Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2011 в 19:22, курсовая работа
Барлық экономикалық ғылымдар ішінде бухгалтерлік есеп өз алдына дараланып тұратын бөлек ғылыми сала. Бұл ғылымды жан-жақты зерттейтін, экономикалық жағынан талдайтын, өз алдына ғылыми даму жолдарын анықтайтын әдістермен бірге бұл ғылымды оқытатын пән бар. Осы орайда қоғамдық өндіріс процестерін бухгалтерлік есеп ғылымының пәні деп айтуға болады немесе қоғамдық өндіріс процестерін бухгалтерлік есепке алынатын біртұтас тұлға деп қарауға болады.
Кіріспе
І тарау.
1.1. Сауданың сипаттамасы
1.2. Сауда кәсіпорындардың негізгі түрлері.
1.3. Сауданың ХБЕС (МСФО) бойынша есебі.
ІІ тарау.
2.1. Бөлшек сауданың шығындарының есебі.
2.2. Көтерме сауданың шығындарының есебі.
2.3. Тауарларды сатумен байланысты кепілдік міндеттемелердің есебі.
2.4. Сатудан жасалатын жеңілдіктердің есебі.
2.5. Сауда кәсіпорындарының шығындарының аналитикалық және синтетикалық есебі.
2.6. Сауда кәсіпорынының бухгалтерлік есепті жетілдіру жолдары.
ІІІ тарау.
3.1. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Мемлекетіміздің қаржылық тұрақтылығы үшін де сауданың маңызы зор. Таурларды сату нәтижесінде мемлекеттік бюджетке қосылған құн салығы мен акциздер тауар бағасының элементтері ретінде әрбір сатып алу – сату операцияларынан есептеліп алынып, тікелей түседі. Сондықтан бұл салықтардың сомасы көп жағдайда тауарлар оралымының жылдамдығына байланысты.
Сонымен,
сауда халық тіршілігін қамтамасыз
ететін маңызды сала ретінде халықтың
әл-ауқатын арттыру мен
Әлеуметтік –экономикалық тұрғыдан халық тұтынатын тауарлар саудасы үш түрде дамиды: мемлекеттік, кооперативтік және колхоз саудасы. Бұл өндіріс құрал жабдықтарына екі қоғамдық меншік (мемлекеттік және колхоз кооперативтік) және шаруалар мен фермерлер қожалығы, жұмысшылар мен қызметкерлер, және көмекші шаруашылығынан алынған артық ауыл шаруашылығы өнімдері бар ауыл тұрғындарының жеке меншіктің болғанынан туындайды.
Жоспарлы экономикалық жағдайында елдің бөлшек тауар оралымының жалпы көлемінде мемлекеттік сауданың үлесі 70 пайыз шамасын құрады және басымдылық жағдайда болады.
Кейінгі жылдарда жүргізілген ел экономикасын реформалау және нарықтық қатынасқа көшу сауда саласына өте қатты әсерін тигізді.
Сөйтіп, сауда кәсіпорындарын сату және жекешелендіру арқылы мемлекет иелігінен алу, жеке дербес сауда кәсіпорындары (дүкендер, дүңгіршектер, ларектер) арқылы кәсіпкерліктің қайта дамуы басталады, сауданы басқарудың ұйымдастырулық құрылымы бұзылды- облыстық қалалық, аудандық сауда басқармалары, жұмысшы жабдықтау бөлімі, көтерме сауда орындары және т.б. жойылды. Нәтижесінде мемлекеттік сауданың рөлі шұғыл түсіп кетті. Ірі сауда мекемелері мен кәсіпорындары (көтерме сауда орындары, бөлшек сауда бірлестігі және т.б.) капиталында 51 пайыздан астам мемлекеттің үлесі бар акционерлік қоғам түрінде жұмыс істейді. Жекелеген мемлекеттік өнеркәсіп кәсіпорындарының фирмалық дүкендері бар.
Осылай бола тұра, нарықтық экономикасы дамыған елдерге тән басымдылық орынды және меншік сауда алды, онымен жеке дербес сауда кәсіпорындары (дүкендер, дүңгіршектер, ларектер т.б.) арқылы жекелеген адамдар, шаруалар мен фермерлер қожалығы және басқа да еңбек ұйымдары шұғылданады.
Сауданың негізгі шаруашылық орны- сауда мекемелері (кәсіпорындары).
Сауда мекемелері(кәсіпорындары) болып халық тұтынатын тауарларды сатып алу, тасымалдау, сақтау және сатуды жүзеге асыратын заңды тұлға құқы бар дербес шаруашылық орны саналады.
