Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2013 в 13:38, доклад
Экономиканың дағдарысқа дейінгі ахуалын көрсететін рейтингтің қорытындысы бойынша Қазақстанды макроэкономикалық жағдайы тұрақты, адами әлеуеті біршама жоғары және осы деңгейде дамыған тұтынушылық нарығы бар, алайда инфрақұрылымдық-мекемелік және инновациялық-технологиялық даму жағынан орташа, сондай-ақ бизнесі бәсекеге қабілеттілігі жеткіліксіз ел ретінде сипаттауға болады.
Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін ең бастысы отандық және шетелдік нарықта қазақстандық өнім өндірушілердің позициясын күшейту проблемасын шешу қажет. Осы мәселені шешуде мемлекеттік қолдаумен қоса отандық кәсіпорындарды басқарудың тиімділігін арттырудың маңызы зор.
КІРІСПЕ
1 КӘСІПОРЫННЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АНЫҚТАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ……………………….........5
1.1 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі туралы түсінік…………………........5
1.2 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің факторлары мен критерийлері……………………………………………………………………..12
1.3 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін бағалау……………………............27
2 «РАХАТ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМНЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ТАЛДАУ ЖӘНЕ АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ………………………………………………………….....................35
2.1 Қазақстандағы тамақ өнеркәсібі саласының бәсекелік жағдайын сипаттау…………………………………………………………………………..35
2.2 «Рахат» акционерлік қоғамның өнімдерінің Қазақстан нарығындағы бәсекелестік артықшылықтарын талдау және арттыру……………………………………...........................................................41
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
мұндағы, Qi – i-ші параметр бойынша бәсекеге қабілеттілік көрсеткіші;
Pi – өнімнің i-ші параметрінің көлемі;
Pi0 – эталон-өнімнің i-ші параметрінің көлемі;
мұндағы, n – бағаланатын параметрлер саны;
- i-ші параметрдің салмағы.
К 1-ге неғұрлым жақындаған сайын, бағаланатын параметрлер бойынша өнім соғұрлым эталондық үлгіге сәйкес келеді. Өнімді ең жақсы параметрлермен қамту арқылы болжалды түрде кемшіліксіз өнім қалыптастыруға болады. Сонда К бағаланатын өнімнің идеалдан ауытқу деңгейін сипаттайды.
Нақты өнімнің бәсекеге қабілеттілігін
бағалаған кезде өнімді келтірілген
формула бойынша
К<1 болса, онда талданып отырған өнім бәсекелес өнімге жол береді; К>1 болса, онда асып түседі;
К=1 болса, бәсекеге қабілеттілік тең болады.
Бәсекелестің үлгісін таңдаған кезде сол өнім мен бағаланатын өнім арналуы мен пайдалану шарты бойынша ұқсас болуын және бір тұтынушылар тобына арналуын ескеру керек [19,96].
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін зерттеудің басты бағыты сапа-баға көрсеткіштері бойынша жүзеге асырылатын, әр түрлі нарықтағы жекелеген өнімдердің бәсекелік жайғасымын бағалау болып табылады. Бұл бағалауды келесі тізбек бойынша жүзеге асыру ұсынылады:
Фирманың мүмкіндіктерін бағалау бәсекеге қабілеттіліктің көпбұрышын құруға мүмкіндік береді (2-сурет). Әрбір ось бойынша зерттелетін фактордың мағынасының деңгейін бейнелеу үшін өлшеудің анқталған көлемі қолданылады (балдық бағалау бойынша жиі кездеседі). Әртүрлі фирмалар үшін бәсекеге қабілеттілік көпбұрышын сала отырып, әртүрлі факторлар бойынша олардың бәсекеге қабілеттілік деңгейіне талдау жасай алады. Фирма-бәсекелестердің маркетингтік қызметіне және өнім-бәсекелестерге де бәсекеге қабілеттілік көпбұрышын құруға болады.
Cурет 2. Бәсекеге қабілеттілік көпбұрышы [17,72].
Мұндай әдістің кемшілігі бәсекелес фирманың өз қызметін қаншалақты жақсарта алатындығына байланысты ақпараттық болжамның болмауы.
Қарастырылған бағыттар бойынша жүргізілген бәсекелестікті зерттеу нәтижелері бойынша фирма-бәсекелестер жеткен жеке параметрлер деңгейіне салыстырмалы талдау жасалады. Талдаудан алынған бағалаулар негізінде бәсекелестердің барлық зерттелген бағыттары бойынша бәсекелі күрестің мықты және әлсіз жақтары шығады. Ары қарай мыкты жақтарды нығайту және әлсіз орындарды жабу жүргізіледі.
Жоғарыда көрсетілгендей, кей жағдайларда, бәсекеқабілеттіліктің интегралды көрсеткіші анықталады (дегенмен, біздің көзқарасымыз бойынша жеке көрсеткіштер бойынша салыстырмалы талдау тиімдірек болып келеді).
Жоғарыда аталғандарды қорытындылай келе, өнімнің бәсекеге қаблеттілігіне келесі факторлар әсер етеді:
Тауардың бәсекеге қаблеттілігін кешенді бағалаудың негізгі факторларына келесілер жатады:
1.3 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін бағалау
Кәсіпорын бәсекелі күресте нақты мүмкіндіктерін бағалау үшін өздерінің мықты және әлсіз жақтарына талдау жасауға көп көңіл бөле отырып, бәсекеқабілеттілігін жоғарылата алады. Бәсекеқабілеттілікті бағалау үшін маркетингтік зерттеу үрдісінде кейбір сандық көрсеткіштер қолданады. Олар кәсіпорынның тұрақтылық жағдайының дәрежесін, нарықта сұранысқа ие және кәсіпорынды нақты нәтижелермен қамтамасыз ете алатын өнім шығару мүмкіндігін куәландырады. Өндірісте аз шығын жұмсаған кәсіпорын үлкен көлемде табыс алады, сол арқылы өндіріс көлемін ұлғайтуға, техникалық деңгейін, экономикалық итімділігін және өнім сапасын жоғарылатуға, сонымен қатар өткізу жүйесін жетілдіруге мүмкіндік береді. Нәтижесінде мұндай кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі және оның шығаратын өнімі қаржылық және техникалық мүмкіндігі жоқ кәсіпорындар есебінен үлесін арттыруға мүмкіндік береді. Өткізу шығындары ауқымының табыс көлеміне қатынасы жолымен шығарылатын шығын айналымын бағалау өте маңызды болып табылады. Бұл тек өткізу шығындарының сомасы бойынша ғана емес, жеке элементтер бойынша да жасалады, яғни өткізу филиалдары, сауда делдалдары, нақты тауарлар және өткізу нарығы бойынша. Шығын айналымындағы инвестициялық жобалардың тиімділігін талдау сатушыдан сатып алушыға дейінгі барлық тауар қозғалысы жүйесіндегі өндірістік емес шығындарды анықтауға мүмкіндік береді.
Кәсіпорынның
Сөйтіп, нақты нарықтағы
немесе оның сегментіндегі кәсіпорынның
бәсекеге қабілеттілігін бағалау кәсіпорынның
технологиялық, өндірістік, қаржылық және
өткізу мүмкіндіктерінің жан-жақты
талдауына негізделген. Ол кәсіпорынның
нақты нарықтағы бәсекелік
Бүгінгі күні кәсіпорынның
нарықтағы бәсекеге қабілеттілігі
басқару жүйесінің тиімділігін
бағалауда өндіріс
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін (Ккәсіп) статикада да, динамикада да анықтауға болады. Статикада нарық және тауар ауқымдылығын есепке ала отырып, есептелінеді:
Ккәсіп = ,
мұндағы ai – есептік мерзімде кәсіпорынның сату көлеміндегі і-ші тауардың салмақтауыш үлесі, і = 1,2......n;
bi – ұйымның тауары шығарылған нарық маңыдылығының көрсеткіші (өнеркәсібі дамыған елдерде Фатхутдиновтың ұсынысымен нарық маңыздылығы 1-ге тең, қалған елдер үшін – 0,7, ішкі нарық үшін – 0,5);
Кij – j-ші нарықтағы i-ші тауардың бәсеке қабілеттілігі.
Кез келген тауардың бәсекеге
қабілеттілігі салыстыру
Бәсекеге қабілеттілікті талдау нормативті параметрлерді бағалаудан басталады. Егер олардың біреуі нормалар мен стандарттарға сай болмаса, басқа параметрлер бойынша салыстыру нәтижесіне байланыссыз бәсекелестікті бағалаудың маңызы жоқ. Сонымен қатар, нормалар, стандарттар және заңды асыра пайдалану өнімнің артықшылығы ретінде қарастырылмайды, себебі тұтынушының көзқарасымен бойынша ол жиі керексіз болып келеді және тұтынушылық құнды ұлғайтпайды.
Кей жағдайда, сатып алушы болашақта жойылады деген есеппен кейбір қолданылатын нормалар мен стандарттардың асыра қолданылуына қызығушылығын білдіреді.
Көлемдік формада қолданылатын
өнім мен берілген көрсеткіштер тобы
бойынша сұраныс арасындағы айырмашылықты
көрсететін және осы топ бойынша
сұранысты қанағаттандыру деңгейін
анықтауға мүмкіндік беретін
топтық көрсеткіштердің есебі
Cурет 3. Бәсекеге қабілеттілікті бағалаудың жалпы сызбасы. [17,75]
Барлық қарастырылған топ параметрлері бойынша талданатын өнімнің бәсекеқабілеттілігін бағалау үшін қолданылатын интегралды көрсеткіш есептелінеді.
Бәсекеге қабілеттілікті бағалау нәтижелері қорытынды жасау, сонымен қатар, нарықтық мәселелерді шешу үшін, өнімнің бәсекеқабілеттілігін арттырудың жолдарын таңдау үшін қолданылады. Дегенмен, бұйымның жоғары бәсекеқабілеттілігі берілген көлем бойынша осы бұйымның нарықта өтуіне қажетті шарт ретінде ғана болады. Сонымен қатар, техникалық қызмет көрсетудің формасы мен әдісін, жарнаманың болуын, мемлекеттер арасындағы сауда саясатық қатынасты да ескерген жөн.
Информация о работе Фирманың бәсекелік артықшылықтарын талдау