Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Сентября 2013 в 16:50, контрольная работа
1.Бухғалтерлік есептің шығу тарихы
2.Бухгалтерлік есеп қағидалары
3.Бухгалтерлік есептің пәні мен әдісі
4.Бухгалтерлік баланс түсінігі
5.Қаржы есебін ұйымдастыру
6.Үзіліссіздік не?
7.Бухгалтерлік есеп әдісі қанша элементтен тұрады?
8.Бухгалтерлік есепте қолданылатын өлшемдер?
9.Инвентарлық шоттың негізгі мәні?
10.Шоттардың жұмыс жоспарының бір інші бөлімі қалай аталады?
Бухгалтерлік баланс.
1.Бухғалтерлік есептің шығу тарихы
2.Бухгалтерлік есеп
3.Бухгалтерлік есептің пәні мен әдісі
4.Бухгалтерлік баланс түсінігі
5.Қаржы есебін ұйымдастыру
6.Үзіліссіздік не?
7.Бухгалтерлік есеп әдісі қанша элементтен тұрады?
8.Бухгалтерлік есепте қолданылатын өлшемдер?
9.Инвентарлық шоттың негізгі мәні?
10.Шоттардың жұмыс жоспарының
бір інші бөлімі қалай аталады?
1. Бухгалтерлік есептің
негізгі және басты міндетінің,
атқаратын қызметі мен
актив = меншікті капитал + міндеттеме
Бұл тендікті кейбір шет елдерде келесі түрде көрсетеді:
актив - міндеттеме = меншікті капитал
Әдетте кәсіпорынның бухгалтерлік балансы есеп беретін уақытқа қарай негізделіп, айдың, тоқсанның, жылдың басына жасалады. Баланстың актив бөлімі үзақ мерзімді активтер және агымдагы активтер деп аталатын екі тараудан түрады. Ұзақ мерзімді активтердің қатарына кәсіпорынның материалдық емес активтері, негізгі қүралдары, ұзақ мерзімді қаржы салымы (инвестициялары), ұзақ мерзімді дебиторлық борыштары жатқызылады. Ал ағымдағы активтер тарауында үйымның материалдық құндылықтары, тауарлары, дайын өнімдері, аяқталмаған өндірісі, қысқа мерзімді дебиторлық борыштары, қысқа мерзімді қаржы салымы, алдағы кезең шығындары, ақша қаражаттары және басқа да ағымдағы активтері қарастырылады. Бухгалтерлік баланстың пассив бөлімі үш тараудан тұрады. Оның бірі меншікті капитал деп аталып, онда кәсіпорынның жарғылық қоры, резервтік қоры, бөлінбеген пайдасы немесе жабылмаған зияны көрсетіледі. Пассив бөлімінің екінші және үшінші тараулары тиісінше үзақмерзімді және қысқа мерзімді міндеттемелер деп аталады.¥зақ мерзімд іміндеттемелер қатарына кәсіпорынның үзақ уақытқа алған несиелері мен қарыздары жатқызылса, қысқа мерзімді міндеттемелер тарауында үйымның алдағы кезендерінің табыстары, бюджетке қарызы, бюджеттен тыс мекемелерге қарызы, жабдықтаушы-мердігерлерге қарызы, жүмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы бойынша қарызы, зейнетақы қорларына қарызы және басқа да кредиторлық борыштары көрсетіледі.
Бухгалтерлік баланстың түрлері
Бухгалтерлік баланс өзінің
жасалу уақытына (мерзіміне) және қолданылу
барысына қарай әр түрлі болып
келеді. Кәсіпорынның жаңадан құрылған
уақытында жасалынған бухгалтерлік
балансы кіріспе баланс деп аталады.
Кіріспе баланста ұйымның қызметін
бастар алдындағы жарғылық капиталы
көрсетіледі. Бұл баланстағы негізгі
көрсеткіштер кәсіпорын иелерінің,
яғни құрылтайшыларының, акционерлерінің
осы уйымды жаңадан құру (ашу) уақытындағы
ақшалай немесе заттай салымдарынан
тұрады. Сондықтан көп жағдайда кіріспе
баланста кәсіпорынның меншікгі капиталы
мен активтері тең болуы
актив = меншікті капитал
Бұл теңдік егер кәсіпорын құрылуы барысында ешқандай жеке немесе заңды түлғалардың алдында міндетті, яғни қарыз болмаған жағдайда тура болып есептеледі.
Үйымның бухгалтерлік балансы ілгеріде айтылғандай белгілі бір уақытқа, яғни айдың, тоқсанның немесе жылдың басына жасалынады. Осыған сәйкес кәсіпорынның өз қызметі барысында әрбір белгіленген есеп беретін уақыттағы (айдың, тоқсанның немесе жылдың басына) құрастырылған балансы ағымдағы бухгалтерлік баланс болып есептеледі.
Кәсіпорынның жойылу балансы
осы ұйым өз қызметін тоқтатар кезде,
таратылатын уақытта жасалады. Осы
аталған жойылу балансының өзі әр
түрге бөлінеді. Жойылу балансын еліміздегі
бухгалтерлік есеп және аудит мамандарын
даярлауда көп еңбек сіңіріп
жүрген белгілі ғалым Әбдіғали Әбдіманапов
өзінің «Бухгалтерлік есеп теориясы
және принциптері» атты еңбегінде екі
түрге бөледі және оның бірі ұйымның
жабылуына байланысты, ал екіншісі
ұйымның жабылғандығын
Шаруашылық операцияларына сәйкес баланс баптарының өзгеріске ұшырауы
Кез келген кәсіпорынның мақсаты - пайда табу десек қателеспейміз. Ал пайда табу үшін кәсіпорында күнделікті жұмыс істеліп, қызмет атқарылып отыратындығы белгілі. Осы орындалатын жұмыстар мен атқарылатын қызметтердің, яғни операциялардың орындалуы кәсіпорынның бухгалтерлік балансының баптарына тікелей әсер етеді. Нақтырақ айтатын болсақ, ұйымдағы әрбір орындалатын операцияға сәйкес баланс баптарындағы сома
өзгеріске ұшырап отырады. Бірақ бухгалтерлік баланстың актив және пассив баптарының теңдігі әрдайым сақталады. Сонымен қатар кәсіпорында әрбір орындалған операциядан кейін жаңадан баланс жасалмайтындығы белгілі және ол мүмкін емес. Себебі ұйымда бір күннің өзінде бірнеше жүздеген операциялардын орындалуы мүмкін. Тіпті әрбір операция түгіл, күн сайын кәсіпорынның бухгалтерлік балансын жасап тұру үлкен күшті, көп уақытты қажет етеді. Сонымен қатар балансты күнделікті немесе әрбір орындалған операциядан кейін жасап отыру тиімсіз және қажет те емес. Міне осы себептен кәсіпорынның бухгалтерлік балансы белгілі бір уақытқа, яғни есеп беретін кезеңге қарай (ай сайын, тоқсан сайын, жыл сайын) жасалып отырады. Жалпы бухгалтерлік есепте шаруашьшық операцияларын баланс баптарының сомасына әсер етуіне қарай төрт түрге бөледі.
Бірінші түріне жатқызылатын шаруашылық операциялары бухгалтерлік баланстың тек қана актив бөліміне әсер етеді. Бүл жағдайда актив бөліміндегі бір бап қандай да бір сомаға азайса, екінші бір бап тура сол сомаға артып отырады. Ал активтің жалпы сомасы мен баланстың жиынтық сомасы ешқандай өзгермейді.
Мысалы, кәсіпорьшның банктегі
есеп айырысу шотынан жүмысшы-
Бұл жағдайда есеп айырысу шоты бабындағы сома 500 (бес жүз) мың теңгеге азайса, касса деп аталатын баптың сомасы 500 (бес жуз) мың теңгеге артады. Баланстың активі мен пассиві арасындағы тендік өзгермейді.
Екінші түріне жатқызылатын шаруашылық операциялары бухгалтерлік баланстың тек қана пассив бөліміне әсер етеді. Актив бөлімінде өзгеріс болмайды. Бұл жағдайда пассив бөліміндегі бір бап қандай да бір сомаға азайып, екінші бал тура сондай сомаға артады. Ал пассивтің жалпы сомасы мен баланстың сомасы ешқандай өзгеріске ұшырамайды.
Мысалы, ұйым өзінің жабдықтаушы-мердігерлердің алдындағы 700 (жеті жүз) мың теңге қарызын банк мекемесінен алынған несие арқылы қайтарды делік.
Бұл уақытта кәсіпорынның бухгалтерлік балансындағы жабдықтаушы-мердігерлермен есеп айырысу деп аталатын бабындағы сома 700 (жеті жүз) мың теңгеге азайып, ал банк несиесі бабындағы сома 700 (жеті жүз) мың теңгеге артады. Ал баланстың активі мен пассиві арасындағы теңдік өзгермейді.
Үшінші түріне жатқызылатын операциялардың жоғарыда аталған екі түрден айырмашылығы, бұл операциялар барысында баланстың активі мен пассиві бірдей сомаға артады. Яғни бұл жағдайда операция әсерінен баланстың актив бөліміндегі бір баптың сомасы қандай да сомаға көбейсе, пассив бөліміндегі баптың да сомасы осындай сомаға артады.
Мысалы, жабдықтаушы-мердігерлерден кәсіпорынға 200 (екі жүз) мың теңгенің материалдары келіп түсті.
Бұл уақытта ұйымның бухгалтерлік балансындағы жабдықтаушы-мердігерлермен есеп айырысу деп аталатын бабындағы сома және материалдар деп аталатын бабындағы сома бір уақытта 200 (екі жүз) мың теңгеге көбейеді. Яғни кәсіпорынның материалдарының артуына сәйкес жабдықтаушыларға қарызы да көбейеді. Сонымен қатар 200 (екі жүз) мың теңгеге баланстың сомасы да өсті.
Баланс баптарының сомасына
әсер ететін шаруашьшық операцияларының
төртінші түрі үшінші түріне жатқызылатын
операцияларға ұксас болып
Мысалы, кәсіпорынның есеп айырысу шотынан бюджетке қосылған құнға салынатын салық үшін 250 (екі жүз елу) мың теңге аударылды.
Осыған байланысты есеп айырысу шотындағы ақшалар және бюджетпен есеп айырысу (қосылған қүнға салынатын салық үшін қарыз) деп аталатын баптардың сомалары бір уақытта 250 (екі жүз елу) мың теңгеге азаяды. Сонымен қатар баланстың сомасы да 250 (екі жүз елу) мың теңгеге кемиді.
Міне осы жоғарыда қарастырылған
мысалдардан көріп
Дәріс № 4
Тақырып: Бухгалтерлік есептер және шаруашылық операциялар көріністері
1. Бухгалтерлік шот түсінігі.
Бухгалтерлі к шоттың мазмұны
және құрылымы және оның
2. 2 жақты жазу жүйесі. Шоттар корреспонденциясы.
3. Аналитикалық және
4. Айналым ведомоствасы.
5. Бухгалтерлік есеп шоттарының классификациясы.
6. Типтік шоттар жоспары.
1.
Шаруашылық процесіндегі күнделікті
болып отырған өзгерістерді дер
кезінде тіркеп, бағалап, топтастырып
отыру қажет болады. Осыған орай
бухгалтерлік есепте шоттар
Кәсіпорынның м мүлігінің түрлері мен олардың құралу көздерінің шаруашылық процестер мен шаруашылық нәтижесін ағымдағы мерзім ішінен есепке алып отыратын әдіс.
Бухгалтерлік шоттар схема түрінде екі жақты кесте ретінде көрсетіледі. Оның сол жағын Дебет (бережақ) деп атайды, ал оң жағын Кредит (сену) деп атайды.
Бухгалтерлік шоттардағы
есептелетін объектілердің
Ағымдағы мерзім ішінде болатын өзгерістерді (мүлік түрлерінде немесе көздерінде) айналым деп атайды.
2.
Бухгалтерлік шоттардың
Активтік шоттарда мүліктің түрлері есептеледі. Пассивтік шоттарда мүліктің құралу көздері есептеледі. Активтік және пассивтік шоттарда жазу, олардағы соңғы қалдықты анықтау төмендегідей тәртіппен жүргізіледі: