Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 15:51, лекция

Краткое описание

Негізгі абсолюттік макроэкономикалық көрсеткіштер Ұлттық шоттар жүйесінде көрініс тапқан. Ұлттық шоттар жүйесі (Ұлттық өнім мен табыс шоттарының жүйесі – System of National Product and Income Accounts) 20-жылдарда Экономикалық Зерттеулердің Ұлттық Бюросы (National Bureau of Economic Research) қызметкерлерінен құралған америкалық ғалымдар тобымен құрастырылды. Бұл топтың басшысы Нобель сыйлығының болашақ лауреаты Саймон Кузнец (Simon Kuznets) болды.

Оглавление

1. Ұлттық шоттар жүйесі
2. Жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ), жалпы ішкі өнім (ЖІӨ)
3. Жалпы ішкі өнімді есептеу тәсілдері
4. Ұлттық шоттар жүйесіндегі көрсеткіштердің арақатынасы
5. Макроэкономикадағы нақты және атаулы көрсеткіштер. Бағалар индексі

Файлы: 1 файл

2лекция+ОЭ2.docx

— 48.73 Кб (Скачать)

Есенгалиева Каламкас Сембаевна  – сениор-лектор кафедры «Экономика и менеджмент», 2010-2011 уч.год

2 лекция. НЕГІЗГІ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР

 

Жоспар:

1. Ұлттық шоттар  жүйесі

2. Жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ), жалпы ішкі өнім (ЖІӨ)

3. Жалпы ішкі  өнімді есептеу тәсілдері

4. Ұлттық шоттар жүйесіндегі көрсеткіштердің арақатынасы

5. Макроэкономикадағы нақты және атаулы көрсеткіштер. Бағалар индексі

 

 

1. Ұлттық шоттар жүйесі

 

       Негізгі  абсолюттік макроэкономикалық көрсеткіштер  Ұлттық шоттар жүйесінде көрініс  тапқан. Ұлттық шоттар жүйесі (Ұлттық  өнім мен табыс шоттарының  жүйесі – System of National Product and Income Accounts) 20-жылдарда Экономикалық Зерттеулердің  Ұлттық Бюросы (National Bureau of Economic Research) қызметкерлерінен құралған америкалық  ғалымдар тобымен құрастырылды. Бұл топтың басшысы Нобель  сыйлығының болашақ лауреаты  Саймон Кузнец (Simon Kuznets) болды.

           Ұлттық шоттар жүйесі (ҰШЖ) жалпы  өнімді (өндіріс көлемін), жалпы табысты  көрсететін, ұлттық экономика жағдайын  бағалауға мүмкіндік беретін  статистикалық макроэкономикалық  көрсеткіштерінің жиынтығы болып  табылады. ҰШЖ  жалпы өнімді (өндіріс  көлемін) көрсететін негізгі үш  көрсеткішті қамтиды: жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ), жалпы ішкі өнім (ЖІӨ), таза ұлттық өнім (ТҰӨ), сонымен қатар жалпы табысты бейнелейтін үш көрсеткішті де қамтиды: ұлттық табыс (ҰТ), жеке табыс (ЖТ) және қолдағы жеке табыс (ҚЖТ).

        ХХ  ғасырдың 80-жылдарының басына дейін  жалпы өнім көлемін бейнелейтін  көрсеткіш ЖҰӨ болды. Дегенмен  қазіргі заманғы жағдай өзгешелеу.  Экономикалық және шаруашылық  байланыстардың ғаламдануына, сонымен  қатар, әрбір елдің ұлттық өндірістік  факторларын кез-келген елде қолданғандықтан  ЖҰӨ-ді есептеуде туындаған қиындықтарға  байланысты, ұлттық шоттар жүйесінің  басты көрсеткішіне ЖІӨ айналды. 

 

2. Жалпы  ұлттық өнім (ЖҰӨ), жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) 

           Жалпы ұлттық өнім (Gross National Product) - экономикада белгілі бір кезең ішінде (әдетте 1 жылда) нақты елдің азаматтары меншігіндегі өндіріс факторларын пайдаланып елдің ішінде ғана емес, одан тыс жерде де өндірілген түпкі тауарлар мен көрсеткен қызметтердің нарықтық жиынтық құны.

            Жалпы ішкі өнім (Gross Domestic Product)  - ел территориясындағы барлық өндірушілердің белгілі бір кезең ішінде өндірген түпкі тауарлары мен көрсеткен қызметтерінің нарықтық  құнын білдіретін жиынтық көрсеткіш.

Бұл анықтаманың әрбір  сөзін талдайық:

       ЖҰӨ  - елдің азаматтарының өз меншіктеріндегі,  яғни ұлттық өндіріс факторларының  көмегімен өндірген барлық түпкі  тауарлары мен қызметтерінің  нарықтық жиынтық құнын көрсетеді,  осы елдің территориясында ма, әлде басқа елдерде ме, ол маңызды  емес. ЖҰӨ-ді анықтауда критерий  болып ұлттық меншік факторы  саналады.

       Ал ЖІӨ  - бұл осы елдің территориясында  өндірілген барлық түпкі тауарлар  мен қызметтердің нарықтық жиынтық  құнын көрсетеді, бұл кезде  тауарлар мен қызметтер ұлттық  өндіріс факторларының көмегімен  өндіріле ме немесе шетелдік  өндіріс факторларының көмегімен  бе, ол маңызды емес. ЖІӨ-ді анықтауда  критерий болып территория факторы  саналады.

        Дамыған  елдердің көпшілігінде ЖІӨ-нің  ЖҰӨ-нен айырмашылығы 1%-дан аспайды.  Бұл көрсеткіштердің арасындағы  айырмашылық, басқа елдердің азаматтарына  қызметтер көрсеткендері үшін  жоғары табыстар алатын елдерде  біршама болады (мысалы, туристік  қызметтер - Кипр, Греция, Мальта  және басқалар,  немесе банктік  қызметтер - Люксембург, Швейцария).

        Бір жыл ішінде. Бұл шартқа сәйкес алдыңғы жылдарда, онжылдықтарда, ғасырларда өндірілген барлық тауарлар ЖІӨ-ді есептегенде есепке алынбайды, себебі олар сәйкес жылдардағы ЖІӨ-нің құнында есептелген. Сондықтан, екі дүркін есептеуді болдырмау үшін ЖІӨ-ге тек қана нақты жылғы өндіріс көлемінің құны кіреді.

 

3. Жалпы  ішкі өнімді есептеу тәсілдері

 

        Макроэкономиканың  басты көрсеткіштері ретінде  ЖІӨ (ЖҰӨ) үш әдіспен есептеледі:

Шығын бойынша (түпкі пайдалану  әдісі);

Табыс бойынша (бөлу әдісі);

Қосылған құн бойынша (өндірістік әдіс).

 Бұл әдістерді пайдалану  бірдей нәтиже береді, себебі  экономикада жиынтық           шығындар жиынтық табысқа тең,  ал қосылған құн шамасы түпкі  өнім құнына тең

болады.

        ЖІӨ-ді шығындар бойынша есептеу. Шығындар бойынша есептелген ЖІӨ барлық макроэкономикалық агенттердің шығындарының қосындысын көрсетеді, себебі бұл жағдайда экономикадағы өндірілген тауарлар мен қызметтердің ең соңғы тұтынушысы кім болғаны, оларды сатып алуға кім қаражат шығындағаны ескеріледі. ЖІӨ- ді  шығындар бойынша есептегенде келесі көрсеткіштердің қосындысы алынады:

                                        ЖІӨ = C + I + G + Nx,

       мұндағы:  С – тұтыну шығындары, І  – жалпы инвестициялар, G – мемлекеттік  шығындар, Nx – таза экспорт.            

ЖІӨшығын бойынша= тұтыну шығындары (C) + жалпы инвестициялық шығындар (I) + мемлекеттік сатып алулар (G) + таза экспорт (Nx).

       ЖІӨ-ді есептеудің екінші тәсілі – бөлу әдісі немесе табыс бойынша есептеу әдісі болып табылады. Бұл жағдайда ЖІӨ экономикалық ресурстардың меншік иелерінің, яғни үй шаруашылықтарының табыстарының қосындысы (ұлттық факторлардан түсетін табыстар мен шетел факторларынан түсетін табыстардың қосындысы)  ретінде, яғни факторлар табыстарының сомасымен анықталады. Ұлттық факторлардан түсетін табыстарға төмендегілер кіреді:  

   1)  еңбекақы және жалақы (wages and salaries);     

2)  жал төлемі немесе рента (rental payments);    

3)  пайыздық төлемдер немесе пайыз (percent payments);

     4)  пайда, яғни «кәсіпкерлік қабілет» факторынан түсетін табыс.     

