Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2011 в 10:01, реферат
Қаржы құқығы мемлекеттің дамуының әрбір нақты кезеңінде оның міндеттері мен қызметтерінің үздіксіз атқарылуын қамтамасыз ету үшін мемлекеттің қаржылық қызметінің барысында пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.
КІРІСПЕ
Қаржы құқығының негізгі ұғымдары
Бюджет құқығы негіздері
Салық: ұғымы, жүйесі, түрлері
Инвестициялық қызметті құқықтық реттеу
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Инвестициялар дегеніміз лизинг шартын жасаған кезден бастап лизинг заттарын, сондай-ақ оларға құқықтарды қоса алғанда, заңды тұлғаның жарғылық капиталына инвестор салатын мүліктің барлық түрлері (жеке тұтынуға арналған тауарлардан басқа) немесе кәсіпкерлік қызмет үшін пайдаланылатын тіркелген активтерді ұлғайту. Ал инвестициялық қызмет деп жеке және заңды тұлғалардың коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталына қатысуы жөніндегі не кәсіпкерлік қызмет үшін пайдаланылатын тіркелген активтерді құрау немесе ұлғайту жөніндегі қызметін айтамыз. Инвестициялық қызмет Конституция және басқа заңдарды қоспағанда, негізінен «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 қаңтардағы №373-ІІ заңымен реттеледі. Инвестициялық қызметті іске асырушы инвестор, яғни жеке немесе заңды тұлғалар болып табылады.
Инвесторларды санаттарға
Тұтыну инвестициясы дегеніміз жылжымайтын мүліктер мен ұзақ уақыт пайдаланылатын тауарларды алып сату. Бұл жерде мынадай жылжымайтын мүліктер инвестицияның объектісі болып табылуы мүмкін: өзіндік жылжымайтын мүлік (үй, пәтер, жерден үлес, басқа да кіріс, табыс әкелетін жылжымайтын мүліктер); жалға берілген жылжымайтын мүліктер; сату үшін алынған жылжымайтын мүліктер. Ұзақ қолданылатын тауарларға, болашақта табыс әкелетін алтын, күміс, өнер туындылары сияқты бағалы мүліктерді жатқызуға болады.
Пайда табу үшін, тауар өндіру мен қызмет көрсету саласындағы нақты активтерге қаражат жұмсау экономикалық инвестиция деп аталады. Бағалы қағаздар инвестициясы, портфельдік инвестиция, қаржылық инвестициялар бір-бірімен ұқсас. Олар бағалы қағаздармен тығыз байланысты.
Мысалы, бағалы қағаздармен инвестиция жасау арқылы пайда табуға ұмтылу барысында, экономикалық сияқты жаңа өндірістік орындар ашылып, оларға бақылау жасау жоспарланбайды. Қаржылық инвестиция үрдісі инвестор ақшаға деген өзінің құқығын ұсынады, нітижесінде болашақтағы түсетін кіріске, пайдаға өзінің құқығын жүргізуге тырысады.
Қызмет көрсететін салаларына байланысты инвестиция капитал құрайтын және зияткерлік болып бөлінеді.
Капитал құрайтын инвестициялар өндірістік, өндірістік және қаржылық емес активтердің өсуіне бағытталады. Капиталды бұлай салудың тәсілі оның құнының жоғарлауына және пайданың тұрақты өсуіне әкеледі. Капитал құрайтын инвестиция өз кезегінде нақты активтерге (негізгі капитал күрделі жөндеуді, қосымша жер учаскілерін және табиғатты пайдаланудың басқа да объектілерін сатып алуды қамтитын), материалды емес активтерге (патент, лицензия, ғылыми-зерттеу және конструкторлық-тәжірибелік бағдарламалар, материалды-айналмалы құралдар) және қаржылық инвестицияларға (экономикаға несие беру, шаруашылық жеке және заңды тұлғалардың ұзақ және қысқа мерзімге қаржылық салымдары) бөлінеді.
Зияткерлік инвестицияда қаржылар мамандар даярлауға, олардың биліктілік дәрежесін көтеруге, тәжірибе алмасуға, лицензиялар алуға, жаңалықтар ашуға, біріккен ғылыми жобалар жасауға жұмсалады. Зияткерлік инвестицияға, жоғарғы және орта білім алу үшін жастарға мемлекет тарапынан бөлінетін грант пен несиелерді айтуға болады.
Инвестицияға қаржыны бөлетін
субъектілерге байланысты мемле
Жеке инвестицияның қызметі Инвестиция туралшы заңмен, Азаматтық Кодекспен, жер қойнауын пайдалану сияқты заңнамалармен реттеледі.
Сонымен бірге инвестицияның басқа не һөзіндік мемлекетте іске асырылуына байланысты шетелдік және ұлттық инвестицияларға бөлуге болады.
Халықаралық теория мен
а) тура инвестиция (инвестордың тікелей қарамағындағы, не меншігіндегі шет ел кәсіпорынның акциясын сатып алу, не оны несиелеу);
б) портфелді инвестиция (инвестордың тікелей қарамағына жатпайтын, оның меншігіндегі емес шет ел кәсіпорынның акциясын сатып алу, не оны несиелеу);
в) қысқа мерзімді салымдар (бір жылға дейінгі мерзімдегі несиелі векселдер, басқа да қаржылық тәсілдегі портфелдік инвестициялар);
Тура инвестицияның халықаралық және ұлтаралық деген екі түрі болады. Халықаралық инвестиция деп ел нарығының жақсы жағдайымен шартталған, жаңа өндірістік саладан сол елдің нарығына тікелей тауар шығарумен байланысты капитал салуды айтамыз. Ұлтаралық инвестиция бұл өндіріс шығынын азайту мақсатында көрші елге тура капитал салуды айтамыз.
Қазақстан Республикасында 10 жылға дейінгі мерзімдегі инвестиция қысқа мерзімді, ал одан жоғары ұзақ мерзімді деп аталады.
Қорытынды:
Сонымен, қаржы құқығы – бұл қоғам дамуының тиісті кезеңдегі мемлекеттің міндеттерін жүзеге асыру қажеттігі ақша қорларын жасау, бөлу және пайдалану процесінде пайда болатын қаржы қатынастарын реттейтін заң нормаларының жиынтығы. Ол біртекті қаржы қатынастарына жататын жзеке бағыттар бойынша: бюджет құқығына, салық құқығына, шаруашылық құқығына бөлінеді.
Қаржы құқығына қаржы құқықтық нормалар – құқықтың негізгі бастапқы элементтері, яғни мемлекет белгіленген және қаржы қатынастарын мемлекеттік мәжбүрлеу шараларымен қамтамасыз етілген қылықтың қатаң белгілі бір ережесі пайдаланады. Қаржы құқық нормаларының императивтік сипаты болады. Қағида бойынша олардың үзілді кесілді нысанында көрінетін талаптары болады және оларды беталды өзгерте беруге жол берілмейді, қаржы қатынастары қатысушыларының құқығы мен міндеттерінің ауқымын дәл анықтайды. Қаржы құқықтық нормалар міндеттеушілік, тыйым салушылық және уәкіліктілік болып бөлінеді.
Қаржылық жоспарлау – мемлекеттің мүмкін болатын қаржы жағдайын алдын ала көре білу, қаржы жоспарларының көрсеткіштерін негіздеу. Қаржылық болжаудың мақсаты – болжаған кезіндегі қаржы ресурстарының шынайы мүмкін болатын ауқымын, олардың қалыптастырудың көздерін және пайдалануды анықтау болып табылады.
Қаржылық бақылау – қаржы жүйесінің барлық буындарының ресурстарын жасау, бөлу және оларды пайдаланудың негізділігін тексеруге бағытталған айрықшалық қызмет. Қаржылық бақылау қаржыны басқарудың функциялық элементтерінің бірі.
Бюджет – мемлекеттік міндеттері мен функцияларын іске асыруды қаржымен қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры.
Бюджеттік құқық:
Бюджетті жоспарлау – мемлекеттік бюджетті қалыптастыру және бөлу процестерін жоспарлауды жүзеге асыруға қажетті біліктіліктері бар өкілетті мемлекеттік органдар құрайтын бюджеттік құқық институты.
Бюджеттік процесс – бюджеттік жоспарлау, қарау, бекіту, атқару, нақтылау, түзету жөніндегі, бюджет атқарылуы бойынша бюджет есебін жүргізу, мемлекеттік қаржылық бақылау, сондай-ақ байланыстырылған гранттарды жоспарлау және пайдалану жөніндегі ҚР бюджет заңымен реттелетін қызмет.
Салықтық құқық – заңды және жеке тұлғалардан біржақты өктем, қайтарылмайтын негізде, заң жүзінде белгіленген салықтар мен басқа міндетті төлемдерді ақшалай түрде бюджетке алу кезінде туындайтын салықтық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Салықтық құқық мемлекеттің салықтық қызметінің барысында пайда болатын қоғамдық қатынастар әрі оның пәні болып табылады.
Салық қатынастары салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді белгілеу, енгізу және есептеу мен төлеу тәртібі жөніндегі билік қатынастарын, мемлекет пен салық төлеуші арасындағы салық міндеттемелерін орындауға байланысты қатынастарды реттейді.
Осыған орай, қандай да болмасын
мемлекеттің атқаратын
Кіріспе
Осы жұмыста қаржы құқығы қарастырылады. Жалпы жұмыстың мақсаты - «қаржы құқығы» ұғымымен танысу, оның мәнін ашып, қарастыратын мәселелерін анықтау.
Ең алдымен, «қаржы құқығы» ұғымымен танысайық. Қаржы құқығы дегеніміз - мемлекеттің дамуының әрбір нақты кезеңінде оның міндеттері мен қызметтерінің үздіксіз атқарылуын қамтамасыз ету үшін мемлекеттің қаржылық қызметінің барысында пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.
Мемлекеттің қаржылық қызметі түрлі әдістердің көмегімен іске асырылады. Осындай әдістердің бірі ақшалай қаржы жинау. Ақшалай қаржыны бөлу мен пайдаланудағы негізгі әдістердің бірі қаржыландыру мен несие беру әдістері. Қаржыландыру ол жоспарлы, мақсатты, қайтарымсыз, ақысыз, мемлекеттік бюджеттен берілетін ақшалай қаражат, яғни бюджет қаражатын алушыларға осы қаражатты бөлу.
Ал керісінше, несие беру банкілік қарыз түрінде жоспарлы, мақсатты, ақылы және белгіленген мерзімде қайтарылатын, пайызбен берілетін ақшалай қаржы.
Мемлекеттің қаржылық іс-әрекетінің барысында материалды және ұйымдастырушылық сияқты екі түрлі қаржылық қатынастар қалыптасады.
Материалды қаржылық қатынастар мемлекеттік ақша қорларын қалыптастыру және бөлу үрдісін, ақшылай қаржылардың қозғалысын қосымша реттейді.
Ұйымдастырушылық қаржылық қатынастар мемлекеттің ақша, қаржы жүйелерінің, қаржыны мемлекеттік басқару жүйесінің, қаржылық жоспарлауды ұйымдастыруды, мемлекеттік қаржылық бақылауды ұйымдастыру барысында қалыптасады.