Фирманың бәсекелік артықшылықтарын талдау

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2013 в 13:38, доклад

Краткое описание

Экономиканың дағдарысқа дейінгі ахуалын көрсететін рейтингтің қорытындысы бойынша Қазақстанды макроэкономикалық жағдайы тұрақты, адами әлеуеті біршама жоғары және осы деңгейде дамыған тұтынушылық нарығы бар, алайда инфрақұрылымдық-мекемелік және инновациялық-технологиялық даму жағынан орташа, сондай-ақ бизнесі бәсекеге қабілеттілігі жеткіліксіз ел ретінде сипаттауға болады.
Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін ең бастысы отандық және шетелдік нарықта қазақстандық өнім өндірушілердің позициясын күшейту проблемасын шешу қажет. Осы мәселені шешуде мемлекеттік қолдаумен қоса отандық кәсіпорындарды басқарудың тиімділігін арттырудың маңызы зор.

Оглавление

КІРІСПЕ
1 КӘСІПОРЫННЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АНЫҚТАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ……………………….........5
1.1 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі туралы түсінік…………………........5
1.2 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің факторлары мен критерийлері……………………………………………………………………..12
1.3 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін бағалау……………………............27
2 «РАХАТ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМНЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ТАЛДАУ ЖӘНЕ АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ………………………………………………………….....................35
2.1 Қазақстандағы тамақ өнеркәсібі саласының бәсекелік жағдайын сипаттау…………………………………………………………………………..35
2.2 «Рахат» акционерлік қоғамның өнімдерінің Қазақстан нарығындағы бәсекелестік артықшылықтарын талдау және арттыру……………………………………...........................................................41
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Файлы: 1 файл

Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі.docx

— 163.27 Кб (Скачать)

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ

1 КӘСІПОРЫННЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АНЫҚТАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ……………………….........5

1.1 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі туралы түсінік…………………........5

1.2 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің факторлары мен критерийлері……………………………………………………………………..12

1.3 Кәсіпорынның бәсекеге  қабілеттілігін бағалау……………………............27

2  «РАХАТ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМНЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ТАЛДАУ ЖӘНЕ АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ………………………………………………………….....................35

2.1 Қазақстандағы тамақ өнеркәсібі саласының бәсекелік жағдайын сипаттау…………………………………………………………………………..35

2.2 «Рахат» акционерлік қоғамның өнімдерінің Қазақстан нарығындағы бәсекелестік артықшылықтарын талдау және арттыру……………………………………...........................................................41

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                               Кіріспе

 

Экономиканың дағдарысқа дейінгі ахуалын көрсететін рейтингтің қорытындысы бойынша Қазақстанды макроэкономикалық жағдайы тұрақты, адами әлеуеті біршама жоғары және осы деңгейде дамыған тұтынушылық нарығы бар, алайда инфрақұрылымдық-мекемелік және инновациялық-технологиялық даму жағынан орташа, сондай-ақ бизнесі бәсекеге қабілеттілігі жеткіліксіз ел ретінде сипаттауға болады [1].

Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін ең бастысы отандық  және шетелдік нарықта қазақстандық өнім өндірушілердің позициясын күшейту  проблемасын шешу қажет. Осы мәселені шешуде мемлекеттік қолдаумен қоса отандық кәсіпорындарды басқарудың тиімділігін арттырудың маңызы зор.

Қазіргі уақытта бәсекелестікті талдау мен бағалаудың өте көп  әр түрлі әдістері қолданылады. Алайда шетелдік компаниялармен салыстырғанда  отандық кәсіпорында осы әдістер  өте төмен деңгейде пайдаланылады. Менің ойым бойынша, бұған осы әдістерді пайдалануға қажетті ақпаратқа қол жеткізудің қиындығы немесе осы ақпараттың шынайы болмауынан қажетті ақпараттық базаның, білікті мамандардың аздығы, озық консалтингтік компаниялардың жетекші мамандарын тарту үшін қаражаттың болмауы қол байлау болып отыр. Сондықтан Республикамыздағы кәсіпорындардың бәсекелестік қабілеттілігін арттыру жолдарын зерттеу өзекті тақырыпқа айналып отыр.

Осыған байланысты фирманың бәсекеге қабілеттілігін басқару мақсаттарының сол немесе басқа әдісті қолдануға болатын экономикалық принциптерді қарастырып талдау қажет. Міне, осы жағдайлар зерттеу тақырыбын таңдауға себеп болды.

