Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Апреля 2012 в 17:25, курсовая работа
Өндірістік тәжірибе- оқу үрдісінің құрамдас бөлігі, онда студенттер оқыту кезінде алған білімдерін мақсатты тереңдетіп, оқып жатқан мамандығы бойынша қажетті білім, білік, дағдыға үйренеді.
Тек тәжірибеден өту арқылы ғана келешек маманның кәсіби шеберлігі барлық деңгейде артып, сол арқылы өмірлік тәжірибеге ие болуға мүмкіндік береді.
КІРІСПЕ
Өндірістік тәжірибе- оқу үрдісінің құрамдас бөлігі,
онда студенттер оқыту кезінде алған білімдерін
мақсатты тереңдетіп, оқып жатқан мамандығы
бойынша қажетті білім, білік, дағдыға
үйренеді.
Тек тәжірибеден өту арқылы ғана келешек
маманның кәсіби шеберлігі барлық деңгейде
артып, сол арқылы өмірлік тәжірибеге
ие болуға мүмкіндік береді.
Студенттердің кәсіптік тәжірибесін
ұйымдастыру және өткізу «Білім туралы», «Қазақстан
Республикасының еңбек туралы», «Қазақстан
Республикасындағы әлеуметтік серіктестік
туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына, сондай-ақ
Қазақстан Республикасының кәсіптік бастауыш
және орта білім берудің мемлекеттік жалпы
міндетті стандартына сәйкес жүргізіледі.
Тәжірибелік оқыту 2004 жылғы 5 сәуірдегі ҚР БжҒМ № 287 бұйрығына сәйкес ұйымдастырылады, онда кәсіптік тәжірибені ұйымдастыру мен өткізу бойынша әдістемелік ұсыныстар берілген.
Өндірістік іс-тәжірибеден өту барысында мекеменің ішкі тәртіп ережелеріне бағынып, тәжірибе бағдарламасында қарастырылған бағдарламаларды толық орындауға бар күш салынды.
Тәжірибе есебін жазудағы мақсат -
Тәжірибелік есеп үш негізгі бөлімнен тұрады және әр бөлім бірнеше бөлімшелерден құралған.
Бірінші бөлімде өнеркәсіптің
және кәіпкерліктің жалпы
Екінші бөлімде Басқарманың жалпы ережесі және міндеттері мен қызметтері, басқарманың құрылымы, жауапкершілігі және басқарма қызметі қарастырылады.
Үшінші бөлімде Қазақстандағы өнеркәсіптің даму перспективалары
қарастырылған.
Тәжірибелік есепті жазу барысында 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғыру – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан Республикасының Президенті – Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауы, Ақтөбе облысы әкімінің есебі, кәсіпкерлік және өнеркәсіп туралы заңдар мен басқарма қызметіне қатысты заңдар, сайттардан ақпараттар алынды.
1 ӨНЕРКӘСІПТІҢ ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Өнеркәсіп – бұл халық шаруашылығының маңызды құраушысы болып табылады. Немесе толықтай атап кететін болсақ-, өнеркәсіп бұл – ұлттық тұтыну заттарының бір бөлігіне ие болатын және өндірістің еңбек заттары пайда болатын фабрика, зауыттар, акционерлік қоғамдар өнеркәсіптік кәсіпорындардың жиынтығы болып табылатын халық шаруашылық салаларының бірі. Халық шаруашылығы салаларында жетекші рөлді алатын - өнеркәсіп. Өнеркәсіп еңбек құралын, жеке тұтыну заттарын өндіреді, табиғи шикізаттарды, сондай – ақ ауыл шаруашылық шикізаттарын қайта өңдеуді қамтамасыз етеді. Қуатты өнеркәсіп еліміздің қауіпсіздігінің негізі болып табылады. Өз кезегінде өнеркәсіп, мамандандырылған салалардың күрделі кешені болып табылады. Өндіріс дегеніміз не? Деген сұраққа жауап беріп көрейік, қоғамның өмірі сан қырлы болуы әр алуан салалардағы адам қызметінің түрі көп болғандығының нәтижесі. Бірақ мұның барлығы қоғамда материалдық игілік өндіру қызметтерінің болуының арқасында ғана болуы мүмкін. Адамды қоршаған табиғат оның ең қарапайым қажетін өтеуге керек нәрсені дайын күйінде бере қоймайды, осыдан да адамдар өздерінің күш жігерлерін өздеріне қажет заттар жасауға жұмсауға яғни өндіруге тиісті ал мұндай қажеттілікті ешкім өзгерте алмайды. Өндіріс қоғам өмірінің маңызды өзге де салалары келіп шығатын негізгі саласы ретінде көрінеді. Осылайша, өндіріс дегеніміз адамдардың табиғат пен қарым қатынасын, олардың табиғат затын жаңарта отырып, оны өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін бейімдеп алуын білдіретін ерекше процесс.
Өндірісте пайдаланылатын ресурстарды экономикалық теорияда мынандай түрлері бойынша: табиғи, еңбек, материалдық, қаржылық, ақпараттық деп ажырату қалыптасқан. Өндіріс қол еңбегіне негізделген кезде еңбек және табиғи ресурстар басым болады. машиналы өндіріс материалдық ресурстарды бірінші орынға шығарады. Ғылыми – техникалық революция ақпаратты өмірге әкелді және маңызды ресурсына айналдырды.
Қоғамдық пайдалы еңбекке
қабілетті тұрғын халық еңбек
ресурстарын құрайды. Бұл ресурстардың
ерекше түрі сөзсіз өндірістің белсенді
әрі жасампаз негізі болып отыр.
Еңбекке қабілетті тұрғын халық
нақты әлеуметтік – эконмикалық,
мәдени, саяси және басқада қоғамдық
жағдайлардың ықпалымен екі топқа
бөлінеді: «Экономикалық белсенді»
және «экономикалық сылбыр»
Материалдық ресурстар қоғамның өндірістік күш – қуатының негізгі бөлігін құрайды. Олар: ғимараттар, құрал-жабдықтар, машиналар, станоктар, механизмдер, жолдар, көпірлер, байланыс құралдары және тағы басқалары.
Өндірістің қарапайым сызбалармен бейнелеуін: «кіретін» және «шығатын» белгілері бар тік үш бұрышты еске түсірейік. Мұның алғашқысын түсіндіріп өттік. Олар - өндірістік ресурстар. Енді тік үшбұрыштың ішінде нендей нәрселер өтетіндігін анықтаудың кезегі келді. Өндірістің ресурстардан көрініс тапқан мүмкіндіктері тікелей өндіріс.
Өнеркәсіп– Қазақстан шаруашылығының басты саласы. Экономикадағы барлық алға басушылық соған байланысты. Оның дамуы жаңа қалалар мен жолдар салуды ілестіре жүреді. Ол ауыл шаруашылығының, құрылыстың, қызмет көрсету саласының даму деңгейіне де үлкен әсер етеді. Сонымен бірге оның қоршаған ортаға да әсері зор.
Өнеркәсіптің құрылымы: Өнеркәсіптің құрылымы күрделі. Ол көптеген кәсіпорындардан тұрады. Өндіретін өнімнің, пайдаланатын шикізаттың немесе технологияның ұқсастығына байланысты кәсіпорындар салаларға бірігеді. Өнеркәсіпте негізінен өндіріс құрал-жабдықтарын шығаратын (отын, металл, машиналар мен құрал-саймандар): энергетика, металлургия, машина жасау және т.б. басты рөл атқарады. Оларды ауыр өнеркәсіп деп атайды («А» тобы). Әсіресе, маңыздылары машина жасау (онда жаңа машиналар мен құрал-саймандар жасалады), химия өнеркәсібі (жаңа материалдар) және электр энергетикасы. Олар экономиканың барлық салаларындағы ғылыми-техникалық прогресті анықтайды, сол үшін оларға салалардың «авангардтық үштігі» деген «атақ» берілген. Халық түтынатын тауарларды өндіретін салаларды (азық-түлік, киім, аяқ киім), «Б» тобына жатқызады. Онда тамақ және жеңіл өнеркәсіптері ерекше орында.
Қазақстандағы жалпы өнім өндіру көлеміндегі «А» тобының үлесі 80% -ға жетті. «Б» тобы одан едәуір артта. Мұнымен шет елден азық-түлік пен тұтыну заттарын ауыр өнеркәсіп тауарларына айырбастап, сатып алу байланысты. Елге ондай айырбастың баға «қайшысына» байланысты пайдасы жоқ.
Көптеген дамыған елдерде «А» тобы салаларының үлесі 50%, немесе одан да аз. Өнеркәсіп салаларын, сонымен бірге, өндіруші және өңдеуші салаларға бөлу қабылданған. Біріншілері жер қойнауынан (тау-кен өнеркәсібі), судан (балық және су аңдарын аулау), орманнан (ағаш дайындау) шикізат өндіреді, ал екіншілері оларды өңдейді (мысалы, металлургия және ағаш өңдеу). Электр энергиясы мен жылу өндіретін және су мен газ тарататын салалар жеке топты құрайды.
Қазақстан Республикасының
өнеркәсібінде келесідей
● Тау кен өнеркәсібі;
● Энергетикаға арналған материалдарды өңдеу;
● Энергетикаға арналған материалдарды өндіруден басқа кен
өндіру;
● Өңдеу өнеркәсібі;
● Темекі бұйымдар өндірісі;
● Сусындарды қоса алғандағы азық – түлік өнімдерін өндіру;
● Тоқыма және тігін өнеркәсібі;
● Былтырғы өндірісі, былтырғыдан жасалынған бұйымдар және
аяқ киім өндірісі;
● Ағаш және ағаш бұйымдары өндірісі;
● Қағаз және қатырма өндірісі, баспа ісі;
● Кокс өндірісі, мұнай айдау, ядролық материалдарды өндіру
және қайта өңдеу;
● Химия өнеркәсібі;
● Мұнай айдау;
● Пластмасса, резіңке бұйымдарын өндірумен қоса металлға
жатпайтын өзге
де минералдық өнімдер
● Металлургия өнеркәсібі және металдар өңдеу;
● Металлургия өнеркәсібі;
● Түсті металл өндірісі;
● Дайын металл бұйымдарын өндіру;
● Машина жасау.
Өнеркәсіпті орналастырудың принциптері мен факторлары: Өнеркәсіптің дамуы мынандай негізгі принциптерге (ережелерге) бағынады: Кәсіпорындардың орналасуы:
1) аймақтың және бүкіл
елдің мүддесіне мүддесіне сай
пайдаланылатын ресурсы бар,
2) шикізат көзіне, отынға,
энергияға, ғылыми
3) қоршаған ортаны қорғау талаптарын және шет елдермен қарым-қатынас жағдайын есепке ала отырып;
4) еңбек өнімділігін көтеретін
өндірісті шоғырландырудың,
Қазақстанның өнеркәсібінде шағын кәсіпорындар көп. Бірақ өнімнің негізгі бөлігін орта және ірі кәсіпорындар өндіреді. Өнім шығаруды ірі кәсіпорындарға жинауды өндірісті шоғырландыру деп атайды.
Шағын кәсіпорындар жаңа өнім
шығаруға тез әрі икемді түрде
қайта құрыла алады. Бірақ көптеген
салалар бойынша ірі зауыттар
мен фабрикалардың
Көптеген кәсіпорындар біркелкі өнім, мысалы, тек тракторлар немесе тек экскаваторлар шығарады. Өндірісті ұйымдастырудың мұндай түрін мамандандыру деп атайды. Маманданған кәсіпорандарда еңбек ресурсы жақсырақ пайдаланылады, еңбек өнімділігі жоғары, өнімнің өзіндік құны төменірек болады. Бірақ ондай кәсіпорнынның шикізат, тетік, машина бөлшектерін жеткізушілермен өндірістік байланыссыз жұмыс жүргізуі мүмкін емес. Дайын өнімді шығаруға бірнеше кәсіпорындардың қатысуын кооперация (ынтымақтастық) деп атайды. Ол да еңбек өнімділігін көтереді.
Кәсіпорындардың бір бөлігін комбинаттар құрайды. Оларда әр түрлі өндіріс түрлері үйлеседі. Олар: 1) шикізатты өңдеудің біртіндеп жүргізілетін сатыларын, немесе 2) оларды бірігіп өңдеуді, немесе 3) бір-біріне қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.
Кәсіпорындардың орналасуына әр түрлі факторлар, яғни себептер мен жағдайлар әсер етеді.
Бейнелеп айтқанда,
«қандай себептерге байланысты зауыт
нақ осы жерде салынған?»
Фактордардың саны көп емес, олар – шикізаттық, отын-энергетикалық, су, жұмыс күші (еңбек), тұтынушы, көліктік, ғылыми және экологиялық болып бөлінеді. Олар бірге отырып кәсіпорындар мен салалар орналасуын анықтайды. Бірақ әрбір тұрақты жағдайдың шешуші және қосалқы факторлары бар (15-кестеге қараңыз)
Бұл кестенің мәліметтері
Қазақстан өнеркәсібінің
Сонымен, Қазақстанның экономикасында өнеркәсіп шешуші рөл атқарады. Оған тиімсіз салалық құрылым мен өндірістің елдің батысына қарай ығысуы тән болып келеді. Қалыптасқан қолайсыз қатынасты жеңудің бір жолы – инновациялық даму, өнеркәсіпті орналастырудағы принциптер мен факторларды толық есепке алу болып табылады.
1.2 КӘСІПКЕРЛІКТІҢ МӘНІ, ТҮРЛЕРІ
Кәсіпкерлік- бұл нарықтық экономикада адамдардаң меншігіне негізделген, несиеге алынған және басқа да мүдделерді пайдалану арқылы қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жүзеге асырылатын бастамалыұ, шағармашылық және басұа да қыметтердің кәсіби түрі, яғни, кәсіпкер өз ұызметінің нәтижесіне толықтай жауапкершілікпен қарай отырып, экономикалық басқару шешімдерін дербес қабылдайды. Кәсіпкерлік қызметтің негізгі мақсаты табыс табуға бағытталған коммерциялық жетістік болып саналады, ал кәсіпкерлік қызмет тәуекелді қажет етеді.
Кәсіпкерлік екі мағынада пайдаланылады: біреуі – белгілі бір істің түрі; екіншісі – сол іспен шұғылданатын нақтылы қоғамдық тап. «Кәсіпкерлік» деген ұғым өмірде экономикалық белсенділікке қолданылады. Антогонистік қоғамда, ол адамды адамның қанауы, ал кәсіпкерлер табы қанаушы тап болады.
Информация о работе Қазақстан өнеркәсібінің дамуын қайта құру қажеттігі