Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Апреля 2013 в 14:09, курсовая работа
Қоғам әрқашан тәртіпке негізделіп, арқа сүйеп қалыптасып, тіршілік етеді. Қоғамда тәртіп болмаса, ол құлдырайды, яғни, келешегі болмайды. Мұны адамдар ежелден-ақ жақсы түсінген. Сондықтан да қоғамда тәртіп орнатудың жолдарын қарастырған. Дегенмен де, керісінше қоғамдық тәртіпті бұзуға бейім азаматтар да аз болмаған. Осыдан келіп құқық бұзушылық орын ала бастады. Құқық бұзушылық — қоғам өміріне тән дерт. Адам баласы өмір сүрген ортада ол да әрқашан орын алады. Бұл шартты құбылыс. Құқық бұзушылық — заңды, оның қағидаларын құқықтық нормалар жүктеген міндеттерді бұзу, тыйым салынған әрекеттерді жасау. Ол адамдардың іс-әрекеті, қылығы, мінезі немесе әрекетсіздігімен сипатталады.
КІРІСПЕ................................................................................................................2-4
І.Тарау ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚ ТҮСІНІГІ
1.1 Құқық бұзушылықтың түсінігі ..................................................................5-10
1.2 Құқық бұзушылықтың түрлері ................................................................11-17
ІІ.Тарау ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚ БЕЛГІЛЕРІ
2.1 Құқық бұзушылықтың белгілері ..............................................................18-24
2.2 Құқық бұзушылықтарға қарсы күрестiң 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы ...................................................................................................24-34
ҚОРЫТЫНДЫ………..……………………………………............................35-36
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.............................................................................37
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ.......................
І.Тарау ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚ ТҮСІНІГІ
1.1 Құқық бұзушылықтың түсінігі
..............................
1.2 Құқық бұзушылықтың түрлері ..............................
ІІ.Тарау ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚ БЕЛГІЛЕРІ
2.1 Құқық бұзушылықтың белгілері
..............................
2.2 Құқық бұзушылықтарға қарсы күрестiң
2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы
..............................
ҚОРЫТЫНДЫ………..……………………………………..
Пайдаланған әдебиеттер тізімі........................
Кіріспе
Қоғам әрқашан тәртіпке
негізделіп, арқа сүйеп қалыптасып,
тіршілік етеді. Қоғамда тәртіп болмаса, ол құлдырайды,
яғни, келешегі болмайды. Мұны адамдар
ежелден-ақ жақсы түсінген. Сондықтан
да қоғамда тәртіп орнатудың жолдарын
қарастырған. Дегенмен де, керісінше қоғамдық
тәртіпті бұзуға бейім азаматтар да аз
болмаған. Осыдан келіп құқық бұзушылық
орын ала бастады. Құқық бұзушылық — қоғам
өміріне тән дерт. Адам баласы өмір сүрген
ортада ол да әрқашан орын алады. Бұл шартты
құбылыс. Құқық бұзушылық — заңды, оның
қағидаларын құқықтық нормалар жүктеген
міндеттерді бұзу, тыйым салынған әрекеттерді
жасау. Ол адамдардың іс-әрекеті, қылығы,
мінезі немесе әрекетсіздігімен сипатталады.
Адам өзінің іс-әрекеті, қылығы арқылы
басқа адамдармен, қоғаммен, мемлекетпен
қарым-қатынасқа түседі. Заң бұзушылық
адамның мінез-құлқы арқылы байқалады.
Адамның ой-желісі заңмен реттелмейді.
Бірақ қандай да болсын іс-әрекет, мінез-құлық,
ойдың, сана-сезімнің қатынасуынсыз жасалмайды.
Олар ойдың елегінен өтіп, бақылауында
болады. Ақылы дұрыс адамның іс-әрекеті
ерік пен ойдың арқасында жүзеге асырылады.
