Фирманың бәсекелік артықшылықтарын талдау

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2013 в 13:38, доклад

Краткое описание

Экономиканың дағдарысқа дейінгі ахуалын көрсететін рейтингтің қорытындысы бойынша Қазақстанды макроэкономикалық жағдайы тұрақты, адами әлеуеті біршама жоғары және осы деңгейде дамыған тұтынушылық нарығы бар, алайда инфрақұрылымдық-мекемелік және инновациялық-технологиялық даму жағынан орташа, сондай-ақ бизнесі бәсекеге қабілеттілігі жеткіліксіз ел ретінде сипаттауға болады.
Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін ең бастысы отандық және шетелдік нарықта қазақстандық өнім өндірушілердің позициясын күшейту проблемасын шешу қажет. Осы мәселені шешуде мемлекеттік қолдаумен қоса отандық кәсіпорындарды басқарудың тиімділігін арттырудың маңызы зор.

Оглавление

КІРІСПЕ
1 КӘСІПОРЫННЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АНЫҚТАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ……………………….........5
1.1 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі туралы түсінік…………………........5
1.2 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің факторлары мен критерийлері……………………………………………………………………..12
1.3 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін бағалау……………………............27
2 «РАХАТ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМНЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ТАЛДАУ ЖӘНЕ АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ………………………………………………………….....................35
2.1 Қазақстандағы тамақ өнеркәсібі саласының бәсекелік жағдайын сипаттау…………………………………………………………………………..35
2.2 «Рахат» акционерлік қоғамның өнімдерінің Қазақстан нарығындағы бәсекелестік артықшылықтарын талдау және арттыру……………………………………...........................................................41
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Файлы: 1 файл

Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі.docx

— 163.27 Кб (Скачать)

Мемлекеттің экономикалық тұрақтылығын қалыптастырудың негізгі бағыты ішкі өндірісті өркендету екені  белгілі. Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының негізгі міндеттері: ғылыми көлемді және жоғары технологиялық  экспортты өндірістердің құрылуына  жағдай жасау; жоғары құнды кызмет көрсету  мен тауарлар пайдасына сай елдің  экспортты деңгейін диверсификациялау  инновациялык үрдістермен бірігіп, әлемдік шаруашылық жүйесіне интеграциялау.

Қазіргі заманғы кәсіпорындар өздерінің бәсеке бағытын нығайту  үшін әлемдік нарықтың жоғарылап  келе жатқан талаптары, тұтынушылық  сұраныстың дифференциялануы, инновациялық айналымдардың азаю қажеттілігі  және өндіріске ғылыми-техникалық жетістіктерді  енгізу мәселелерімен бетпе-бет  кездесуде.

Әйтсе де, ғаламдық даму үдерімінің қазіргі кезеңінде колда бар  жетістіктерге канағаттану жеткіліксіз. Тынымсыз ізденіс пен нәтижелі іс-әрекетті арқау еткен әлемдік нарык  өндірушілері барынша жаңа нарықтарды игеруге, ондағы тұтынушыларды жаулауға белсене кірісуде. Нарықтың бұл қатал  шарты отандық өнім өндірушілердің бәсекелік кауқарын нығайтуды, кәсіпорындардың  бәсекелік қыспақтарға төтеп  берерлік қабілетін арттыруды, ішкі және сыртқы нарықтарда сұранысы жоғары өнім өндіруге тиімді әсері бар тетіктерді айқындауды кажет етеді. Бұл жағдай Республика Президентінің Қазақстан  халқына Жолдауында айтылғандай: «Экономика біздің дамуымыздың басты басымдығы, ал экономикалық өсімнің барынша  жоғары қарқынына қол жеткізу - негізгі  міндетіміз болып қала береді. Біз  бұған өз экономикамыздың бәсекелік  қабілетін арттыру арқылы, ...қол  жеткіземіз».

Курстық жұмысындағы зерттеудің нәтижелері бойынша келесідей тұжырымдама жасауға болады.

Қазақстан экономикасының қазіргі  кезеңдегі даму процесінде бәсекелестік артықшылыққа қол жеткізу қиындық  туғызады.

Елімізде қалыптасқан  жағдай дәстүрлі нарық елдерінен  ерекшеленуіне байланысты қазақстандық тұтынушылық тауарлар нарығын талдау қажеттілігі туындайды.

Бәсекелестік  артықшылықтар – бұл ұйым қызметінің экономикалық, техникалық, ұйымдастыру  саласында бәсекелестерден экономикалық көрсеткіштермен (қосымша пайда, жоғары пайдалылық, нарықтағы үлесі, сату көлемі) өлшеуге болатын артықшылықтың барлық жағынан асып түсуін білдіреді.

Бәсекелестік стратегиясы  өндірістік-шаруашылық ұйымның бәсекелік  жайғасымын сақтауға не болмаса оны  өзгертуге бағытталады. Бәсекеге қабілеттілікті талдау мен бағалау әдістерінде көп жағдайда жекелеген нарықтардың ерекшеліктері ескерілмейді.

Кондитерлік саланың бәсекелік  ортасының біз жүргізген мониторингі  осы ерекшеліктің нарықтағы өзгерістердің  ықпалынан туындаған әр түрлі  макроэкономикалық және әлеуметтік-саяси  факторлардың, яғни экономикалық дағдарыстың  салдарының, нарықтың инфрақұрылымының жеткіліксіз дамуының, инвестициялық  белсенділіктің төмендігінің және т.б. ықпалымен қалыптасқанын көрсетті.

Кондитерлік саланың бәсекелестік мүмкіндіктерін бағалау үшін рейтингтік тәсілдемеге негізделген әдістеме әзірленді.

Кондитерлік кәсіпорындардың  бәсекеге қабілеттілігін арттырудың отандық  және шетелдік өндірушілерді, сондай-ақ шағын кәсіпорындар мен олардың  қауымдастықтары тарапынан бәсекелестік күшейген жағдайда ірі және орташа кондитерлік кәсіпорындарды стратегиялық басқарудың тиімділігін арттыру  жөнінде ғылыми негізделген шешім  қабылдауға мүмкіндік беретін әдістемесі мен механизмін әзірлеудің ғылыми мәселесі қалыптастырылып шешілді.

Жұмыста кондитерлік өнімнің, сондай-ақ кондитерлік кәсіпорын-дардың бәсекеге қабілеттілігін бағалауда  бәсекелік ортаның өзгеруіне  орай көрсеткіштер ескерілді.

Курстық жұмысыта орта және ірі өндірушілердің кондитерлік нарықтың және үдеп келе жатқан бәсекелестіктің ерекшеліктері ескеріліп дамуының екі жолы ұсынылды. Әзірленген ұйымдастыру-экономикалық механизмі «Қарағанды кәмпиттері» АҚ-ның практикасында пайдаланылды.

Жұмыста кондитерлік кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру әдістемесі мен механизмін әзірлеудің ұйымдастыру-экономикалық маңызы белгіленді.

Кондитерлік өнеркәсіптің отандық  кәсіпорындары жұмыс істейтін кондитерлік  сала мен кондитерлік ортаның  дамуының негізгі үрдістерін экономикалық талдау нәтижесінде кондитерлік  өнімнің өңірлік нарықтарында бәсекелестік өршіген жағдайда Қазақстанның кондитерлік  кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негізгі бағыттары айқындалды.

Кондитерлік кәсіпорындардың  бәсекеге қабілеттілігін арттырудың кондитерлік  өнімнің өңірлік нарықтарының құрылымын, кондитерлік өнеркәсіптің өңірлік ірі және орта кәсіпорындарының сыртқы және ішкі ортасының ерекшеліктерін ескеруге және ұлттық және шетелдік өндірушілер тарапынан бәсекелестік күшейген жағдайда ұзақ мерзімді бәсекелестік артықшылықтарды қалыптастыруға мүмкіндік беретін ұйымдастыру-экономикалық механизмі әзірленді.

Курстық жұмыста кондитерлік кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың әзірленген ұйымдастырушылық-экономикалық механизмі мен кондитерлік кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін бағалаудың әдістемесін ұлттық және шетелдік өндірушілердің, сондай-ақ шағын кәсіпорындар мен олардың қауымдастықтары тарапынан бәсекелестік өршіген жағдайда ірі және орта кондитерлік кәсіпорындарды стратегиялық басқарудың тиімділігін арттыруға қатысты ғылыми негізделген шешім әзірлегенде пайдалануға болатыны атап көрсетіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

  1. Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. Астана, 2010
  2. Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. Астана, 2010
  3. Акбердин Р. З., Стерлигова А.Н., Федотова М.А. Экокомика организации: учебное пособие. Часть 1. М: ГУУ, 2001.
  4. Безруких П.С., Кашаев А.Н. Учет затрат и калькулирование в промышленности (вопросы теории, методологии и организации). - М: Финансы и статистика, 2000.
  5. Богатин Ю.В., Швандар В.А. Оценка эффективности бизнеса и инвестиции. - М: Финансы, 2002.
  6. Бусигин А.В. Предпринимательство. Учебник для вузов. - М: Дело, 2000.
  7. Виноградов Е. Экономика в задачах. М.: Начало-пресс, 2003.
  8. Гончарук В.А. Развитие предприятия. М.: Дело, 2000.
  9. Грузинов В.П. и др. Экономика в задачах. М.: Банки и 6иржи, ЮНИТИ, 2001.
  10. Дауренбекова А Н. Қазақстан өнеркәсібінің индустриялық деңгейін көтерудiң экономикалық механизмі: монография. Алматы: Экономика, 2005.
  11. Зайцев Н.Л. Экономика промышленного предприятия: Учебник - 3-е изд., перераб. и доп., - М: ИНФРА, 2000.
  12. Ералы А.Қ., Кабылбеков М.Г. Кәсіпорын экономикасы, КазҰТУ, 2004.
  13. Есайдар У.С. Анализ деятельности хозяйствующих субъектов: Учебное пособие - Алматы: Дәуір, 2001.
  14. Инновационная экономика. 2 изд. Исправленное и дополненное - М: Наука, 2004.
  15. http://www.kase.kz/ru/emitters
  16. Казанцев А.К., Подлесных В.Н., Серова Л.С. Практический менеджмент. - М: ИНФРА, 2000.
  17. Курс предпринимательства: Учет/ Под. ред. В.Я. Горфинкеля, В.А. Шавандра - М.: ЮНИТИ, 2001.
  18. Коволев В.В., Волкова О.М. Анализ хозяйственной деятельности предприятия. - М: «Проспект», 2000.
  19. Любушкин Н.П. Анализ финансово-экономической деятельности предприятия. Учебное пособие для вузов. - М: ЮНИТИ, 2000.
  20. Мамыров Н.К. Менеджмент и рынок: Казахстанская модель. Алматы: Қазақ экнциклопедиясы, 2000.
  21. Мамыров Н.К. Тілеужанова М.А. Микроэкономика: Оқулық - Алматы: «Экономика», 2003.
  22. Мацкевич А. Экономика в задачах и тестах - М: Вита-пресс, 2005.
  23. Мейірбеков А.К., Әлімбетов Қ.Ә. Кәсіпорын экономикасы: Оқу құралы - Алматы: Экономика, 2003.
  24. Муравьева Т.В. и др. Экономика и фирмы: уч. пособие /Под ред. Т.В.Муравьевой - М: Мастерство, 2002.
  25. Ниязбеков Р.Қ., Рахметов Б.А., Байнеева П.Т. Кәсіпорын экономикасы: Оқу құралы /Алматы: Экономика, 2008.
  26. Сейтказиева А.М. и др. Инновационная деятельность предприятия. - Алматы: Экономика, 2000.
  27. Слепнева Т.А. и др. Цены и ценообразования. Уч. пособие: М: ИНФРА - М, 2001.
  28. Оразалин К.Ж., Жантасов М.М. Русско-казахский толковый словарь по современной экономике (2100 популярных слов) - Алматы: «LЕМ», 2001.
  29. Оразалин КЖ., Есайдар УС., Төлегенов Б.Т. Кәсіпорын экономикасы (теория, тест сұрақтары, есептер). Оқу құралы : Алматы: АТУ баспасы, 2008.
  30. Организация и планирование и управление предприятием машиностроения. И.М. Разумов, Л.А. глаголева, М.И. Ипатов. - М: Машиностроения, 2008.
  31. Организация и планирование на предприятиях машиностроения (под ред. М.И. Ипатова) - М: Машиностроения, 2000.
  32. Пелих А.С. Бизнес-план или как организовать свой бизнес. Анализ, методика, практикум - М: Ось - 2002.
  33. Рефераты на казахском www.temakosan.net www.refik.ucoz.kz
  34. Сергеев И.В. Экономика предприятия: уч. пособие. 2-е изд перераб. и доп. М. Финансы и статистика, 2002.
  35. Арзикулова Р.К. Кәсіпорынның бәсекелестік қабілеттілігін арттыру жолдары (Қазақстан Республикасындағы кондитерлік кәсіпорындарының материалдары негізінде). Автореферат, 2010.
  36. Төлегенов Б.Т., Карбетова З.Р., Адильханова С.А. Особенности разработки внутрифирменного планирования на предприятиях легкой и пищевой промышленности. -Алматы: АТУ баспасы, 2003.
  37. Төлегенов Б.Т. Ішкі фирмалык жоспарлау: АТУ баспасы, 2003.
  38. Экономика предприятия: Учебник для вузов (под ред. проф В.Я. Горфинкеля, В.А.Шавандра - 3-е изд. перераб. и доп.) – М: ЮНИТИ, 2002.
  39. Экономика предприятия: Учебник (под ред. О.И. Волкова 2-е изд. перераб. и доп.) - М:,ИНФРА-М, 2001.
  40. Экономика предприятия (фирма). Учебник (под ред. О.И Волкова. О.В. Девяткина 3-е изд. перераб. и: доп.) - М: ИНФРА. М, 2003.
  41. Экономика предприятия (фирма). Учебник (под. ред. О.И Волкова, В.Я. Поздняковой) - М: ИНФРА-М, 2003.

 

 


Информация о работе Фирманың бәсекелік артықшылықтарын талдау