Ұлттық факторлар табыстарының сомасы (еңбекақы, ренталар, пайыз және пайда) ұлттық табысты көрсетеді. Табыстар ағыны әдісімен есептелетін ЖІӨ-нің құрамына ұлттық факторлар табыстарынан басқа екі элемент кіреді, олар табыс бойынша төленетін  төлемдер, бірақ экономикалық ресурстар иелерінің түсімдеріне жатпайды. Бұндай элементтің бірі болып бизнеске салынатын салық саналады.   ЖҰӨ-ді табыс бойынша есептегенде ескеретін (қосатын) тағы бір элемент амортизация (қолданылған капитал құны) болады, ол да кез-келген тауардың бағасына қосылады. Ұлттық табысқа жанама салықтар мен қолданылған капитал құнын қосатын болсақ, онда жалпы ұлттық өнімді анықтаймыз. ЖҰӨ-нен ЖІӨ-ге өту үшін қарастырып отырған ел территориясындағы шетелдік өндіріс факторларының құрастырған (еңбекпен тапқан) таза табыстарын (өнім көлемін) қосу қажет. Осылайша,

ЖІӨтабыс бойынша = еңбекақы + жал төлемдері (шартты түрде белгіленген жал төлемдерін қосқанда) + пайыздық төлемдер + меншік иелерінің табыстары + корпорация пайдасы + жанама салықтар + амортизация + шетел факторларының таза табысы.

     Үшінші тәсіл бойынша ЖІӨ экономикадағы барлық салалар мен өндіріс түрлеріндегі қосылған құнның сомасы арқылы есептелінеді. Қосылған құн -  бұл сатудан түсетін жалпы түсім мен аралық өнімнің құнының (әрбір өндіруші фирманың басқа фирмалардан сатып алатын шикізаттары мен материалдарының құны) айырмасы. Бұл кезде фирманың барлық ішкі шығындары (еңбекақыға, амортизацияға, капитал арендасына және т.б. төлеуге арналған), сондай-ақ фирманың пайдасы қосылған құнның құрамына кіреді.

Мысалы, америкалық экономика ірі 7 секторға бөлінеді, олар: өндіріс, ауыл шаруашылық, құрылыс, қызмет көрсету сферасы және т.б. Әуелі осы секторлардың әрқайсысындағы қосылған құн есептелініп, содан кейін олардың қосындысы анықталады.

              

                3. Ұлттық шоттар жүйесіндегі көрсеткіштердің арақатынасы

 

 

       Жоғарыда айтылып өткендей ұлттық шоттар жүйесінде жиынтық өнімнің үш түрі: жалпы ішкі өнім (ЖІӨ), жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ), таза ішкі өнім (ТІӨ) және жиынтық табыстың үш түрі: ұлттық табыс (ҰТ), жеке табыс (ЖТ), қолма-қол жеке табыс (ҚЖТ) ерекшеленеді.

      ЖҰӨ-нің (Gross National Product – GNP) ЖІӨ-нен (Gross Domestic Product – GDP) маңызды айырмашылығы жоғарыда қарастырылды.      

      ЖҰӨ-нің шамасы ЖІӨ шамасынан шетел факторларының таза табыстарының

мөлшерімен өзгешеленеді:

                 ЖҰӨ =  ЖІӨ – шетел факторларының таза табыстары.

Таза ішкі өнім (Net Domestic Product - NNP) экономикадағы өндірістік әлеуетті сипаттайды және оның құрамына таза инвестиция кіреді, ал амортизация қосылмайды:  ТІӨ = ЖІӨ – А.

           ТІӨ шығын бойынша және табыс  бойынша да есептелінеді:

  ТІӨшығын бойынша= тұтыну шығындары (C) + таза инвестициялық шығындар (Inet) + мемлекеттік сатып алулар (G) + таза экспорт (Xn);

      ТІӨтабыс бойынша= еңбекақы + жал төлемі + пайыздық төлемдер + меншік иелерінің табыстары + корпорация пайдасы + жанама салықтар + шетел факторларының таза табысы.

     Ұлттық табыс (National Income-NI) – бұл экономикалық ресурстар иелерінің тапқан табыстарының жиыны, яғни факторлар табыстарының сомасы. Бұл көрсеткішті екі түрлі әдіспен есептеуге болады:

 1) ҰТ = таза ішкі өнім – жанама салықтар – шетел факторларының таза табысы;

немесе,

2) ҰТ= еңбекақы + жал төлемі + пайыздық төлемдер + меншік иелерінің табыстары + корпорация пайдасы.

      Бұл көрсеткіштерден  басқа ұлттық шотта жалпы ұлттық  қолдағы табыс (ЖҰҚТ) та есептеледі:

  ЖҰҚТ = ЖҰӨ – шет елдерден түсетін таза трансферттік төлемдер, яғни басқа елдерден түсетін трансферттер (сыйлықтар, гуманитарлық көмектер) мен осы елдің шет елдерге берген трансферттерінің арасындағы айырма.