Демек, заңды бұзушылық қоғам мен жеке
тұлғаларға зиян келтіретін және құқықтық
нормаларға қарсы әрекет немесе әрекетсіздік
болып табылады. Әрекет — бұл құқық нормаларының
іс-қимыл жасай отырып жүзеге асуы, ал
әрекетсіздік құқық нормаларының талаптарын
ешқандай іс-қимыл орындалмаса да бұзу
арқылы орын алады.Құқық бұзушылық құқықтық
нормалар қорғайтын мүддеге нұқсан келтіріп
қоғамның, жеке адамның мүддесіне зиянын
тигізеді, белгіленген құқықтық тәртіпті
бұзады. Құқықтық нормалардың талаптарын
орындамау нәтижесінде тәртіп бұзылады,
қоғамдық қатынастарға кесел келеді, белгілі
бір игілік, құнды зат жоғалады, адамның
өміріне, денсаулығына, рухани сезіміне
зиян келтіреді.Азамат өзіне жүктелген
міндеттерді орындаса немесе құқықтары
мен бостандықтарын пайдалана алса, мұндай
іс-әрекет азаматқа да, қоғамға да пайдасын
тигізетіні сөзсіз. Азаматтар заңда белгіленген
міндеттерін бұлжытпай орындаса, қоғамда
зандылық орнап, құқықтық тәртіп сақталады.
Азаматтар өз құқықтары мен бостандықтарын
тиімді пайдалана алса, қоғамның жан-жақты
дамуына, адамдардың түрмыс жағдайларының
жақсаруына, халық мәдениетінің өркендеуіне
тиісті жағдай туады.Сондықтан әр мемлекет,
оның аппараттары мен органдары қоғамда
заңдылыққа, құқықтық тәртіпке нұқсан
келтірмеуді қамтамасыз етеді. Олар жеке
және заңды тұлғалардың іс-әрекеттерін
қатаң бақылап отырады.Құқық бұзушылық
өзіндік пайда бағу, даму және жойылу зандылықтарына
ие белгілі бір қоғамдық құбылыс ретінде
көптеген жекелеген құқық бұзушылықтардан
құралады, олардың барлығы да ортақ қасиетке
ие болады. Белгілі бір әрекет немесе әрекетсіздік
әлеуметтік табиғаты мен занды нысанын
бейнелейтін осындай қасиеттердің жиынтығы
құқық бұзушылықтың түсінігін береді.
Кез-келген қоғамда құқықтық нормалардың
жарлығын бұзу бұқаралық сипат ұстанады
және оған аса елеулі моральды және материалдық
зиян келтіреді. Құқыққа қарсы жасалған
әрекеттер сипаты, субъектілері, шарттары
себептерінің әр түрлілігіне қарамастан,
олардың бәрі бір әлеуметтік құбылысқа
құқық бұзушылыққа алып келуге жол беретін,
жалпы белгілерге ие. Құқық бұзушылықты
зерттейтін әр түрлі анықтаулар бар. Жалпы
қорытындылық түрде олар, өздеріне заңдық
жауапкершілік алатын қоғамға зиянды
әрекет еткен тұлғалар немесе тұлғаның
құқыққа қарсы, өзін кінәлі еткен құқық
бұзушылыққа ұласады. Құқық бұзушылық
аса маңызды белгілер қатарына ие, олардың
ішіндегі ең негізгілеріне мыналар жатады:
1.Кез-келген құқық бұзушылық - бұл адамның
саналы және еркінмен үнемі бақылау астындағы
әрқашан анықталған әрекет немесе әрекетсіздігінде
көрінетін еркіті, кінәлі әрекеті. Құқық
бұзушылық белгілері саласында қарастырыла
алмайды, мысалы, мінез-құлқы, адамның
жеке саласы немесе ой образы. Дегенмен,
егер олар нақты құқыққа қарсы әрекеттерде-әрекет
немесе әрекетсіздікте пайда болса, онда
бұл жағдайда заңдық іздестіру басталады.
Сот пікір шеңбері - ой, саяси, діни немесе
басқа да көзқарасы үшін жазалай алмайды.
Карл Маркс осымен байланысты “осы сияқты
басты белгілерде әрекет етпейтін заңдар,
әрекет етуші ойының образын, - бұл заңсыздықтың
позитивті санкциясы сияқты басқа ештеңе
емес” деген . Бірақ та сот нақты іс бойынша
шешім шығара отырып құқыққа қарсы әрекетін
жазалауы мүмкін және жазалайды.
2.Құқыққа қарсылық - құқық
бұзушылықтың аса басты
Заңды жауаптылық – құқық бұзушылыққа
барған жағдайда оны жасаған адамның мемлекеттік
мәжбүрлеу шараларына тартуының қажеттілігі.
Заңды жауапкершілік, бір жағынан, жалпы
әлеуметтік жауапкершіліктің түрі, басқа
түрлер басқа әлеуметтік нормалардың
негізінде пайда болады – саяси, мораль
нормаларының, корпоративті нормалардың
т.с.с. Құқық бұзушылық — биологиялық,
физиологиялық, технологиялық ерекшеліктерге
сай, адамның іс-әрекетінің әлеуметтік
көрінісі.Құқық бұзушылық — құқыққа, оның
талаптарына қарсы бағытталған мінез
— құлық. Демек, құқықты бұзған ат-үсті
қарап, талаптарынан айналып өту деген
сөз. Әрбір құқық бұзушылық — нақтылы
құбылыс. Оны нақты адам, белгілі бір жерде,
мезгілде, жағдайда жасайды. Ол құқық нормаларының
қағидасына қайшы келеді және өзіне тән
оның белгілері болады. Сонымен бірге
жекелеген құқық бұзушылыққа тән жалпы
белгілері де кездеседі.Құқық бұзушылықтың
екі зияны бар:
Формальді — логикалық жағынан бұл былай бейнеленуі мүмкін: қоғамға зияндының бәрі де, құқыққа қайшы болып табылады. Тиісінше, құқыққа қайшы, қоғамға зиянды әрекет — әрекетсіздік деп саналады. Шындығына келгенде бұл тұжырымнан екі терістік байқалады:
1. Заңда құқыққа қайшы деп саналғандардың бәрі де, қоғамға зиянды немесе қауіпті.
2. Қоғамға қауіпті әрекеттің барлығы да, құқықтық нормаларға қайшы деп тыйым салынбаған.
І. Тарау
ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚ ТҮСІНІГІ
1.1Құқық бұзушылықтың түсінігі.
Құқық бұзушылықтың мәні
— оны басқа жүріс-тұрыс
Құқық бұзушылықты сипаттайтын белгі-нышандар:
1. Құқық бұзушылық — құқықты, оның қағидаларын, құқық жүктеген міндеттерді бұзу, тыйым салынған әрекеттерді жасау. Яғни бұл адамдардың іс-әрекеті, қылығы немесе әрекетсіздігі. Адам өзінің іс-әрекеті, қылығы арқылы басқа адамдармен, қоғаммен, мемлекетпен қарым-қатынасқа түседі. Демек, құқық бұзушылық адамның мінез-құлқы арқылы байқалады. Мінез-құлвды, іс-әрекеті арқылы көрінбеген адамның ой-тұлғасы, сезімдері құқық бұзушылық болып табылмайды. Мәселен, адам өзінің ойын, сенімін күнделікке, таспаға жазып, суретке түсіруі мүмкін. Адамның ой желісі заңмен реттелмейді. Бірақ қандай да болсын іс-әрекет, мінез-құлық, ойдың, сана-сезімнің қатысуынсыз жасалмайды. Олар қашан да ойдың елігінен өтіп, бақылауында болады. Бұл дегеніміз, ақыл-есі дұрыс адамның іс-әрекеті ерік пен ойдың арқасында жүзеге асырылады деген сөз. Яғни құқық бұзушылық саналы түрде жасалатын ерікті іс-әрекет немесе әрекетсіздік болып табылады.
2. Құқық бұзушылық құқық нормалары қорғайтын мүддеге нұқсан келтіріп, қоғамның және адамның мүддесіне зиянын тигізеді, белгіленген құқықтық тәртіпті бұзады. Құқық нормаларының талаптарын орындамау нәтижесінде құқықтық тәртіп бұзылады, қоғамдық қатынастарға кесел келеді, белгілі бір игілік, құнды зат жоғалады, адамның құқықтарына, өміріне, денсаулығына, рухани сезіміне зиян келтіреді. Зиянның көлемі, мөлшері, түрлі болуы мүмкін.
Қоғамдық зиянды анықтаудың мынадай тәсілдері белгілі:
1. Заңдылықты бұзудың объектісі адамдардың өміріне, денсаулығына, қоғамдағы негізгі қарым-қатынасқа зиян келтіруді анықтау.
2. Зиянның түрін, мөлшерін анықтау.
3. Қылмысты жасаған әдісін, уақытын, орнын анықтау.
4. Қылмысты жасаған адамның өзінен және осы іске тиісті материалды, фактілерді жинастыру, толық мінездеме беру.Қалай болса да заң бұзушылық қоғам үшін зиянды іс-әрекет. Өйткені жоғарыда айтылғандай жеке адамға (өміріне, денсаулығына, ар-намысына, бас бостандығына), мүлікке, қоғамдық тәртіпке нұқсан келеді. Кейбір жағдайда келтірілген зиянның орнын толтыру мүмкін болмайды. Мәселен, кісі өлтіру, мүгедектікке душар ету, жазылмайтын ауруға соқтыру т.б.
5. Құқық бұзушылық
әрқашан да құқық нормаларының
талаптарына қайшы келеді. Сондықтан
да оның құқық нормаларымен
реттеліп және қорғалатын
6. Құқық бұзушылық
құқық субъектісінің кінәлі
1. Тікелей немесе жанама ниетпен жасалған қасақаналық. Егер адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті екенін үғынып, оның қоғамдық қауіпті зардаптары болуының мүмкін екенін немесе болмай қоймайтынын алдын ала білсе және осы зардаптардың болуын тілесе, әрекет тікелей ниетпен жасалған қасақаналық деп танылады.Егер адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті екенін үғынып, оның қоғамдық қауіпті зардаптары болуының мүмкін екенін алдын ала білсе, осы зардаптардың болуының тілемесе де оған саналы түрде жол берсе не бүған немқұрайды қараса, әрекет жанама ниетпен жасалған деп танылады.
2. Абайсыздық. Ол менмендік және немқұрайдылықпен жасалады.
Егер адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіп туғызуы мүмкін екенін алдын-ала білсе, бірақ бұл зардаптарды жеткілікті негіздерсіз жеңілтектікпен болғызбау мүмкіндігіне сенсе, бұл менменшілдік деп танылады. Мәселен, жүргізуші көлігінің техникалық ақаулықтарын біле отырып жолға шығады, жеңілтектікпен жол апатын болдырмаймын деп ойлайды, ал нәтижесінде жол апатына кезігеді.Егер адам қажетті ұқыптылықпен сақтық болғанда ол зардаптарды болжап білуге тиіс және болжап біле алатын бола түра өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамдық қауіпті зардаптарының болуы мүмкін екенін болжап білмесе, әрекет немқұрайдылықпен сипатталады. Мәселен, жүргізуші жолға шығар алдында көлігінің техникалық жағдайын тексермейді. Ал ол көліктің техникалық ақаулығы болған еді. Осының салдарынан жол апаты орын алады.Құқық бұзушылық өз жиынтығында қоғамның қалыпты өмір сүру жағдайын, қоғамдық құрылыстың реттілігі мен тәртібін бұзатындықтан, оған мемлекет атынан шара қолданылып, жауаптылық тағайындалады. Құқықтық жауаптылық үш белгісімен сипатталады:
- мемлекеттік мәжбүрлеу;
- құқық бұзушыны жауапқа тарту;