Қазақстан өнеркәсібінің дамуын қайта құру қажеттігі

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Апреля 2012 в 17:25, курсовая работа

Краткое описание

Өндірістік тәжірибе- оқу үрдісінің құрамдас бөлігі, онда студенттер оқыту кезінде алған білімдерін мақсатты тереңдетіп, оқып жатқан мамандығы бойынша қажетті білім, білік, дағдыға үйренеді.
Тек тәжірибеден өту арқылы ғана келешек маманның кәсіби шеберлігі барлық деңгейде артып, сол арқылы өмірлік тәжірибеге ие болуға мүмкіндік береді.

Файлы: 1 файл

Отчет по практике.docx

— 201.08 Кб (Скачать)

Экономикалық белсенділік  – бұл барлық энергетикалық процесс  тауар өндірісімен айырбас арқылы пайда табуымен байланысты. Өндірісте, айырбаста шектелген белсенділігін  емес, адамдардың жан-жақты белсенділігін  талап етеді. Сондықтан экономикалық белсенділік, іскерлік еріксіз немесе еркін болуы керек.

Кәсіпкерліктің субъектісі – жеке адамдар, сонымен бірге, заңды  тұлғалар, біріккен серіктестер: арендалық  ұжым, ашық және жабық акционерлік  қоғамдар, шаруашылық ассоциациялары, әртүрлі бірлестіктер.

Кәсіпкерліктің ерекшеліктері:

  • дербестік және тәуелсіздік;
  • экономикалық ынталылық;
  • шаруашылық тәуекел және жеке жауапкершілік;
  • жаңашылдық.

Кәсіпкерліктің  ұжымдық-экономикалық формалары:

Концерн – көпсалалы акционерлік  қоғам, әр түрлі компаниялардың бақылау  пакеттерін сатып алады.

Ассоциация – экономикалық дербес кәсіпорындардың ерікті бірлестігі. Маманданған кәсіпорынның негізгі  мақсаты ғылыми-техникалық, өндірістік, экономикалық және әлеуметтік міндеттерді  бірігіп шешу.

Консурциум – бұл ірі  қаржы операцияларын істеу үшін біріккен кәсіпкерлердің бірлестігі.

Сидикат – бір саланың  кәсіпкерлерін тауар сатуға біріктіру.

Картель – тауар, қызмет көрсету бағасы, нарық аудандарын бөлу, өндіріс мөлшері жөнінде  келісім.

Қаржы - өнеркәсіп тобы –  банк, сақтандыру және сауда капиталының  бірлестігі.

 

Кәсіпкерлік қызмет- бұл тұтынушының ұажеттілігін қанағаттандыру мақсатында орындалған жұмыс және көрсетілген қызмет.

Кәсіпкерлік субъектісі:

1. Қазақстан Республикасының және басқа да елдердің азаматтары (қызметтері заң талабына сай болса).

2. Заңды түрдегі шетел азаматтары мен өкілеттігі шектеулі тұлғалар.

3. Азаматтық бірлестіктер.

Кәсіпкерлік қызмет:

  • өндірістік;
  • коммерциялық;
  • қаржылық;
  • кеңестер беру болып бөлінеді.

Өндірістік кәсіпкерлік- ол кәсіпкерлік өызметтің негізгі түрі. Мұнда тауар өндіру, қызмет көрсету жүзеге асырылады.

Коммерциялық  кәсіпкерліктің мазмұны тауар- ақша қатынастары мен сауда- айырбас операцияларынан тұрады. Шын мәнінде, бұл тауар мен қызмет көрсетуді өайта сататын орын. Оның өндірістік кәсіпкерліктен айырмашылығы- мұнда өнім өндіруді өндірістік қорлармен қамтамассыз ету қажет болмайды.

Мұндағы басты  мәселелер:

  • «нені сатып алу керек»;
  • «нені сату керек»;
  • «қайда сату керек» деген сұрақтарға жауап іздеу керек.

Қаржылық кәсіпкерлікке сату-сатып алудың ерекше тауарлары: ақшаны, валютаны, құнды қағаздарды (акция, вексель, облигация, ваучер), яғни ақшаны тікелей және қосымша нысанда сату жатады.

Нарықтық қатынастарға өтуге байланысты ақша нарығы, валюта және құнды қағаз нарықтары бой  көтерді, оларға ұатысушылар:

  • Коммерциялық банктер;
  • Қор биржалары;
  • Кейбір кәсіпорындар мен ұйымдар;
  • Кәсіпкерлер және жеке тұлғалар.

 

 

 

 

 

 

 

1-сурет. Кәсіпкерліктің  түрлері

Кеңес беру


Өндірістік


Коммерциялық


Қаржылық


Кәсіпкерлік түрлері



Жалпы басқару



Жаңартушалақ


Саудалық


Банктік



Әкімшілік жолмен басқару


Ғылыми-техникалық


 

Сауда-көтерме сатып алу



Сақтандыру



Қаржылық басқару


Тауар өндіру



Сауда делдалдық



Кадрларды басқару


Қызмет көрсету


Аудиторлық



Маркетинг


Тауар биржалары


Лизингілік



Өндірістік тауарды тұтыну



Өндіріс


Биржа қорлары



Ақпараттық технология


Өндірістік қызметті тұтыну




Арнайы қызметтер


Ақпараттық



 

Кеңес беру кәсіпкерлік  қызметі- бұл ой нарығының бір бөлігі. Онда мынадай жұмыстар атұарылады: қаржылық, инвестициялық саясаттарды жасақтау, белсенді маркетинг, тәуелсіз кеңестер.

Кеңес беру қызметіне:

  • жалпы басқару;
  • әкімшіліктік басқару;
  • қаржылық қолдау;
  • маркетинг;
  • ақпаратты технология;
  • арнайы қызметтер жатады.

Сонымен қатар халыққа  ақылы немесе ақысыз түрде кеңестер беріліп,  қызметтер көрсетеді.

2 ӨНЕРКӘСӘПТІ  ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІКТІ БАСҚАРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ  («Ақтөбе облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ мысалында)

2.1 «АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІП БАСҚАРМАСЫ» ММ

СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАР БӨЛІМІНІҢ

ҚҰРЫЛЫМЫ

 

Сыртқы экономкалық байланыстар  бөлімі (бұдан әрі-Бөлім) «Ақтөбе  облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп  басқармасы» ММ (бұдан әрі- Басқарма) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.   

Бөлім өз қызметінде Қазақстан  Республикасы Конституциясын, ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» , «Жемқорлықпен күрес  туралы», «Қазақстан Республикасындағы  тілдер туралы» Заңдарын, Қазақстанның 2030 жылға арналған даму стратегиясын, Қазақстан Республикасы мемлекеттік  қызметшілерінің ар-намыс Кодексін, Қазақстан Республикасының өзге де заңды  және нормативтік құқықтық актілерін, облыс әкімдігінің қаулыларын және маслихат шешімдерін, «Ақтөбе  облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп  басқармасы» ММ ережесін,сондай-ақ осы ережені  басшылыққа алады.                            Бөлімнің құрылымы мен штат саны «Ақтөбе облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ бастығымен айқындалады және бекітіледі.

Бөлімнің, оның құрамына кіретін  өзге құрылымдық бөлімшелері жоқ.

 

 Бөлімнің негізгі  міндеттері, функциялары және құқықтары  .

Бөлімнің міндеті Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар  жоспарының Жалыпұлттық жоспарының тармақтарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын, Стратегиялық жоспарды, облыс аумағын дамыту Бағдарламасы жүзеге асыру болып табылады.

   Аталған міндеттерді  орындау үшін Бөлім өз құзіретінде  келесідей функцияларды атқарады:

1)  мемлекет басшысының  Жарлықтарын, тапсырмаларын, Қазақстан  Республикасы Үкіметінің қаулыларын, облыс әкімдігінің қаулыларын  орындау бойынша бақылауды қамтамасыз  ету;

2) облыс дамуының Стратегиялық  жоспарын, Ақтөбе облысының аумақты  дамыту Бағдарламасын, 2010-2014 жылдарға  арналған қазақстандық қамтуды  дамыту бағдарламасын  әзірлеу  және жүзеге асыру;

3) белгіленген уақытта  ақпаратты ұсыну және мониторинг  жүргізуді қамтамасыз ету.

 Бөлім міндеті аймақтың  Кедендік одақ, ТМД елдерімен  және қиыр шетелдерімен аймақаралық  интеграциялық  өзара тиімді  байланысты дамыту және бекіту, РФ шекаралас ынтымақтастықты  жандандыру.

 

Аталған міндеттерді орындау  үшін Бөлім өз құзіретінде келесідей  функцияларды атқарады:

  1. 2009-2016 жылдарға арналған Қазақстан Республикасымен Беларусь Республикасының экономикалық ынтымақтастығы Бағдарламасын жүзеге асыру бойынша білескен іс-шаралар Жоспарын (екі жақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту Жол картасы) және ҚР Үкіметімен РФ Үкіметінің арасындағы ұзақ мерзімді экономикалық ынтымақтастық Бағдарламасын (2020 жылға дейін) орындауды қамтамасыз ету; 
  2. сыртқыэкономикалық қызмет сұрақтары бойынша жиналыстар, «дөңгелек үстелдер», көрмелер және өзге де іс-шараларды ұйымдастыру, қатысу және өткізу;  

3) қолданыстағы келісімдер  мен меморандумдардың орындалуына  қатысу, қажет болған жағдайда  оларды  жетілдіру бойынша ұсыныстар  енгізу (ТМД; ЕурАзЭс, Бірыңғай  Кедендік Одақ, БЭК);

 Бөлім міндеті әлемдік экономикаға интеграциялау бойынша саясатты жүзеге асыру және БСҰ жағдайында шикізат емес экспортты жылжыту болып табылады. 

Аталған міндеттерді орындау  үшін Бөлім өз құзіретінде келесідей  функцияларды атқарады:

  1. «KAZNEX INVEST» экспорт пен инвестиция бойынша ұлттық агенттік» АҚ және қазақстандық экспортты дамыту бойынша Қазақстан Республикасы индустрия және жаңа технологиялар Министрлігі өзара әрекеттесу;

2) Облыстың экспорт-импортты әлеуетін тиімді қолдануға үлес қосу, аймақтың тауар өндірушілері өнімдерінің экспорты және өткізу нарығын кеңейту;

3) Кәсіпкерлік және өнеркәсіп  басқармасының Интернет-қоры арқылы  экспортты дамыту бойынша ақпаратты-кеңестік  қолдау көрсету;

Бөлім міндеті қазақстандық мазмұнның тауарлар, жұмыстарды сатып  алуда үлесін көтеру мемлекеттік  саясаты бойынша шараларды өндіру және жүзеге асыру болып табылады.

  Аталған міндеттерді орындау үшін Бөлім өз құзіретінде келесідей функцияларды атқарады:

1) қазақстандық мазмұнды  дамыту сұрақтары бойынша «дөңгелек  үстелдер», жиналыстар, форумдарды  өткізу, қатысу және ұйымдастыру; 

2) ҚР 2011 жылғы 1 шілдедегі  №745 қаулысына сәйкес кәсіпорындардың  тізімі бойынша мониторинг ұйымдастыру  және өткізу;

3) кәсіпорындармен тауарлар, жұмыстар және көрсетілген қызметтердің  көлемі «Қазақстандық  мазмұн»  Интернет-портал  ақпараттық  жүйесінде  орналастыру үшін есеп анализымен  жинақ сұрақтары бойынша өзара  байланысу;

4)   қазақстандық мазмұн  үлесін арттыру бойынша  жоспарды  жетілдіру және жүзеге асыру;

5) қажет болған жағдайда  қазақстандық мазмұнды дамытуды  қолдау заңнамасын жақсарту бойынша  ұсыныстарды дайындау;

6) ақпаратты-түсіндірме жұмыстарын  жргізу, БАҚ сұрақтарды жариялау.

  Бөлімнің құқықтары мен міндеттері:

1) бөлім құзіретіне кіретін  сұрақтар бойынша облыстық басқармалар,  комитеттер, Ақтөбе қ. және аудан  әкімдіктерімен, кәсіпорындар және  өзге де ұйымдардың басшыларымен  өзара байланыста болу;

2) бөлім құзіретіне кіретін  сұрақтар бойынша шаруашылық субъектілерінен, облыстық басқарма  және атқарушы билік комитетінің бөлімдерінен өзге мәселелер шешімдері бойынша ақпаратты сұрату және алу;

3)  Басқарма басшылығын  жедел шаралар қолдану мақсатында  бөлім құзіретіне кіретін сұрақтардың  кемшіліктері бойынша ақпараттандыру;

4) осы лауазымдық ережемен  көрсетілген, заңды күші бар  еңбек заңнамасының  және Қазақстан  Республикасы «Мемлекеттік қызмет  туралы» Заңының шегінде лауазымдық  міндеттерді орындау;

5) Қазақстан Республикасының  еңбек, азамат заңнамасымен айқындалған  шегінде- келтірілген материалдық  зиянды өтеу;

7) менеджемент жүйесі  шегінде келіспеушілікті болдырмау;

 

 Бөлім қызметін  ұйымдастыру  

 

  • Бөлім, оның міндеттері мен функцияларын жүзеге асыруға қажет заңды актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес құзіретке ие.
  • Бөлімді, Қазақстан Республикасының заңды күші бар заңнамасына сәйкес, басқарма бастығы тағайындаған  бөлім бастығы басқарады.

 Бөлім бастығы:

    1. бөлім қызметіне жалпы басшылық жасап, бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және функцияларын  жүзеге асыруға жауапкершілік етеді;
    2. бөлімнің мақсаттары, міндеттері және бағыттарын айқындап, бөлім қызметкерлерінің біліктілік әлеуеттеріне және кәсіби сапасына қарай міндеттерді бөледі;
    3. бөлімдегі атқарушылық тәртіпті, іс жүргізудің ережелерін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
    4. Басқарма басшылығына ұсыныстар енгізеді;

 Құрылымдық бөлімшенің құзіретіне кіретін сұрақтар бойынша Бөлім арқылы жіберілетін құжаттарға  Бөлім бастығы қол қояды, жоқ болған жағдайда—оның орнын басқан тұлға қол қояды.

 

 

2.2 АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІГІ

Информация о работе Қазақстан өнеркәсібінің дамуын қайта құру қажеттігі