       Жеке  табыс (Personal Income - PI) – бұл көрсеткішті анықтау үшін ұлттық табыстан үй шаруашылығына түспейтін ұжымдық табыстарды шегеріп, үй шаруашылықтарының табыстарын көбейтетін, бірақ ұлттық табыс құрамына кірмейтін барлық көрсеткіштерді қосамыз:

Жт = Ұт – әлеуметтік сақтандыру жарналары – корпорацияның  бөлінбеген пайдасына салынатын  салық - корпорацияның бөлінбеген пайдасы +  трансферттер + мемлекеттік облигациялардан  түсетін пайыздар

немесе,

   Жт = Ұт - әлеуметтік сақтандыру жарналары –  корпорация пайдасы  +  дивиденттер + трансферттер + мемлекеттік облигациялардан түсетін пайыздар.

    Жиынтық табыстың  үшінші түрі – қолма-қол жеке  табыс (Disposal Personal Income - DPI) – бұл үй шаруашылықтарының қолданатын табысы. Ол жеке табыстан жеке салықтарды  алып тастағанға тең болады:

ҚЖТ = Жт – жеке салықтар

     Үй шаруашылықтары  қолма-қол жеке табыстарын тұтынуға (consumption - C ) және жинақтауға (saving - S) жұмсайды:

DPI = C+S.

      Жинақ қорларының  төмендегідей түрлерін бөледі:

       Жекеше жинақ (personal saving) немесе үй шаруашылықтарының жинақ қоры қолма қол жеке табыс пен жеке тұтыну шығындарының айырмасы түрінде есептелінеді:

Spersonal = DPI – С.

        Бизнестің жинағы ( saving of business) – құрамына қаржыландырудың ішкі көзі және өндірісті кеңейтудің негізі болатын амортизация мен корпорацияның бөлінбеген пайдасы кіреді.

       Жеке сектор жинағы (private saving) – үй шаруашылығы мен бизнес жинақ қорларының сомасы:

Sprivate = Spersonal + Sbusiness

      Мемлекеттік жинақ (government saving) – мемлекеттік бюджеттегі артықшылық (бюджеттегі табыс шығындардан көп болғанда орын алады).

Sgovernment = (бюджет табыстары - бюджет шығындары)>0

       Ұлттық жинақ ( national savings) – жеке сектор жинағы мен мемлекет жинағының қосындысы:

Snational = Sprivate + Sgovernment

      Шетел секторының жинағы (foreign sector saving) – импорт экспорттан асып түсіп (таза экспорт теріс сан болады), елдің сауда балансының  тапшылығы (теріс қалдық) болғанда туындайды.

Sforeign = Im - Ex > 0.

       Барлық  секторлардың (жеке, мемлекеттік және  шетел) жинақтарының сомасы жалпы  инвестициялар көлеміне тең: 

I= Sprivate + Sgovernment + Sforeign = S + (T - G) + (Im – Ex).

          Ұлттық шоттар жүйесінің көрсеткіштері жиынтық өнім мен жиынтық табысқа баға береді, бірақ олар өмірдің сапасын, әл-ахуал деңгейін көрсете алмайды.

        Әл-ахуал деңгейін сипаттау үшін келесі көрсеткіштер қолданылады:

    а) жан басына шаққандағы ЖІӨ шамасы (GDP  per capita); немесе

    ә) жан басына шаққандағы ұлттық табыс   (NI per capita ).

Әртүрлі елдер арасындағы салыстыруды қамтамасыз ету үшін  бұл көрсеткіштер АҚШ долларымен есептеледі.      

Жоғарыда айтылғандарға қарамастан, бұл көрсеткіштер өте жетілмеген және өмір сүрудің сапасын дәл көрсете алмайды. Олардың басты кемшіліктері, біріншіден бұл көрсеткіштер орташаланған (мысалы, егер бір адамда екі автокөлік бар болса, ал екінші адамда біреуі де жоқ болса, онда орташа есеппен әрбір адамның бір автокөлігі бар деп есептелінеді; екіншіден, бұл көрсеткіштер әл-ауқат деңгейінің көптеген сапалылық сипаттарын ескермейді (мысалы, жан басына шаққандағы ұлттық табыстары бірдей екі елде білім деңгейі, өмір сүру ұзақтығы, ауыру және өлім деңгейі, қылмыс жасау деңгейі және т.т. әртүрлі болуы мүмкін; үшіншіден, бұл көрсеткіштер доллардың әртүрлі елдердегі сатып алу қабілеттілігінің әртүрлі болатынын ескермейді (мысалы, 1долларға АҚШ-та және Үндістанда әртүрлі тауар санын сатып алуға болады); төртіншіден, экономикалық өсудің жағымсыз салдарын есептемейді (қоршаған ортаның ластану деңгейін, шуды, газдануды және с.с.т.т.).

Информация о работе Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер