Қосылған құн салығы. Қосылған құн
салығы тауарларды (жұмыстарды,
қызмет
көрсетулерді) өндіру және олардың
айналысы процесінде қосылған, олардың
өткізу бойынша салық салынатынын айналы
сы процесінде қосылған, оларды өткізу
бойынша салық салынатын айналым құнының
бір бөлігін бюджетке аударуды, сондай-ақ
Қазақстан Республикасының аумағындағы
тауарлар импорты кезіндегі аударымды
білдіреді. Салық салынатын айналым бойынша
бюджетке төленуге тиісті қосылған құн
салығы сатылған тауарлар (жұмыстар, қызмет
көрсетулер) үшін есептелген қосылған
құн салығының сомасы мен алынған тауарлар
(жұмыстар, қызмет көрсетулер) үшін төленуге
тиісті қосылған құн салығының сомасы
арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Салық салу объектілері:
- салық салынатын
айналым;
- салық салынатын
импорт қосылған құн салығын салу объектілері
болып табылады.
Төлеушілер: жеке кәсіпкерлер; мемлекеттік
мекемелерді қоспағанда, заңды тұлғалар;
қызметін Қазақстан Республикасында тұрақты
мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент
еместер; заңзы тұлғаның қосылған құн
салығын дербес төлеушілер ретінде танылған
құрылымдық бөлімшелері; кеден арқылы
тауарларды Қазақстан Республикасының
аумағына импорттайтын тұлғалар болып
табылады. Қосылған құн салығы 15 пайыздық
ставка қолданылу арқылы есептеп шығарылады.
Мынадай тауарларды (жұмыстарды, қызмет
көрсетулерді) өндіру қосылған құн
салығынан босатылады:
- пошталық
ақы төлеудің мемлекеттік белгілері;
- акциздік
маркалар;
- уәкілетті
органдар жүзеге асыратын, соларға байланысты
мемлекеттік баж алынатын қызметтер;
- адвокаттық
қызметті, нотариаттық іс-әрекеттерді
жүзеге асыру бойынша көрсетілетін қызметтер;
- Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкі өткізетін
тауарлар (жұмыстар, қызметтерді);
- мемлекеттік
меншікті жекешелендіру тәптібімен өткізілетін
мүлік; Қазақстан Республикасының заңдарына
сәйкес мемлекеттік қажеттіліктер үшін
сатып алынған мүлік;
- мемлекеттік
мекемелердің пайдасына өтеусіз негізде
негізгі құралдарды беру;
- жарғылық
капиталға жарналарды;
- жарғылық
капиталға жарна ретінде алынған мүлікті
қайтарып алуды;
- жерлеу бюроларының
әдет-ғұрыптық қызмет көрсетулерін, зираттар
мен криматорийлердің қызмет көрсетулерін;
- оларды өткізу
жөніндегі қызмет көрсетулерді қоспағанда,
лотереялық билеттерді өткізу бойынша
айналымды;
- банк карталарымен
операциялар бойынша есеп-қисаптарға
қатысушыларға жинау, өңдеу және таратып
беру жөніндегі қызмет көрсетулерді қоса
алғанда, есеп-қисаптарға қатысушылар
арасында ақпараттық және технологиялық
өзара іс-қимылды қамтамасыз ету жөнінде
көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша
айналымды; Қазақстан Республикасының
кеден аумағына «Қазақстан Республикасының
кеден аумағында тауарларды ұқсату» кеден
режимінде әкелінген тауарларды ұқсату
және (немесе) жөндеу бойынша қызмет көрсетулер;
Салық Кодексінің 224-бабына сәйкес халықаралық
тасымалдар болып табылатын тасымалдарға
байланысты жұмыстар мен қызмет көрсетулер,
атап айтқанда: Қазақстан Республикасының
аумағынан экспортталатын, Қазақстан
Республикасының аумағына импортталатын
тауарларды, оның ішінде поштаны, тиеу,
түсіру, қайта тиеу (ағызу-құю), жөнелту
бойынша жұмыстар, қызмет көрсетулер,
сондай-ақ транзит жүктер; техникалық,
аэронавигациялық, әуежай қызметін көрсету;
халықаралық рейстерге көрсетілетін қызметтер
бойынша теңіз айлақтарында қызмет көрсету;
тұрғын-үй қорын басқару, ұстау мен пайдалану
жөнінде қызмет көрсету;
- Салық Кодексінің
226-233-баптарында өткізілген көрсету;
- ұлттық валюта;
- егер мүгедектердің
қоғамдық бірлестіктері, сондай-ақ өндірістік
ұйымдары мына шарттарға сәйкес келсе:
осындай өндірістік ұйымдар қызметкерлері
жалпы санының кемінде 51 проценті мүгедектер
болса; мүгедектерге еңбекақы төлеу бойынша
шығыстар еңбекақы төлеу бойынша жалпы
шығыстардың кемінде 51 проценті (есту,
сөйлеу, көру қабілетінен айырылған мүгедектер
жұмыс істейтін мамандырылған ұйымдарда
– кемінде 35 проценті) болса, осындай бірлестіктер
мен ұйымдардың тауарлары (жұмыстары,
қызмет көрсетулері) бойынша айналымдар
(сауда-делдалдық қызметтен түскен тауарларды
(жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өткізу
жөніндегі айналымдардан және акцизделетін
тауарлар мен қызмет түрлерін өндіру мен
өткізу бойынша айналымдардан басқа);
- Қазақстан
Республикасының кеден заңнамасына сәйкес
айқындалған, «Еркін қойма» кеден режимі
қолданылатын аумақта өндірілген және
Қазақстан Республикасы кеден аумағының
қалған бөлігіне өткізілетін қазақстандық
тауарларды өткізу бойынша айналымдар
қосылған құн салығынан босатылады.
Акциздер. Қазақстан Республикасының
аумағында өндірілген және Қазақстан
Республикасының аумағына импортталатын
тауарларға, оның ішінде: спирттің барлық
түрлеріне; алкоголь өніміне; темекі бұйымдарына;
құрамында темекі бар басқа бұйымдарға;
бензин (авиациялық бензинді қоспағанда),
дизель отынына; жеңіл автомобильдерге
(арнайы мүгедектерге арналған, қолмен
басқарылатын автомобильден басқа); шикі
мұнай, газ конденсатына және қызметтің
төмендегідей түрлеріне: ойын бизнісіне;
лотереяны ұйымдастыру мен өткізуге
акциздер салынады.
Экспортталатын шикі мұнайға, газ конденсатына
рента салығы. Өнімді бөлу туралы келісімшарттар
жасасқан жер қойнауын пайдаланушыларды
қоспағанда, шикі мұнайды, газ конденсатын
экспортқа өткізетін жеке және заңды тұлғалар
экспортталатын шикі мұнайға, газ конденсатына
салынатын рента салығын
төлеушілер болып табылады.
Жер қойнауын пайдаланушылардың
салықтары мен арнайы төлемдері.
Мұнай операцияларын және өндірумен
байланысы жоқ жер асты құрылыстарын салу
мен пайдалану жөніндегі жұмыстарды қоса
алғанда, жер қойнауйын пайдалану бойынша
операцияларды жүргізу жөніндегі қызметке
салық салудың ерекшеліктері реттеледі
және жер қойнауының пайдаланушылардың
мынадай салықтары
мен арнайы төлемдерін:
1) үстеме пайда салығын; 2) жер қойнауын
пайдаланушылардың арнайы төлемдерін;
а) бонустарды (кол қойылатын, коммерциялық
табу); б) роялтиді төлейді.
Бонустар
жер қойнауын пайдаланушының тіркелген
төлемдері болып табылады. Жер қойнауын
пайдаланушы жер қойнауын пайдалануды
жүргізудің жеке жағдайларын негізге
ала отырып, бонутардың мынадай түрлерін:
1) қол қойылатын; 2) коммерциялық табу бонусын
төлейді.
Қол
қойылатын бонус
жер қойнауын пайдаланушының келісімшарт
жасалатын аумақта жер қойнауын пайдалану
жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығы
үшін біржолғы тіркелген төлемі болып
табылады. Қол қойылатын бонустың бастапқы
мөлшерлерін пайдалы қазбалар көлемі
мен кен орнының экономикалық құндылығы
ескерілген есеп негізінде Қазақстан
Республикасының Үкіметі белгілейді.
Қол қойылатын бонустың түпкілікті мөлшерін
жер қойнауын пайдалануға құқық алуға
өткізілген инвестициялық бағдарламалар
конкурсының нәтижелері бойынша комиссия
белгілейді және ол жер қойнауын пайдалану
үшін берілетін кен орындарының (келісімшарт
аумақтарының) экономикалық құндылығы
есепке алып, келісімшартта бекітіледі,
бірақ бастапқы мөлшерден төмен болмауы
керек.
Коммерциялық табу бонусы
– келісімшарт аумағы шегінде ашылған,
өндіру үшін экономикалық жағынан тиімді
пайдалы қазбалардың белгілі бір түрінің
запастары. Коммерциялық табу бонусы келісімшарт
аумағындағы әрбір коммерциялық табу
үшін, оның ішінде кен орындарына қосымша
барлау жүргізу барысында, бастапқы анықталған
алынатын қорды арттыруға жеткізетін
пайдалы қазбалардың табылғаны үшін төленеді.
Пайдалы қазбалардың кен орындарына оларды
кейіннен өндіруді көздемейтін барлау
жүргізуге жасалған келісімшарттар бойынша
коммерциялық табу бонусы төленбейді.
Роялти салығы:
- пайдалы қазбаларды
өндіру және техногендік құралымдарды
қайта өңдеу процесінде жер қойнауын пайдалану
құқығы үшін;
- авторлық
құқықтарды, бағдарламалық қамтамасыз
етуді, патенттерді, сызбаларды немесе
модельдерді, тауар белгілерін немесе
басқа да осыған ұқсас құқық түрлерін
пайдаланғаны немесе пайдалану құқығы
үшін; өнеркәсіп, сауда немесе ғылыми-зерттеу
жабдықтарын пайдаланғаны немесе пайдалану
құқығы үшін; «ноу-хауды» пайдаланғаны
үшін; кинофильмдерді, бейнефильмдерді,
дыбыс жазу немесе өзге де жазу құралдарын
пайдаланғаны немесе пайдалану құқығы
үшін төленетін төлем.
Техногендік
минералды құралымдардан пайдалы
қазбалар алуды қоса алғанда, пайдалы
қазбалар өндіруді жүзеге асыратын жер
қойнауын пайдаланушылар, есепті кезеңде
олардың өткізілген-өткізілмегеніне
қарамастан, сондай-ақ барлаумен және
(немесе) өндірумен байланысы жоқ жер
асты құрылыстарын салуға және (немесе)
пайдалануға жер қойнауын пайдалану құқығы
бар тұлғалар роялти
төлеушілер болып табылады.
Үстеме пайда салығы.
Өнімді бөлу туралы келісімшарттар, кең
таралған пайдалы қазбалар мен жер асты
суларын өндіруге, сондай-ақ барлау мен
өндіруге байланысты емес жер асты құрылыстарын
салуға және пайдалануға жасалған келісімшарттар
бойынша қызметті жүзеге асыратындарды
қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушылар
осы келісімшарттар пайдалы қазбалардың
басқа түрлерін өндіруді көздемеген жағдайда,
үстеме пайдаға салық
төлеушілер болып табылады.
Жер қойнауын пайдаланушының
салық кезеңіндегі әрбір жекелеген
келісімшарт бойынша таза табысының
салық кезеңінің аяғына көзделген
шегерімдер сомасының 20 пайызынан асатын
бөлігі салық базасы болып табылады.
Осы бөлімнің мақсаттары үшін таза табыс
салық салынатын табыс және корпорациялық
табыс салығы, сондай-ақ резидент еместің
тұрақты мекемесінің таза табысына салынатын
салық арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Әлеуметтік салық.
Халықтың әлеуметтік қажеттіліктері мен
мұқтаждықтарын өтеуге жұмсалады. Салықты
төлеушілер:
- жеке кәсіпкерлер;
- жеке нотариустар,
адвокаттар;
- Қазақстан
Республикасының резиденті – заңды тұлғалар;
- резидент
еместер жатады.
Әлеуметтік
салықты есептеп шығару үшін 7-ден
20 пайызға дейінгі аралықтағы ставкалар
қолданылады. Әлеуметтік салық төлеуге
кері шкала тәсілі қолданылады. Оның
мәні табыс көлемі өскен сайын
салықтың пайыздық ставкасы төмендейді.