Сауда саласын реформалау нәтижесінде әр алуан ұйымдастыру – құқықтық нысандағы нарықтық экономикаға пара-пар сауда кәсіпорындары пайда болды: жеке (дербес) кәсіпорын, акционерлік қоғам, жауапкершілігі шектеулі серіктестік (қоғам), өндіріс және тұтыну кооперативтері, бірлескен кәсіпорындар және т.б. бұлар үшін сауда шаруашылық қызметтерінің бір түрі болып саналады (негізгі емес).
Барлық кәсіпорындар бөлшек саудамен қалай шұғылданса, көтерме саудамен де солай шұғылдана алады және өздерінің сауда-қаржылық қызметтерін отандық тауар өндірушілерді қолдауға бағыттауға міндетті.
Ауылдық жерлерде негізгі сауда жасайтын жүйенің жетекші саласы сауда болатын ауылдық тұтынушылар кооперациясы болып саналады. Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 21 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы» Заңына сәйкес қаладағы әртүрлі сауда түрлеріне бәсекелестік болып ауылдық тұтыну кооперациясының дамуын шектеу алынып тасталды. Үлкен қалаларда, облыс орталықтарында сауданың дамуының негізгі бағыты ауыл шаруашылығы өнімдерінің алғашқы, сондай-ақ қайта өндіру түрінде сату. Селолық тұтыну кооперациясының өнеркәсіп кәсіпорындарында жасалған ауыл шеберлерінің өнімдерінің (жүннен жасалған байпақтар, пима, тоқыма бұйымдар, үй жиһаздары, құрылыс материалдары және т.б.) саудасын өрістету үшін үлкен мүмкіндіктер бар.
Сауданың
негізгі қызметін (сату үшін сатып
алу) орындау үшін қалада қалай болса,
ауылда да солай, мекемелерде (кәсіпорындарда)
басқаруды жақсарту, олардың шаруашылық
қызметтерінің тиімділігі мен бәсекелестік
қабіллеттілігін арттыруды ынталандыру,
тауар оралымын өсіру, тауар айналысын
жылдамдату және сауда мекемелерінің
(кәсіпордарының) шығындарын азайту үшін
барлық батыл шараларды қолдану қажет.
1.2. Сауда кәсіпорындардың негізгі түрлері.
Сауда мекемелері мен кәсіпорындарының қаржы-шаруашылық қызметтерінің негізгі көлемді көрсеткіші болып тауар оралымы есептеледі, ол белгілі мерзімде (ай, тоқсан, жыл) сатылған тауарлардың көлемін көрсетеді.
Жоғарыды айтылғандай, тауар оралымы сауда жүйесін ұйымдастыру түріне сәкес көтерме сауда оралымы және бөлшек сауда болып бөлінеді.
Көтерме сауда оралымы деп тұтыну бұйымдарының келешекте бөлшектеп сату үшін көбінесе бөлшек сауда кәсіпорындарында, сондай-ақ өндірістік тұтыну немесе қайта өндіру үшін басқа мекемелерге ірі партиялармен сатылған көлемін айтады. Тауар қозғалысының қалыптасқан түрі бойынша көтерме тауар оралымы екі түрде болады: қоймалық және транзиттік.
Қоймалық сауда оралымы деп тауарларды сауда және басқа кәсіпорындарға көтерме сауда кәсіпорындарының қоймалары арқылы сатуды айтады. Көтерме сауда кәсіпорындарының қоймаларынан көбінесе маусымды сұраныстағы тауарлар, мерзімінен бұрын жеткізілетін және бөлшек сауда кәсіпорындарына жеткілікті кең түр - түрін түсіру үшін алдын-ала сұрыптау және іріктеп жинақтауды қажет ететін күрделі түр – түрлі тауарлар сатылады.
Транзиттік сауда оралымы деп тауарларды (көбінесе жай ассортимент: қант, ұн т.б.) жабдықтаушылардан (жеткізушілерден) көтерме сауда кәсіпорындарына соқпай тікелей сатып алушы мекемелер мен кәсіпорындарға жеткізуді айтады. Ол екі түрлі тауар оралымына бөлінеді: жабдықтаушылар (өндірушілер) мен сатып алушылар (тұтынушылар) арасындағы есеп айырысуға көтерме сауда кәсіпорындарының қатысуымен (төленген транзит) және есеп айырысуға көтерме сауда кәсіпорындарының қатыспауымен (төленбеген транзит немесе ұйымдастырылған транзиттік оралым). Бірінші жағдайда, көтерме сауда кәсіпорындары тауарлар үшін жабдықтаушылармен және сатып алушылармен де өздері есеп айырысады. Транзиттік сатудың екінші түрінде тауарлар үшін сатып алушылар тікелей жабдықтаушылармен (өндірушілермен) көтерме сауда кәсіпорындарының қатысуынсыз есеп айырысады. Көтерме сауда кәсіпорындары тек транзиттік жеткізіп тұруды ұйымдастырады, олардың орындалуын бақылайды және делдал ретінде тауарлардың жеткізілуін ұйымдастырғаны үшін сыйақы алады.
