Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 19:47, курсовая работа
Халық шарушылығы есептерінің арасында бухгалтерлік есептің алатын орны ерекше. Барлық экономикалық ғылымдар ішінде бухгалтерлік есеп өз алдына дараланып тұратын бөлек ғылыми сала. Өйткені, бухгалтерлік есеп қоғамдық өндірістің дамуы жолында қажет. Бухгалтерлік есептің мәліметтері мен көрсеткіштері қоғамдық өндірістің дамуын экономикалық тұрғыдан зерттеуге бірден-бір негіз болып табылады. Сондықтан да бухгалтерлік есептің негізгі міндеті – халық шаруашылығының барлық салаларында нақты тұжырымды мемлекеттік талапқа сай есептеу жұмысын жүргізеді.
1.НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАР ЕСЕБІНЕ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК.............................................................................................................
1.1 Негізгі құралдардың мәні және жіктемесі......................................................
1.2 Негізгі құралдардың тозу есебі және аморттизацияны есептеу әдісі....................
1.3 Негізгі құралдарды бағалау,қайта бағалау және түгендеу......................................
2.МАТЕРИЯЛДЫҚ ЕМЕС АКТИВТЕРДІҢ СИПАТЫ,БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ЕСЕПТЕУ.............................................................................................................................
2.1 Материялдық емес активтердің сиаттамасы.............................................................
2.2 Материялдық емес активтерге бағалау тану...........................................................
2.3 Материялдық емес активтерге амортизация есептеу..........................
3.НЕГІЗІ ҚҰРАЛДАРМЕН МАТЕРИЯЛДЫҚ ЕМЕС АКТИВТЕРДІ ЕРЕКШЕЛЕУ,ЕСЕПТЕУ................................................................................................
3.1 Негізгі құралдардың жекелеген түрлерін есептеу ерекшеліктері................
3.2 Негізгі құралдарды тозуы материялдық емес активтерді түгендеу...............
3.3 Материялдық емес активтерді есептеп шығару, Негізгі құралдарды есептен шығару................................................................................................................................
КІРІСПЕ
ҚОРЫТЫНДЫ
Еңбек құралдарын жасауға және иеленуге кететін шығындар әр түрлі уақыттарды жүзеге асырылады және бұл өздерінің тұтыну қасиеттеріне байланысты зерзаттардың бастапқы құнын түрлендіруге әкеледі.Толық бастапқы құн бойынша ескерілген негізгі қорды сатып алу бағасы инфляция кезінде уақыт өткен сайын өзгеріп отыратын ағымдағы бағамен сәйкес теңестіріледі. Бұл негізгі қордың динамикасын, өндірісін зерттеуді қиындатады, негізгі қорлардың өнім көлеміне немесе алынған табысқа қатысты алынған көрсеткіштерді сәйкессіздендіреді.
Осылайша, бастапқы құнның бағалар тұрғысынан сәйкессіздігі, бағалаудың бұл түрін негізгі қорлардың көлемдерін салыстыруға жарамсыз етеді.
Толық қалпына келтіру құны бағалауды қайта орындау процесінде негізгі қорларды жаңа түрде қайта өндіруге қажетті шығындарын анықтайды. Бұл жағдайда амортизация сомасын анықтау амортизациялық төлемдердің мөлшерін дәл анықтау, негізгі қорлардың көлемдерін және динамкасын зерттеу барысында барлық кәсіпорындарды тұтас экономикалық жағдай жасауға мүмкіншілік беретін бағалардың сәйкессіздігі жойылады.
Қалпына келтіру құны негізгі
қордың іс-әрекетке келу уақытындағы
бастапқы құнымен сәйкес келеді. Бұдан
әрі бастапқы және қалпына келтіру
құндарының айырмашылықтары негізгі
қордың және элементтердің өзгеруіне
байланысты болады. Әдетте іс-әрекетке
келумен негізі қорды қалпына
келтіру құнының алшақтығы
Тозуды алып тастағандағы бастапқы құн дәл сол кезеңде пайда болған тозудың сомасын алып тастағандағы толық бастапқы құнға сәйкес келеді, яғни негізгі қордың қызмет ету процесінде өнімге аударылған құнының бөлігіне тең. Ол қалдық құны деп аталады, оны анықтауға қажетті тозудың сомасы бухгалтерлік баланстың пассивінде көрсетіледі, негізгі қордың қалдық құны жылдық есепке енгізіледі.
Негізгі құралдарды қайта
бағалау №16 ХҚЕС сәйкес, негізгі
құралдардың бастапқа құнын белгілі
бір күнге әрекет етіп тұрған бағасымен
сәйкес келтіру үшін объектілерге қайта
бағалау жүргізіледі,содан соң
ол есепте және есеп беруде көрініс
табады.Оның барысында негізгі құрал-
Инфляция (ақшаның құнсыздануы)
жағдайында негізгі құралдарды қайта
бағалау негізгі құрал-
Негізгі құрал-жабдықтарды
қайта бағалауды өткізу үшін мүліктік
түгелдеудегідей комиссия құрылады.
Негізгі құралдарды қайта бағалауды
өткізердің алдында мүліктік түгелдеу
жүреді. Негізгі құраларды қайта
бағалауда олардың бастапқы (ағымдағы)
құны негізгі мәлімет болып
Негізгі құралдарды түгендеу.
Бухгалтерлік есеп пен есеп берудің деректерінің дұрыстығын қамтамасыз ету мақсатында шаруашылық субъектісі жылына кем дегенде бір рет мүліктермен қаржылық міндеттемелерге түгендеу жүргізеді.
Бухгалтерлік есептің 24 «Бухгалтерлік қызметтің жұмысын ұйымдастыру» деп аталатын стандартқа сәйкес әрбір шаруашылық жүргізуші субъект өз бетінше жүйелі түрде түгендеу жұмысын жүргізіп отыруды көздейді.
Негізгі құралдар түгендеудің
негізгі міндеті болып
Есепте
Нақты қолда барын бухгалтерлік есеп деректерімен салыстыру арқылы негізгі құралдар сақталуын бақылау;
Жиынтығы бұзылған және куйреудің,тозудың
және басқа себептердің салдарынан
бұдан әрі пайдалануға
Машиналарды,механнизмдерді,
Түгендеуді:
Жылдық бухгалтерлік есептемені
жасамас бұрын,бірақ есепті жылдың
бірінші қарашасынан
Кәсіпорын мүлкін жалға бергенде,өтемін төлеп алғанда, сатқанда, сондай-ақ шаруашылық субъектісі жүргізген кезде түгендейді;
Негізгі құралдарды мүліктік
түгендеу жылдық қаржылық есеп беру мен
баланстарды жасау алдында,
2.МАТЕРИЯЛДЫҚ ЕМЕС АКТИВТЕРДІҢ СИПАТЫ,БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ЕСЕПТЕУ
2.1 Материялдық емес активтердің сиаттамасы
Материалдық емес активтер- белгілі бір нақтылы табиғи пішіні жоқ, ақша немесе зат түріндегі активтер қатарына жатпайтын, бірақ қандай да бір бағаға, құнға бағаланатын болғандықтан кәсіпорын өнім өндіруде, тауарларды сатуда, қызмет көрсетуде, негізгі құралдарды жалға беруде немесе әкімшілік қызмет барысында үнемі, яғни ұзақ уақыт бойы қосымша табыс әкеліп тұратын активтерді айтамыз.
Кәсіпорында материалдық емес активтердің қатарына Лицензиялық келісімдерді, Программалық жабдықтарды, Патенттерді, Ұйымдастыру шығындарын, Гудвилді, Франчайзингті, Сауда маркаларын, Авторлық құқықты жатқызуға болады.
Кәсіпорында материалдық емес активтер басқа заңды немесе жеке тұлғалардан сатып алыну, басқалардың субъсидия ретінде немесе сыйға беруі барысында, сондай-ақ кәсіпорынның өз ішінде ойлап табуы негізінде пайда болады.
Обьектілерді материалдық емес активтердің қатарына кіргізу тәртібі және олардың құрамы белгіленген заңдарға сәйкес тиісті нормативтік актілерде қарастырылған.
Материалдық емес активтер кәсіпорынның балансында бастапқы құны бойынша кіріске алынады. Бұл материалдық емес активтердің бастапқы құны былайша анықталады.
Құрылтайшылар мен үлес қосушыларының кәсіпорынға жарғылық қорына қосқан үлесі есебінен келіп кіріске алынған материалдық емес активтердің бағасы екі жақты нақты келісім бойынша бағаланады.
Заңды тұлғалар мен жеке адамдардан тегін (қайтарымсыз) сый ретінде алынған материалдық емес активтер сол уақыттағы нарықтық баға бойынша бағаланады.
Басқа заңды тұлғалардан, сондай-ақ жеке адамдардан сатылып алынған материалдық емес активтер, ол обьектілерді сатып алуға және оларды пайдалануға жұмсалған шығындар сомаларының қосындысы бойынша бағаланады.
Бұл материалдық емес активтердің баланстық бағасын анықтаудың жалпы әдісі болып табылады. Бірақ кейбір материалдық емес активтердің бастапқы құнын анықтаудың ерекшеліктері бар. Бұған мысал ретінде соңғы уақыттарда акционерлік қоғамдар мен жекешелендірілген шаруашылық субъектілерінде және басқа да ұйымдарда қолданылып жүрген «Ноу-Хау» деген ұғымды келтіруге болады.
«Ноу-Хау» -шаруашылық қызметі яғни пайдалануы барысында субъектіге табыс беретін жаңа технологиялық шешімдер мен жаңалықтарды, құпия мәліметтерді, айрықша құқықтарды, яғни жеке тұлғаның өзі тапқан ғылыми және басқадай жаңалығын айтуға болады. Ноу-Хау патенттен өзгеше болады. Кәсіпорындар патентті сатып алады, сондықтан да ол үшін сатып алуға қаржы жұмсалғандықтан оның бастапқы құны болады. Көбіне Ноу-Хау ды кәсіпорынның үлес қосушылары мен құрылтайшылары өздерінің ұйымдағы жарғылық қорға қосқан үлесіне береді, оның бағасы яғни бастапқы құны оны кәсіпорынға кіріске алатын, яғни балансқа алатын уақыттағы екі жақты нақты келісім бойынша белгіленеді.
Материалдық емес активтердің тағы да бір түрі- Лицензиялық келісімдер. Ол белгілі бір заңды тұлғаның бір тауарды өндіру немесе сату құқын екінші бір заңды тұлғаға беруі болып табылады..
Материалдық емес активтердің Гудвилл деп аталатын түрін кейде «Фирма бағасы » деп те атайды. Гудвилл материалдық емес активтер шотында есептелініп және сонымен қатар ол бір кәсіпорын екінші бір кәсіпорынды толығымен, яғни түгелдей сатып алған кезде немесе екі кәсіпорын қосылған уақытта ғана пайда болады.
Патент- жеке адамның
немесе топтың, сондай-ақ заңды
тұлғаның ашқан, ойлап тапқан
жаңалығын мемлекеттік
Ұйымдастыру шығындарына- кәсіпорынды жаңадан ашу, құру кезінде жұмсалған шығындар, яғни ұйымды тіркеуден өткізуге және оны тіркеуден өткізу үшін заң орындарында төленген төлемдер, банктерден есеп айырысу немесе валюталық, басқадай шоттар ашу үшін жұмсалған шығындар.
Материалдық емес активтер өндірісте ұзақ мерзім бойына пайдалану үшін немесе тауарларды жұмыстарды, қызметтерді сатуға, әкімшілік мақсатқа және басқа субъектілерге жалға беруге арналған табиғи нысаны жоқ ақшалай емес активтер. Бұл активтерді анықтауға болады, олар субьектілер күшімен бақыланады және оларды пайдаланған субьект болашақта экономикалық олжа табады.
Материалдық емес активтерге: лицензиялық келісімдер компьютерлік бағдарлама мен қамтамасыз етулер, патенттер, авторлық құқықтар, тауар белгілері, қызмет ету белгілері, фирма атаулары, тәжірибелі конструкторлық жұмыстар және тағы да басқалар жатқызылады.
Бірлескен немесе акционерлік кәсіпорындарды құру кезінде пайда болған шығындар ұйымдастыру шығынына жатады. Бұл шығынға пайда болған кезеңнен бастап, материалдық емес активтер болып есептелінеді. Оған кәсіпорын қызметінің бастапқы кезеңіндегі шығындарымен кәсіпорынның әрбір қатысушыны ұйымдастыру шығындары кірмеуі тиіс.
