Сауда кәсіпорындардың негізгі түрлері

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2011 в 19:22, курсовая работа

Краткое описание

Барлық экономикалық ғылымдар ішінде бухгалтерлік есеп өз алдына дараланып тұратын бөлек ғылыми сала. Бұл ғылымды жан-жақты зерттейтін, экономикалық жағынан талдайтын, өз алдына ғылыми даму жолдарын анықтайтын әдістермен бірге бұл ғылымды оқытатын пән бар. Осы орайда қоғамдық өндіріс процестерін бухгалтерлік есеп ғылымының пәні деп айтуға болады немесе қоғамдық өндіріс процестерін бухгалтерлік есепке алынатын біртұтас тұлға деп қарауға болады.

Оглавление

Кіріспе
І тарау.
1.1. Сауданың сипаттамасы
1.2. Сауда кәсіпорындардың негізгі түрлері.
1.3. Сауданың ХБЕС (МСФО) бойынша есебі.
ІІ тарау.
2.1. Бөлшек сауданың шығындарының есебі.
2.2. Көтерме сауданың шығындарының есебі.
2.3. Тауарларды сатумен байланысты кепілдік міндеттемелердің есебі.
2.4. Сатудан жасалатын жеңілдіктердің есебі.
2.5. Сауда кәсіпорындарының шығындарының аналитикалық және синтетикалық есебі.
2.6. Сауда кәсіпорынының бухгалтерлік есепті жетілдіру жолдары.
ІІІ тарау.
3.1. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

Жоспар Таншолпан.doc

— 183.50 Кб (Скачать)

Жоспар 

Кіріспе

І тарау.

1.1. Сауданың  сипаттамасы

1.2. Сауда кәсіпорындардың  негізгі түрлері. 

1.3. Сауданың  ХБЕС (МСФО) бойынша есебі.

ІІ  тарау.

2.1. Бөлшек сауданың  шығындарының есебі. 

2.2. Көтерме сауданың  шығындарының есебі.

2.3. Тауарларды  сатумен байланысты  кепілдік  міндеттемелердің есебі.

2.4. Сатудан жасалатын   жеңілдіктердің есебі.

2.5. Сауда кәсіпорындарының шығындарының аналитикалық және синтетикалық есебі.

2.6. Сауда кәсіпорынының бухгалтерлік есепті  жетілдіру жолдары.

ІІІ тарау. 

3.1. Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер  
 
 

     Кіріспе

     Барлық  экономикалық ғылымдар ішінде бухгалтерлік есеп өз алдына дараланып тұратын  бөлек ғылыми сала. Бұл ғылымды  жан-жақты зерттейтін, экономикалық жағынан талдайтын, өз алдына ғылыми даму жолдарын анықтайтын әдістермен бірге бұл ғылымды оқытатын пән бар. Осы орайда қоғамдық өндіріс процестерін бухгалтерлік есеп ғылымының пәні деп айтуға болады немесе қоғамдық өндіріс процестерін  бухгалтерлік есепке алынатын біртұтас тұлға деп қарауға болады.

     Өйткені бухгалтерлік есеп қоғамдық өндірістің дамуы жолында қажет. Бухгалтерлік есептің мәліметтері мен көрсеткіштері қоғамдық өндірістің дамуын экономикалық тұрғыдан зерттеуге бірден-бір негіз болып табылады. Сондықтан да бухгалтерлік есептің негізгі міндеті – халық шаруашылығының барлық салаларында нақты тұжырымды мемлекеттік талапқа сай есептеу жұмысының жүргізу. Қоғамымыздың даму кезеңдерінің қай сатыларында болмасын дамудың объективті экономикалық заңдылықтарын анықтау және ол заңдылықтарды пайдалану шараларын дұрыс белгілеу үшін есеп жұмыстарын, әсіресе бухгалтерлік есеп жұмыстарын дұрыс ұйымдастырудың маңызы зор. Қоғамдық даму нәтижесінде бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуына қойылатын талаптардың өсіп, міндеттердің артып отырғандығы бухгалтерлік есептің тарихынан белгілі. Бухгалтерлік есеп көптеген жүз жылдықтар бұрын пайда болып, бүгінгі күнге дейін дамып, пайдаланып келеді.

     Тайпалардың арасындағы шаруашылық операцияларына байланысты табылған жазулардан бухгалтерлік есеп біздің заманымызға дейінгі   V ғасырда жүргізілді деген деректер бар. Ал біздің заманымызға дейінгі  II ғасырда Грецияда салынған құрылысқа кеткен шығындар есептеліп, салынған үйдің (ғимаратың) қабырғасына жазылатын болған.

