Кәсіпкерлік шарт туралы түсінік

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2011 в 18:06, реферат

Краткое описание

Кәсіпкерлік – адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. Бұған кезінде атақты неміс экономисті Йозеф Алоиз Шумпетер ерекше мән беріп, былайша айтып өткен болатын: «Кәсіпкер болу – басқаның істегенін істемеу». Шындығында да кәсіпкер нарықта өмір сүру үшін жаңалық енгізіп, сұранымдарды қанағаттандырып, өз жұмысын дұрыс басқарып, ұйымдастыруы қажет.

Оглавление

І Кіріспе

ІІ Негізгі бөлім

1.Кәсіпкерлік шарт түсінігі
2.Кәсіпкерлік шарттың белгілері мен қызметтері
3.Кәсіпкерлік шарт жасасу, оны өзгерту және тоқтату ерекшеліктері
ІІІ Қорытынды

IV Әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

РЕФЕРАТ.doc

— 76.50 Кб (Скачать)
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 

Тақырыбы:  « Кәсіпкерлік шарт туралы түсінік » 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Жоспар 
 
 

І Кіріспе

ІІ Негізгі  бөлім

  1. Кәсіпкерлік шарт түсінігі
  2. Кәсіпкерлік шарттың белгілері мен қызметтері
  3. Кәсіпкерлік шарт жасасу, оны өзгерту және тоқтату ерекшеліктері

ІІІ Қорытынды

IV Әдебиеттер  тізімі 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     Кіріспе

     Кәсіпкерлік – адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. Бұған кезінде атақты неміс  экономисті Йозеф Алоиз Шумпетер ерекше мән беріп, былайша айтып өткен болатын: «Кәсіпкер болу – басқаның істегенін істемеу». Шындығында да кәсіпкер нарықта өмір сүру үшін жаңалық енгізіп, сұранымдарды қанағаттандырып, өз жұмысын дұрыс басқарып, ұйымдастыруы қажет. Бұл айтылған сөздер кәсіпкерліктің қоғамға қажетті екендігін көрсетеді.

     Жалпы кәсіпкерлердің нарықтық экономикада  өзара қарым-қатынастарын реттеуде кәсіпкерлік шарттардың маңызы өте  зор болып табылады. Әрбір кәсіпкер кәсіпкерлік қарым-қатынаста келісім-шарт мәдениетін анық сезінуі керек. Бұл шарттар кәсіпкерлердің өз қызметін жүргізу жұмысын жүзеге асырудағы құқықтарын, жауапкершілігін айқындайтын, реттейтін негізгі құқықтың ерекше элементі болып табылады. Бүгінгі күнде сол себептен кәсіпкерлер қызметінде кәсіпкерлік шарт маңызды болып табылады.

     Осы мәселеге байланысты реферат тақырыбын «Кәсіпкерлік шарт туралы түсінік» деп алдым. Бұл рефераттың құндылығы – кәсіпкерлік шарт ұғымын түсіндіру және оның түрлерін, шарт жасау, өзгерту және тоқтату ерекшеліктерін анықтауда болып табылады. Реферат негізгі үш бөлімді қамтиды:

  1. Кәсіпкерлік шарт түсінігі – бұл жерде жалпы кәсіпкерлік шарт дегеніміз не, яғни «кәсіпкерлік шарт» ұғымына тоқталып өттім;
  2. Кәсіпкерлік шарттың белгілері мен қызметтері – бұл бөлімде кәсіпкерлік шарттардың өздеріне тән ерекшеліктерін қарастырдым;
  3. Кәсіпкерлік шарт жасасу, оны өзгерту және тоқтату ерекшеліктері – жалпы кәсіпкерлік шарт қалай жасалады, оның тәсілдері және де толықтырулар енгізу қажет болған жағдайдағы өзгерту жолдарын, сонымен қатар шарттардың жұмыс істеу мерзімін тоқтату тәсілдерін қарастырып өттім.

     1. Кәсіпкерлік шарттың түсінігі және мәні туралы мәселе, бірінші кезекте, шартты түсінудің бұрыннан бар тәсілдеріне талдау жасауды талап етеді. Бұл мәселеге қатысты тәсілдерінің алуан түрлілігі римдік құқықтан бастау алады, ал оның ережелеріне сәйкес шартты құқықтық қатынастардың пайда болуының негіздемесі, сол негіздемеден шығатын құқықтық қатынастың өзі немесе тиісті құқықтық қатынас қабылдайтын форма ретінде қарастыруға болады.

     Шарт  жағдайындағы қазіргі заманғы түсініктер жоғарыда келтірілген аспектілерді бойына сіңірген: шарт ретінде екі немесе бірнеше адамның азаматтық құқықтық қатынастардың пайда болуы, өзгеруі немесе тоқтатылуы туралы келісімін танумен қатар, шарт деп оның барлық қатысушыларының еркі бойынша заңдық факт, құқықтық қатынас, құжат, міндеттемелердің пайда болуын тіркейтін кесім және басқалары түсініледі. Айтылғандарды есепке ала отырып, көпұғымды түсінік ретінде шартты тараптардың келісімі, заңдық факт және солардан туған құқықтық қатынас деп қарастыру ең қолайлы тәсіл болып табылады.

