Фирманың бәсекелік артықшылықтарын талдау

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2013 в 13:38, доклад

Краткое описание

Экономиканың дағдарысқа дейінгі ахуалын көрсететін рейтингтің қорытындысы бойынша Қазақстанды макроэкономикалық жағдайы тұрақты, адами әлеуеті біршама жоғары және осы деңгейде дамыған тұтынушылық нарығы бар, алайда инфрақұрылымдық-мекемелік және инновациялық-технологиялық даму жағынан орташа, сондай-ақ бизнесі бәсекеге қабілеттілігі жеткіліксіз ел ретінде сипаттауға болады.
Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін ең бастысы отандық және шетелдік нарықта қазақстандық өнім өндірушілердің позициясын күшейту проблемасын шешу қажет. Осы мәселені шешуде мемлекеттік қолдаумен қоса отандық кәсіпорындарды басқарудың тиімділігін арттырудың маңызы зор.

Оглавление

КІРІСПЕ
1 КӘСІПОРЫННЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АНЫҚТАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ……………………….........5
1.1 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі туралы түсінік…………………........5
1.2 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің факторлары мен критерийлері……………………………………………………………………..12
1.3 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін бағалау……………………............27
2 «РАХАТ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМНЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ТАЛДАУ ЖӘНЕ АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ………………………………………………………….....................35
2.1 Қазақстандағы тамақ өнеркәсібі саласының бәсекелік жағдайын сипаттау…………………………………………………………………………..35
2.2 «Рахат» акционерлік қоғамның өнімдерінің Қазақстан нарығындағы бәсекелестік артықшылықтарын талдау және арттыру……………………………………...........................................................41
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Файлы: 1 файл

Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі.docx

— 163.27 Кб (Скачать)

Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін бағалау нәтижесінде келесі шешімдер қабылдануы мүмкін:

  • қолданылатын шикізат құрылымының, құрамының өзгеруі,
  • өнімді жобалау ретінің өзгеруі;
  • өнім дайындау технологиясының, монтаждың, транспорттаудың, сақтаудың, дайындау сапасының басқару жүйесінің өзгеруі;
  • өнім бағасының, қызмет бағасының, жөндеу және қызмет көрсету бойынша, қор бөлігі бойынша бағаның өзгеруі;
  • нарықта өнімді өткізу ретінің өзгеруі;
  • жұмсалатын инвестиция мөлшері мен құрамының, өнімді өндіру мен өткізудің өзгеруі;
  • импортталатын өнім түрлері мен импорт құрылымының өзгеруі.

Бәсекеқабілеттілікті бағалаудың принциптері мен әдістері келесі жағдайларда шешім қабылдауда қолданылады:

  • кәсіпорынның коммерциялық қызметінің бағытын таңдауда және нарықты кешенді зерттеуде;
  • өнімнің бәсекеге қабілеттілігін жоғарлату бойынша шаралар ұйымдастыруда;
  • кәсіпорынның өндіріс потенциалының дамуы бойынша ұсыныстарды қарастыру;
  • өнім сапасын бақылауда;
  • өнім бағасын белгілеуде;
  • тендер мен саудаласу арқылы сатып алғанда өнімді таңдауда;
  • өнім аттестациясында;
  • өнімнің жаңа үлгісін шығару бойынша техникалық тапсырмаларды дайындауда;
  • өнімнің экспорттың бағдарламаға енуі және экспорттан өнімді шығару немесе оның модернизация мәселелерін шешу;
  • өнімді жарнамалау үшін ақпарат жинау.

Бәсекеге қабілеттілікті бағалау нақты сұранысы бар талданатын өнім сипаттамаларын салыстыруда қалыптасады. Объективті бағалау үшін тұтынушылы нарықта тауар таңдағанда қарастыратын критерилер қолданылады.

Бәсекеге қабілеттілікті бағалау зерттеу мақсатын анықтаудан басталады:

  • егер аналоктық тауарлар арасындағы белгілі бір тауардың жағдайын анықтау керек болса, басты параметрлері бойынша тікелей салыстыру жүргізу жеткілікті;
  • егер зерттеу мақсаты нақты нарықтағы тауар өткізудің болашағын бағалау болса, онда талдауда болашақта нарыққа шығатын тауар жайлы мәліметті қамтитын ақпарат, сонымен қатар, елдегі қызмет ететін стандарттар мен заңдылықтардың өзгеруі, тұтынушылық сұраныстың динамикасы жайлы ақпарат қолданылуы керек.

