Фирманың бәсекелік артықшылықтарын талдау

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2013 в 13:38, доклад

Краткое описание

Экономиканың дағдарысқа дейінгі ахуалын көрсететін рейтингтің қорытындысы бойынша Қазақстанды макроэкономикалық жағдайы тұрақты, адами әлеуеті біршама жоғары және осы деңгейде дамыған тұтынушылық нарығы бар, алайда инфрақұрылымдық-мекемелік және инновациялық-технологиялық даму жағынан орташа, сондай-ақ бизнесі бәсекеге қабілеттілігі жеткіліксіз ел ретінде сипаттауға болады.
Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін ең бастысы отандық және шетелдік нарықта қазақстандық өнім өндірушілердің позициясын күшейту проблемасын шешу қажет. Осы мәселені шешуде мемлекеттік қолдаумен қоса отандық кәсіпорындарды басқарудың тиімділігін арттырудың маңызы зор.

Оглавление

КІРІСПЕ
1 КӘСІПОРЫННЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АНЫҚТАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ……………………….........5
1.1 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі туралы түсінік…………………........5
1.2 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің факторлары мен критерийлері……………………………………………………………………..12
1.3 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін бағалау……………………............27
2 «РАХАТ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМНЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ТАЛДАУ ЖӘНЕ АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ………………………………………………………….....................35
2.1 Қазақстандағы тамақ өнеркәсібі саласының бәсекелік жағдайын сипаттау…………………………………………………………………………..35
2.2 «Рахат» акционерлік қоғамның өнімдерінің Қазақстан нарығындағы бәсекелестік артықшылықтарын талдау және арттыру……………………………………...........................................................41
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Файлы: 1 файл

Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі.docx

— 163.27 Кб (Скачать)

Қазіргі уақытта отандық  кондитерлік өнеркәсіпте кондитерлік  өнім өндіруге толықтай немесе ішанара  маманданған 200-ден астам ірі және орташа кәсіпорын жұмыс істейді. Мұның өзінде елімізде 90%-дан астам  өнімді 3 компания, яғни «Рахат» АҚ, «Баян сұлу» АҚ, «Қарағанды кәмпиттері»  АҚ шығарады.

Кондитерлік өнімді өндірушілердің арасынан «Рахат» АҚ басты ішкі бәсекелестерін атап өтсек, олар:

а) «Баян сұлу» АҚ –  Қостанай қаласында орналасқан, кондитерлік  өнімнің 160-қа жуық түрін шығарады. Өндірістік қуаты 30 мың тоннаны құрайды, 2009 жылы өндірістің көлемі 11,4 мың тонна болды, бұл ішкі нарықтың 8%-дық үлесіне тең;

ә) «Қарағанды кәмпиттері»  АҚ – Қарағанды қаласында орналасқан, 160-тан астам кондитерлік өнім түрін өндіреді, өндірістік қуаты 40 мың тоннадан асады. 2002 жылы кәсіпорын 9,4 мың тонна өнім шығарып, нарықтың 6%-ын құрады.

Қазақстан нарығында 2011 жылы импорт өнімінің үлесі 50%-дан асты және Ресей мен Украинаның кондитерлік өнім өндірушілері отандық өндірушілердің негізгі бәсекелесі болды.

Компанияның есебі бойынша  «Рахат» АҚ Қазақстан нарығының 65%-ын ұстап тұр, ал Алматы қаласында  компания нарығының үлесі 75-80%-ды құрайды, мұнда әр адам 8,5 кг-ға жуық тәтті  өнім тұтынады. Салыстыру үшін айтатын  болсақ, АҚШ-та жан басына шаққанда әр адам 10 кг тәтті өнім тұтынады, солтүстік еуропалық елдерде бұл көрсеткіш жан басына шаққанда 20 кг-ға жетеді екен [34,68].

«Рахат» фабрикасын бәсекелестерімен салыстырып, оның күшті және нашар  жақтарын, мүмкіндіктері мен қауіптерін қарастырайық (6-кесте).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кесте 5. «Рахат» кондитерлік фабрикасын SWOT-талдау

 

Күшті жақтары:

нарықтың көшбасшысы;

компанияның тұрақты қаржылық жағдайы;

жоғары және орта буындағы білімді  әрі білікті басшылық;

маркетингке, үздік қызмет көрсетуге  ерекше назар аударылады;

өнімнің кең түрі;

сатып алушылар арасында беделді, жақсы  танымал сауда белгісі;

тәртіпке келтірілген өнім өткізудің  икемді жүйесі;

 өте икемді баға саясаты;

шығын жөніндегі артықшылықтар;

шикізат жеткізушілермен ұзақ мерзімді байланыс жасау.

Нашар жақтары:

өндірістік қуаттардың толық іске қосылмауы;

 зерттеулер мен әзірлемелер  саласында артта қалу;

қаланың ішінде орналасу: өндірістік үй-жайлардың тарлығы, даяр өнімнің  бірыңғай қоймасының болмауы;

қосымша көлік шығындары (шикізат  қоймасының алыста орналасуы);

 

кейбір жұмысшы мамандықтары бойынша білікті мамандардың жетіспеуі.

Мүмкіндіктер:

шығарылатын өнімнің жоғары сапасын  және басқа да тұтынушылық қасиеттеріне ерекше назар аудару;

жаңа нарықтарға немесе нарықтардың  сегменттеріне шығу;

өндірістік желіні, өнімнің түрлерін кеңейту;

сатылас интеграция;

деңгейлес интеграция;

бәсекелес фирмалардың жайғасымдарының  әлсіреуі;

жаңа өнім шығаруда жаңалықтар мен  технологиялық «ноу-хауды» пайдалану  қабілеті;

Қазақстанда жалпы инвестициялық  ахуалдың жақсаруы;

компанияның қаржы жағдайының жақсаруы;

келешегі мол дамушы саланың  тұрақты және қарқынды дамуы.

Қауіптер:

Қазақстандағы тұрақсыз макроэкономикалық ахуал;

ұлттық валютаның құнсыздануы, инфляция;

 ғаламдық қаржы дағдарысы; 

әлемдік тауарлық нарықта жағдаяттың күрт өзгеруі,

халықтың кірісінің төмендеуі, халықтың төлемге қабілеттілігінің түсуі;

шығындары төмен жаңа бәсекелестердің  пайда болу мүмкіндігі;

отандық өндірушіні мемлекеттік қорғау мен қолдаудың жеткіліксіз тиімді жүйесі;

халықтың әл ауқаты мен сатып  алу қабілетінің деңгейіндегі өңірлік  сәйкессіздіктердің сақталуы;

сатып алушылар мен жеткізушілердің  талаптарының артуы;

импорт өнімі тарапынан күшті  баға бәсекелестігі;

жергілікті шикізат базасының  жеткіліксіздігі мен дамымау салдарынан кәсіпорынның өндірістік және қаржылық жағдайын әлемдік нарық жағдаятына тәуелді ететін импортталатын шикізаттың жоғары үлесі.

Ескерту: Автор құрастырған


 

Компанияның ұзақ мерзімді мақсаттарын қарастыра отырып «Рахат»  АҚ қолданыстағы стратегиясына жалпы  жан-жақты өсу, атап айтқанда нарықтағы  жайғасымды күшейту стратегиясы  деген анықтама беруге болады.

Нәтижесінде ұсынылған әдістемелік  тәсілдемені қолданып:

а) бәсекеге қабілеттіліктің  сыртқы факторларының дамуын сапаның  бағалау арқылы сипаттауға (санын  бағалау мүмкіндігі болмаған жағдайда);

ә) болжамдық ахуалды, болжанатын объектіні егжей-тегжей сипаттамасын әзірлеуге;

б) бәсекеге қабілеттіліктің  сыртқы және ішкі факторларын анықтап  бағалауға;

в) кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігіне  сыртқы ортадағы жағымсыз жағдайлардың жасайтын ықпалын анықтауға;

г) болжанатын кезеңдегі  бәсекеге қабілеттіліктің елеулі факторларын  анықтауға және шамалы өзгеретін  факторларды негізге алып (олардың  маңызын есептегенде) және осының негізінде  фабриканың бәсекеге қабілеттілігінің дамуындағы басымдықтарын анықтауға;  

ғ) басқарушылық шешімдер «Рахат»  АҚ дамуына болжанатын кезеңде қаншалықты ықпал ететіні жөніндегі сұрақтарға жауап алуға мүмкіндік береді.

Сөйтіп, сипатталған  әдістемені қолдану кәсіпорынның ұзақ мерзімді келешекте бәсекелестік артықшылыққа жетуге күш-жігерін бағыттау мақсатында бәсекеге қабілеттілікті дамытудың  бағытын анықтауға мүмкіндік  береді. Бұл үшін басымдықтарды таңдап, нарық жағдайының даму үрдістеріне  барынша жоғары дәрежеде сәйкес келетін  және кәсіпорын қызметінің күшті  жақтарын тамаша пайдалануға мүмкіндік  беретін стратегия әзірлеу қажет.

Кондитерлік кәсіпорындардың  бәсекеге қабілеттілігіне ықпал  ететін факторлардың екі тобын жеке атауға болады:

а) тұтынушылардың қалауына, атап айтқанда, тауардың бағасына, сапасына, инновацияға, ұйымдастыру-коммерциялық жағдайларға, сауда белгісінің имиджіне байланысты олардың өніммен қанағаттану дәрежесі;

ә) кәсіпорынның экономикалық, қаржы, ғылыми-техникалық және қор сипатындағы факторларға байланысты бәсекелік мүмкіндіктер.

Сондықтан келтірілген көрсеткіштер топтарының ауқымында кондитерлік  өнімнің ерекшеліктерін айқын көрсететін және кондитерлік кәсіпорындардың  бәсекеге қабілеттілігін арттырудың ұйымдастыру-экономикалық механизмін әзірлегенде пайдаланылатын көрсеткіштерді ұсынуды қажет деп санаймыз.

Кездейсоқ іріктеу  әдісімен Алматы қаласының 16 азық-түлік  дүкені таңдалды, олардың ішінен респонденттердің тепе-тең саны да кездейсоқ алынады. Іріктеудің ең аз көлемі сенімгерлік  аралық әдісінің негізінде анықталып, 450 адам іріктелді. Зерттеу барысында 550 респондентке сұрақ қойылды.

Сөйтіп, қазақстандық нарықта  кондитерлік өнімдерді жылжыту  үшін өнім дәмінің сапасын жақсарту, өнімнің тұтынушыға жылдам жетуді қамтамасыз ету, бағамен айла жасау, сондай-ақ өндірушінің  танымалдық дәрежесін арттыру мен  оның өнімінің беделі сияқты тиімді маркетингтік іс-шаралар іске асырылады.

Біздің ойымызша, бәсекеге қабілеттілікті нарық жағдайының сапа сипаттамасы ғана емес сан жағынан  өлшенетін параметр ретінде қарастыруға  болады. Бәсекеге қабілеттілікті бағалаудың ғылыми негізделген әдістемесін  әр түрлі өлшемдерді пайдалана отырып, әр түрлі әдістермен құруға болады. Кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін бағалау белгіленген көрсеткіштердің жиынтығына негізделуге тиіс, ал көрсеткіштердің құрамы басқару субъектісін бағалаудың мақсаты мен қажеттілігіне орай анықталады. Қайсы бір жеке өлшемге басымдық беру қиын болғандықтан, бәсекеге қабілеттілікті кешенді бағалаған орынды.

Бәсекеге қабілеттілікті кәсіпорынның рейтингін әзірлеу  негізінде бәсекеге қабілеттілік факторларының  жиынтық ықпалының негізіндегі  бәсекеге қабілеттілік құрамдастарының  жиынтық ықпалын ескере отырып бағалауға  болады. Осылай бағалау міндетті түрде  ресми есептілік деректеріне  негізделуге тиіс.

Біздің ойымызша, Қазақстанның кондитерлік өнеркәсібінің жетекші  кәсіпорындарын рейтингтік бағалау  үшін бәсекеге қабілеттілікті салыстырмалы рейтингтік бағалау әдістемесін  ұсынуға болады.

«Рахат» АҚ мен оның негізгі бәсекелестерінің рейтингтік сандарының мағыналары жалпы  да, сондай-ақ бәсекеге қабілеттіліктің  әрбір параметрі бойынша да анықталды (6-кесте).

 

Кесте 6. Қазақстанның кондитерлік саласы кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігінің интегралдық көрсеткішін аддитивтік жиынтықтау әдісімен 2009 жылы есептелген мағыналары

 

 

Параметр

«Баян сұлу»АҚ

«Рахат» АҚ

«Қарағанды кәмпиттері» АҚ

«Ақтөбе тәтттілері» АҚ

Шаруашылық қызметтен түскен пайда

0,42

4,0

0,29

0,87

Басқарудың тиімділігі

0,4

3,79

0,62

2,18

Іскерлік белсенділік

6,30

4,70

4,18

3,46

Өтімділік және нарықтағы тұрақтылық

0,88

3,42

4,37

2,19

Өндірістің көлемі мен шоғырлануы

0,98

4,49

3,87

2,27

Төлемге қабілеттілік

3,33

4,05

4,98

2,63

Бәсекеге қабілеттіліктің интегралдық көрсеткіші

12,31

24,45

14,31

14,0

Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасының статистика агенттігі. 2010.


 

Айтылғанды көрнекі түрде көрсету  үшін кәсіпорындарды саралайық, яғни оларды аддитивтік әдіс бойынша анықталған бәсекеге қабілеттіліктің интегралдық  көрсеткішінің мағынасына орай орындарға  орналастырайық  
(8-кесте).

Осылай көрсетілген ақпараттан кәсіпорындар мен олардың интегралдық  көрсеткіш бойынша құрылған рейтингтегі  жақын қарсыластарының жалпы  деңгейі жөнінде пікір қалыптастыруға да, сонымен бірге бәсекеге қабілеттіліктің  әрбір параметрі бойынша құрылған рейтингті талдау негізінде бәсекелестікке қабілеттіліктің «нашар жақтарын», сондай-ақ резервтерін анықтауға  мүмкіндік береді.

 

Кесте 7. ҚР кондитерлік саласы кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігінің 2011 жылғы рейтингі

 

Параметр

«Баян сұлу» АҚ

«Рахат» АҚ

«Қарағанды кәмпиттері» АҚ

«Ақтөбе тәттілері» АҚ

Шаруашылық қызметтен түскен пайда

3

1

4

3

Басқарудың тиімділігі

4

1

3

2

Іскерлік белсенділік

1

2

3

4

Өтімділік және нарықтағы тұрақтылық

 

4

 

2

 

1

 

3

Өндірістің көлемі мен шоғырлануы

4

1

2

3

Төлемге қабілеттілік

3

2

1

4

Бәсекеге қабілеттіліктің интегралдық көрсеткіші

 

4

 

1

 

2

 

3

Ескерту – Автор есептеген


 

Бәсекелестік стратегиясының тұрпаттамасын (типологиясын) пайдалана  отырып, кондитерлік кәсіпорындар пайдалана  алатын бәсекелестік стратегиясының келесі түрлерін жеке атауға болады: 1) төмен  шығынның есебінен нарықта көшбасшы болу стратегиясы; 2) өндірісті әртараптандыру стратегиясы; 3) жергілікті нарықты  саралау стратегиясы; 4) нарықтың шағын  сегменттеріне қызмет көрсету стратегиясы; 5) интеграция мен кооперациялану стратегиясы. Осы саладағы бәсекелестік ортасы мен тауар нарығының ерекшеліктерін және кәсіпорынның экономикалық мүмкіндіктерін саралай келе атап өтілген стратегияның бірін қолдануға болады.

Сөйтіп, отандық  және шетелдік кәсіпорындардың, сондай-ақ шағын кәсіпорындар мен олардың  қауымдастығы тарапынан бәсекелестік күшейген жағдайда ірі және орташа өңірлік кондитерлік кәсіпорындарды стратегиялық басқарудың тиімділігін  арттыруға қатысты ғылыми негізделген  шешім қабылдауға мүмкіндік беретін  кондитерлік кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың әдістемесі мен механизмін әзірлеудің елеулі ұйымдастыру-экономикалық маңызы бар ғылыми міндет қалыптастырып  шешілді.

Өнім мен кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін талдау негізінде  бәсекеге қабілеттілікті арттыру механизмін әзірлеу ұзақ уақыт бойы (3-5 жылға) бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз етуге бағытталған кешенді іс-шараларды ұсынуға мүмкіндік береді.

Ұйымдастыру-экономикалық механизмін пайдаланып өнімнің бәсекеге қабілеттілігін бағалауға, оның келешектегі жай-күйін  болжап, осы өнім ұйымның бәсекеге қабілеттілігіне қалай ықпал  ететінін білуге болады. Ұйымның өсу  стратегиясы өнім мен кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін талдау нәтижелеріне негізделеді [36, 96].

Осы жұмыста кондитерлік  өнім нарығындағы бәсекелік ортаны талдау орта және ірі өңірлік өндірушілер; жергілікті шағын кәсіпорындар; ірі  ресейлік өндірушілер, сондай-ақ Украинаның кәсіпорындар деп аталатын шартты түрде  үш негізгі топқа бөлінетін кәсіпорындардың  арасында бәсекелестік қарқынның өршігенін  растады. Сондай-ақ талдау шағын өндірушілер  ұннан жасалған кондитерлік өнім, әсіресе бисквит-крем өнімі сегментінде  өздерінің қатысуын арттырғанын  байқатты. Ірі ресейлік және шетелдік өндірушілердің өңірлік нарықтарды басып алуы жалғасқан жағдайда ірі  жергілікті өндірушілердің нарықтағы  үлесінің одан сайын кемуіне әкеп соқтырып отыр.

Курстық жұмыста кондитерлік нарықтың күннен-күнге өршіп келе жатқан бәсекелестіктің ерекшеліктері ескеріліп орта және ірі кәсіпорындардың дамуының екі жолы бар екені анықталды.

Әзірленген ұйымдастыру-экономикалық механизмі «Қарағанды кәмпиттері»  АҚ-ның практикасында пайдаланылды. Осы фабрикада тікелей интеграция стратегиясын іске асыру өнім өткізуді айтарлықтай арттыруға, сондай-ақ кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің көрсеткіштерін өсуіне мүмкіндік берді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Ғаламдану жағдайында барлық елдердің негізгі міндеті ұлттық шаруашылық пен жекелеген экономикалык субъектілердің бәсекелеге қабілетін қалыптастыру және қолдау болып табылады. Нарықтық талаптардың ерекшеліктерін ескере отырып, мемлекеттің ішкі экономикалық мүмкіндіктері мен өндірістік ахуалын одан ары жақсарту максатында жаңа бағыттар белгіленуде. Өндірісті жаңаша құрудың, шығарылатын өнімдердің сұранысын арттырудың маңыздылығы да артуда.

Информация о работе Фирманың бәсекелік артықшылықтарын талдау