Қаржы құқығының негізгі ұғымдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2011 в 10:01, реферат

Краткое описание

Қаржы құқығы мемлекеттің дамуының әрбір нақты кезеңінде оның міндеттері мен қызметтерінің үздіксіз атқарылуын қамтамасыз ету үшін мемлекеттің қаржылық қызметінің барысында пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.

Оглавление

КІРІСПЕ
Қаржы құқығының негізгі ұғымдары
Бюджет құқығы негіздері
Салық: ұғымы, жүйесі, түрлері
Инвестициялық қызметті құқықтық реттеу
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Файлы: 1 файл

Основы права-реферат.doc

— 175.50 Кб (Скачать)

    Қаржылық бақылау. Қаржылық бақылау мемлекеттін қаржылық іс-әрекетінің ақша-қаржы ағымын, бюджеттің қазынасын қатаң сақтау мен бақылауға бағытталған маңызды бір бөлігі. Қаржылық бақылау барынша күрделі жүйе және ол төмендегідей бірнеше бөліктерден тұрады:

  1. бақылау субъектісі;
  2. бақылау объектісі;
  3. бақылау заты (тақырыбы);
  4. бақылаудың мақсаты;

бақылауды іске асырудың әдістері.

     Материалды мағынасында бюджет мемлекеттің ақша қоры. Осы тұрғыдан қарағанда бюджет дегеніміз мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыруды қаржымен қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры.

    Бюджет үрдісінде туындайтын  қатынастар бюджеттік қатынастар деп аталады.

   Бюджеттер және Қазақстан Республикасы  Ұлттық қоры, сондай-ақ бюджеттік  үрдістер мен қатынастар жиынтығын  бюджет жүйесін құрайды.

      Салық дегеніміз мемлекеттің біржақты тәртіппен заң жүзінде белгіленген, белгілі бір мөлшерде жүргізетін, қайтарымсыз және өтеусіз сипатта болатын бюджетке төленетін міндетті ақшалай төлемдер.

      Қазақстан Республикасында төмендегідей салықтың түрлері қолданылады:

  1. Корпорациялық табыс салығы;
  2. Жеке табыс салығы;
  3. Қосылған құн салығы;
  4. Акциздер; экспортталатын шикі мұнайға, газ конденсатына рента салығы;
  5. Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдері;
  6. Әлеуметтік салық;
  7. Жер салығы;
  8. Көлік құралдары салығы;
  9. Мүлік салығы.

   Инвестициялар дегеніміз лизинг шартын жасаған кезден бастап лизинг заттарын, сондай-ақ оларға құқықтарды қоса алғанда, заңды тұлғаның жарғылық капиталына инвестор салатын мүліктің барлық түрлері (жеке тұтынуға арналған тауарлардан басқа) немесе кәсіпкерлік қызмет үшін пайдаланылатын тіркелген активтерді ұлғайту. Ал инвестициялық қызмет деп жеке және заңды тұлғалардың коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталына қатысуы жөніндегі не кәсіпкерлік қызмет үшін пайдаланылатын тіркелген активтерді құрау немесе ұлғайту жөніндегі қызметін айтамыз.

    
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қолданылған әдебиеттер тізімі: 

  1. Ағдарбеков  А., А.Әлайдар, А.Алайдаров. Құқық негіздері. Оқу құралы. - Алматы:Заң әдебиеті, 2009.
  2. Қ.И.Оспанов. Құқық негіздері. Оқу құралы. - Алматы:Жеті жарғы, 2007.
  3. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Қазақстан Республикасының Кодексі (Салық кодексі). Алматы: Юрист, 2005.
  4. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 2004 жылғы 24 сәуірдегі №548-ІІ. Алматы: Юрист, 2005.
  5. «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 қаңтардағы №373-ІІ Заңы. Алматы: Юрист, 2005.
  6. «Инвестициялық қорлар туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі №576 Заңы.
 
 

WEB-сайттар тізімі: 

www. zakon. kz.

 www. nalog. kz

Информация о работе Қаржы құқығының негізгі ұғымдары