Қоймалық және транзиттік тауар оралымының сомалары жалпы көтерме тауар оралымын құрайды. Атап айту керек, тауар жеткізудің транзиттік түрі ең үнемді және үдеулі түрі, өйткені тауарлардың жылжу жолындағы артық жүйелер қысқарады, тауар оралымы жылдамдатылады, көлік шығындары қысқарады, аралық қоймаларында тауарларды тиеу- түсіру мен сақтау операцияларына жасалатын шығындар толық жойылады, тауарлардың ысырыпталуы (жоғалуы) азаяды.
Бөлшек сауда оралымы дегеніміз - тұтыну бұйымдарының халыққа олардың ағымдағы және алдағы ақшалай табыстарына қолма-қол есеп айырысу арқылы айырбастау және несиеге беру көлемі. Осылайша бөлшек сауда оралымының негізгі экономикалық мазмұнын қорытындылауға болады.
Бөлшек
сауда оралымына тауарларды халыққа
сатудан басқа, сондай-ақ бөлшек сауда
кәсіпорындарынан шығын көтерме
оралымы түрінде жекелеген
Бөлшек сауда оралымының құрамы Қазақстан Республикасының статистика агенттігінің арнайы нұсқаулығымен анықталады.
Бөлшек сауда оралымы бөлшек сауда кәсіпорындары және қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының тауар оралымы болып бөлінеді. Тұтыну кооперациясында, бұдан басқа, ауыл шаруашылығы өнімдерін шартты бағалар немесе фермерлік және шаруа қожалықтарынан комиссияға алынған және халықтан сатып алынған өнімдерді жеткілікті базарларда қалыптасқан бағалар бойынша сатудан да бөлшек тауар оралымы құралады.
Тауарды халыққа сату және ақшалай табыстарын сатып алу-сату жолымен қажетті халық тұтынатын бұйымдарға айырбастаумен байланысты экономикалық қатынастар бөлшек сауда оралымының экономикалық санаты ретіндегі мазмұнын көрсетеді.
Бөлшек
сауда оралымы – бұл ел дамуының
маңызды әлеуметтік-
Бөлшек сауда оралымының мағынасы тағы да мынамен айқындалады, бөлшек сатып алу- сату актісі – тауарлардың айналым саласынан тұтыну саласына жылжуының ақырғы кезеңі. Бұл актіде тұтыну құны мен тауардың құны қоғамдық танымға ие болады және тауарларды өндіру мен айналуына кеткен қоғамның барлық шығындары ақшалай төленеді. Нәтижесінде тауар өндірушілер (өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы), көлік және сауда мекемелері (кәсіпорындары) өздерінің қызметтерін жалғастыруға және ұдайы өндірістің үзіліссіз жүйесін қамтамасыз етуге мүмкіндік алады.
Бөлшек
сауда оралымының өсуі елдің ақша
айналымын айқын түрде
Осымен
бірге, бөлшек тауар оралымы сауданың
сала ретінде, оның құрылымдық бөлімшелерінің
(бөлшек сауда кәсіпорындарының-
Оның
көлемі мен түр-түрінің құрылымымен
ең ақырында сауда мекемелері мен
кәсіпорындары қызметтерінің
Көтерме және бөлшек тауар оралымының көлемі халық сұранымымен пайдаланатын тауарлар қорларының жеткілікті көлемде болуына байланысты.
Сауда статистикасы – бұл негізгі міндеті тауарлар, қызмет көрсету нарығының жағдайы, олардың өсу тенденциясы, сұраныс пен ұсынысты зерттеу және аймақтық ерекшеліктерін білу туралы статистика саласы.
Бөлшек сауда – халыққа жеке тұтыну және үйге пайдалану немесе кәдеге жарату үшін жаңа және бұрын пайдаланылған тауарларды қайта сату (өңдемей сату).
Көтерме сауда – жаңа және бұрын пайдаланылған тауарларды бөлшек сауда сатушыларға, өнеркәсіптік, коммерциялық, институционалды немесе кәсіби пайдаланушыларға немесе көтерме сауда сатушыларға, сондай-ақ осындай тұлғалардың немесе компаниялардың атынан тауарларды сатып алған кезде делдал немесе агент ретінде қызмет ететіндерге немесе осы тауарларды сататындарға алып-сату (өңдемей сату).
Сыйақыға немесе шарт негізіндегі көтерме сауда – өз атынан немесе басқа тұлғалар мен фирмалар атынан мәмілелерді сыйақыға жүзеге асыратын, сонымен бірге сатушылар мен сатып алушылар мәліметімен байланысты комиссиялық агенттер және басқа да көтерме сауда делдалдарының қызметі.