Қазіргі нарықтық экономикаға түбегейлі көшу кезеңінде  бухгалтерлік есепке жүктелетін міндеттер қай кездегіден болмасын күрделі, ауқымды болып отыр. Өйткені қазіргі қоғамдық дамудың жаңа кезеңінде өндіріс құрал-жабдықтарының мемлекеттік меншіктен ұжымдық және жеке меншіктерге ауысуы кең етек алуда. Осыған қазіргі кезде мемлекет, субъекті және жеке тұлғалар арасындағы экономикалық және қоғамдық қарым-қатынастар саясаты жаңа сипат алып отыр. Бұл бойынша еліміздегі халық шаруашылығының қай саласындығы субъектілер болмасын олардың өндірістік және қаржылық іс-әрекеті өз шығындарын өзі өтеу, өзін-өзі қаржыландыру принциптеріне негізделуі тиіс.

     Бүгінгі таңда жүзеге асырылып  жатқан реформалар мен істеліп жатқан жұмыстардың, кәсіпкерлік қызметтің мемлекет тарапында және экономика өмірінде ақаратын ролінің ұшан-теңіз екендігі дәлелдеуді қажет етпейді. Қазіргі өмірдің талабына сай дамып тұрған өркениетті елдердің қайсысы болмасын кезінде шағын және орта кәсіпкерлікті дамыта отырып, айтарлықтай экономикалық өсу дәрежесіне жеткендігі баршаға мәлім.

Сонымен бүгінде  Қазақстан дамыған елдердің қолданып жүрген халықаралық бухгалтерлік есеп стандартына, заңдарын және икемді салық жүйесін толық пайдалануға талпыныс жасауда. Демек, нарықтық қатынвстарға, барлық меншік түрін дамытуға және шаруашылықты жүргізудің экономикалық әдістері мен тәсілдерін таңдауға шаруашылықты басқарудың тиімді механизмін (тетігін) жасауға біртіндеп қолайлы жағдай туып келеді. Сонымен қатар, аталған құбылыстар бухгалтерлік есепке де, талдау жүйесіне де жаңаша талаптар қойып отыр.

     Нарықтық  экономика жағдайында, болатын қатал  бәсекелестік күресте, табыс пен кәсіпорынды, мемлекеттік мекемені сақтап қалудың басты факторы болып, кәсіпорынның қаржылық жағдайы мен қаржылық нәтижесі саналады, ол үшін осы аталған жағдың мәні туралы дер сенімді ақпарат қажет. Тап осындай ақпараттың басы көпшілігі ьухгалтерлік есептің еншісіне тиетіндігіне дау жоқ. Сондықтан да, бухгалтерлік есепті, кейде мемлекеттік қаржылық тілі деп те атайды. Бұл арада қажет ақпараттармен қамтамасыз ету, көп жағдайда, бухгалтерия қызметкерлеріне жүктелетіндігі белгілі. Сонымен қоса, олар есепті оңайлатуға, салық жүйесінің талаптарын орындауға, нормативтік актілерді қатаң сақтауға, басшыға мәліметтердің дәл және анық болуына жауапты болып келеді.

     Нарықтық  экономика жағдайында бухгалтерлік есеп өте зор мәселе болып отыр. Оның ішінде мемелердегі кассалық аппараттары дұрыс жүруі.

Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, қаржы бақылау комитетінің  аумақтық бөлімшілері, қолма-қол ақша мен құндылықтардың сақталуының  қамтамасыз етілуіне, есеп айырысуда  қолма-қол ақшаның шекті пайдаланылу мөлшелерінің сақталуына, республикалық және жергілікті бюджеттерден бөлінген қолма-қол ақшаның, сондай-ақ ақылы қызмет көрсетулерді сатудан, демеушілік және қайырымдылық көмек, депозиттік сома түрінде түскен ақшаның мақсатты пайдаланылуына ерекше назар аудара отырып, мемлекеттік мекемелердің қаржы-шаруашылық қызметіне тексеріспен тексеру жүргізіледі.

     Бұл курстық жұмыс саудадағы бухгалтерлік есептің ерекшеліктерін қарастырады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     І тарау.

     1.1. Сауданың сипаттамасы

     Қоғамдық  өнімнің тауар түрінде сатып алу-сату немесе тауарлық-ақшалай айырбас   арқылы өндіріс саласынан шығу сәтінен бастап тұтыну саласына өткен кезге дейінгі барлық қозғалысы тауар оралымы болып табылады. Тауарлық-ақшалай айырбас негізіндегі өндіріс пен тұтыну аралығындағы экономикалық байланыс тауар оралымының жеке нысаны мен түрі ретінде сауданың ел экономикасының жеке дара саласы болуы объективті қажеттілік пен мақсатқа сәкестіктен туындайды.

