Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2011 в 22:10, контрольная работа
«Баланс» сөзі француз тілінен алынған. Бұл сөз қазақ тіліне аударылғанда «таразы» немесе «тепе-тең» деген мағынаны білдіреді. Сырт көзбен қарағанда кәсіпорынның бухгалтерлік балансы актив және пассив деп аталатын екі бөлімді кестеге ұқсас болып табылады. Оның сол жағында, яғни активінде кәсіпорынның қаржылары, заттай және ақшалай түрдегі мүліктері мен шығындары көрсетілсе (орналастырылған болса), оң жағында, яғни пассив бөлімінде осы ұйымның қорлану көздері қарастырылады.
Кіріспе ....................................................................................................................3
1. Бухгалтерлік баланс туралы түсінік және оның құрылымы..........................4
2. Бухгалтерлік баланстың түрлері.......................................................................7
3. Шаруашылық операцияларына сәйкес баланс баптарының өзгеріске ұшырауы..................................................................................................................9
Қорытынды............................................................................................................12
Қолданылған әдебиеттер тізімі............................................................................13
Кіріспе
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
..............................
1. Бухгалтерлік
баланс туралы түсінік және
оның құрылымы.................
2. Бухгалтерлік
баланстың түрлері.............
3. Шаруашылық
операцияларына сәйкес баланс
баптарының өзгеріске ұшырауы..
Қорытынды.....................
Қолданылған
әдебиеттер тізімі........................
Кіріспе
«Баланс» сөзі француз тілінен алынған. Бұл сөз қазақ тіліне аударылғанда «таразы» немесе «тепе-тең» деген мағынаны білдіреді. Сырт көзбен қарағанда кәсіпорынның бухгалтерлік балансы актив және пассив деп аталатын екі бөлімді кестеге ұқсас болып табылады. Оның сол жағында, яғни активінде кәсіпорынның қаржылары, заттай және ақшалай түрдегі мүліктері мен шығындары көрсетілсе (орналастырылған болса), оң жағында, яғни пассив бөлімінде осы ұйымның қорлану көздері қарастырылады.
Бухгалтерлік
есеп стандартына сәйкес бухгалтерлік
баланстың актив бөлімінде кәсіпорынның
өзіне тиесілі, яғни қолда бар мүліктері
қарастырылады. Ұйым осыларды пайдалану
арқылы ғана алдағы уақытта табыс таба
алатындықтан бұл мүліктерді кәсіпорынның
әлуетті табыстары ретінде таниды. Ал
баланстың пассиві -деп аталатын бөлімінде
кәсіпорынның қорлану көздері туралы
ақпаратгы мәліметтер жазылады. Ұйымның
қорлану көздері меншікті капитал және
тартылған (сырттан немесе басқа жақтан
алынған, қарастырылған) капитал деп екіге
бөлінеді. Мұндағы тартылган капитал дегеніміз
кәсіпорынның міндеттемелері, яғни осы
ұйымның басқа заңды және жеке тұлғаларға
қандай да бір операциялар нәтижесіне
сәйкес берешек борыштары болып табылады.
Бухгалтерлік баланс өзінің жасалу уақытына
(мерзіміне) және қолданылу барысына қарай
әр түрлі болып келеді.
1.
Бухгалтерлік баланс туралы
Бухгалтерлік
есептің негізгі және басты міндетінің,
атқаратын қызметі мен
«БАЛАНС»
сөзі француз тілінен алынған.
Бұл сөз қазақ тіліне
актив = меншікті капитал + міндеттеме
Бұл теңдікті кейбір шет елдерде келесі түрде көрсетеді:
актив — міндеттеме = меншікті капитал
Әдетте
кәсіпорынның бухгалтерлік балансы
есеп беретін уақытқа қарай
Кейбір Батыс елдерінде баланстағы тараулардың, баптардың орындары ауысып та келтірілуі мүмкін.
Мысалы,
кейбір елдерде ағымдағы активтер баланстың
актив бөлімінің басында
актив - міндеттеме = меншікті капитал
Бұл тендік бухгалтерлік баланста ұйым иесінің меншігін көрсетуге негізделген.
2. Бухгалтерлік баланстың түрлері
Бухгалтерлік баланс өзінің жасалу уақытына (мерзіміне) және қолданылу барысына қарай әр түрлі болып келеді. Кәсіпорынның жаңадан құрылған уақытында жасалынған бухгалтерлік балансы кіріспе баланс деп аталады. Кіріспе баланста ұйымның қызметін бастар алдындағы жарғылық капиталы көрсетіледі. Бұл баланстағы негізгі көрсеткіштер кәсіпорын иелерінің, яғни құрылтайшыларының, акционерлерінің осы ұйымды жаңадан құру (ашу) уақытындағы ақшалай немесе заттай салымдарынан тұрады. Сондықтан көп жағдайда кіріспе баланста кәсіпорынның меншікті капиталы мен активтері тең болуы ықтимал.
актив = меншікті капитал
Бұл теңдік егер кәсіпорын құрылуы барысында ешқандай жеке немесе заңды тұлғалардың алдында міндетті, яғни қарыз болмаған жағдайда тура болып есептеледі.
Ұйымның бухгалтерлік балансы ілгеріде айтылғандай белгілі бір уақытқа, яғни айдың, тоқсанның немесе жылдын басына жасалынады. Осыған сәйкес кәсіпорынның өз қызметі барысында әрбір белгіленген есеп беретін уақыттағы (айдың, тоқсанның немесе жылдың басына) құрастырылған балансы ағымдагы бухгалтерлік баланс болып есептеледі.
Кәсіпорынның жойылу балансы осы ұйым өз қызметін тоқтатар кезде, таратылатын уақытта жасалады. Осы аталған жойылу балансының өзі әр түрге бөлінеді. Жойылу балансын еліміздегі бухгалтерлік есеп және аудит мамандарын даярлауда көп еңбек сіңіріп жүрген белгілі ғалым Әбдіғали Әбдіманапов өзінің «Бухгалтерлік есеп теориясы және принциптері» атты еңбегінде екі түрге бөледі және оның бірі ұйымның жабылуына байланысты, ал екіншісі ұйымның жабылғандығын қорытындылау үшін құрастырылады деп жазған болатын. Сонымен қатар Ресей ғалымдары Л.А. Крятова мен Х.Х. Эргашев өздерінін «Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері» атты еңбегінде жойылу балансы үш кезеңнен тұрады және оның біріншісі кәсіпорынның жабылуы алдында, екіншісі жабылуы барысында, ал үшіншісі осы кәсіпорын жұмысын тоқтатқаннан кейін жасалынады деп атап өткен.
Жалпы, бұл айтылғандарды талдай отырып, авторлардың бірінің айтқаны дұрыс, ал екіншісінікі қате деп қарауға болмайды. Бұдан шығатын қорытынды жоғарыда аты аталған авторлардың қай қайсының да пікірлері дұрыс деуге болады. Себебі кәсіпорынның жойылу балансының саны, яғни оның жасалыну кезеңдері ұйымның таратылуына кететін уақытпен тікелей байланысты. Егер кәсіпорынның таратылуы, яғни жабылуы ұзақ уакытқа созылатын болса, жойылу баланстарының саны да соған сәйкес және қажеттілігіне қарай арта түсуі мүмкін.
3. Шаруашылық
операцияларына сәйкес баланс
баптарының өзгеріске ұшырауы
Кез келген кәсіпорынның мақсаты - пайда табу десек қателеспейміз. Ал пайда табу үшін кәсіпорында күнделікті жұмыс істеліп, қызмет атқарылып отыратындығы белгілі. Осы орындалатын жұмыстар мен атқарылатын қызметтердің, яғни операциялардың орындалуы кәэсіпорынның бухгалтерлік балансының баптарына тікелей әсер етеді. Нақтырақ айтатын болсақ, ұйымдағы әрбір орындалатын операцияға сәйкес баланс өзгеріске ұшырап отырады. Бірақ бухгалтерлік баланстың актив және пассив баптарының теңдігі әрдайым сақталады. Сонымен қатар кәсіпорында әрбір орындалған операциядан кейін жаңадан баланс жасалмайтындығы белгілі және ол мүмкін емес. Себебі ұйымда бір күннің өзінде бірнеше жүздеген операциялардың орындалуы мүмкін. Тіпті әрбір операция түгіл, күн сайын кәсіпорынның бухгалтерлік балансын жасап тұру үлкен күшті, көп уақытты қажет етеді. Сонымен қатар балансты күнделікті немесе әрбір орындалған операциядан кейін жасап отыру тиімсіз және қажет те емес. Міне осы себептен кәсіпорынның бухгалтерлік балансы белгілі бір уақытқа, яғни есеп беретін кезеңге қарай (ай сайын, тоқсан сайын, жыл сайын) жасалып отырады. Жалпы бухгалтерлік есепте шаруашылық операцияларын баланс баптарының сомасына әсер етуіне қарай төрт түрге бөледі.
Бірінші түріне жатқызылатын шаруашылық операциялары бухгалтерлік баланстың тек қана актив бөліміне әсер етеді. Бұл жағдайда актив бөліміндегі бір бап кандай да бір сомаға азайса, екінші бір бап тура сол сомаға артып отырады. Ал активтің жалпы сомасы мен баланстың жиынтық сомасы ешқандай өзгермейді.
Мысалы, кәсіпорынның банктегі есеп айырысу шотынан жұмысшы-қызметкерлерге еңбекақы төлеу үшін кассаға 500 (бес жүз) мың теңге алынды.
Бұл жағдайда есеп айырысу шоты бабындағы сома 500 (бес жүз) мың теңгеге азайса, касса деп аталатын баптың сомасы 500 (бес жүз) мың теңгеге артады. Баланстың активі мен пассиві арасындағы теңдік өзгермейді.
Екінші түріне жатқызылатын шаруашылық операциялары бухгалтерлік баланстың тек қана пассив бөліміне әсер етеді. Актив бөлімінде өзгеріс болмайды. Бұл жағдайда пассив бөліміндегі бір бап қандай да бір сомаға азайып, екінші бап тура сондай сомаға артады. Ал пассивтің жалпы сомасы мен баланстың сомасы ешқандай өзгеріске ұшырамайды.
Мысалы, ұйым өзінің жабдықтаушы-мердігерлердің алдындағы 700 (жеті жүз) мың теңге қарызын банк мекемесінен алынған несие арқылы қайтарды делік.
Бұл уақытта кәсіпорынның бухгалтерлік балансындағы жабдықтаушы-мердігерлермен есеп айырысу деп аталатын бабындағы сома 700 (жеті жүз) мың теңгеге азайып, ал банк несиесі бабындағы сома 700 (жеті жүз) мың теңгеге артады. Ал баланстың активі мен пассиві арасындағы теңдік өзгермейді.
Үшінші түріне жатқызылатын операциялардың жоғарыда аталған екі түрден айырмашылығы, бұл операциялар барысында баланстың активі мен пассиві бірдей сомаға артады. Яғни бұл жағдайда операция әсерінен баланстың актив бөліміндегі бір баптың сомасы қандай да сомаға көбейсе, пассив бөліміндегі баптың да сомасы осындай сомаға артады.
Мысалы, жабдықтаушы-мердігерлерден кәсіпорынға 200 (екі жүз) мың теңгенің материалдары келіп түсті.
Бұл уақытта ұйымның бухгалтерлік балансындағы жабдықтаушы-мердігерлермен есеп айырысу деп аталатын бабындағы сома және материалдар деп аталатын бабындағы сома бір уақытта 200 (екі жүз) мың теңгеге көбейеді. Яғни кәсіпорынның материалдарының артуына сәйкес жабдықтаушыларға қарызы да көбейеді. Сонымен қатар 200 (екі жүз) мың теңгеге баланстың сомасы да өсті.
Баланс баптарының сомасына әсер ететін шаруашылық операцияларының төртінші түрі үшінші түріне жатқызылатын операцияларға ұқсас болып келеді. Бұл уақытта да баланстың акгив және пассив жағындағы баптары бір уақытта бірдей сомаға өзгереді. Айырмашылығы - үшінші түрге жататын операциялар барысында баланстың жиынтық сомасы (актив және пассив бөлімдері) белгілі бір сомаға көбейсе (артса), төртінші түрге жататын операциялар әсерінен актив пен пассив бөлімдері, сондай-ақ баланстың жиынтық сомасы қандай да бір сомаға кемиді.