Материалдық емес активтерді анықтауға болады: егер оларды жалға берсе, сатса, айырбастаса, болашақта алынатын экономикалық олжаға олардың тікелей қатынасы болса. Материалдық емес актив субьект бақылай алатын алатын болса, онда оның экономикалық олжа табуға мүмкіндігі ашылады. Материалдық емес активтер-нақты табиғи нысаны жоқ сезілмейтін құндылыққа ие болғанымен материалдық активтердің де материалдық емес активтердің де құрамында кездесуі мүмкін.
Кейбір материалдық емес активтер физикалы заттың құрамында болады, атап айтсақ: компьютер бағдарламамен қамтамасыз ететін дискетте, фильм лентасында, заңды құжаттау (лицензия, патент)-қағазда болады, бұған қарамастан материалдарда материалдық емес активтердің де есебінде көптеген ұқсастықтар бар, бірақ соңғының есебінде теңестіру не ұқсастықтарын өлшеу, пайдалы қызмет ету мерзімін бағалау сияқты аспектілері өте күрделі болып саналады.
Кейбір материалдық емес активтер фирманың бас қа да активтеріне жеке теңестірілуі мүмкін, мысалға патент, сауда маркасы сияқтылары, ал басқалары болса жеке теңестірілмеуі мүмкін. Олай болған жағдайда осындай материалдық емес активтер құны басқа да фирманың активтерімен тығыз байланыстырылады. Бұндай матеириалдық емес активтер қатарына гудвилл жатады, ол клиенттердің сеніміне немесе қызметкерлердің машықтық деңгейіне негізделеді.
Мысал: жоғары радиациялық зонада орналасқан формаццевтикалық «Феникс» кәсіпорны дәрі-дәрмек препаратын өндіретін фармацевтикалық «Бота» фирмасымен лицензиондық келісім жасасты делік. Ол радиациондық сәуленің әсерінен болатын ауркуларды емдеу үшін қажет.компанияның келешектегі экономикалық пайдасы жоғарыда аталған лицензиондық келісіммен де тікелей байланысты болады, егер де:
-сол жерде тұратын халықтың шығарылатын препаратқа деген сұранысы жоғары болса және онда жүргізілген әлеуметтік мәселелерге, сондай- ақ өндірілетін препараттың келешекте үлкен экономика лық пайда табуына толық сенімі болса;
- препарат өндіру үшін компания басшылығы келісімді пайдалануға ниет білдіріп, ал оның бизнес-жоспарында көрініс тапса;
-кредиторлардың жасасқан келісімі шартқа сай, қаржылық және тағы да басқалай қажет ресурстарды беруге ынтасы бар болса;
Субьект кейбір жағдайларда тиесілі заңды құжаттардың құқын рәсімдемей - ақ осы экономикалық ложамен басқа да кәсіпорнындардың шұғылдануына тыйым сала алады.
Материалдық емес активтер шартты түрде төрт топқа бөліп қарастырылады.
1. Өндіріспен байланысты материалдық емес активтер
Бұл топқа «Ноу-Хау», ЭЕМ мен мәліметтер базасын бағдарламалық жабдықтау, интегралды микросхемалар технологиясы, ұйымдастыру шығындары және тағы да басқа.
2.Коммерциялық қызметпен байланысты материалдық емес активтер. Бұл топқа тауар таңбалары, тауарлардың шыққан жері т.б жатады.
А) тауар таңбалары мен қызмет көрсету таңбалары- тауарларды тиесілі таңбалар бойынша айыра алатын белгісін айтамыз. Кәсіпкерлікті жүзеге асырушы заңды немесе жеке тұлға атына тіркелсе, тауардың таңбасы құққытық заңдарымен қорғалады. Таңбалар сөз түрінде, көркемсурет түрінде, көлемді немесе бәрінің комбинациясы түрінде болуы мүмкін: олар кез келген түсте немесе түстер үйлесіміндн тіркелу заңды немесе жеке тұлға тіркелген барлық тауарға не оның оның бір бөлігінде қатысты тауар таңбасын, оның иесінің келісім бойынша бере алады. Бұл әрекет лицензиялық келісім бойынша белгіленген тәртіпке сай істелінеді.