      Сауда тауарлар оралымының маңызды түрлерінің бірі ретінде тауар өндірушілер  мен тұтынушылар арасында, тауарлық ұсыныстар мен сатып алушылар сұраныстарының арасындағы делдалдық қызмет көрсетеді және ішкі базардағы халық тұтынатын тауралар оралымының барлық сатыларын қамтиды. Сауда жүйесін ұйымдастыру түрлеріне сәйкес халық тұтынатын тауарлар саудасы: көтерме сауда және бөлшек сауда  болып бөлінеді. Олар тұтыну заттарының тауарлық оралым жүйесінің бірлігімен өзара байланысты. Бірақ айта кету керек, көтерме және бөлшек сауда тауарлық оралым жүйесін тауралардың өндіріс саласынан тұтыну саласына қозғалу жүйесінің әртүрлі сатысында жүргізгендіктен, олардың көрсететін қызметтері, нақты мақсаттары мен міндеттері және тауар қозғалысын ұйымдастырудағы рөлі әр түрлі.

      Көтерме сауда тауарларды ірі партиялармен өндірістік тұтынуға, өңдеуге немесе келешекте халыққа сату үшін үзіліссіз жеткізіп отыруды қамтамасыз етеді. Көтерме сауданың объективті қажеттілігі көп жағдайда өндірістік кәсіпорындарының  тұтыну орындарынан алыс орналасуы, тауар өндірудің бір бағыттылығы мен мерзімділігінен туындайды, сондай-ақ еліміздің жекелеген аудандарының табиғи- климаттық және көліктік жағдайларына байланысты тауарлар өндіріс орындарынан тікелей тұтыну саласына түсуі мүмкін емес. Сондықтан көтерме сауда өндірілген халық тұтынатын тауарларды өндіріс орындарынан тұтыну аудандарына жеткізетін барлық күрделі жүйені ұйымдастыруға арналған.

     Бөлшек  сауда тауарларды  жеке тұтыну мақсатында тікелей халыққа қолма-қол есептесу арқылы немесе басқа тұтынушыларға  шағын көтерме оралым ретінде  қолма-қол ақшасыз есеп айырысу  арқылы сатуды жүргізеді, сонымен тауарлар біржолата сатылып, алу мен сату актілері нәтижелерінде олар оралым саласынан тұтыну саласына түседі.

     Сауда ел экономикасының тіршілікке қажетті  салаларының бірі  болып, халықпен, олардың халық тұтынатын әр түрлі  сапалы тауарларға материалдық және мәдениеттік қажеттілігін қанағаттандырумен күнделікті және өте тығыз байланыста. Сондықтан ол барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл ауқатының артуы туралы мемлекетіміздің әлеуметтік – экономикалық саясатын жүзеге асыруда үлкен рөл атқарады. Сауданың бұл рөлі халық тұтынатын тауарларды өндірістен тұтынушыларға жеткізу туралы өзінің негізгі, ең маңызды міндеттерін орындауда көрінеді.

     Бұл міндеттерін орындау үшін сауда  ел экономикасының көптеген салаларымен  бірлесіп қызмет етуі керек, себебі оның тауарлық ресурстары жеңіл тамақ, ет-сүт, балық және тағы басқа өнеркәсіп салалары мен ауыл шаруашылық  өнімдерінен құралады. Өнеркәсіппен қарым-қатынас жасау барысында сауда тауарларды жеткізіп  
тұруға тапсырыс пен мәлімдеме беру және көтерме жәрмеңкелерде жасалған сауда мекемелері мен өнеркәсіп орындары арасында шаруашылық келісім-шарттары арқылы өндірісті өркендетуге, тауарлардың сапасын жақсарту мен олардың түр-түрін ұлғайтуға белсенді ықпал жасайды.

     Өндіріске ықпал жасай отырып, сауда тұтынушыларға ең қажетті жоғарғы сападағы тауарларды кең ассортиментте сатып, олардың әр түрлі, әсерлі өсіп келе жатқан төлеу қабілеттілігі бар сұранысын қанағаттандыру мен халықтың материалдық және мәдениеттілік өмір деңгейін көтеруге мүмкіндік туғызады.

