Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2013 в 13:38, доклад
Экономиканың дағдарысқа дейінгі ахуалын көрсететін рейтингтің қорытындысы бойынша Қазақстанды макроэкономикалық жағдайы тұрақты, адами әлеуеті біршама жоғары және осы деңгейде дамыған тұтынушылық нарығы бар, алайда инфрақұрылымдық-мекемелік және инновациялық-технологиялық даму жағынан орташа, сондай-ақ бизнесі бәсекеге қабілеттілігі жеткіліксіз ел ретінде сипаттауға болады.
Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін ең бастысы отандық және шетелдік нарықта қазақстандық өнім өндірушілердің позициясын күшейту проблемасын шешу қажет. Осы мәселені шешуде мемлекеттік қолдаумен қоса отандық кәсіпорындарды басқарудың тиімділігін арттырудың маңызы зор.
КІРІСПЕ
1 КӘСІПОРЫННЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АНЫҚТАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ……………………….........5
1.1 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі туралы түсінік…………………........5
1.2 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің факторлары мен критерийлері……………………………………………………………………..12
1.3 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін бағалау……………………............27
2 «РАХАТ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМНЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ТАЛДАУ ЖӘНЕ АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ………………………………………………………….....................35
2.1 Қазақстандағы тамақ өнеркәсібі саласының бәсекелік жағдайын сипаттау…………………………………………………………………………..35
2.2 «Рахат» акционерлік қоғамның өнімдерінің Қазақстан нарығындағы бәсекелестік артықшылықтарын талдау және арттыру……………………………………...........................................................41
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Бизнес жағдайының өзгеруі салдарынан ұйымның бәсекелік жай-күйін жүйелі түрде талдау қажет.
Кәсіби жасалған талдау іске
асырылатын бәсекелестік стратегиясының
артықшылықтары мен кемшіліктерін,
ұйымның мүмкіндіктері мен
Ұйымның бәсекеге қабілеттілігін талдау нәтижелерінің негізінде бағалау үшін жүйелі, кешенді және нормативтік тәсілдемелер қолданылады.
Ұйымның бәсекеге қабілеттілігі жүйелік тәсілдеме тұрғысынан бағаланғанда бизнестің сыртқы және ішкі ортасының факторлары жеке бағаланады.
Бәсекелестік артықшылықтарды
бағалау кезінде кешенді
Бағалауда нормативтік тәсілдемені қолданумен қатар ұйымның бәсекеге қабілеттілігінің нақты факторлары нормаланады және мониторинг жасалады.
Қазақстандық кәсіпорындар мен ұйымдар нарықтық экономикаға өту жолында бәсекелестік жағдайында жұмыс істеуге тиіс болды. Бұл жағдайда бәсекелес ортаны кешенді, жан-жақты талдау негізінде өзінің бәсекеге қабілеттілігін дұрыс бағалап, бәсекелестік артықшылықты қалыптастыру мен оны іске асыру бағыттарын ұсынудың маңызы артты [31].
Қазақстан Республикасының ЖІӨ 2010 жылы алдыңғы жылмен салыстырғанда 1,2%-ға өсті. ЖІӨ-нің құрылымында тауар өндірісінің үлесі 2009 жылы 45,6%-ды, қызметтер өндірісінің үлесі 51,9%-ды құрады. 2010 жылдың қаңтар-маусым кезеңінде – ЖІӨ-нің тауар өндірісі үлесі – 39%, қызмет көрсетуде – 61,3%-ды құрады.
Өнеркәсіптік өндірістің мөлшері 2009 жылы қолданыстағы бағада 10188,4 млрд. теңгені құрады, 2011 жылы 2010 жылмен салыстырғанда 1,7%-ға өсті.
Тамақ өнеркәсібі Қазақстан өнеркәсібінің халықтың саны мен сапасы бойынша қажетті азық-түлік өнімдерімен тұрақты қамтамасыз ететін стратегиялық маңызды саласының бірі болып табылады. Тамақ өнеркәсібінің құрамына 30-дан астам арнайы мамандандырылған сала, шағын сала мен жекелеген өндіріс кіреді.
Қазақстанның тамақ
Қазақстан Республикасы тамақ өнеркәсібінің даму үрдісі және осы саланың еліміздегі өнеркәсіп өндірісіндегі үлесі келтірілген (2-кесте).
Кесте 2. Тамақ өнеркәсібі дамуының негізгі көрсеткіштері
Көрсеткіштер |
2006 |
2007 |
2008 |
2009 |
2010 |
Өнеркәсіптік өндірістің жалпы көлемі, млрд. теңге |
5253,0 |
6509,9 |
7815,9 |
10188,4 |
10361,6 |
Тамақ өнеркәсібі, млрд.теңге |
463,1 |
518,5 |
837,3 |
801,8 |
791,8 |
Өткен жылға, %-бен |
118 |
107,2 |
106,8 |
98,8 |
98,2 |
Өнеркәсіптік кәсіпорындар мен өндірістердің саны |
5151 |
4868 |
4574 |
4401 |
4059 |
Өнеркәсіптік өнімнің жалпы көлеміндегі сала өнімінің үлесі |
8,8 |
7,9 |
10,6 |
7,8 |
7,6 |
Негізгі қызметтегі қызметкерлердің саны, мың адам |
69,4 |
60,8 |
63,3 |
66,5 |
67,0 |
Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасының статистика агенттігі. 2010. |
Тамақ өнеркәсібі қызметінің жағдайы мен оның негізгі көрсеткіштерін талдау бұл саланың қазіргі кезеңде күрделі жағдайда дамитынын көрсетті.
