есептелді  еңбекті   өтеу  қорынан  әлеуметтік  салық  аударымы  және  басқа   шығындар  жасалды);

Ізденістерінің  немесе  басқа  ілімдерінің  нәтижелерін  жаңа  немесе  түпкілікті  жетілдірілген  процестерді,   материалдарды,  өнімдерді,  жүйелерді  және  көрсетілетін  қызметтерді  жоспарлауға  немесе  әзірлеуге  ауыстырып, көшіру.  Бұл  сатыға  мыналар  жатады:  тәжірибелік  үлгілер  мен  модельдержі  жобалау,  құрастыру (конструкциялау)  және  тестілеу,  жаңа тезнологиямен  құрал-аспаптарды,  қалыптарды  (шаблондарды),   пішіндер  (формалар)  мен  штамптарды  жобалау:  коммерциялық  өндіріс  үшін  экономикалық  қондырғыларды  жобалар  мен  пайдалану;  таңдалған  баламалы  материалдарды, құрылғыларды,  өнімдерді,  процестерді,  жүйелерді  немесе  көрсетілген  қызметтерді  жобалау,  құрастыру  (конструкциялау)  және  тестілеу.

      Субьект   кейбір  жағдайларда  әзірлеме  сатысында  материалдық  емес  активтерді  үйлестіріп,  бұл   активтің  болашақта  экономикалық  пайда  әкелуі  ықтимал екендігін   жариялап  көрсете  алады. Мысалы, фирманың  экономикалық  пайда   әкелуі  мақсатымен  қайта   жарақтануын  көздейтін  бизнес- жоспар  жасалынады.

     Әзірлеме сатысындағы   материалдық  емес  бапты   құрған  кезде  шығындар  былайша   көрсетіледі:

-материалдық  емес  активтерді  жасауға  шығындар  болды:

 

 

2.3 Материялдық емес активтерге амортизация есептеу

  Материалдық  емес  активтердің  аммортизациясы  (мүліктің   ұсталуы,  тозу   дәрежесіне   қарай  құнын   бірте-бірте  төмендету)  субьектінің   қызмет  теу  мерзімінен   артпайды.  Материалдық   емес  активтердің  аммортизацияланатын   сомасы  оның   пайдалы  қызмет   ету  мерзімінің    бағасына   неғұрлым   жуық  негізді   жүйелі  түрде   бөлінеді.

   Материалдық   емес  активтердің  аммортизациясын   есептеу  6  -  «Негізгі  құрал-  жабдықтар   есебі»  БЕС- нда  (Бухгалтнерлік  есеп   стандарттары)  белгіленген  тәсілдер   жолымен   анықталады.  Бірақ  қолданылатын  тәсіл  активті   қолданудан  түскен  экономикалық  пайданы   тұыну   үлгісін  анықтау  мүмкін  болмаса,  онда   тіксызықты  есептен  шығару  әдісі  қолданылады.

Аммортизацияланатын  құн-  «бастапқы  құн  минус  жойылу құны»  болып  айқындалады.

Жойылу  құны  нөлге  тең  есептеледі,  егер:

Пайдалы  қызмет  ету  мерзімі  соңында  оны   сатып  алу   туралы   үшінші  жақтың  келісімі  болмаса;

мыналарға   байланысты  материалдық  емес  активтердің  бұл  түрі  үшін  белсенді  нарық  болмаса;

Информация о работе Негізгі құралдардың және .материялдық емес активтердің экономикалық мәні және құрлымы