Қылмыс субъектісінің түсінігі және белгілері

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Декабря 2012 в 10:02, реферат

Краткое описание

Қылмыс жасаған кезде қылмыстық заңда көзделген белгілі бір жасқа толған және есі дұрыс жеке адам қылмыстық заң бойынша қылмыс субъектісі бола алады.
Қылмыс субъектісінің белгілері жайлы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 14-бабының бірінші бөлігінде былай делінген: “Есі дұрыс, осы кодексте белгіленген жасқа толған жеке адам ғана қылмыстық жауапқа тартылуға тиіс”.

Оглавление

Кіріспе......................................................................................................................3
І. Қылмыс субъектісінің түсінігі және белгілері..............................................4
1.1. Есі дұрыстық және есі дұрыс еместіктің түсінігі.
Есі дұрыстық – қылмыстық жауаптылықтың негізгі шарты.............6
1.2. Жасқа толу .....................................................................................................9
ІІ. Қылмыстың арнаулы субъектісі.................................................................11
ІІІ.Мас күйінде жасалған қылмыстар үшін жауаптылық .........................13
Қорытынды..........................................................................................................14
Қолданылған әдебиеттер тізімі........................................................................18

Файлы: 1 файл

Қылмыс субъектісінің түсінігі және белгілері.doc

— 122.00 Кб (Скачать)


МАЗМҰНЫ

Кіріспе......................................................................................................................3

І. Қылмыс субъектісінің түсінігі және белгілері..............................................4

    1. Есі дұрыстық және есі дұрыс еместіктің түсінігі.

Есі дұрыстық – қылмыстық жауаптылықтың негізгі шарты.............6

    1. Жасқа толу .....................................................................................................9

ІІ. Қылмыстың арнаулы субъектісі.................................................................11

ІІІ.Мас күйінде жасалған қылмыстар үшін жауаптылық .........................13

Қорытынды..........................................................................................................14

Қолданылған әдебиеттер  тізімі........................................................................18

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Қылмыс жасаған кезде  қылмыстық заңда көзделген белгілі  бір жасқа толған және есі дұрыс  жеке адам қылмыстық заң бойынша қылмыс субъектісі бола алады.

Қылмыс субъектісінің  белгілері жайлы Қазақстан Республикасының  Қылмыстық кодексінің 14-бабының  бірінші бөлігінде былай делінген: “Есі дұрыс,  осы кодексте белгіленген  жасқа толған жеке адам ғана қылмыстық  жауапқа тартылуға тиіс”.

Қылмыс субъектісі –  ол қылмыс жасаған есі дұрыс және 16 жасқа толған адам. Кейбір ауыр қылмыстар  үшін (кісі өлтіру, зорлау, адам ұрлау,  кісі тонау, қорқытып алу т.б.) қылмыстық  жауапқа адам 14 жастан тартылады. Қылмыстық  жауапкершілікке тарту көзделген қауіпті әрекет жасаған кезде есі дұрыс емес күйде болған, яғни созылмалы психикалық ауру, психикасының уақытша бұзылуы,  кемақылдылығы салдарынан өзінің іс әрекетінің іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін ұғына алмаған немесе оған ие бола алмаған адам қылмыстық жауапқа тартылмайды. Бұларға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылуы мүмкін. Алкогольді ішімдікті, есірткі заттарды немесе  басқа да есеңгурететін заттарды пайдалану салдарынан мас күйінде жасаған қылмыс үшін адам қылмыстық жауаптылықтан босатылмайды.

ҚК-тің 14-бабының екінші бөлігінде қылмыстық заңның аса  маңызды қағидаларының бірі –  азаматтардың заң алдында тең  екендігі заң жүзінде бекімін  тапқан: “Қылмыс жасаған адамдар  шығу тегіне, әлеуметтік лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, сеніміне, қоғамдық бірлестіктерге қатыстылығына, тұрғылықты жеріне немесе өзге де кез-келген мән-жайларға қарамастан заң алдында бірдей”. Бұл қағида сонымен қатар, конституциялық та болып табылады, себебі, ол Қазақстан Республикасының Конституциясының 14-бабына негізделген.

Тек жеке адам ғана қылмыс субъектісі  бола алады. ҚК-тің 14-бабының  бірінші бөлігінде айтылған жеке адамдар – Қазақстан Республикасының  азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар және шетел азаматтары. Бұл ҚК-тің 6 және 7-баптарының мазмұнынан туындайды.

Қылмыс субъектісі ретінде  тек жеке тұлғаларды тану – заңды  тұлғалар, яғни мекемелер,  кәсіпорындар, ұйымдар, партиялар, қоғамдық бірлестіктер қылмыс субъектісі бола алмайды дегенді білдіреді. Осыларды айта келе, Қылмыс субъектісі дегеніміз қылмыс жасаған және бойында қылмыстық заңда көзделген белгілері бар жеке тұлға.

І. Қылмыс субъектісінің түсінігі және белгілері

 

Қылмыс субъектісі –  қылмыс құрамының бір элементі, онсыз  қылмыстық жауаптылық болмайды және болуы мүмкін емес.

Қылмыстың субъектісі болып  қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған  және заңға сәйкес сол үшін қылмыстық  жауаптылықты көтеруге қабілетті адам танылады. Қылмыстық кодекстің 4,6,7 –  баптарының талаптарына сай Қазақстан Республикасының Қылмыстық  кодексінің күші Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасының аумағындағы  азаматтығы жоқ адамдарға, сондай-ақ шетелдіктерге қолданылады. Бұдан туатын қорытынды, қоғамға қауіпті іс-әрекет үшін қылмыстық жауаптылыққа тек қана тірі адам – азамат тартылады. Ал заттар, жануарлар дүниесі, табиғат күштері келтірілген зиян үшін олар қылмыстық жауапқа тартылмайды, яғни бұл аталғандар қылмыс субъектісі болып танылмайды. Егер адам жануарларды немее табиғи күштерді пайдалану арқылы қасақана немесе абайсыздықпен басқаға зиян келтірсе, онда қылмыстық  жауаптылыққа сол адамның өзі тартылады. Мысал, қабаған итке адамды қасақана әдейілеп қаптырса, онда сол адам жөнінде қасақана дене жарақатын келтіргені үшін қылмыстық жауаптылық мәселесі қарастырылады, ал мұндай жағдайда ит қылмыс субъектісі емес, қылмысты істеудің құралы болып табылады1.

Сондай-ақ заңды тұлғалар – мекеме, ұйым, кәсіпорын және басқа  да заңды ұйымдар қылмыстың суъектісі  болып танылмайды.

Қайсы бір кәсіпорын, мекеме, ұйымда еңбек қорғау ережелерінің  елеулі бұзылуы үшін қылмыстық жауаптылыққа мекеме, ұйым, кәсіпорын емес, сол еңбек қорғау ережелерін кінәлі түрде бұзған лауазымды адам, егер соның салдарынан адамдар қайғылы жағдайға ұшыраса жауаптылыққа тартылады.

Қылмыс субъектісінің  қажетті белгілерінің бірі – қылмыс жасаған адамның есінің дұрыстығы.

Есі дұрыстық – қылмыстық  заңда көзделген қоғамға қауіпті  әрекетті жасаған кезде адамның  өз әрекетінің (әрекетсіздігінің) іс жүзіндегі  сипатын және қоғамға қауіптілігін ұғынып, оған ие болу қабілеті.

Есі дұрыстық – адамды қылмыстық жауапқа тартудың және оны жазалаудың қажетті шарты  болып табылады.

Қылмыстық заңның нормалары, әр кезде де, төңірегіндегі жағдайды дұрыс пайымдап, өз әрекетінің маңызын  түсіне алатын, оған ие болу қабілеті бар, психикасы қалыптан ауытқымаған адамдарға бағытталады. Мұндай қабілеті жоқ адамдар психикасы бұзылғандықтан өз әрекетінің (әрекетсіздігінің) іс жүзіндегі сипатын және қоғамға қауіптілігін ұғына алмайды, әрекетіне ие бола алмайды, сондықтан да олар есі дұрыс емес деп танылады және қылмыстық жауапқа тартылмайды (16 б).

Қылмыс субъектісінің  есі дұрыстығымен қатар және бір  міндетті белгісі – қылмыс жасаған  кезде адамның заңды белгіленген  жасқа  толуы.

Өз іс-әрекетін дұрыс  бағалау, жасаған әрекетінің әлеуметтік маңыздылығын ұғыну, әрекетіне ие болу қабілеті белгілі бір жаста пайда болады. Ол кезде адам есейеді, адамгершілігі дамиды, рухани өседі, кәмелетке жетпегендер де (14 жасқа толмағандар да) мұндай қасиеттер болмайды. Сондықтан олар қылмыс субъектісі деп танылмайды.

Адамның есінің дұрыстығы  және қылмыстық заңда белгіленген  жасқа толуы қылмыс субъектісінің  жалпы заңдылық белгілері болып  табылады, олар қылмыстардың барлық құрамдары  үшін міндетті, бұлардың ең болмағанда біреуінің болмауы, әрекетте қылмыс құрамының жоқ екендігін көрсетеді.

Қылмыскердің қосымша  белгілерін, соның ішінде жеке басының, еңбек және тұрмыс жағдайын  ескеру айыптының бұрын қылмыс жасаған  –жасамағандығын, ерекше бұзық немесе баукеспе екенін білуге, кейде қылмыстық жауапкершіліктен босатуға, үкімнің орындалуын кейінге қалдыруға, жазадан шартты түрде мерзімнен бұрын босатуға себеп болатындығын да естен шығармау керек. Заңдылық нормаларда басқа да белгілер көрсетіледі. Олар -  қылмысты қайталап жасау, әлденеше рет жасау, үнемі жасау, ерекше қауіпті рецедивист, арнаулы субъект тағы басқалар.

“Қылмыс субъектісі”  және “қылмыскердің жеке басы”  ұғымдары бірдей емес. Қылмыскердің жеке басы – қылмыс субъектісіне қарағанда  кең түсінік береді. Қылмыскердің жеке басы дегеніміз – қылмыскерді  жалпы адам ретінде сипаттайтын барлық әлеуметтік қасиеттердің, байланыстардың және қатынастардың жиынтығы, оның әлеуметтік  (саяси, еңбек, тұрмыстық, отбасылық т.б) байланыстары; өнегелік саяси қасиеттері (дүниетанымы, сенімі, құштарлығы); психикалық қасиеттері мен ерекшеліктері (интеллекті, еріктік қасиеттері, сезімдік ерекшеліктері, қызбалығы); демографиялық және дене жаратылыс ерекшеліктері (жынысы, жасы, денсаулық ахуалы); өмірбаяны, өмір тәжірибесі, білімі, қоғам алдында сіңірген еңбегі және кінәсі2.

Қылмыскердің жеке басына қатысты барлық қасиеттердің ішінен қылмыс субъектісі ұғымы өзіне қылмыскердің жеке басын сипаттайтын белгілердің  ең аз ғана жиынтығын қамтиды (есі  дұрыстық, қылмыстық жауапқа тартылу  жасына толу); бұл белгілердің қылмыстық құрамы болмайды.

Қылмыскердің жеке басының  ерекшеліктері жаза тағайындағанда, оны жеке даралағанда (ҚК-тің  52,53,54 -баптары), шартты түрде соттау туралы (ҚК-тің 63-бабы), қылмыстық жауаптылықтан  және жазадан босату туралы (ҚК-тің 65,66,67,68,69 баптары), жазадан мерзімнен бұрын шартты түрде босату немесе жазаны өтелмеген бөлігін жеңілірек жазамен ауыстыру туралы (КҚ-тің 70,71-баптары) мәселелерді шешуде және басқа жағдайларда маңызды болып табылады.

    1. Есі дұрыстық және есі дұрыс еместіктің түсінігі. Есі дұрыстық – қылмыстық жауаптылықтың негізгі шарты.

 

Жеке адамға, қоғамға немесе мемлекетке зиян келтірген не зиян келтіру қаупін төндірген, қылмыстық заңда тиым салынған әрекетті жасаған адам қылмыстық  жауапқа тартылып, жазалануы үшін оның есі дұрыс болуы керек3.

Жоғарыда аталып кеткендей, есі  дұрыстық дегеніміз – адамның  қоғамға қауіпті әрекет жасаған  кездегі өз әрекетінің іс жүзіндегі  сипатын,  қоғамға қауіптілігін ұғына  алатын, оған ие бола алатын қабілеті. Есі дұрыс емес адамдар қылмыстың  субъектісі болып табылмайды.  Сол себепті олар қылмыстық жауапқа тартылмайды. Мұндай адамдарға істеген іс-әрекеттері үшін  қылмыстық жаза болып табылмайтын медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылуы мүмкін (ҚК 89-95 баптар). Есі  дұрыстықтың белгісіне тоқталып өтсек, ол адамның қоғамға қауіпті іс-әрекетін  істеген уақытта өзінің іс-әрекетінің мәнін сезіп, ұғынуы және оны басқаруға қабілетінің болуы қылмыстық құқықтағы кінә туралы түсінікпен тығыз байланысты. Яғни, қоғамға қауіпті іс-әрекетті істеген кезде  оны істеушіге әйтеуір кінәнің бір түрі қасақаналық немесе абайсыздық болуы тиіс. Өйткені, кінә қылмыстық жауаптылықтың басты, негізгі алғышарты болып табылады, өз әрекетінің мәнін түсінбейтін және өзін-өзі басқаруға қабілеті жоқ адамдарда кінә да болмайды, сол себепті олар қылмыстық жауапқа тартылмайды. Кылмыстық Кодекстің іс-бабында есі дұрыс еместіктің түсінігі берілген. Онда:

1.Осы Кодексте көзделген қоғамдық  қауіпті әрекетті жасаған кезде  есі дұрыс емес күйде болған, яғни созылмалы психикалық ауруы, психикасының уақытша бұзылуы, кемақылдылығы немесе психикасының өзге де дертке ұшырауы салдарынан  өзінің іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін ұғына алмаған немесе оған ие бола алмаған адам қылмыстық жауапқа тартылуы тиіс емес.

2.Есі дұрыс емес деп танылған  адамға  сот осы Кодексте көзделген  медициналық сипаттағы мәжбүрлеу  шараларын қолдануы мүмкін, - делінген4.

Есі дұрыс еместіктің ұғымын ашып көрсеткенде қылмыстық құқық  ғылымы екі белгіні: медициналық (биологиялық) және заңдылық (психологиялық) белгіні қолданады. Заңдылық белгі бойынша сот қоғамға қауіпті іс әрекетті істеген адамның өзінің іс-әрекетіне есеп бере алатынын және оны істегенде өзін басқара  алатынын анықтайды.

Медициналық (биологиялық) белгі бойынша қоғамға қауіпті әрекетті істеген адамның аурулық жағдайына байланысты болған қабілетсіздігінің себебі анықталады. Адамның кез-келген аурулық жағдайы оны есі дұрыс емес деп тануға негіз болмайды, сол аурулардың ішіндегі адамға өзінің іс-әрекетін нақты дұрыс бағалауға бөгет жасайтын аурулар ғана оны есі дұрыс емес деп тануға негіз болады.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сондықтан медициналық белгі міндетті түрде заңдылық белгімен қабаттасуы қажет. Тек осы екі белгі бірдей болған жағдайда ғана адам есі дұрыс  емес деп танылуы мүмкін. Медицнналық белгінің түсінігі сот-психиатрих ғылымы белгілеген жалпы ережелеріне негізделген. Қылмыстық құқық есі дұрыс еместіктің түсінігін осы ережелерді басшылыққа ала отырып, өз ерекшеліктеріне сәйкес түсіндіреді. Медициналық белгілерге қылмыстық заңда төрт түрлі ауру жатқызылған:

1.Созылмалы психикалық ауру. Бұл  ауруға жазылмайтын немесе жазылуы  өте қиын, аурулық жағдайы өрістей  беретін аурулар жатады. Бұған:  шизофрения, желікпе, депрессиялық  есалаңдық, ми мерезінің салдарынан  үдемелі сал аурына шалдығу, кәрілікке байланысты дамыған есалаңдық және басқалары.

2.Психикасының уақытша бұзылуы.  Бұған жататындар: алкогольдік есалаңдық,  патологиялық маскүнемдік, белая  горячка т.б. аурулары. Бұл аурулар  тез пайда  болады, емделген  жағдайда артынан жазылып кетуі де мүмкін.

3.Кемақылдық. Бұл адамның ақыл-ой  қабілетінің төмендеуінен туындайтын  аурулар. Мұндай аурулар тұрақты  туа біткен ауыр нерв ауруының (делбе, энцефалит, мидың зақымдануы) әсерінен пайда болады. Кемақылдылықтың  үш түрі бар: дебильдік (жеңіл түрі), имбецильдік (орташа түрі).

4.Психикасының өзге де дертке  ұшырауы. 

Бұл сырқаттағы күйге жататындар психикалық аурулардың қатарына жатпайтын, бірақ  адам психикасының  бұзылуына әсер ететін әр түрлі  аурулар жатады. Бұған әр түрлі жұқпалы аурудың әсерінен адамның сандырақ  күйге түсуі, ауыр жарақаттан пайда болған ми ісігі немесе нашақорлық аштығынан болған жарақаттар жатады.

Информация о работе Қылмыс субъектісінің түсінігі және белгілері