     Ең  маңызды міндетін- тауарларды өндірістен тұтынушыларға жеткізу – орындау  үшін сатып алу,тасымалдау, сақтау, өңдеу, сұрыптау, буып-түю және сатумен  байланысты саудалық ұйымдастыру, өндірістік және басқа да шаруашылық операцияларын  орындайды,

     Таурларды өндірістен тұтынушыларға (сатып алушыларға) жеткізу барысында сауда арқылы екі біршама дербес және уақыт  пен кеңістікте тауарлық-ақшалай  айырбастың табиғи-заттай және ақшалай  түріндегі  бір-бірінен бөлек  екі акт жасалады: тауарларды сатып  алу (А-Т), бұл сауда мекемелерінің тауар өндірушілерден оларды сатып алуды көрсетеді; және тауарларды тұтынушыларға сату (Т-А). Бұл актіні жүргізу негізінде құнның ақшалай түрінен тауарлық және қайта ақшалай түріне (А-Т-А) ауысуы болады және халық тұтынатын тауарларды өндіруге жұмсалған қаржылардың оралымының үрдісі аяқталады.

     Өндіріс пен тұтыну  арасында делдалдық  қызмет көрсете отырып, сауда халық  тұтынатын тауарларды сатып алушыларға (тұтынушыларға) жеткізіп, оларға қажетті  қызмет көрсетіп  және тауарлық-ақшалай айырбас жасап қана қоймай, сондай-ақ  өндіріске ықпал жасайды, оған тұтынушылар үшін қажетті сапалы тауарлар шығаруға түрткі болады, тауарлық ұсыныс пен төлем қабілеттілігі сатып алушылық сұраныстың қалыптасуына белсенді қатынасады және оларды нарықтық келісімге әкеледі.

     Сауданың  жұмыс істеуінен халық тұтынатын  тауарлар шығаратын өнеркәсіп пен  ауыл шаруашылығы салаларының табысты  дамуы тікелей, ал олар үшін шикізаттар, материалдар, жабдықтар, электр-қуаты, отындар және т.б. жеткізіп тұратын  салалар жанама байланыста. Егер саудаға түскен тауарлар тұтынушылардың төлей аларлық сұранысына сәйкес келсе және оларды жеткізу және сату жақсы ұйымдастырылса, онда тауар шығарушы мен сауда өздерінің тауарларды шығару мен айналымына кеткен қоғамдық қажетті шығындарының кідіріссіз ақшалай орнын толтырады да, сатылған тауарлардың құнына кірген таза табыс табады. Нәтижесінде өндіріс пен  сауданың материалдық-техникалық базасын нығайтуға, жаңа тауарларды шығаруды қайта бастауға және базаларды әртүрлі тауарлармен толтырудың экономикалық негіздері жасалады. Мемлекеттке халықтың қажеттілігі олардың ақшалай табыстарына сәйкес қанағаттандырылуы және қоғамдық ұдайы өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін шығындардың орнын толтыру қажет. Халықтың сұранысын бағалай және жинай отырып, тауарларды сату мен тұтынушыларға  қызмет көрсетуді ұйымдастыра отырып, сауда халық тұтынатын тауарларды шығаратын экономика салаларының үдемелі дамуы мен халықтың қажеттілігін жақсы қанағаттандыруды экономикалық ынталандыру үшін мемлекеттің қолындағы ең белсенді экономикалық құралы болады.

     Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатын орындауда  сауданың рөлі тағы да оның елдің ақша айналымы және қаржы жүйесімен тікелей  өзара байланысымен анықталады.

     Ұлттық  экономиканың қазіргі даму кезеңінде  ақшаның үлкен ынталандыру мазмұны бар, ол еңбекақы , зейнетақы, жәрдемақы төлеу және мемлекетіміздің басқа да әлеуметтік-экономикалық міндеттерін орындау үшін пайдаланылады, осыған байланысты ақша айналымының тұрақтылығы мен оның қалыпты қызмет істеуін қамтамасыз етудің әділдік қажеттілігі туындайды. Бұл міндеттерді орындауда саудаға маңызды рөл жүктеледі, себебі сол арқылы елдің  банкіне айналымға шығарылған барлық салт ақшаның 90 пайызы дерлік қайтып оралады.

     Бұдан шығатыны, елдің ақша оралымының жылдамдығы, негізінен, сауда мекемелері мен кәсіпорындарының жұмысына тікелей байланысты. Сондықтан сауда мекемелері өз қызметтерін неғұрлым жақсы ұйымдастырса және базардың төлей аларлық сұранысын терең зерттесе, неғұрлым сауда кәсіпорындарындағы тауарлық қорлар талапқа сай келсе, соғұрлым тауар оралымының жылдамдығы жоғары және тауар сату көлемі (бөлшек тауар оралымы) үлкен және соғұрлым елдің ақша оралымы қарқынды және тұрақты.

Информация о работе Сауда кәсіпорындардың негізгі түрлері