Кондитерлер қауымдастығының деректері бойынша 2006 жылдың қаңтарынан бастап шілде айына дейін қорғайтын баждар қолданылған уақытта отандық фабрикалар өзінің өнім өндірісін 40%-ға, ал кейбір санаттар бойынша екі немесе үш есеге дейін арттырды, сол кезеңде арзан шетелдік карамельдің импорты 70%-ға, шоколадтың импорты 50%-ға төмендеген болатын. Кондитерлік өнімді сатудан алынған қаражат желілерді қайта жаңартуға, өндірісті кеңейтуге жұмсалды [34, 17].
Келтірілген кестеден өнеркәсіптік
өндірістің жалпы көлемінде тамақ
өнеркәсібі үлесінің төмендеуіне дайын
тамақ өнімінің импорты үлесінің
ұлғайғаны себеп болғаны
Қазақстанды географиялық жағынан үш бөлікке шартты түрде бөлуге болады:
Солтүстік-Шығыс Қазақстан. Оған Астана, Ақтөбе, Орал, Қарағанды, Павлодар, Қостанай қалалары кіреді. Өңірдің халқы ертеден бастап Ресейдің өңірлерімен араласады.
Каспий өңіріне Ақтау және Атырау қалалары кіреді. Бұл өңір мұнай және газ кен орындарына жақын орналасуына байланысты, Қазақстанның ең қарқынды дамып келе жатқан өңірі.
Оңтүстік Қазақстан өңіріне
Алматы және Шымкент қалалары кіреді.
Шымкенттің географиялық жағынан тиімді
орналасуына орай, осы қаланы тауарды
Өзбекстанға жылжытуды
Бүгінгі күні кондитерлік өнім өндіретін индустрия нақты көлемі бойынша да, құндық мағынасы бойынша да өсіп келеді.
Тәтті өнімге сұраныс артқан сайын әлемдік кондитерлік өнім нарығы жылдан-жылға өркендеп өсіп келеді. АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Бельгия сияқты елдерде кондитерлік өнім нарығы молығып, осының нәтижесінде соңғы жылдары статикалық (тең қалыпты) жағдай қалыптасты. Шығыс Еуропаның, Латын Америкасының, Үндістан мен Қытайдың нарықтары қарқынды дамып келеді. Еуропа шоколадтық кондитерлік өнімдердің ең ірі нарығы болып қалып отыр. Маркетингтік-талдамалы зерттеу орталығы (МТЗО) сарапшыларының деректері бойынша Данияның халқы жыл сайын жан басына шаққанда 21,8 кг тәтті, ирландтықтар – 26,6 кг, Нидерландтардың тұрғындары –25,3 кг, бельгиялықтар – 23 кг тәтті жейді екен. Салыстыру үшін айтатын болсақ, орташа статистикалық американдық жылына бар-жоғы 7 кг кондитерлік өнім тұтынады.
Жер шарының айтарлықтай бөлігінің салауатты өмір салтына ұмтылысы кондитерлік өнім өндірушілерді жаңалық әзірлеуге мәжбүр еткенін атап өту қажет.
Негізгі өндірістің шоғырлануы әлемдік кондитерлік өнім нарығы ерекшелігінің бірі болып табылады.
Зерттеу кезінде қазақстандық
кондитер нарығының келесі ерекшелігі,
яғни елордада және жалпы солтүстік
өңірлерде тұтынушылар
Қазақстанда кондитерлік өнім өндірумен 200-ден асатын кәсіпорын айналысады, алайда негізінен нарыққа «Рахат» АҚ, «Қарағанды кәмпиттері» АҚ, «Баян сұлу» АҚ (Қостанай), Ақтөбе кондитерлік фабрикасы, «Волна» кондитерлік фабрикасы (Ақтау) ықпал етеді.
ҚР Қаржы министрлігі Кеден комитетінің деректері бойынша 2006 жылдың бірінші жарты жылында тек Ресейден ғана Қазақстанға 31 111 мың АҚШ долларының 8650 тонна шоколады және 34 930 мың АҚШ долларының 20 050 тонна печеньесі жеткізілді. Қазақстан өз тарапынан Ресейге 9,9 мың доллардың 3,2 тонна шоколады және 874,7 мың доллардың 726,4 тонна печеньесін экспорттады. Сөйтіп, импорт экспорттан 6 есеге жуық артады.
Сол себептен қазақстандық
кондитерлік сала үшін импорт мәселесі
өзекті мәселе болып табылады. 1990 жылдардың
соңынан – 2000 жылдардың басынан
бастап отандық кәсіпорындар дағдарыстан
енді шыға бастағанда біздің кондитерлік
нарыққа украиндық және ресейлік
өндірушілердің өнімі молынан түсе
бастады, 2000-2003 жылдар аралығында импорттың
көлемі 10 есеге, ал кейбір өнім түрлері
бойынша 20 есеге де ұлғайды. 2005 жылдың
қаңтарынан бастап кондитерлік тауардың
бірнеше түрін әкелуге
Батыс елдердің көрсеткіштерімен салыстырғанда қазақстандық тұтынушылар кондитерлік өнімді аз тұтынады, ал екінші жағынан Қазақстан нан және нан-тоқаш өнімін тұтыну жөнінде көшті бастап, Германияның көрсеткішінен – 53%-ға, Франциядан – 45%-ға асады.
Алматы қаласы бойынша жүргізілген зерттеулер тұрмысы төмен халықтың жиынтық өнім бюджетінің 9,7% кондитерлік өнімге жұмсалатыны және кірісі жоғары халықтың тобы бюджеттің 15,6%-ын, сондай-ақ нан мен нан-тоқаш өніміне бюджеттің тиісінше 21,2% және 12,4%-ын жұмсайтынын көрсетті.
Нарықта негізінен ұннан жасалған кондитерлік өнім ең көп ұсынылады, оның 30%-ы қант қосылған кондитерлік өнім мен карамель, тек 16%-ғана шоколад пен шоколад өнімі. Қант қосылған кондитерлік өнім негізінен жақын шетелден жеткізіледі, керісінше шоколад өнімі алыс шетелден, ұннан жасалған кондитерлік өнім алыс және жақын шетелден тең пропорцияда келіп түседі.
2.2 «Рахат» Акционерлік Қоғам өнімдерінің бәсекелік артықшылықтарын талдау және арттыру
Бәсекелік ортаны зерттегенде маркетингтік зерттеулер жүргізіледі, кәсіпорындардың өндірістік қызметі осы нәтижелерге негізделеді.
Нарық сарапшыларының көпшілігі,
әсіресе отандық өндірушілердің
кондитерлік өнімдерінің
Батыс компаниялары негізінен шоколад шығаруға (карамельден немесе печеньеден қымбат әрі пайдалы) басымдық береді, сондай-ақ өздерінің белгілерін жылжытуға инвестиция салуды дұрыс деп санайды. Осы тұрғыдан «Рахат» кондитерлік фабрикасының стратегиясы қызығушылық тудырады. Аталмыш фабрика ұлттық кондитерлік белгі жасауды жоспарлап отыр. Компанияның осы стратегиясы оған келешекте нарықтың көшбасшысы Nestle-ге жетуге мүмкіндік беруі ықтимал.
Өнім өндіру мен оны сату бойынша «Рахат» кондитерлік фабрикасы көп жылдар бойы көш бастап келеді. Ол жылына 52 мың тонна тәтті тағам шығарады, екінші орында «Баян сұлу» фабрикасы – 23 мың тонна, Қарағанды фабрикасы – 11 мың тонна және Ақтөбе кондитерлік фабрикасы – жылына 3 мыңға жуық тәтті өнім шығарады.
Тамақ өнеркәсібінің
бәсекеге қабілеттілігін бағалағанда
Қазақстанда тамақ өнімін өндіруге
жұмсалатын шығын осы өнімді әлемдік
өндірушілердің жұмсайтын шығынымен
салыстырылып талданды. Кондитерлік
өнім өндірісі секторында жұмсалатын
шығынды салыстырғанда
2008 жылы кондитерлік өнім
өндірісі 2003 жылмен салыстырғанда
54%-ға ұлғайды. Жетістік
Кондитерлік өнім ең қажетті
тауар болмаса да халықтың кірісінің
деңгейі мен экономиканың ахуалына
қарамастан оны тұтыну көлемі белгіленген
аз мөлшерден төмендемейді. Халықтың
кірісінің артуы тұтыну құрылымына
ғана ықпал етеді, табысы молайған адамдар
арзан кондитерлік өнімді тұтынудан
гөрі қымбат өнімді көп сатып ала
бастайды. Сондықтан кондитерлік
өнімнің әр алуан түрін шығаруға
маманданған кондитерлік
Шығарылатын өнім
көлемінің өсу қарқынының біршама
бәсеңдегенін ескере отырып, авторлар
кондитерлік нарық
а) жаңа өнім, технология, өткізу, қызмет көрсету, жарнама әдісін құру;
ә) жаңа өнім жасағандардың нәтижелерін барынша аз мерзімде және барынша аз шығынмен көшірмелеу;
б) қол жеткен жетістіктерді өнімнің сапасын жақсарту, өнімнің түрін өзгерту және т.б. арқылы барынша ұзақ уақыт бойы қолдап сақтау.
Кәсіпорын нарықтың түрі мен өзінің бәсекелік жағдайына орай даму стратегиясын таңдайды. Ол келесі ықтимал стратегиялардың келесі түрлерін қолдана алады:
Информация о работе Фирманың бәсекелік артықшылықтарын талдау