Қаржы құқығының негізгі ұғымдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2011 в 10:01, реферат

Краткое описание

Қаржы құқығы мемлекеттің дамуының әрбір нақты кезеңінде оның міндеттері мен қызметтерінің үздіксіз атқарылуын қамтамасыз ету үшін мемлекеттің қаржылық қызметінің барысында пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.

Оглавление

КІРІСПЕ
Қаржы құқығының негізгі ұғымдары
Бюджет құқығы негіздері
Салық: ұғымы, жүйесі, түрлері
Инвестициялық қызметті құқықтық реттеу
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Файлы: 1 файл

Основы права-реферат.doc

— 175.50 Кб (Скачать)
 

Жоспар:

                                                                                                                                                                                       

     КІРІСПЕ

  1. Қаржы құқығының негізгі ұғымдары
  2. Бюджет құқығы негіздері
  3. Салық: ұғымы, жүйесі, түрлері
  4. Инвестициялық қызметті құқықтық реттеу

     ҚОРЫТЫНДЫ

     ҚОЛДАНЫЛҒАН  ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

              1. Қаржы құқығының негізгі  ұғымдары
 

   Қаржы құқығы мемлекеттің дамуының  әрбір нақты кезеңінде оның міндеттері мен қызметтерінің үздіксіз атқарылуын қамтамасыз ету үшін мемлекеттің қаржылық қызметінің барысында пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.

   Мемлекеттің қаржылық қызметі  түрлі әдістердің көмегімен іске асырылады. Осындай әдістердің бірі ақшалай қаржы жинау, яғни, жеке және заңды тұлғалардың табысының, пайдасының бір бөлігі заңда көрсетілген мерзім мен мөлшерде мемлекеттің бюджетіне түседі. Бюджетке аталған түсімдердің уақытында төленуін мемлекеттің арнайы органдары бақылап отырады. Белгіленген мөлшерде, бюджеттік емес қорларға да міндетті жарналар жіберіледі, мысалы, зейнетақы жинақтау қорларын айтуға болады. Мемлекеттік мекемелердің халыққа көрсеткен қызметтері үшін алынатын мемлекеттік баждар мен алымдар да міндетті түрде мемлекеттік бюджетке түседі.

   Ақшалай қаржыны бөлу мен пайдаланудағы  негізгі әдістердің бірі қаржыландыру мен несие беру әдістері. Қаржыландыру ол жоспарлы, мақсатты, қайтарымсыз, ақысыз, мемлекеттік бюджеттен берілетін ақшалай қаражат, яғни бюджет қаражатын алушыларға осы қаражатты бөлу.

   Ал керісінше, несие беру банкілік қарыз түрінде жоспарлы, мақсатты, ақылы және белгіленген мерзімде қайтарылатын, пайызбен берілетін ақшалай қаржы. Бүгінгі таңда несие берудің мемлекеттік, банктік және коммерциялық сияқты түрлері бар. Мемлекеттік несие бір мемлекеттің басқа шет мемлекеттердің және олардың жеке және заңды тұлғалардың, инвесторлардың, халықаралық қаржылық ұйымдардың ақшалай қаржыларын уақытша пайдалануы. Мемлекет бұндай жағдайда қарыз алушының рөлінде болады. Банктік несие банктің қарауына уақытша айналыстан бос ақшалай қаржыларды жинақтау қатынастарын қамтиды.

   Коммерциялық несие банктік қаржыландырудан түбірінен өзгешеленеді. Коммерциялық несие кейде тауарлы деп те аталады. Оның мәні қаржыны қайтаруды кейінге қалдыруға рұқсат беріледі. Сонымен кәсіпорын несиеге алған материалдарды кейін өтеуге мүмкіншілік арқылы несие алады. Коммерциялық несие векселмен бекітіледі және вексельді банктер есепке алады да, сөйтіп коммерциялық несие біртіндеп банктіік несиеге ұласады. Сонда заңнамалар нормаларына сәйкес келетін вексель вексель иесіне берілген жазбаша кепілдік болып табылады.

   Мемлекеттің қаржылық іс-әрекет  және қаржылық бақылаумен айналысатын  көптеген органдары бар. Оларға  мемлекеттік биліктің жоғарғы өкілетті және  атқару органдары – Мәжіліс пен Сенат, Үкімет, Қаржы министрлігі, Ұлттық банк, Санақ палатасы, Қазыналық, салық комитеттері, салық полициясы, басқа да көптеген қаржылық бақылауды іске асыратын әр түрлі инспекциялар жатады.

   Мемлекеттік емес кәсіпкерліктен  басқа тірлікпен айналысатын  субъектілердің қаржылық-шаруашылық  жағдайын тексеруді мемлекеттік  емес тексеру-бақылау органдары  – аудиторлар жүзеге асырады. 

   Мемлекеттің қаржылық іс-әрекетінің  барысында материалды және ұйымдастырушылық сияқты екі түрлі қаржылық қатынастар қалыптасады.

   Материалды қаржылық қатынастар мемлекеттік ақша қорларын қалыптастыру және бөлу үрдісін, ақшылай қаржылардың қозғалысын қосымша реттейді. Бұл қатынастар нақты ақшаның төлеушілерден мемлекеттік қорға не болмаса, керісінше, мемлекеттік қордан оны алушыларға қарай бағытталуымен байланысты. Мысл ретінде мемлекеттік бюджетке түсетін салық, салық төлеушіден мемлекеттік бюджетке барса, керісінше, мемлекеттік бюджеттен бөлінетін зейнеткерлерге төленетін зейнетақы, жетім балаларға төленетін көмекақылар бюджеттен азаматтардың әлеуметтік мұқтаждықтарына бағытталады.

   Ұйымдастырушылық  қаржылық қатынастар  мемлекеттің ақша, қаржы жүйелерінің, қаржыны мемлекеттік басқару жүйесінің, қаржылық жоспарлауды ұйымдастыруды, мемлекеттік қаржылық бақылауды ұйымдастыру барысында қалыптасады. Бұл қатынастар экономикалық сипатта болмағандықтан ақша қаржыларының қозғалысын жанамалайды. Бірақ, олар материалды қаржылық қатынастардың қалыпты қызметін қамтамасыз етеді. Егер материалды қаржылық қатынастардың негізгі нысаны ақша болса, ұйымдастырушылық қаржылық қатынастардың нысаны мемлекеттік қаржылық құрылым болып табылады.

   Қаржылық бақылау. Қаржылық бақылау мемлекеттін қаржылық іс-әрекетінің ақша-қаржы ағымын, бюджеттің қазынасын қатаң сақтау мен бақылауға бағытталған маңызды бір бөлігі. Қаржылық бақылау барынша күрделі жүйе және ол төмендегідей бірнеше бөліктерден тұрады:

  1. бақылау субъектісі;
  2. бақылау объектісі;
  3. бақылау заты (тақырыбы);
  4. бақылаудың мақсаты;
  5. бақылауды іске асырудың әдістері.

   Қаржылық бақылаудың субъектісі болып қаржылық бақылауды іске асыруға құзыреті  бар арнайы мемлекеттік не мемлекеттік емес органдар, лауазымды адамдар табылады. Сондықтан, тікелей тексеруші қаржылық бақылаудың субъектісі, ал тексерілуші объектісі болады.

   Мемлекеттік қаржылық бақылаудың  объектісіне осы бақылаудың шеңберіне  ілінген тұлғалар, нақты айтсақ:

  1. мемлекеттік органдар;
  2. мемлекеттік заңды тұлғалар;
  3. мемлекеттік емес заңды тұлғалар;
  4. азаматтар жатады.

   Қаржылық бақылаудың  заты (тақырыбы) қаржылық қатынастардың субъектісі ретінде өзінің міндеттерін атқару тұрғысынан қарағандағы, бақылау объектісінің іс-қимылы (әрекет не әрекетсіздік).

   Қаржылық бақылаудың  мақсаты: біріншіден, қаржылық құқықтық қатынасқа қатысушылардың өздерінің қызметтік міндеттерін сапасыз атқаруын және олардың қаржы саласындағы құқық бұзушылық фактілерін анықтау;

екіншіден, кінәлілер мен айыптыларды тауып, оларды заңнамаларда көрсетілген тәртіп бойынша жауапқа тарту;

үшіншіден, қаржылық тәртіп бұзушылықты және оның салдарларын жою.

    

                  1. Бюджеттік құқық негіздері
 

   Материалды мағынасында бюджет мемлекеттің ақша қоры. Осы тұрғыдан қарағанда бюджет дегеніміз мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыруды қаржымен қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры.

   Құқықтық санат мағынасында  бюджет көмегімен орталық және жергілікті деңгейлердегі мемлекеттік ақша қорының қалыптасуының және бөлінуінің қаржылық жоспары бекітілген қаржылық-құқықтық акті.

   Бюджет үрдісінде туындайтын  қатынастар бюджеттік қатынастар деп аталады.  Бюджетті жоспарлау, қарау, бекіту, атқару, нақтылау, түзету жөніндегі, бюджеттің атқарылуы бойынша бюджет есебі мен есептілігін жүргізу мемлекеттік қаржы бақылауы, сондай-ақ байланыстырылған гранттарды жоспарлау мен пайдалану жөніндегі Қазақстан Республикасының бюджет заңдарымен реттелген қызмет бюджет үрдісі деп аталады. Бюджеттер және Қазақстан Республикасы Ұлттық қоры, сондай-ақ бюджеттік үрдістер мен қатынастар жиынтығын бюджет жүйесін құрайды.

   Бюджет жүйесі төмендегідей қағидаларға негізделеді:

  1. Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының біріңғай бюджеттік заңдарының қолданылуын, соның ішінде біріңғай бюджеттік сыныптауды, бюджет процесін жүзеге асырудың біріңғай рәсімдерін пайдалануды қамтамасыз ету бағытталған бірлік қағидасы.
  2. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген барлық түсімдер мен шығыстарды бюджеттерде және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорында көрсету, бюджет қаражатын пайдалана отырып, өзара талаптарды есепке алуға, сол сияқты бюджет қаражаты бойынша талаптар құқықтарынан шегінуге жол бермеуге негізделген толықтық қағидасы.
  3. Бекітілген (нақтыланған, түзетілген) бюджет көрсеткіштерінің орта мерзімді фискалдық саясатқа және Қазақстан Республикасы мен аймақтарды әлеуметтік-экономикалық дамытудың орта мерзімді жоспарының бекітілген (түзетілген) өлшемдері мен бағыттарына сәйкес келуі көрсететін реалистік қағидасы.
  4. Мемлекеттік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәліметтерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының бюджет заңдары саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, бекітілген (нақтыланған, түзетілген) бюджеттерді және олардың атқарылуы туралы есептерді, мемлекеттің фискалдық саясатына қатысты басқа да ақпараттарды міндетті түрде жариялау; бюджет процесінің ашықтығы, мемлекеттік қаржы бақылауын жүргізуді дәйектейтін транспаренттілік қағидасы.
  5. Бюджеттік қатынастар аясында бұрын қабылданған шешімдерді мемлекеттік басқару органдарының сақтауын белгілейтін дәйектілік қағидасы.
  6. Бюджеттерді бюджеттік бағдарламалар паспорттарымен көзделген белгілі бір нәтижелерге қол жеткізу қажеттілігн негізге алып, бюджет қаражатының осы нәтижелерге қол жеткізу үшін оңтайлы көлемін пайдалана отырып әзірлеу және атқару немесе бюджеттік қаражаттың бекітілген көлемін пайдалана отырып ең үздік нәтижені қамтамасыз етуге негізделген тиімділік және нәтижелілік қағидасы.
  7. Бюджеттік процесті республиканың немесе аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттарына сәйкес жүзеге асыру басымдық қағидасы.
  8. Бюджет процесіне қатысушыларды Қазақстан Республикасының бюджеттік заңдарды бұзғаны үшін жауапқа тарту жауапкершілік қағидасы.
  9. Түрлі деңгейдегі бюджеттер арасында түсімдерді тұрақты түрде бөлініп тұруын орнықтыру және осы Кодекске сәйкес олардың жұмсалу бағыттарын анықтау, мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерінің осы кодекске сәйкес бюджет процесін дербес жүзеге асыру құқығы, жергілікті бюджеттердің атқарылуы барысында қосымша алынған кірістерді, жергілікті бюджеттер қаражатының бос қалдықтарын жоғары тұрған бюджетке алып қоюға жол берілмейтіндігі, тиісті өтемсіз төмен тұрған бюджеттерге қосымша шығыстар жүктеуге жол берілмейтіндігі бюджеттердің дербестік қағидасын көрсетеді. 

   Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі төмендегідей түрлер мен деңгейлерге бөлінеді. Бюджеттердің түрлеріне:

  1. түзетілген бюджет;
  2. бекітілген бюджет;
  3. нақтыланған бюджет;
  4. мемлекеттік бюджет;
  5. жергілікті бюджеттер.

  Түзетілген бюджет дегеніміз тиісінше Қазақстан Республикасының Парламентінде немесе мәслихатта нақтыланбай, Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы органдар енгізген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып бекітілген немесе нақтыланған бюджет.

  Бекітілген бюджет – тиісті қаржы жылына арналған, Қазақстан Республикасының Парламенті немесе тиісті мәслихат бекіткен бюджет.

   Нақтыланған бюджет – атқарылуы барысында Қазақстан Республикасының Парламенті немесе тиісті мәслихат қабылдаған өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып тиісті қаржы жылына бекітілген бюджет.

   Мемлекеттік бюджет – араларындағы өзара өтелетін операцияларды есепке алмағанда, республикалық және жергілікті бюджеттерді біріктіретін, талдамалы ақпарат ретінде пайдаланылатын және бекітуге жатпайтын жиынтық бюджет.

   Жергілікті бюджет – облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті.

   Бюджеттердің деңгейлеріне:

  1. республикалық бюджет;
  2. облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті;
  3. аудан (облыстық маңызы бар қала);
  4. төтенше мемлекеттік бюджет кіреді.

   Республикалық бюджет салықтық және басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын және мемлекеттік орталық органдардың, оларға ведомствалық бағынысты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және мемлекеттік саясаттың жалпыреспубликалық бағыттарын іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры республикалық бюджет болып табылады.

  Облыстық бюджеті – араларындағы өзара өтелетін операцияларды есепке алмағанда, облыстық бюджетті, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерін біріктіретін, талдамалы ақпарат ретінде пайдаланылатын және бекітуге жатпайтын жиынтық бюджет.

Информация о работе Қаржы құқығының негізгі ұғымдары