Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2013 в 13:38, доклад
Экономиканың дағдарысқа дейінгі ахуалын көрсететін рейтингтің қорытындысы бойынша Қазақстанды макроэкономикалық жағдайы тұрақты, адами әлеуеті біршама жоғары және осы деңгейде дамыған тұтынушылық нарығы бар, алайда инфрақұрылымдық-мекемелік және инновациялық-технологиялық даму жағынан орташа, сондай-ақ бизнесі бәсекеге қабілеттілігі жеткіліксіз ел ретінде сипаттауға болады.
Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін ең бастысы отандық және шетелдік нарықта қазақстандық өнім өндірушілердің позициясын күшейту проблемасын шешу қажет. Осы мәселені шешуде мемлекеттік қолдаумен қоса отандық кәсіпорындарды басқарудың тиімділігін арттырудың маңызы зор.
КІРІСПЕ
1 КӘСІПОРЫННЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АНЫҚТАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ……………………….........5
1.1 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі туралы түсінік…………………........5
1.2 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің факторлары мен критерийлері……………………………………………………………………..12
1.3 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін бағалау……………………............27
2 «РАХАТ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМНЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ТАЛДАУ ЖӘНЕ АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ………………………………………………………….....................35
2.1 Қазақстандағы тамақ өнеркәсібі саласының бәсекелік жағдайын сипаттау…………………………………………………………………………..35
2.2 «Рахат» акционерлік қоғамның өнімдерінің Қазақстан нарығындағы бәсекелестік артықшылықтарын талдау және арттыру……………………………………...........................................................41
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Баға деңгейі, сөз жоқ,
тауардың бағалық бәсеке қабілеттілігін
анықтайды. Деңгей неғұрлым төмен болған
сайын, шарттар тең болғанда өндірілетін
өнімнің бәсеке қабілеттілігі соғұрлым
жоғары болатыны түсінікті, яғни аналогтық
тауарды өндіретін басқа
Төлемдер мен жеткізу
шарттарын орындаған кезде де
осындай көрініс қалыптасады. Шарттар
неғұрлым қолайлы болған сайын, олар
соғұрлым сатып алушылар мүдделеріне
сәйкес келеді және тауар нарықтағы
басқа тауарлармен бақталастық
кезінде жақсырақ. Ең алдымен, бұл
тауарларды жеткізу нысаны мен мерзіміне
және сатушымен ұсынылатын жеткізуді
жүзеге асырғаны үшін төлемдер мен
есептесу нысандарының әртүрлілігіне
қатысты. Сонымен бірге, бәсеке қабілеттілікке
тауар дайындаушының өз мойнына
алатын кепілдіктері мен жоғары сапалы
және сенімді тауарды бекітілген
мерзімде жеткізу бойынша
Өндірушілермен тауарды иеленудің ұйымдастырушылық шарттары бәсекеге қабілеттілік бойынша коммерциялық көрсеткіштердің шынайы орындалуын қамтамасыз етеді. Оларға мыналар жатады:
Қазіргі кезде сатып алушылар
тауар сатушыларға мынадай
Бәсекелестік – неғұрлым ұтымды өткізу нарықтары үшін тауар өндірушілер арасындағы жарысу жұмысы. Бәсекелестік тауар өндірушілерді тауардың сапасын көтеріп, өндіру шығындарын азайтып, еңбек өнімділігін жоғарлатуға итермелейтін оятушы күш болып табылады.
Бәсекеге қабілеттіліктің «ұяң» құрауыштарын қарастырайық. Кәсіпорындардың нарықтық жарысы мен олар орналасқан елдердің бәсекелестігі өзара бір-біріне ықпал етеді. Интервенционистік саясат кәсіпорынға үлкен залал тигізуі мүмкін, ал Швейцария сияқты елдің бәсекеге қабілеттілігі саясаттың ғана ісі болмауы қажет, оған кәсіпорындар да өз үлестерін қосу керек. Бәсекеге қабілеттіліктің осы басты аспектілерінің негізінде бәсекелік күрестің «ұяң» құрауыштары ретінде ақшалай мағынада бағалана алмайтын және сандық анықтама арқылы түсіндірілмейтін құрауыштарды атуға болады.
Бұл құраушылар дамушы елдерге қарағанда өнеркәсібі дамыған елдерде маңызды рөл атқарады. Сонымен қатар, «ұяң» құраушылар саяси өктемдікке берілмейді. Оларды өзгерту еңбек өнімділігін жоғарлату немесе инфрақұрылымды құру сияқты жүзеге асырылуы қиын шараларға қарағанда өте ұзақ уақытты қажет етеді. Оларды меңгерудің әдістемесінің жоқтығына қарамастан, бәсекелестік күрес факторларының бұл тобын назардан шығаруға болмайды. Олардың қатарына мыналарды жатқызуға болады:
Еңбек этикасы. Бәсекеге қабілеттілік, көп жағдайда, еңбек ете алу мен еңбек етуге деген ынтаға тәуелді. Көптеген дамыған елдерде жұмыс өзін-өзі бағалаушы құндылық екіндігі жөнінде түсінік жетіспейді. Бәсекеге қабілеттілікті салыстыру кезінде еңбек өнімділігінің жоғары деңгейі жеткіліксіз.
Өзін-өзі жетілдіруге дайындығы және қолайлылығы. Сөз жоқ, дәстүрді сақтау да өзінің басымдығына ие болады. Алайда, мүлдем басқа менталитетке ие болатын, жаңа тенденциялар мен клиенттің кез келген тілегіне жылдам жауап беруге дайын бәсекелестермен күрес бұл басымдықтар нөлге дейін барады.
Қызмет көрсету
саласындағы жұмыс істеуге
Кінәрәт-талап деңгейі. Дамыған елдердің халқы өздерінің жоғары өмір сүру деңгейлерін өзімен-өзі пайымдалатын нәрсе ретінде қарастыруға үйренген. Бұндай позияция қоғамның қолайлылығын жояды, ақырында, экономиканың бәсекеге қабілеттілігін төмендетеді. Осыдан келіп мемлекеттік бюджетті, әлеуметтік кепілдемелер жүйесін, жұмысшы күшіне шығындар деңгейін басқару мүмкінсіздігі туындайды.
Сыртқы әлемге ашықтығы. Ішкі нарыққа шетел тауарларының келуіне рұқсат етпеу, кәсіпорындардағы акциялардың бақылау пакеттерін шетел азаматтарының алу мүмкіндігі, өз мүмкіндіктері мен артықшылықтарын қайта бағалауға бейімділік, әлемдік тәжірибені үйренуге ынтаның жоқтығы экономикаға кері әсерін тигізеді.
Жұмыс күшінің тұтастылығы. Өмір сүру деңгейінің жоғары болуы, әлеуметтік кепілдемелер жүйесінің дамуы жұмыс күшінің оқуға, шет елде жұмыс жасауға, басқа елдердің тәжірибесін үйренуге деген ынтасын жояды. Жұмыс күшінің ішкі нарықтарының сыртқы ықпалдар мен араласаулардан бейхабар болуы немесе жабықтығы салдарынан ел арта қалады.
Бәсекелестік рухы. Бәсекеге қабілеттілік сайыс рухы бар жерде қалыптасады. Мысалы, швейцарлықтар менталитет деген қасиеттен жұрдай. Олар пікірталастар мен айқастарды гөрі картельді келісімдерді қалайды. Бұрын белгілі бір сәттіліктерге қол жеткізу арқасында, корпоративтілік қоғамдық келісім шарттардың негізгісі болып табылды. Алайда қазіргі кезде және болашақта басқаша жағдай қалыптасуда [8,117].
Бәсекелестік – ұсыныс сұраныстан жоғары болған кездегі қажетті құбылыс және өндірушілер арасында емес тауарлар арасында пайда болады. Бәсекелестіктің келесі түрлері ажыратылады: функциональдық, түрлік, пәндік, бағалық, жабық және заңсыз.
Функционалдық бірдей қажеттіліктерді әр түрлі жолмен қанағаттандыру мүмкін болған кезде пайда болады.
Түрлік – әр түрлі кәсіпорындардың аналогтық тауарларды шығаруы немесе бір кәсіпорынның безендірілуі әр түрлі тауарларды шағыруы. Бұл жерде кәсіпорынның өз бейнесінің болуы маңызды.
Пәндік ережеге сәйкес әр түрлі кәсіпорындардың аналогтық тауарларының арасында болады.
Бағалық – неғұрлым қарапайым түрі. Бағаны төмендету арқылы нарықты жаулап алуға болады. Бәсекеге қабілеттілік тек салыстырмалы, яғни тауар қасиеттерінің қатысты бағалануы екенін естен шығармаған жөн. Егер нарықта өндірушінің тауарын салыстыруға болатын тауарлары бар бәсекелестер болмаса, өндірушіні бәсекеге қабілетті деп айту қиын.
Тауардың бәсеке қабілеттілігінің кешені мынадай үш элементтер тобынан тұрады: техникалық, экономикалық және әлеуметтік-ұйымдастырушылық.
Техникалық параметрлер неғұрлым қатаң болып табылады. Олар бойынша тауардың белгілі бір өнім түріне жататындығын, оның белгіленуін жорамалдауға болады. Сонымен қатар, олар – техникалық-конструкторлық шешімдерді көрсететін сипаттамалар. Оларға техникалық параметрлердің өзгеру шекарасын анықтайтын стандарттар, нормалар, ережелер, заң актілері жатады. Сонымен бірге, олар – тауардың адам организмінің қасиеттері мен психикасына қаншылақты сәйкес келетінін көрсететін эргономикалық көрсеткіштер (жұмыстың жайлылығы, шаршау жылдамдығы, адамның машинамен тоғысу дәрежесі).
Экономикалық параметрлер өндіріске кететін шығындар шамасымен көрсетіледі: оның бағасымен, тасымалдау, қондыру, жөндеу, пайдалануға беру мен техникалық қызмет көрсету, персоналды оқыту шығындарымен. Осы шығандар бірлікте тұтыну бағасын құрайды. Тұтыну бағасы сату бағасынан жоғары болады. Сатып алушы тауарды иелену кезінде ғана емес, оны тұтыну кезінде де шығынға ұшырайды. Нарықтағы бағасы мнималды тауарға қарағанда бүкіл қызмет ету мерзімі кезінде сатып алушы үшін тұтыну бағасы минималды болатын тауар неғұрлым бәсекеге қабілетті болып таыблады.
Әлеуметтік-ұйымдастырушылық параметрлер – бұл тұтынушылардың әлеуметтік құрылымын, өндірісті ұйымдастырудағы ұлттық ерекшеліктерді, өткізуді, тауар жарнамасын есепке алу.
Сөйтіп, кәсіпорынның бәсекеге
қабілеттілігі түсінігін
1.2 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің факторлары мен критерийлері
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілік проблемасын толық бағалау үшін оның критерийлері мен факторларын бағалау қажет. Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін көтеруге нарықтың сегменттелуі ықпал етеді. Нақты нарықтағы қызметті осы үрдістен бастау керек.
Нарық сегменті – бұл ортақ белгілері бар тұтынущылар, тауарлар немесе кәсіпорындар тобы, ерекше жолмен бөлініп алынған нарық бөлшегі. Сегменттеу көмегімен келесі мақсаттарға қол жеткізуге болады:
Информация о работе Фирманың бәсекелік артықшылықтарын талдау