Сұраныс пен ұсыныстың негізгі теориялары

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Октября 2011 в 21:00, реферат

Краткое описание

Сұранысқа ықпал ететін факторлар:
тауар мен қызметтің бағасы
сатып алушылардың ұнату қабілеті
тұтынушылардың табысы
үй шаруашылықтары арасында табысты бөлу
айырбас – тауардың бағасы
осы тауар мен қызметті сатып алатындардың жалпы саны
күтілетін инфляция

Оглавление

Кіріспе

Сұраныс пен ұсыныстың негізгі теориялары
Негізгі бөлім
Сұраныс. Сұранысқа ықпал ететін факторлар. Сұраныс заңы.
Ұсыныс. Ұсынысқа ықпал ететін факторлар. Ұсыныс заңы.
Сұраныс пен ұсыныстың өзара іс-қимылы. Рыноктық тепе-теңдік
Қорытынды

Файлы: 1 файл

СРСП.docx

— 17.33 Кб (Скачать)

Жоспар 

  1. Кіріспе

  Сұраныс пен ұсыныстың негізгі теориялары

  1. Негізгі бөлім
  1. Сұраныс. Сұранысқа ықпал ететін факторлар. Сұраныс заңы.
  1. Ұсыныс. Ұсынысқа ықпал ететін факторлар. Ұсыныс заңы.
  2. Сұраныс пен ұсыныстың өзара іс-қимылы. Рыноктық тепе-теңдік
  1. Қорытынды 
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     

      Сұраныс белгілі бір жерде, белгілі бір уақытта сатып алушылар сатып алу мүмкіндігі болатын және сатып алғысы келетін тауарлар мен қызметтің санын байқатады. Сұраныс заңында айтылады: сұранысқа ықпал ететін, барлық басқа факторлардың тұрақты болған кезінде, сатып алушылар сатып ала алатын және сатып алғысы келетін тауардың құны төмен болған сайын, сонша оның саны көп болады.

    Сұранысқа ықпал  ететін факторлар:

  • тауар мен қызметтің бағасы
  • сатып алушылардың ұнату қабілеті
  • тұтынушылардың табысы
  • үй шаруашылықтары арасында табысты бөлу
  • айырбас – тауардың бағасы
  • осы тауар мен қызметті сатып алатындардың жалпы саны
  • күтілетін инфляция
 

                                                Р

                                                                       

                                                                       Д

                                                                              О

Мұнда, сұраныс  көрсетілген – Р – тауар  бағасы, Д – сұраныс қисығы, О  – тауар саны.

   Сұраныс қисығы бойынша қозғалыс тауардың бағасының  өзгерістеріне жауап ретінде, сатып алынатын тауарлардың санындағы өзгерістерді көрсетеді. Кез келген бағалы емес факторлар сұраныс сиппаттамасының өзгерістеріне әкеледі. Мұндай жағдайда, сұраныстың қандайда бір бағалы емес факторының өзгерістер есебінен, әрбір мүмкін болған бағада сатып алады. Сұраныстың жоғарылаған сәтінде сұраныстың ауытқымасының оңға қарай және сұраныстың төмендеген сәтінде солға қарай ілгерілеуі болады.

   Белгілі бір кезеңде, белгілі бір бағамен  рынокта өткізуге даяр өндірушілердің ұсыныстары тауардың санын сипаттайды.

   Рыноктағы ұсыныстағы тауар көлеміне ықпал  жасайтын факторлар: 

  • тауар бағасы
  • өндіріс технологиясы. Егер ең жетілдірген технология енгізілген болса, онда шығын азайып және көп өнім шығарылад, сондай-ақ ұсыныс көлемі көбейеді
  • экономикалық ресурстарға баға. Ресурстарға бағаны төмендету ұсынылатын тауарлардың санын көбейтуге әкеледі
  • тауар өндірушілердің саны
  • салықтар мен субсидиялар. Салықтарды көбейту ұсынысты азайтады, ал субсидиялар өндірістің кеңеюіне әкеледі.

      Ұсыныс заңы тауар бағасы мен  рыноктағы оның ұсыныс көлемі  арасындағы тәуелділікті анықтайды.  Баға мен көлемінің арасындағы ұсынылатын өніммен тікелей байланыс бар: бағының көтерілуіне орай, ұсыныс көлемі де өседі және керісінше юолуы да мүмкін.

                                                Р                         С

                                                                       

                                                                      

                                                                              О

   

      Мұнда – С – ұсыныс қисығы.

         Ұсыныстың қисығының оң иілуі  ұсыныс заңын бейнелейді.

       Ұсыныс көлемінің өзгерістері  ұсыныс қисығының бойымен қозғалыстарды  бейнелейді және сатылуға ұсынылатын тауарлардың көлемінің өзгерістерін көрсетеді, оған жауап ретінде, басқа да тең жағдайдағы бағаның өзгерістеріне әкеледі. Кез-келген бағалы емес факторлардың өзгеруі кезінде ұсыныс сипаты өзгерістерге ұшырайды, яғни, ұсыныстардың қисығының солға ауысуы,  ол өскенде – қңға ауысуы болады.

    Сатушылар сатқысы келетін тауар көлемімен, сатып алушылар алғысы келетін  тауар  көлемімен сәйкес келетін тауар  бағасы ойдағыдай болғанда рынокта  тепе-теңдік пайда болады.

    Сұраныс пен ұсыныстың төрт ережесі бар:

  1. Сұраныстың көбеюі теңдестірілген бағаның және тауар көлемінің тепе-теңдігінің де өсуіне әкеледі.
  2. Сұраныстың азаюы теңдестірілген баға мен теңдестірілген тауар көлемінің төмендеуіне әкеледі.
  3. Тауар ұсынысының  өсуі теңдестірілген бағаның төмендеуіне әкеліп, тауар көлемінің теңдесуін арттырады
  4. Ұсыныстың қысқаруы теңдестірілген бағаның көбеюіне әкеліп, тауар көлемінің тепе-теңдігін азайтады.
 
 
 
 
 
 
 

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. А.Б. Темірбекова – Экономикалық теория
 

     

Информация о работе Сұраныс пен ұсыныстың негізгі теориялары