Қазақстан өнеркәсібінің дамуын қайта құру қажеттігі

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Апреля 2012 в 17:25, курсовая работа

Краткое описание

Өндірістік тәжірибе- оқу үрдісінің құрамдас бөлігі, онда студенттер оқыту кезінде алған білімдерін мақсатты тереңдетіп, оқып жатқан мамандығы бойынша қажетті білім, білік, дағдыға үйренеді.
Тек тәжірибеден өту арқылы ғана келешек маманның кәсіби шеберлігі барлық деңгейде артып, сол арқылы өмірлік тәжірибеге ие болуға мүмкіндік береді.

Файлы: 1 файл

Отчет по практике.docx

— 201.08 Кб (Скачать)

 

 

 

 

 

 

 

3 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӨНЕРКӘСІПТІҢ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ

Тұрақты дамуға көшу үшін өнеркәсіпті  әртараптандыру, оны жаңарту, технологиялық жаңғырту маңызды орын алады, сол арқылы табиғи ортаға экономикалық дамудың зиянды әсерін жоятын, ең болмағанда оны азайтатын өндіріс үлгісінің алғы-шарттарын енгізуге болады. Осы міндеттер өңірлік өнеркәсіптік және құрылымдық-инвестициялық саясаттың көмегімен шешілуі тиіс. 

Бұл тұрғыда ҚР-ның 2020 жылға  дейінгі қарқынды индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру  белгілі бір мүмкіндіктерге жол  ашады. Бағдарламада тұрақты дамуды қамтамасыз ету міндеттері тікелей  қойылмаса да, тұрақты даму мақсаты  үшін оның табысты жүзеге асырылуы қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-әрекеттің  Ұлттық жоспарына қарағанда, берерінің  көп екендігін болжауға болады. Бағдарламаның  басты міндеттері Қазақстан экономикасын әртараптандыру сервистік-технологиялық  экономикаға, яғни жоғарыда атап өтілгендегідей, тұрақты дамудың негізгі шарты  ретінде қарастырылатын экономикаға  көшуге алғышарт жасау болып табылады.

Шикізат экономикасы жағдайындағы тұрақты даму міндеттері аймақтық өнеркәсіптік және құрылымдық-инвестициялық саясаттың  көмегімен шешілуі тиіс.

Дағдарыстан кейінгі кезеңде  өңірлік құрылымдық өнеркәсіп саясатын жүзеге асыратын маңызды мәселелер  қатарында қаржы ресурстарын  іздеу мен инвестициялық белсенділікті  артыру мәселесі тұр. Дағдарыстан шығудың  қазіргі ахуалында айтарлықтай  сыртқы қаржыландыруға – тікелей  және жанама мемлекеттік қаржыландыруға (инвестициялар, дотациялар түрінде), шетелдік капиталды кеңірек тартуға есеп жасау мүмкін емес. Сондықтан өңірлер  өнеркәсібін қайта құру, негізінен  ішкі ресурстарға, жеке инвестицияларға  бағдарлануы тиіс, бұл өз кезегінде  инвестициялық кешенге қатысты  икемді қаржылық саясатты талап етеді. Мысалы, осыған байланысты муниципальдық  бағалы қағаздарды шығару тәжірибесін  пайдалануға болады.

Өңірдің өнеркәсіптік саясатының мақсаты, осы заманғы бәсекеге қабілетті өндіріс пен шаруашылық қызмет түрлерін қолдау мен дамыту, тиімсіз, экологиялық «лас» кәсіпорындарды тоқтату, жою немесе қайта құрылымдау, сыртқы және ішкі нарықтағы сұранысқа тұрақты даму мүдделеріне бейімделген өнеркәсіптің жаңа салалық құрылымдарын қалыптастыру есебінен өндірістің тұрақты өсуін қамтамасыз ету керек.

Оның негізгі бағыттары  мыналар болуы тиіс:

  • өнеркәсіптік дамуды қолдайтын облыстық бағдарламалар мен облыстық индустриялық карталарды жүзеге асыру;

- ұзақмерзімді келісім-шарттар  мен мақсатты келісімдер негізінде  облыс кәсіпорындары арасындағы  тиімді байланыстарға қолдау  көрсету;

- өнеркәсіп кәсіпорындарының  қайта құрылымдау үрдістерін  ынталандыру;

- Қазақстан аймақтарының, сондай-ақ ТМД елдері кәсіпорындарының  тиімді сауда-экономикалық байланыстарын  қалпына келтіру;

- аймақтық өнеркәсіптік кешен мен еліміздің ірі корпоративтік құрылымдарын ынтымақтастыққа тарту;

- жергілікті кәсіпорындарда  әлеуметтік маңызы бар, оның  ішінде экологиялық өнімдер шығаруға  аймақтық тапсырыстар құру және  орналастыру;

- аумақтық басқару органдары мен жеке бизнес арасындағы өзара ұйымдық ықпалдастық нысанын дамыту.

Өңірлерде дағдарыстан шығу кезінде кәсіпорындарды қолдау мүмкіндігі шектеулі. Мұнда басты құрал мақсатты өңірлік бағдарламалар болуы мүмкін. Бұл нысан әзірше Қазақстанда жүзеге аспай отыр. Солай болса да, бағдарламалық тәсіл шетелдік тәжірибе көрсеткеніндей, мемлекеттің бірыңғай өңірлік саясатымен байланыса отырып жекелеген өңірлерді дамытудың стратегиялық мәселелерін шешуге мүмкіндік береді. Өңірлік бағдарламалар мемлекеттік бағдарламалармен салыстырғанда, біршама салыстырмалы жұмыс көлемімен және ресурстық шығындармен ерекшеленеді және қатаң нысаналық бағыттылығы,  дербестілігі, уақыт аралықтардың нақты шектеулері бар және жалпымемлекеттік өңірлік саясатпен ерекшеленеді. Мұндай бағдарламалар Қазақстанда әзірленіп жатқан өңірлік индустриалдық карталармен үйлесуі қажет.

Бағдарламалармен қатар, жекелеген кәсіпорындарды, мысалы бірқатар жергілікті салықтар мен жиымдар  бойынша жеңілдік түрлеріне қолдау көрсетіледі. Кәсіпорындарда босаған  ресурстарды айналым құралдарын толықтыру үшін, негізгі қорлардың  белсенді бөлігін жаңартуға, жаңа өнім түрлерін игеруге жұмсау мүмкіндігі пайда болады. Жұмыс істемейтін активтерді ұстаудың қажетсіздігінен босату үшін мүлік салығын төлеуден босатуға байланысты консервациялау тәртібін енгізуде пайдалы болуы мүмкін. Сол арқылы бұл бір жағынан кәсіпорындарға ара-тұра салық жүктемесін әлсірету үшін металл ретінде сатуға мәжбүр қондырғыларды жақсы уақыттар келгенге дейін сақтауға көмектеседі. Екінші жағынан – осындай жолмен босаған  құралдарды өндірісті дамытуға жұмсауға мүмкіндік тудырады.

Тұрақты даму мүдделерін жүзеге асыруды қамтамасыз ететін өңірлік, құрылымдық-инвестициялық саясаттың  басымдықтары екі түрлі: тактикалық және стратегиялық міндеттерді шешу қажеттілігін есепке отырып, таңдап алынуға  қажет.

Құрылымдық қайта құрудың  стратегиялық басымдықтары оларды жүзеге асыру үшін ұзақ мерзімді түбегейлі  өзгерістер мен қомақты қаржыны  талап етеді.

Таяудағы 3-5 жылда аймақтардың  дамуы ауқымды дәрежеде дағдарыстан  кейінгі кезеңді қалпына келтіру  қажеттілігінен туындайтын болады. Бұл  кезеңде тұрақты даму міндеттері тікелей басым бола алмайды.

  Бар назар тұрақты даму қаупін төмендетуге, осындай даму мүмкіндігі үшін алғышарт жасауға бөлінуі тиіс.

Мұнда үш бағыт болуы мүмкін:

    • аймақ кәсіпорындарының даму мониторингі;
    • инвестициялау үшін басым нысандарды сұрыптау;
    • аймақтық органдардың кәсіпорындармен жұмысын жетілдіру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

«Ақтөбе облысының кәсіпкерлік  және өнеркәсіп басқармасы» ММ, сыртқыэкономикалық байланыстар бөлімінде тәжірибеден  өту барысында бөлімнің қызметі  толықтай танысып, менгерілді.

    Бөлімнің негізгі міндеті Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарының Жалпыұлттық жоспарының тармақтарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын, облыс дамуының Стратегиялық жоспарын, Ақтөбе облысының аумақты дамыту Бағдарламасын, 2010-2014 жылдарға  арналған қазақстандық қамтуды дамыту бағдарламасын  әзірлеу және жүзеге асыру болып табылады.

 Тәжірибеден өту барысында бөлім жұмысымен жақсы танысып,  бөлім ахулдары мен жақсы жақтары нық байқалады.

- ең бастысы, әрине,  бөлімге жүктелетін жұмыс бөлім  қызметкерлері санына сәйкес  келмеуі, яғни жұмыс көп болғандықтан  жұмысшыларға жұмыс уақытынан  артық қалуға тура келеді;

- басшылықтан берілетін  жұмысқа қажетті ақпараттың жетіспеушілігі, инернеттің жәй қосылуы, сол  себептен жұмыстың орындалу сапасы  төмен болады, уақыт көп кетеді;

- маманның атқарған жұмысына  жеткілікті деңгейде баға берілмеуі; 

Осыған байланысты мынадай  ұсыныстар ұсынғым келеді:

- мамандарды бағалау жүесін  өзгерту (нақты бөлімде);

- интернеттің жоғары жылдамдықты  жүйесіне қосу;

- әр маманға жұмыстың  біркелкі жіктелуі немесе кадр  санын көбейту;

Жалпы алғанда Ақтөбе облысында  өнеркәсіптің және кәсіпкерліктің даму қарқыны байқалады. Қазақстан Республикасының  Президенті Н.Ә.Назарбаев Ақтөбе облысын  республика экономикасының  локомотиві деп атап, Ақтөбенің 140 жылдығы мерекесінде «Өсе бер, өркендей бер, әсем қала Ақтөбе!» деп жоғары баға берген болатын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

  1. Кәсіпорын экономикасы. Мейірбеков А.Қ., Әлімбетов Қ.Ә. Алматы: «Алматы» 2003 ж.
  2. Ниязбекова Р.Қ. Кәсіпорын экономикасы. -  Алматы- 2008 ж.
  3. Дауренбекова А.Н.  «Қазақстан өнеркәсібінің индустриялық деңгейін көтерудің экономикалық механизмі» /; Алматы- 2005ж.
  4. Ұлттық экономика /А.В. Сидорович, Ә.Ә. Әбішев; Алматы- 2011ж.
  5. «Ақтөбе облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ-нің жалпы ережелерінің мәліметтері.
  6. http://aktobe.stat.kz сайты.
  7. http://www.aktobegazeti.kz сайты.
  8. http://www.akimataktobe.kz сайты.
  9. География: Дүниежүзіне жалпы шолу. ТМД елдері./ Ө. Бейсенова, К. Каймулдинова, С. Әбілмөжінова, т.б. — Өңд., толықт. 2-бас. — Алматы: «Мектеп» 2010. — 304 б.
  10. Шағын  кәсіпкерлікті  басқару. Сәбден О.А, Тоқсанова А. Алматы: «Алматы» 2002 ж.
  11. «Қазақстанның жаһандану жағдайында тұрақты дамуы: моделі, стратегиясы, приоритеті». Кітап-1. «Алматы» 2008 ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОСЫМША

 

 


Информация о работе Қазақстан өнеркәсібінің дамуын қайта құру қажеттігі