Жер салығы. Салық салу мақсатында
барлық жерлер олардың арналған нысанасы
мен тиесілілігіне қарай мына санаттарға:
- ауыл шаруашылық
мақсатындағы жерлерге;
- елді мекендер
жерлеріне;
- өнеркәсіп,
көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де
ауыл шаруашылық емес мақсаттағы жерлерге
(бұдан әрі – өнеркәсіп жерлері);
- ерекше қорғалатын
табиғи аумақтар жеріне, сауықтыру, рекреациялық
және тарихи-мәдени мақсаттағы жерлерге
(бұдан әрі – ерекше қорғалатын табиғи
аумақтар жерлері);
- орман қорының
жерлеріне;
- су қорларының
жерлеріне;
- запастағы
жерлерге жатқызылуына қарай қарастырылады.
Салықтың мөлшері:
- меншік құқығын,
тұрақты жер пайдалану құқығын, өтеусіз
уақытша жер пайдалану құқығын куәландыратын
құжаттар;
- жер ресурстарын
басқару жөніндегі уәкілетті орган әр
жылғы 1 қаңтарындағы жағдай бойынша берген
жерлердің мемлекеттік сандық және сапалық
есебінің деректері негізінде есептеледі.
Мыналар:
- жеке меншік
құқығындағы;
- тұрақты жер
пайдалану құқығындағы;
- бастапқы
өтеусіз уақытша жер пайдалану құқығындағы
салық салу объектілері бар жеке және
заңды тұлғалар жер
салығын төлеушілер болып табылады.
Көлік құралдары
салығы. Егер заңнамада басқалай көрсетілмесе,
меншік құқығында салық салу объектілері
бар жеке тұлғалар және меншік, шаруашылық
жүргізу немесе оралымды басқару құқығында
салық салу объектілері бар заңды тұлғалар,
олардың құрылымдық бөлімшелері (бұдан
әрі – заңды тұлғалар) көлік құралдары
салығын төлеушілер болып табылады.
Ал:
- жүк көтергіштігі
40 тонна және одан асатын карьерлік автосамосвалдар;
- мамандандырылған
медициналық көлік құралдары салық
салу объектілері болып
табылмайды.
Мүлік салығы.
Мыналар мүлік салығын төлеушілер болып
табылады:
- Қазақстан
Республикасының аумағында меншік, шаруашылық
жүргізу немесе оралымды басқару құқығында
салық салу объектісі бар заңды
тұлғалар;
- Қазақстан
Республикасының аумағында меншік құқығында
салық салу объектісі бар жеке
кәсіпкерлер. Сол сияқты заңды тұлғаның
шешімі бойынша оның құрылымдық бөлімшелері
және Қазақстан Республикасының резиденті
емес заңды тұлғалар
Қазақстан Республикасының аумағында
орналасқан салық салу объектілері бойынша
салық төлеушілер
болып табылады.
Ауыл шаруашылық мақсатындағы
жерлерге салынатын жер салығының
базалық ставкалары 1
гектарға есептеліп белгіленеді және
топырақтың сапасы бойынша сараланады.
Көрсетілген салықтардан басқа Қазақстан
Республикасында мынадай алым
түрлері бар.
- Заңды тұлғаларды
мемлекеттік тіркегені үшін.
- Жеке кәсіпкерлерді
мемлекеттік тіркегені үшін.
- Жылжымайтын
мүлікке құқықтарды және оламен жасалған
мәмілелерді мемлекеттік тіркегені үшін.
- Радиоэлектрондық
құралдарды және жиілігі жоғары құрылғыларды
мемлекеттік тіркегені үшін.
- Механикалық
көлік құралдары мен тіркемелерді мемлекеттік
тіркегені үшін.
- Теңіз, өзен
кемелері мен шағын көлемді кемелерді
мемлекеттік тіркегені үшін. 6-1 Кеменің
немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын
мемлекеттік тіркеу үшін.
- Азаматтық
әуе кемелерін мемлекеттік тіркегені
үшін.
- Дәрі дәрмек
құралдарын мемлекеттік тіркегені үшін
- Автокөліік
құралдарының Қазақстан Республикасының
аумағы арқылы жүру алымы.
- Аукциондардан
алынатын алым.
- Жекелеген
қызмет түрлерімен айналысу үшін лицензиялық
алым.
- Телевизия
және радио хабарларын тарату ұйымдарына
радиожиілік спектірін пайдалануға рұқсат
беру үшін алым.
Салық пен алымнан басқа мемлекеттік
бюджетке төмендегідей төлемақылар
төленеді: