Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2011 в 14:16, реферат
Қазіргі жарнама «әкесі» аталған Альберт Ласкер оған мынандай түсініктеме береді. «Жарнама – бұл баспа түріндегі сауда». Осындай анықтама радио мен телевидение пайда болмай тұрып берілді. Бұл кездерде жарнаманың ауқымы мен сапасы бүгінгімен жер мен көктей айырмашылығы бар еді.
I бөлім. Жарнама туралы түсінік
Қазіргі жарнама «әкесі» аталған Альберт Ласкер оған мынандай түсініктеме береді. «Жарнама – бұл баспа түріндегі сауда». Осындай анықтама радио мен телевидение пайда болмай тұрып берілді. Бұл кездерде жарнаманың ауқымы мен сапасы бүгінгімен жер мен көктей айырмашылығы бар еді. Жарнама жайлы әртүрлі анықтамалар бар. Ол қатынас өтім ұйымдастыру, эканомикалық және әлеуметтік процесстер – қоғаммен байланыс жасаудың бірден-бір көзі болып анықталуы мүмкін. Сонымен, жарнама – бұл ақпарат беру, әдетте төленетін және сенім пікірін тудыратын құрал. Ол көбіне өнім мен жарнама таратушының ойын іске асырумен айналысады.
Жарнама түрлі топтағы адамдарға көзделіп жасалған, яғни барлығын хабармен қамтуды мақсат етеді. Түрлі топтағыларға: рок-музыканы ұнататын жасөспірімдер мен классикалық, баяу әндерді таңдайтын қарт адамдар. Бұл кезде жарнама осындай топтағыларға арнайы жасалған қимыл болып саналады.Қызмет атқарудың басым бөлімі – жарнама, мазмұны мен мақсаты жағынан сендіру, өзіне идея, тауар, қызмет көрсетуге жаңа пайдаланушыларды қаратуды нысан етеді. Алайда, белгілі жарнама таратушылар, мысалға құқық және заң жұмыстарын шешіп беру мақсатында жасалған хабарлама тек ақпарат беру орнында жүреді және ол ешқандай сендіру мақсатын көздемейді.Материалдық тауарды жарнамалаудан қатар банк қызметтері, сұлулық салондары, машина сатумен айналысатын дүкендермен жарнамалық байланыс жүргізу өте маңызды. Барлық өсу дәрежесінде жарнама ой насихат шеңберінде қолданылады: эканомикалық, политикалық, экологиялық, діни және әлеуметтік.
Хабарландыру жарнама болу үшін, жарнама беруші өзін таныстыру шарт. Әрине, жарнама беруші өзінің атын аталғанын қалайды. Ондай жағдай болмағанда жарнаманың мән-мағынасы болмағанмен тең. Дәстүрлі БАҚ-тың (телевидение, радио, газет, журнал, маңдайшалар) – дан басқа жарнаманы тарату: пошта, метро, трамвай, адамдар көп жүретін жерлерде кездеседі. Және де бұл жарнамалаудың тиімді түрінің бірі.
Жарнама барлық жерде қолданылады. Онымен ұйым «бейнесін» қалыптастыру үшін қолданылады (абыройлы жарнама), маркалы тауарды ерекшелендіру мақсатында (марка жарнамасы), сату жайлы ақпарат тарату, қызмет көрсету (рубрикалық жарнама) төмен бағамен сату жайлы хабарландыру (төмен баға жарнамалары).
Таралу масштабына қарай: глобальді (бүкіл әлемдік), мульти – ұлттық, бүкіл ұлттық, аймақтық, қалалық, жергілікті.
Сезім мүшелеріне қарай сұрыпталу: визуальді, есту (ауызша), иіс сезу, дәм сезу, түйсік сезу және т.б.
Жарнама жасалу жолына қарай: өзіңдік немесе «үй жайындағы» реклама берушінің өзі жасаған; жарнама агентімен дайындалған: дайын (ескі жарнама рөліктерінің ойналуы).
Жарнама құралдарын 5 үлкен топқа бөлуге болады: баспасөз, телевидение, радио, жарнама, кино.
Жарнама тағы да көркемділік безендіру
жағынан: қара – ақ,
біртүсті, екі түсті,
түрлі – түсті, мәтінді,
суретті, фото, пайдаланылған
және де затты жарнамалар:
брелок, оттық, қалам,
кәдесый, т.б. Сонымен
қатар «тірі» жарнамалар
да бар. Бұған модельдердің
дүкендерде жүріп, атақты
фирма киім үлгілерін
көрсету жатады.
1.2. Жарнаманың негізгі функциялары:
-эканомикалық (утилитарлы) – бұл сауда көлемін көбейтіп, кірісті арттыру.
-ақпараттық шығарушылар – бұл белгілі бір тауарлар жайлы толық ақпарат беру.
-маркетингтік (коммерциялық) – тауардың сауда нарығында жылжуына себеп болады.
-қатынасты (идеологиялық) – бұқараға назар аудартады.
-тәрбиелі (ұйымдастырулы) – жарнаманың бұқара санасына әсер етуі.
-мәдениетті
– эстетикалық қанағаттанушылықты толықтырады.
1.3. Жарнама мақсаты:
-сауда нарығын кеңейту
-бұқараға тауар жайлы хабарлау
-фирманың атағын, тауар белгісін қалыптастыру және ұйымдастыру
-тауардың пайдалылығы мен артықшылығын хабарлау
-қарсыластарға
тойтарыс бере алу
1.4. Жарнама талаптары
Негізгі талаптар:
Жарнама тіліне қойылатын талаптар.
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі №151-І «Тілдер туралы» Заңында жарнамаға қойылатын тіл талаптары қарастырылған.
Қазақстан Республикасының заңымен қарастырылған тиіссіз жарнама
Жарнама күнделікті өмірде быржақты, креативті,
күлкілі болып көрінгенмен, негізгі жарнаманың
табиғаты өзгеше. Кейде этикаға сай
келмейтін, сенімсіз және басқа атақты
маркаларды көшіруге дейін баратын жарнама
түрлері кездеседі. Осындай креативтердің
авторларынан: «Мұны жасай отырып, не туралы
ойладыңыз?» деп сұрағың келеді.
Мұндай
жарнамаға ҚР Заңнамасы
«Жарнама туралы» заңның 7
бабында айрықша назар
аударған.
Тиіссіз жарнама келесі
жарнама түрлерін біріктіреді: қиянатшыл,
дәйексіз, әдепсіз.
Ірі кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды тұлғалар үшін, — екі жүзден төрт жүз АЕК мөлшерінде.
1.5. Жарнама қызметтері
1.6. Жарнама түрлері
Жарнама түрі оның мақсатымен тығыз байланысты, ал мақсат өз кезегінде тауар, жұмыс немесе қызмет тұтынушыларына бағытталады.жарнаманың түрін таңдамас бұрын, мақсатты анықтап алу қажет:
Осы мақсатта
жарнамалар атамлыш жарнама бағытталған
шешімге мақсаты бойынша бір топқа біріктіру
қажет:
1.7. Фирмалық стильді анықтау
Фирмалық стиль не үшін қажет және оны қалай пайдалану керек?
Біреулер «Фирмалық стильдің болуы –
сәнді және заманауи» деген принцип бойынша
фирмалық стильді жасайды. Басқалары «Мен
де...» принципі бойынша әрекет етеді. Қайсыбіреулерге
фирмалық стиль инвесторлардың талаптары
бойынша саудаға дайындық үшін қажет болуы
мүмкін. Алайда фирмалық стильді әзірлеудің
нағыз қажеттілігі оны пайдаланудағы
тиімділіктің жоғары екенін аңғарғанда
ғана байқалады.
Фирмалық стиль мыналар
үшін қажет:
Фирмалық
стиль қандай болуы
шарт?
Дара, есте қаларлықтай болу – жарнама
тиімділігін арттырады.
II
бөлім. Ақпарат беру
құралдары бойынша жарнаманы
жіктеу
2.1.
Сыртқы жарнама
Сыртқы жарнама (визуалды) – «ашық аспан астында» орналасқан арнайы уақытша немесе стационарлы құрылымдарда бекітілетін мәтін, графикалық түріндегі жарнама, сонымен қатар ғимараттардың, үйлердің жоғары бөлігінде, көше жабдықтары элементтерінде, көшесің жүретін бөлігі немесе жол бойларында орналасқан түрлері.
Билбордтар мен тақталардағы жарнама.
Биллбордтардың мәлімділігінің өсуі, ең алдымен олардың орналасуына жеңіп алған орындарына әсер етеді. Ең маңызды трассалар мен магитральдарда орналасқан биллбордтар, ереже бойынша жүргізушілер мен жолаушылардың назарындағы қолжетімді құралға айналады.