Зерттеу мақсатына тәуелсіз бәсекеге қабілеттіліктің негізі тұрақты  түрде, жаңа өнімді жасаудан бастап оны  өткізу процесінде де жүргізілуі тиіс нарық шарттарын үйрену болып  табылады. Міндет белгілі бір нарық  секторындағы сұраныстың қалыптасуына әсер ететін факторлар тобын белгілеу:

  • өнімнің тұрақты тапсырыс берушілерінің талаптарындағы өзгерістер қарастырылады;
  • аналогтар дайындамалардың даму бағыты талданады;
  • өнімнің қолданылуы мүмкін сфералары қарастырылады;
  • тұрақты пайдаланушылар шеңбері талданады.

Жоғарыда айтылғандар  «нарықты кешенді зерттеу» дегенді  білдіреді. Нарықты зерттеудегі  маңызды орынды тауарды жасау  мен өндіруді ұзақ мерзімді жүзеге асырумен байланысты оның дамуын ұзақ мерзімді болжамдау иеленеді. Сатып  алушылардың талаптары мен нарықты  зерттеу негізінде әрі қарай  талдау жүргізіліп, болашақ бұйымға  деген талаптарды қалыптастыратын  өнім таңдалады. Содан кейін бағалауға  қатысатын параметрлер номенклатурасы анықталады. Әрбір параметрлер тобы бойынша салыстырулар жүргізіледі, олар осы параметрлердің қажеттіліктің  сәйкес параметрлеріне қаншалықты сәйкес келетінін көрсетеді.

Бәсекеге қабілеттілікті бағалауда қолданылатын параметрлер  номенклатурасы екі топқа бөлінеді:

  • сапа параметрлері (техникалық);
  • экономикалық параметрлер.

Техникалық параметрлер  тобына қажеттіліктердің мазмұны мен  қанағаттандыру шарттарын сипаттайтын  қажеттіліктер параметрлері жатады. Олар:

  • белгілеу параметрлері;
  • эргономикалық параметрлер;
  • эстетикалық параметрлер;
  • нормативтік параметрлер.

Белгілеу параметрлері тауарды  қолдану аясы мен функциясын сипаттайды. Ол бойынша тұтынудың нақты жағдайында осы өнімді қолдану арқылы қол  жеткізілген пайдалы нәтиже туралы жорамалдауға болады. Белгілеу параметрлері мыналарға бөлінеді:

  • жіктелімдік параметрлер, өнімнің белгілі бір класқа жататынын сипаттайды және бағалау кезінде өнім мен бәсекелес-тауардың қолдану облысын таңдау кезеңінде қолданылады, олап келесі талдау үшін негіз болып табылады және алдыңғы есептеулерге қатыспайды (мысалы, жолаушы сыйымдылығы, айналу жылдамдығы);
  • техникалық тиімділік параметрлері, өнімді жасау мен дайындау кезінде қолданылатын техникалық шешімдердің прогрессивтілігін сипаттайды (мысалы, станоктың өнімділігі, электронды есептеуіш машиналар үшін жад көлемі), олар бір мезгілде жіктелімдік болуы да мүмкін;
  • конструкторлық параметрлер, бұйымдар өндірісі мен жасау кезінде қолданылатын жобалық-конструкторлық шешімдерді сипаттайды (бұйым құрамы, оның құрылымы, салмағы, көлемі), жеке параметрлер жіктеу мақсатында да қолданылуы мүмкін.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                    Сурет 4. Бәсекеге қабілеттілік параметрлері. [17,75]

 

Эргономикалық параметрлер, өнімнің қажеттіліктерді немесе еңбек операцияларын орындау  кезіндегі адам организмінің қасиеттеріне сәйкес келуін сипаттайды (гигиеналық, антропометрикалық, физиологиялық, өндірістік және тұрмыстық процесс кезінде  пайда болатын адам қасиеті);

Эстетикалық параметрлер, ақпараттық мәнерлілігін сипаттайды (форманың рационалдылығы, композицияның тұтастығы, өнімнің  өндірістік атқарылуының жетілуі және тауар түрінің тұрақтылығы), олар өнімнің сыртқы қабылдануын үлгілейді  және сатып алушылар үшін ең басты  болып табылатын қасиеттерді  көрсетеді, олар өнімнің нақты түрі үшін маңыздылық дәрежесі бойынша сараланады.

Нормативті параметрлер, өнімді өткізу жоспарланып отырған  нарықтағы заңдылықтар және стандарттармен, міндетті нормалармен регламенттелетін қасиеттерді сипаттайды (техникалық шешімдердің өнімге айналу дәрежесін  сипаттайтын патенттік жиілік параметрі, экологиялық параметрлер немесе қауіпсіздік параметрлері, олар бойынша  нарық үшін арнайы бекітілген міндетті қызмет ететін халықаралық, ұлттық стандарттар, техникалық регламенттер, нормалар, заңдылықтар  талаптары да бар).

Экономикалық параметрлер  тобына сатып алушының өнімді иелену және тұтыну, сонымен қатар, оны нақты  нарықта пайдалану бойынша барлық шығындары жатады. Сатып алушының толық шығындары, жалпы жағдайда, ағымдағы және мезгілді шығындарды құрайды. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін бағалау  кезінде пайдаланылатын параметрлер  номенклатурасын таңдау бойынша  соңғы шешімді бағалау мақсаттары мен өнімді пайдаланудың нақты шарттарын  есепке ала отырып, эксперттік комиссия қабылдайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2  «РАХАТ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМНЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ТАЛДАУ ЖӘНЕ АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ

 

 

2.1 Қазақстандағы тамақ өнеркәсібі саласының бәсекелік жағдайын сипаттау

Бәсеке негізгі  ұғымдардың арасында ең танымал әрі  іргелі экономикалық санат болып табылады. Бәсекемен ұйымның бәсекелік жайғасымы, бәсекелестік стратегиясы мен ұйымның бәсекеге қабілеттілігі сияқты ұғымдар тығыз байланысты. Осы ұғымдардың арасында белгілі себеп-салдары бар өзара байланыс орнаған. Ұйымның нарық жағдайындағы бәсекелестік теориясы мен практикасы осы ұғымдардың жиынтығына сүйенеді.

Монополияға қарсы саясат саласындағы қазіргі заңнама  ережелерінде дәстүрлі нарық экономикалы  мемлекеттер нарықтың белгіленген  бәсекелі ортасын қамтамасыз ете  отырып, оны реттеуге тырысады.

Алғашқы уақыттан бастап бәсекеге нарықты реттеуші ғана емес, сонымен  бірге ынталандырушы функция  да берілген болатын. Басқаша айтқанда бәсеке өндірісті және тауар массасының сапасын дамыту, жетілдіру факторы  ретінде қарастырылды.

1990-шы жылдары бәсекенің  мүлдем басқа анықтамасына негізделген  теориялық тұжырымдамалар пайда  болды. 

Бәсеке ұғымының дамуына  ресейлік және қазақстандық ғалымдар айтарлықтай үлес қосты. Бұған Қазақстанда  шаруашылық жүргізу жағдайларының  түбегейлі өзгеруі мен оның әлемдік  интеграциялық процестерге қатысуы  дәлел болып отыр.

Бәсеке пайда болып  дамитын жерде бәсекелестік артықшылықтар  туындайды.

Соңғы ондаған  жылдарда әлемдік экономиканың дамуы  классикалық теорияларды қайта  қарауды қажет етті. 1990-шы жылдары  бәсекелестік артықшылық теориясын  әзірлеген, сондай-ақ ұйымның ішкі де, әлемдік нарықтағы бәсекелестік артықшылығы елде қалыптасқан ахуалға  байланысты екенін тұжырымдаған М. Портердің  зерттеулерінің маңызы зор. М. Портердің  пікірінше, осыған қатысты факторлық  жағдайлар; сұраныс; стратегия, фирмалардың  құрылымы мен бақталастығы; салалас  және қолдайтын салалардың даму деңгейі  жатады. Бәсекелестік артықшылыққа өнімнің  өзіндік құнын төмендетіп, тауарларды жоғары деңгейде әртараптандырып немесе нарықты орынды сегменттеу арқылы қол  жеткізуге болады. Г.Л. Азоев осы  тізімге ұйымның бәсекелестік артықшылықты қалыптастыру талаптарына жаңалық  енгізуді, нарықтың қажеттілігіне жылдам ден қоюды қосты.

Қазақстан экономикасының дамуының қазіргі кезеңінде ресурстардың сиректігі мен тұтынушының қолында  бар ақпараттың шектеулі болуына  байланысты бәсекелестік артықшылыққа жету қиындап келеді. Бизнестегі жағдайдың  жылдам өзгеруіне орай ұйым қалыптастырып  іске асыратын бәсекелестік артықшылық ұзақ уақыт бойы сақталмайды.

Бәсекеге қабілеттілік бәсекелік  артықшылықтардың барын белгілейтін  нәтиже болып табылады, тауар, кәсіпорын, сала, экономика қолданылатын объектіге  байланысты оны әрқалай түсіндіруге  болады.

Ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігі – бұл  өте күрделі ұғым. Бір жағынан, ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігі  бәсекелес шетелдік тауарлар мен  қызметтерге ішкі де, сондай-ақ сыртқы нарықта ойдағыдай төтеп беретін  сатылатын тауарлар мен қызметтердегі  экономикалық, ғылыми-техникалық, өндірістік, басқарушылық, маркетингтік және өзге де мүмкіндіктердің шоғырлануымен  анықталады, екінші жағынан, экономиканың бәсекеге қабілеттілігі – бұл  елдің мемлекеттік және қоғамдық құрылым жүйесінің, қоғамның қоғамдық өмірінің барлық қырларын саяси-құқықтық ұйымдастыру мен реттеудің артықшылығы, мемлекеттің ұлттық экономиканың тұрақты, серпінді дамуын қамтамасыз етуі, сондай-ақ қоғам мүшелерінің осымен байланысты әлемдік стандарттарға сәйкес материалдық  әл-ауқаты [29,104].

Бәсекеге қабілеттілік проблемасы әлемнің барлық мемлекеттерін алаңдатады: елдің бәсекеге қабілеттілігі елдің  әлемдік нарықтағы жағдайын талдап қорытатын әрі сипаттайтын көрсеткіш. Экономикасы әлсіз елдің бәсекеге қабілеттілігінің деңгейі жоғары болмайды.

Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігі мен экономиканың жаңа деңгейіне жетуі біршама  күрделі процесс. Осы процесті бәсекеге қабілеттілікті бағалауды үйренбей, оны өлшейтін көрсеткіштерді білмей басқаруға болмайды.

Бүгінгі күні басқа елдермен салыстырғанда Қазақстанның бәсекелестік жағынан артықшылықтары жоқ емес. Осы артықшылыққа экономикалық жағынан  тартымды әрі ішкі тұтыну үшін арзан  энергия мен басқа да пайдалы  кен қазбаларының запасы жатады. Сонымен  бірге еліміздің экологиялық  және геоэкономикалық, оның ішінде аумақтың транзиттік әлеуеті де бар.

Экономиканың бәсекеге қабілеттілігін елдің бәсекеге қабілеттілігінен ажырата  білген орынды. Экономиканың бәсекеге қабілеттілік проблемасы елдің инвестициялық  тартымдылығымен байланысты, ал елдің  бәсекеге қабілеттілігі елдегі өмір сүрудің сапасымен байланысты.

Бәсекеге қабілеттілік бәсекелестік артықшылықтың болуын тіркейтін нәтиже болып табылады. Бәсекеге қабілеттілікке кәсіпорынның қызметіне ықпал ететін нарықтағы  стратегиялық және тактикалық өзгерістер (сұраныстың өзгеруі, демографиялық  өзгерістер, табиғи құбылыстар және т.б.) ықпал етеді.

Ұйымның бәсекеге қабілеттілігі  оның қазіргі жағдайын талдау нәтижелерінің  негізінде алынады. Осы процесте бәсекелестік артықшылық көздері, бәсекеге қабілеттілікті, жұмыстың тиімділігі мен тұрақтылығын, сондай-ақ бәсекелестік ортасының даму жағдайы мен оның даму үрдістерін арттыру факторлары анықталады. Зерттеу бойынша экономикалық әдебиетте ұйымның бәсекеге қабілеттілігін талдау мен бағалаудың әр түрлі тәсілдемелері салыстырмалы түрде қолданылған (1-кесте).

 

Кесте 1. Ұйымның бәсекеге қабілеттілігін талдау мен бағалаудың негізгі әдістемелік тәсілдемелері [3,89]

 

Тәсілдемелер, авторлар

Бәсекеге қабілеттілік өлшемі

Талдау нәтижесінде алынған  ақпарат

Д. Рикардоның Салыстырмалы артықшылықтар теориясы

Барынша төмен салыстырмалы шығын

Бәсекелестердің еңбек өнімділігінің деңгейі

А. Маршалдың Фирма мен саланың  тепе-теңдік теориясы

Өндіріс факторларын пайдаланудың жоғары өнімділігі

Өндіріс факторларының өнімділік  деңгейі

Э. Хекшер мен Б. Олиннің Өндіріс факторларының арақатынасының теориясы

Барынша төмен факторлық шығын

Өндіріс факторларының салыстырмалы құны

Тиімді бәсекелестік теориясы

Фирманың бәсекелестігінің қарқындылығы. Жоғары экономикалық қызмет көрсеткіштері

Саланың монополиялылығы. Нарықтағы ағымдағы және келешектегі бәсекелестік ахуал

Ұйымның бәсекеге қабілеттілігін өнімнің сапасы бойынша анықтау («Бейіндер әдісі»)

Өнімнің жоғары сапасы

Осы уақыт сәтінде өндірілетін өнімнің сапа деңгейі

Басқарудың стратегиялық тәсілдемесінің негізінде бәсекеге қабілеттілікті талдаудың матрицалық әдістері

Жақсы бәсекелік жайғасым

Ұйымның күшті және нашар жақтары, оны мүмкіндіктері мен сыртқы қоршаған орта тарапынан төнетін қауіп

Информация о работе Фирманың бәсекелік артықшылықтарын талдау