Курстық жұмыстың өзектілігі ‒ қазіргі кезде бәсекелестік өнер одан сауатты түрде құтыла білуге байланысты. Ештеңені ескермей бәсекелестік күреске бас салатындар емес, дұрыс бағыт таңдап, қатаң және мәнсіз бәсекелестіктен құтыла білетіндар жеңіске жетеді. Кәсіпорынның бәсекелік артықшылығын талдау қазіргі таңдағы нарықтық экономика мен қарым-қатынастар үшін актуальді болып табылады.

Курстық жұмыстың мақсаты кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың ұйымдастыру-экономикалық механизмінің жұмысын зерттеу әрі қолданылатын теориялық тәсілдемелер мен кәсіпорындардың практикалық қызметін қорытып талдау және жүйелеудің негізінде кәсіпорынды жетілдірудің басты жолдарын іздестіру, фирмалардың бәсекелестік артықшылықтары мен олардың бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыру принциптерін анықтау болып табылады.

Осы мақсатқа сәйкес жұмыста  келесі міндеттері қойылды:

–  өнеркәсіптің отандық кәсіпорындары жұмыс істейтін бәсекелік ортаның дамуының негізгі үрдістерін және экономикалық жағынан талдау;

– өңірлік нарықтарда бәсекелестік өршіген жағдайда кәсіпорындардың  бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негізгі  бағыттарын айқындау;

–  кәсіпорындардың даму стратегиясын тиімді іске асыруға мүмкіндік беретін өңірлік нарықтардағы бәсекеге қабілеттілігін арттырудың ұйымдастыру-экономикалық механизмін әзірлеу;

–  кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін бағалау әдістемесін бәсекелік ортаның өзгеруінің серпінді аспектілерін ескеріп даярлау;

–  кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың ұйымдастыру-экономикалық механизмін іс жүзінде іске асырудың бәсекелік ортаның ерекшеліктері ескерілген әдістемесін әзірлеу;

– зерттелетін саланың  кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін арттырудың ұсынылған ұйымдастыру-экономикалық механизмін қолдану жөнінде практикалық  ұсыныстар дайындау.

Курстық жұмыс кіріспе, екі  бөлім, қорытынды және пайдалынған  әдебиеттер тізімінен тұрады.

Аталған курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері оның құрылымын  анықтады.

Курстық жұмысты орындау  барысында тарихи, талдау мен синтездеу және т.б. ғылыми әдістер қолданылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 КӘСІПОРЫННЫҢ  БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АНЫҚТАУДЫҢ  ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ

 

1.1 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі туралы түсінік

Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің мәнін толық ашу үшін бәсеке қабілеттілік туралы неғұрлым толық түсінік беру қажет. Бәсекеге қабілеттілік – бұл объектінің нақты нарыққа шығарылған өзі сияқты обьектімен салыстырғанда нақты қажеттілікті шынайы және әлеуетті қанағаттандыру дәрежесін сипаттайтын қасиеті. Бәсекеге қабілеттілік нақты нарықтағы аналогтық өніммен салыстырғанда бәсекеге төзе алу қабілетін анықтайды [4].

«Басқару проблемалары бойынша  Европалық форум» бәсекеге қабілеттілікті фирмалардың белгілі бір жағдайда бәсекелестердің тауарына қарағанда  бағалық және бағалық емес сипаттамалары  бойынша тұтынушылар үшін неғұрлым тартымды тауарды жобалау, дайындау және өткізудің шынайы және потенциалды  мүмкіндіктері ретінде анықтап  берді. Бұл анықтаманың кемшілігі  – тек тауарға ғана қатыстылығы  және бағалық және бағалық емес сипаттамаларды ғана есепке алғандығы. Объекттің бәсекеге қабілеттілігі нақты нарыққа  немесе нарықтың стратегиялық бөліктену  белгілеріне сәйкес қалыптасатын тұтынушылардың нақты тобына қатысты анықталады. Егер объект бәсекеге қабілетті болып  табылатын нарық көрсетілмесе, онда бұл объект қазіргі жағдайда ең жақсы  әлемдік үлгі деген сөз. Нарықтық қатынастар жағдайында бәсеке қабілеттілік қоғамның даму дәрежесін сипаттайды. Елдің бәсекеге қабілеттілігі неғұрлым жоғары болса, сол елдегі өмір сүру деңгейі соғұрлым жоғары.

Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі  – кәсіпорын дамуының өндірістің қызметінің тиімділігі мен адамдар қажеттілігін өз тауарымен қанағаттандыра алу дәрежесі бойынша бәсекелес фирманың дамуына қатысты ерекшелігін білдіретін қатысты сипаттама. Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі оның нарықтық бәсекеге шарттарын игеру динамикасы мен мүмкіндігін сипаттайды. Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі келесі факторларға тәуелді:

  • сыртқы және ішкі нарықтағы кәсіпорындар тауарларының бәсекеге қабілеттілігі;
  • өндірілетін тауар түрі;
  • нарық сыйымдылығы (жыл сайынғы сату көлемі);
  • нарыққа жеңіл қолжетімділік;
  • нарықтың бірегейлігі;
  • нақты нарықта қызмет ететін кәсіпорындардың бәсекелік жайғасымдары;
  • саланың бәсекеге қабілеттілігі;
  • саладағы техникалық жаңалықтардың мүмкіндігі;
  • елдің немесе аймақтың бәсекеге қабілеттілігі.

Өндірушілерге бәсекелік  басымдық беретін жалпы қағидаларды  тұжырымдайық:

  • барлық және әрбір жұмысшының басталған жұмысты жалғастыруды көздеуі.
  • кәсіпорынның тұтынушыға жақындығы.
  • кәсіпорында шығармашылық атмосфераның және автономияның құрылуы.
  • қабілетті адамдар мен олардың жұмыс істеуге деген ынтасын қолдану арқасында өнімділіктің өсуі.
  • кәсіпорын үшін маңызды жалпы құндылықтарды көрсету.
  • өз дегенінен қайтпау.
  • ұйымның қарапайымдылығы, қызметтегі персонал мен басқарудың ең төменгі деңгейі.
  • бір мезгілде жұмсақ және қатал бола білу. Ең маңызды проблемаларды қатаң бақылауда ұстау және маңыздылығы төмендерді бағыныштыларға тапсыру.

Нарықтық қатынастардың  әлемдік тәжірибесі көрсеткендей, бұл  проблемалардың өзара байланысты шешілуі  және жоғарыда айтылған қағидаларды  қолдану кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін көтеруге кепілдік береді.

Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі  мен осы өнімді өндіруші-кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі бүтін және бөлік ретінде өзара байланысты. Кәсіпорынның белгілі бір тауар нарығында бәсекелесу мүмкіндігі, сөз жоқ, тауардың бәсекеге қабілеттілігіне және бәселік күрес нәтижелеріне ықпал ететін кәсіпорын қызметінің экономикалық әдістерінің жиынтығына тәуелді. Нарықтағы кәсіпорындар бәсекесі өнімдер бәсекесін білдіретіндіктен, өнімді дайындап, оны әлемдік нарықта сататын кәсіпорын тауары туралы хабар беретін қасиеттердің мағыздылығы арта түседі.

Тауардың бәсекеге қабілеттілігінің мәнін толық ашу үшін тауар  туралы неғұрлым толық түсінік беру қажет. Тауар нарықтағы ең басты  объект екені белгілі. Оның құны және тұтынушылық құндылығы бар, белгілі  бір сапаны, техникалық деңгей мен  сенімділікті, тұтынушылық пайдалылықты, өндіру мен тұтынудағы тиімділік  көрсеткіштерін және басқа да маңызды  сипаттамаларды иеленеді. Экономикадағы  нарықтық қатынастардың ерекшеліктері  мен қайшылықтары дәл осы тауарда  көрініс береді. Тауар – экономикалық күш пен өндіруші белсенділігінің нақты индикаторы. Өндіруші жайғасымын анықтайтын факторлардың іскерлігі тауардың бәсекелес-тауардан нақты қоғамдық қажеттілікке сәйкестігі дәрежесі бойынша да, оны қанағаттандыру шығындары бойынша да ерекшеліктерін көрсетуге мүмкіндік беретін, дамыған нарықтық механизм жағдайындағы тауарлардың бәсекелік бақталастық үрдісінде тексеріледі. Ол үшін тауар белгілі бір бәсеке қабілеттілікке ие болуы керек.

Әдебиеттерде тауардың бәсекеге қабілеттілігі оның нарықтағы басқа  аналогтық тауарлармен бақталастыққа  төзуге мүмкіндік беретін экономикалық-техникалық, эксплуатациялық параметрлерінің  деңгейі ретінде анықталады. Сонымен  қатар, бәсеке қабілеттілік басқа тауардың қасиеттеріне немесе нарық талаптарына  қатысты өндірістік, коммерциялық, ұйымдастырушылық және экономикалық көрсеткіштердің  барлық жиынтығының кешенді бағалауынан  тұратын тауардың қатысты сипаттамасы. Ол қажеттіліктерді қанағаттандыру шығындарын есепке алғандағы қоғамдық қажеттіліктерге сәйкестік дәрежесі бойынша, өндірістік немесе жеке тұтыну үрдісіндегі пайдалану және жеткізу  шарттары бойынша бәсекелес-тауардың тұтынушылық қасиеттерінің жиынтығымен анықталады.

Тауардың бәсекеге қабілеттілігінің барлық құраушы көрсеткіштерін жеке-жеке қарастырайық. Сонымен, тауардың техникалық көрсеткіштері оның техникалық деңгейінің, сапасы мен сенімділігінің нарықтағы  тұтынушылармен жоғарлатылып отыратын заманауи талаптарға сәйкескестігін бағалау  арқылы анықталады. Бұл талаптар біздің елмен қатар, шетелдегі әлеуметтік-экономикалық даму мен ғылыми техникалық прогресстің болжамды деңгейі кезінде олардың қоғамдық және жеке қажеттіліктерін неғұрлым толық бейнелейді [5, 110].

Тұтынушылардың техникалық көрсеткіштерге деген негізгі талаптары  ұлттық және халықаралық стандарттарда  көрініс табады. Стандарттау дегеніміз, бұл – шығаруға арналған өнім, оны  таңбалау, орау, тасымалдау және сақтау әдістері үшін техникалық көрсеткіштерді жасау және бекіту. Стандартталатын  өнім анықталатын (нормаланатын) құжат  стандарт деп аталады. Ол техникалық қана емес, мемлекеттік құжат болып  табылады. Стандарттар құрамына тауардың толық сипаттамасы, оны дайындау, сорттау, орау, таңбалау, тасымалдау және сақтау шарттары кіреді. Тауар сапасын  бағалаған кезде, ең алдымен, оның стандарттарға  сәйкестігі анықталады. Стандарттарға  сәйкестік – бұл регламенттелетін тұтынушылық параметр, оны бұзу тауардың бәсеке қабілеттілігін нөлге дейін төмендетеді.

Әрбір елдің ұлттық экономиканың, ғылымның, техника мен технологияның  даму дәрежесіне сәйкес келетін өзінің тауар стандарттау жүйесі бар. Сонымен  қатар, ұлттық экономиканың әлемдік  экономикаға бірігуінің тереңдеуі  және тауар өндірушілердің сыртқы экономикалық бірлестігін кеңеюі есебінен тауарларды халықаралық стандарттауды дамытуға және ұлттық стандарттардың тауар сапасының  халықаралық талаптарына сәйкес болуына қол жеткізуге болады.

Халықаралық стандарттар  шектеулілікті, әр тектілікті, ұлттық формалардың қайшылығын және әр түрлі  елдердің ережелерін жояды. Осы мақсатта арнайы құрылған Халықаралық Стандарттау  Ұйымы қызмет етеді. Стандарттау  бойынша халықаралық үйлестіру  орталығы – үкіметтік лауазымды тұлғалардың БҰҰ-ның Европалық Экономикалық Комиссиясының жанындағы тұрақты түрде қызмет ететін Кеңесі. Кеңес стандарттауға қатысты мүше-елдер үкіметтеріне халықаралық саудадағы маңызды кепілдемелерді жасайды. Тауар сапасы – тауарлық өнімнің әрбір бірлігінің өндірісі кезінде бекітілген техникалық деңгейге жету дәрежесі. Ол сезім мүшелерінің көмегімен немесе аппараттық приборлар, реактивтер және басқа да техникалық құралдарды қолдану арқылы лабороториялық зерттеу көмегімен анықталады.

Тауардың техникалық бәсекеге қабілеттілігі – тіптен динамикалық көрсеткіш. Ол ел ішіндегі, сонымен қатар, осы немесе басқа өнімді өндіретін әлемдік жетекші өндірушілердегі ғылыми техникалық прогресске сәйкес перманентті түрде өзгеріп отырады.

Біздің ойымызша, бәсекеге қабілеттіліктің коммерциялық шарттарды  да қарастырған жөн. Олар мыналар  жатады:

  • бағалық көрсеткіштер;
  • жеткізілген тауарлар үшін төлем мен жеткізу шарттарын сипаттайтын көрсеткіштер;
  • өндірушілер мен тұтынушылар нарығындағы қызмет ететін салық және кеден жүйесінің ерекшеліктерін сипаттайтын көрсеткіштер;
  • сатып алушалардың міндеттемелер мен кепілдіктерді жүзеге асыру жауапкершіліктерінің дәрежесін көрсететін көрсеткіштер.

Информация о работе Фирманың бәсекелік артықшылықтарын талдау