Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Апреля 2013 в 14:09, курсовая работа
Қоғам әрқашан тәртіпке негізделіп, арқа сүйеп қалыптасып, тіршілік етеді. Қоғамда тәртіп болмаса, ол құлдырайды, яғни, келешегі болмайды. Мұны адамдар ежелден-ақ жақсы түсінген. Сондықтан да қоғамда тәртіп орнатудың жолдарын қарастырған. Дегенмен де, керісінше қоғамдық тәртіпті бұзуға бейім азаматтар да аз болмаған. Осыдан келіп құқық бұзушылық орын ала бастады. Құқық бұзушылық — қоғам өміріне тән дерт. Адам баласы өмір сүрген ортада ол да әрқашан орын алады. Бұл шартты құбылыс. Құқық бұзушылық — заңды, оның қағидаларын құқықтық нормалар жүктеген міндеттерді бұзу, тыйым салынған әрекеттерді жасау. Ол адамдардың іс-әрекеті, қылығы, мінезі немесе әрекетсіздігімен сипатталады.
КІРІСПЕ................................................................................................................2-4
І.Тарау ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚ ТҮСІНІГІ
1.1 Құқық бұзушылықтың түсінігі ..................................................................5-10
1.2 Құқық бұзушылықтың түрлері ................................................................11-17
ІІ.Тарау ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚ БЕЛГІЛЕРІ
2.1 Құқық бұзушылықтың белгілері ..............................................................18-24
2.2 Құқық бұзушылықтарға қарсы күрестiң 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы ...................................................................................................24-34
ҚОРЫТЫНДЫ………..……………………………………............................35-36
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.............................................................................37
- құқық бұзушының өзіне жағымсыз жағдай тудыру. Мәжбүрлеу шарасын мемлекет белгілейді. Құқық нормаларының қағидаларын бір ауыздан қорғау қажет болған жағдайда олардың сақталуы мәжбүрлеу арқылы қамтамасыз етіледі. Егер құқықтық норманың қағидалары бұзылатын болса, мемлекет органдары тиісті шаралар қолдануға құқьшы.
Заң бұзушыны мемлекет жауапқа тартады. Мемлекет органдары заңсыз әрекетті айқындап, әшкерелеу үшін тиісті шаралар қолданады — тергеу жүргізеді, адамның кінәсі бары-жоғын анықтайтын дәлелдер, құжаттар жинайды. Жиналған деректердің барлығын жан-жақты тексеріп, соның нәтижесінде шешім қабылдайды.
Әркез құқық бұзушы өзіне лайық жағымсыз қылықты жүзеге асырады. Ол оның мүлкіне немесе өз басының бостандығына келетін нұқсан. Яғни, кінәлі адам біреудің мүлкіие келтіретін зиянды төлейді немесе оның орнын толтырады. Көп жағдайда шара кінәлі адамның жеке басына қолданылады. Оны бас бостандығынан айырады, жүріп-түру еркіндігін шектейді. Осы айтылғандардың құқықтық жауаптылықтың мақсаты:
- кінәлі адамның зұлымдығын
бетіне басып, оның іс-
- қоғамға, жеке адамға істеген қиянат сұраусыз қалмайтынын, кінәлі адамның өз басына да күн туатынын дәлелдеу;
- заңды бұзушылықтан басқа адамдарды сақтандыру болып табылады.
Әрекет-әрекетсіздіктің қоғамға зияндылығы және құқыққа қайшылығын анықтау оны құқыққа сай әрекеттен бөліп қарауға негіз болады. Алайда, бұл ерекшеліктер құқық бұзушылықты түсінуге мүмкіндік бергенмен де, оның мазмүнды белгілерін нақтылау қажеттілігі туындайды. Осы мақсатта заң ғылымында құқыққа қайшы әрекет-әрекетсіздікті құқық бұзушылық ретінде саралауға негіз болатын элементтердің жиынтығы, яғни құқық бұзушылықтың занды құрамы болады: объективтік жағы, объект, субъективтік жағы, субъект.Құқық бұзушылықтың,объективтік жағы құқыққа қайшы деп саналатын әрекет-әрекетсіздікті жасау немёсе құқық нормаларында көрсетілген құқыққа сай әрекетті жасамаудан туды. Қай жағдайда болмасын құқыққа қайшы әрекет-әрекетсіздік саналы түрде жасалып, әлеуметтік зиянды салалардың тууына әкеліп соғады. Ол құқықпен қорғалатын қоғамдық қатынастарға тікелей зиян келтіруі немесе осындай зиян келтіруге байланысты қауіп төндіреді.Іс жүзінде жүзеге асырылмаған ой-өріс, сезім, болжам заң бойынша объектіге кірмейді. Кей жағдайда құқық қорғайтын мүддеге әдепсіздік, белсенділік (балағаттау, жалған сөз) арқылы да зиян келеді.Құқық бұзушылықтың объективтік жағының элементіне әрекет-әрекетсіздікпен келтіретін зиянның арасындағы себепті байланыс және келтірілген залал жатады. Заң теориясында себепті байланыс дегеніміз — келтірілген зиянның басты және тікелей себебі құқыққа қайшы әрекет-әрекетсіздік болып табылатын, зиянды әрекет-әрекетсіздікпен пайда болған нәтиже арасындағы объективтік байланыс болып табылады. Мұнда зиян құқық бұзушылықтың теріс нәтижелерінің жиынтығы ретінде көрінеді. Қандай да бір игіліктің немесе құндылықтың жойылуы, оларды пайдалануға шек қою, азаматтардың бостандығына қол сұғу, олардың субъективті құқықтарын бұзу т.с.с.Зиян материалдық, физикалық басқа да қасиеттерге ие болып, жеке мүддеге, сондай-ақ жалпы қоғамдық мүддеге де қауіп төндіреді. Іс-әрекеттің сипаты және одан келген зиян қоғамға қауіптіліктің деңгейін анықтап, құқық бұзушылықты басқа құқық тәртібін бұзудан айырудың объективтік негізін қалайды.
Құқық бұзушылық фактісін бекіту үшін барлық себепті байланыс айтарлықтай мәнге ие бола бермейді. Субъектінің кінәсі оның қоғамға зиянды салдарын болжаумен байланысты болады. Ал сол әрекеттен міндетті түрде келетін зиянды ғана болжау мүмкін болмақ. Демек, әрекет-әрекетсіздікпен қоғамға зиянды салдардың арасында қажетті себепті байланыс болады. Басқаша айтқанда, келтірілген зиян жасалған әрекеттің тікелей нәтижесі екендігі анықталуға жатады. Әрекет-әрекетсіздікпен оның нөтижесі арасындағы байланыстың қажетті немесе кездейсоқ сипаты істің барлық фактілік жағдайын жан-жақты зерттеудің негізінде ғана бекітіледі.
2. Объект — құқық нормалары қорғайтын бұзылған мүліктік немесе мүліктік емес игілік. Яғни, құқықпен реттеліп және қорғалатын қоғамдық қатынастар. Құқық бұзушылық өз іс-әрекетінде құқық тәртібіне қарсы бағытталып, қандай да бір зиян келтіреді.Қоғамдық қатынастың, оның субъектілерінің құқықтары мен мүдделері көп түрлі болуына сәйкес нақтылы құқық бұзушылықгың объектілері де бірнеше болуы мүмкін.
3. Құқық бұзушылықтың
субъективтік жағын адамның
1.2 Құқық бұзушылықтың түрлері
Субъект — әрекет қабілеттігі бар заңды бұзушы тұлға. Егерде субъект құқық бұзушылық кезінде өзге құқыққа сай жолды таңдау мүмкіндігіне ақыл-есінің кемдігі, жасының толмауы, физикалық немесе психикалық жетіспеушілігінің салдарынан жол берсе, әрекет-әрекетсіздік зиянды нәтижеге әкеліп соқса да құқық бұзушылық деп саналмайды. Құқыққа қарсы әрекеттерді құқық бұзушылық деп тану үшін заң оның субъектісіне белгілі бір талаптар қояды. Ең алдымен белгілі бір жасқа толу керек. Айталық, қылмыстың жауапкершілік 16 жастан басталады, кейбір қылмыс түрлері үшін 14 жас, әкімшілік жауапкершілік 16 жас, азаматтык жауапкершілік 15 жастан есептеледі.Құқық бұзушылықтың субъектісі жайлы мәселелердің барлығы теория мен практикада біркелкі шешілмеген. Құқық бұзушылық субъектісінің түсінігіне келгенде қылмыстық және азаматтық құқықта алшақтық байқалады.Қылмыстық құқықта қылмыс субъектісі мен жауапкершіліктің субъектісі сәйкес келеді, ал азаматтық құқықта жауапкершілікке тек құқық бұзушылыққа жол берген субъект қана тартылып қоймайды, құқық бұзушы субъект ретінде адамдардың ұжымын тану мәселесі де күрделі болып табылады. Қылмыстық құқық бойынша бұл сұрақ бір жолмен шешіледі — жауапкершілікке жеке тұлға тартылады. Қылмыс топ болып жасалса да, оның әрбір қатысушысы өзінің істеген жеке әрекеті үшін жауап береді. Өзге құқық салаларында, бұл тұрғыда мамандардың пікірі өр түрлі. Олардың бір тобы адамдардың тобын құқық бұзушылық субъектісі деп таныса, екіншілері бұлай санамайды.Сонымен, құқық бұзушылық — әрекет қабілеттілігі иеленуші субъектінің занды жауапкершілікке тартылатын қоғамға зиянды немесе қауіпті құқыққа қайшы және кінөлі әрекет-әрекетсіздігі.Құқық бұзушылықтың түрлері: Барлық құқық бұзушылық қоғамға қауіптілігінің сипаты мен деңгейіне байланысты екі топқа бөлінеді.
1) Қылмыс.
2) Теріс қылық.
Объектінің құндылығы,
құқыққа қайшы әрекеттің
Қылмыс қоғамға қауіпті және заңмен жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты әрекет-әрекетсіздік. Ол қоғамның қалыпты өмір немесе мемлекеттік құрылыс, шаруашылық жүйе, меншік және азаматтардың саяси, еңбектік, мүліктің және басқа да құқықтары. Қылмыстың занды сипаты — оларға қылмыстық заңмен тыйым салу мен жазалау шараларын қолдану болып табылады. Қылмысты заңда көрсетілген, қылмыстың барлық нысандык белгілерін иеленуші құқық бұзушылық өзінің жеңіл мәнділігіне байланысты қоғамға қауіпті болмаса, қылмыс болып саналмайды.
Теріс қылық дегеніміз - қылмыспен салыстырғанда қоғамға қауіптілігі біршама төмен және қоғамдағы құқықтық тәртіптің жекелеген жақтарына нұқсан келтіруші құқық бұзушылық.
Теріс қылық қоғамға зиян келтіргендіктен, әлеуметтік қауіпті болып табылады. Теріс қылық қоғам өмірінің қай саласында жасалуы, келтірген зиянының сипаты және тиісті құқықтық санкциясының ерекшеліктеріне байланысты әкімшілік, тәртіптік, азаматтық құқық бұзушылықтарға жіктелінеді.
1. Әкімшілік құқық
бұзушылық — мемлекеттік
2. Тәртіптік құқық
бұзушылық қызметтік қатынас
саласында бағынушылық
3. Азаматтық құқық бұзушылық — азаматтық құқық нормаларымен реттелетін мүліктік және онымен байланысты жекелеген қатынастарға зиян келтіретін, әлеуметтік қауіпті әрекет-әрекетсіздік. Ол шарттық және шартсыз деп екіге бөлінеді. Шартты — азаматтық құқықтың шартқа қатысушы субъектілерінің әрекетінен туындаса, шартсыз — азаматтық құқықтың нормаларының талаптарын сақтамау және орындамаумен байланысты болады. Азаматтық құқық бұзушылықтың қылмыстық әрекеттерден айырмашылығы, олардың занда тізімі берілмеген. Яғни, азаматтық құқық бұзушылыққа тән ерекшелік оларға мүліктік және мүліктік емес санкциялармен тыйым салынуы болып табылады. Мұнда және бұзылған құқықтың қалпына келтірілуі көзге түседі: заңға қайшы келетін мәмлені езгерту, келтірілген мүліктік зиянның орнын толтыру және т.б. Құқықты қалпына келтіруші санкциялар азаматтық құқық бұзушылық келтірілген зиянды салдарын бағалау және азаматтар мен ұйымдардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерінің қалпына келтіруін көздейді. Құқық бұзушылықтың себептері төңірегінде ежелден осы күнге дейін сан түрлі пікірлер айтылуда. Айтылған ойларды тұжырымдасақ, адамдардың құқықтық нормаларды бұзуына, ең алдымен әлеуметтік және биологиялық жағдайлар әсер ететінін байқаймыз. Әлеуметтік жағдайлар — отбасы, мектеп, қызмет істейтін ұжым, жалпы қоғам өмірінің әсері. Бірақ бұлар әр адамға әртүрлі ықпал етеді. Тұрмысы ауыр, қиын жағдайда тәрбиеленіп, өмір сүретіндер де, сонымен біреуге уайымсыз, тоқтықта өскендер де занды бұзуы мүмкін. Бұл жағдайды бабаларымыз ежелден-ақ байқаған. «Жаманнан жақсы туар, адам айтса нанғысыз, жақсыдан жаман туар, бір ауыз сөзге алғысыз» деген мақал айғағы болса керек. Биологиялық жағдайлар. Бір отбасында дүниеге келіп, тәрбиеленіп, өскен балалардың ой-өрісінің сапасы әртүрлі болатыны белгілі. Біреуі мейірімді, салмақты, жігерлі болса, екіншісі қатыгез, жеңілтек, жігерсіз болуы мүмкін. Әрине балалардың жаратылысынан әр түрлі болуы, бұзақылық, адамның тегіне байланысты деген сөз емес. Бұзықтық түқым қуаламайды, бірақ, адамның жаратылысына тән жаман мінездерді өсіп-өнетін кезеңге тап болса, адам әдепсіздік заң бұзушылық қылықтан тайынбайды.Маңызды мәселенің бірі заңдар туралы мәліметтердің жеткіліксіз болуы да олардың талаптарын орындамауға себебін тигізетіні сөзсіз. Шынында да мемлекетімізде жүздеген заңцар қабылданған. Оларда азаматтарға сан алуан құқықтар беріліп, көптеген міндеттер жүктелген. Азаматтар ол заңдардың бәрін біле бермейді. Әрине, занды білмей бұзғанмен, біле тұрып қасақана немесе абайсызда бұзғанның салдары арасында өте үлкен айырмашылық бар. Конституция бойынша қандай да болмасын қабылданған занды құжаттар баспасөз бетінде жариялануы қажет. Егер жарияланбаса, оның күші болмайды. Ондай құжаттың талаптарын орындамаған адам жауапқа тартылмайды (ҚР216 Конституциясы, 39-6).Құқық бұзушылықтың субъективтік себебі — бұл, мемлекеттік идеологияға, адами құндылықтар мен қоғамдық мүддеге қарама-қайшы құқықтық сананьщ төмен деңгейлігі.Ал объективтік себебі — өмірдегі, экономикалық және әлеуметтік қатынас саласындағы нақтылы кайшылықтар. Құқық бұзушылықты тудырушы объективтік жағдайға — оның субъективтік және объективтік себептерінің орнын алуына жол беретін, ұйымдастырушылық және техникалық тәртіптің жеткіліксіздігін айтуға болады.Құқық бұзушылық қашан да жекелік сипатта болады. Жеке тұлғаның қабылдаған және оның қажеттілік мақсаты арқылы анықталатын құқыққа қайшы шешім, құқық бұзушылықтың тікелей себебі болып табылады. Бірақ құқық бұзушылық себебін белгілі бір әлеуметтік құбылыс ретінде қарастыру жеткіліксіз.К.Маркс былай деген болатын: қоғам тек адамдардан ғана тұрмайды, олардың ара байланысы мен қарым-қатынасын бейнелейді. Сондықтан да құқық бұзушылықтың себебін жекелеген құқыққа қайшы әрекеттер арқылы түсіну мүмкін емес. Ғылыми зерттеу нәтижесі құқық бұзушылықтың себебі жеке адамның қажеттіліктерімен оны қанағаттандырудың әлеуметтік мүмкіндігінің арасындағы қайшылыққа деп түсіндіреді. Яғни бұл өз кезегінде қоғамдық жағдайдың сипатына тәуелді болады. Бұл дегеніміз қоғамдық қатынастар жүйесінде: өндіріс, саясат, мәдениет, шаруашылық, түтыну салаларында белгілі бір орынға ие болу. Ал қалыпты өмір сүру жағдайда бұлар бір-бірімен сәйкес келіп отыруы тиіс. Қоғамдық еңбек бөлінісі жүйесіндегі белгілі бір орынды иелену адамның кәсіпқойлық дәрежесін, білімін және мәдени мәртебелігін айқындайды.Жеке адамның әлеуметтік мәртебелерінің бір-біріне сәйкес келмеуі оны қоғамдық тәртіпті бұзуға итермелейді. Яғни саяси-экономикалық үстемдікке әлеуметтік саладағы жағдай сәйкес келмеуі, жеке адамдардың білім мәртебесіне экономика, мәдениет саласында тиісті орынды қамтамасыз етпеген жағдайда, олар заңсыз әрекеттерге барады. Кейбір саяси қызметкер өзінің жағдайын мемлекеттегі рөлімен теңестіру үшін, билікті теріс мақсатта пайдаланады. Ең арысы жалданбалы жұмысшы да, сатылмалы жұмыс күшінің ақысы оның қоғамдық қажеттігін өтемесе, қолайсыз мүмкіндіктерді пайдалануға бет бұрады.Жоғарыда айтып өткен құқық бұзушылықтың негізгі себептерін түжырымдай келе байқайтынымыз — заңды мінез-құлық, құқықтық сана, құқықтық мәдениеттің бұл тұрғыда алатын орны ерекше.Занды мінез-құлық құқық нормаларының нүсқауларына сәйкес келетін жеке тұлғаның мінез-құлқы. Ол арқылы заң орындалады, жүзеге асырылады. Егер адамдардың мінез-құқықтары құқық нормаларының талаптарына сәйкес келсе, онда құқықтық тәртіп нығаяды.Азаматтар құқық нормаларының талабын белсенділікпен немесе енжарлықпен орындайды. Соған сәйкес мінез-құлық екіге бөлінеді:
1) Белсенді заңды мінез-құлық лауазымды тұлғалардың, азаматтардың өз бастамасымен белгілі мақсатқа бейімделген занды әрекеттері оның түрлері сан алуан.
2) Енжарлы мінез-құлықтың көрінісі де сан алуан. Азамат өзіне жүктелген міндеттерді салақтықпен сапалы орындамайды, өзінің құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруға енжарлықпен, немқұрайлықпен қарайды. Әңине мұндай мінез-құлық, құқық нормаларына қайшы келмесе де адамның ең алдымен өзіне зиян келтіреді, себебі адамның игілігі үшін берілетін заңды мүмкіндіктер іске аспай қалады. Мұндай мінез-құлықтан қоғам да ештеме ұтпайды. Демек, екі тарапта ұтылыста болады. Мұндайда енжар мінез-құлық басым болса, мемлекетке зиян келеді. Азаматтардың енжарлығын, немқұрайлыган пайдаланып, теріс ниетті лауазымды тұлғалар мемлекет органының қызметін халықтың бақылауынан тыс қоюға әрекет жасауы мүмкін. Міне осындай енжарлықты белсенділікке айналдыру қажет. Оның негізгі шарты — еңбекке баулу. Құқық нормаларын адал, ақ ниетпен іс жүзіне асырған азаматтарға көтермелеу шараларын белгілесе, ол нормалар белсенділікке негіз болары сөзсіз. Занды жауапкершілік — жеке адам, қоғам, мемлекеттің мүддесін қорғайтын бірден-бір жол болып табылады. Ол құқықтық нормалардың бұзылуы нәтижесінде пайда болып, құқық бұзуға мемлекеттік күштеу шарасын қолдану нысанымен сипатталады. Құқық бұзушыға жауапкершіліктің белгілі бір шарасы көзделген құқықтық норманың санкциясын қолданудан тұрады.Заңды жауапкершіліктің заңды негізі — құқық бұзушылық болып табылады. Егерде субъектінің іс-әрекеті құқық бұзушылықтың белгілеріне сәйкес келмесе, онда ол заңды жауапкершілікке тартылмайды.Занды жауапкершілік күрделі әлеуметтік құбылыс. Мұнда кем дегенде екі жақ қатысады: мемлекет және құқық бұзушы. Олардың арасында құкық қорғаушы қатынас қалыптасады және екі жақта заң шеңберінде, қолданылып отырған жауапкершіліктің құқықтык, нормаларының нақты санкциясының негізінде жүзеге асады.Заңды жауапкершілік құқықтық жүйенің құрам бөлігі бола отырып, оған қатысты маңызды міндет атқарады. Кең мағынада жауапкершіліктің түсінігі — тұлғаның қоғам мен мемлекетке қатысты өз міндетін мойындап, оны орындауы болып табылады. Tap мағынада — мемлекеттің жасалған құқық бұзушылыққа қарсы жауабы болып саналады. Заңды жауапкершілік — тарихи құбылыс. Мәселен, қылмыстық құқықтың атышулы жазаларының түрлері мен олардың дамуы, тарихтың күрделі кезеңдерінің ерекшеліктерімен тікелей байланысты. Қылмыстың көпшілік белгісі танылмай тұрған кезде және ол жеке адаммен оның мүддесіне қауіп төндіру деп саналған уақытта жаза өзінің сыртқы нысаны бойынша, құқық бұзушы келтірген зиянның орнын толтыру және оның өзіне жәбірленуші шеккен зиянды келтіруден тұрады. Занды жауапкершіліктің қай түрі болмасын ол ең алдымен құқық бұзушылыққа санкция ретінде, яғни құқық нормаларының талаптарын орындау үшін мемлекеттік күштеу ретінде көрінеді. Мемлекеттік күштеу мен заңды жауапкершілік қашанда екеуі байланысты болады. Заңды жауапкершіліктің бұл белгісі әр құқық саласында түрліше сипатталады. Айталық, азаматтық, шаруашылық, еңбектік заңдар міндеттемені ерікті түрде орындау мүмкіндігін қарастырады.Шарттың міндетін бұзған азамат немесе көсіпорын өз еркімен заңда көрсетілген айыппұлды төлеп, шығынды қалпына келтіре алады. Ерікті орындау жүзеге асырылмаған кезде ғана жауапкершілік сот арқылы белгіленеді. Қылмыстық және әкімшілік құқықта мемлекеттік күштеу анағұрлым анық көрінеді және мемлекеттің арнайы органдарының әрекеттері арқылы жүзеге асырылады.Занды жауапкершілік — тек ғана құқықтық нормалар бұзылған кезде пайда болып қоймай, оларды қатаң сақтау арқылы да орындалады. Басқаша айтқанда құқық бұзушының заңды жауапкершілікті орындауы құқықтық нормалар бойынша бекітілген белгілі бір процедуралық — іс жүргізу тәртібін бұзған кезде ғана мүмкін болмақ. Сонымен, заңды жауапкершіліктің белгілері мыналар болып табылады.