     Кәсіпкерлік шарттың мәні туралы мәселеге көше отырып, «шаруашылық шарт» терминінің өткен жүзжылдықтың 30 жылдары бастапқыда өнім беру шартының синонимі ретінде пайда болғанын айтқан жөн. Кейіннен шаруашылық шарт түсінігі социалистік ұйымдардың шаруашылық қатынастарында пайдалану үшін арнайы белгіленген шарттарды қамтитын ерекше құрылымға дейін кеңейді. Ғалымдардың «шаруашылық шарттарының» құқықтық жаратылысына қатысты көзқарастары басынан бастап-ақ шаруашылық құқықтың және шаруашылық құқықтың дербестігін жақтаушыларға (Д.Н.Сафиуллин, Н.И.Клейн, И.А.Танчук және басқалары) және бұл көзқарасқа қарсыларға (Д.М.Генкин) бөлінеді.

     Ғалымдардың пікірлері қазіргі таңда да шамамен  дәл осылайша бөлініп отыр. Пікірлердің  соншалықты сан алуандылығына қарамастан, оларды екі үлкен топқа бөлуге болады:

  1. кәсіпкерлік шарт – бұл шарттың дербес түрі (тұрпаты);
  2. кәсіпкерлік шарт – бұл азаматтық-құқықтық шарттың ерекше түрі (тұрпаты).

     Бірінші көзқарастың жақтаушылары ішінен кәсіпкерлік шарт – бұл шарттық тұрпат емес, сонымен бірге Азаматтық кодекспен жиынтық мағынада (контекст) азаматтық-құқықтық шарттың бір түрі де болып табылмайды деп санайтын В.С.Белыхты атауға болады. Ары қарай В.С.Белых кәсіпкерлік шарт құрылысы Азаматтық кодекстің мағыналық ауқымына сыймайтыны және оған заңдық бейне беру Кәсіпкерлік кодексте ғана мүмкін екені туралы қорытындыға келеді.

     С.С.Занковский де осы ұстанымды жақтайды, оның пікірінше, РФ АК-де құқықтық реттеудің  екі режимі бар: кәсіпкерлік және тұрмыстық. Олардың алғашқысы бизнеске, екіншісі азаматтардың жеке қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған, ал ол оншама қолайлы емес – кәсіпкерлік шарттарының тұрмыстық шартпен ортақ белгілері бар, бірақ ұқсастықтарына қарағанда айырмашылықтары көптеу, сол себепті азаматтықпен қатар, кәсіпкерлік қызмет реттелген арнайы сауда немесе коммерциялық кодекстер шығарылған құқықтық жүйелер қисындылау көрінеді (Германия, Франция, Жапония).

     Шындығында, жеке құқық дуализмі жүйесі қалыптасқан елдерде азаматтық-құқықтық шарттар сауда (коммерциялық) шарттарынан ажыратылып көрсетіледі. С.Жамен мен Л.Лакур айтқандай, халықаралық тәжірибеде де коммерциялық шарттардың төмендегідей:

  1. коммерсантпен коммерциялық қызметке қажетті шарттар (сауда мәмілелері);
  2. кәсіпқой емес клиентпен шарттар (аралас мәмілелер);
  3. коммерциялық қызметке қатысы жоқ шарттар (азаматтық мәмілелер) сияқты түрлері ажыратылады.

     Кәсіпкерлік шарттың түсінігі мен мәніне өркениеттік  көзқарас кәсіпкерлік шарттың дербестігін  жоққа шығаруға және оны азаматтық-құқықтық шарттың сан алуандылығының ерекшелігі деп тануға негізделген.

     Сөйтіп, кәсіпкерлік шарт – бұл кәсіпкерлік  қызметті жүзеге асыру мақсатында жасалатын, тараптар немесе тараптардың бірі кәсіпкерлік  қызмет субъектісі болып табылатын  келісім. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     2. Кәсіпкерлік шарттардың тек өздеріне тән бірқатар ерекшеліктері бар. Кеңестік шаруашылық құқық теоретиктерінің бірі А.Г.Быковтың пікірі бойынша, шаруашылық шарттың өзгеше белгілері:

  • арнайы субъектілік құрам;
  • шаруашылық шартпен қоғамдық қатынастардың ерекше саласын жанама түрге келтіру;
  • шаруашылық шарттың жоспарлы сипаты болып табылған.

     Әрине, қазіргі заман жағдайында бұрыннан келе жатқан шарттарды жоспарлы және жоспарлы емес деп бөлу енді қолданыс таппайды. Е.А.Суханов әділдікпен атап кеткендей, қалыпты, азаматтық шарттан  айырмашылығы тек оның қатысушылары бір-бірімен ештеңеге келісе алмай, жоспарлау-реттеу органдарының нұсқаулары бойынша шарт тараптары болып жарияланған шаруашылық шарт құрылысы енді келмеске кетті. Бірақ, соған қарамастан, шаруашылық шарттың басқадай белгілері нарықтық қатынастар жағдайында да өзектілігін жойған жоқ.

     Шартты  кәсіпкерлік деп тану үшін айтарлықтай  маңызы жоқ тағы бір белгі –  бұл шарттың қайтарымдық сипаты болып саналады, өйткені басты  және айқындаушы белгі – кәсіпкерлік  қызметті жүзеге асыру үшін жасалатын  шарттың кәсіпкерлік мақсаты, ал ол кәсіпкерлік қызметтің қайтарымдық сипатын да, басқадай белгілерін де алдын ала айқындайды.

     Сонымен, кәсіпкерлік шарттың басты және айқындаушы белгісі екеу:

  1. айрықша субъектілік құрам (тараптар немесе тараптардың екеуі кәсіпкерлік қызмет субъектісі болып табылады);
  2. шарт жасасудың мақсаты (шарт кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін жасалады, сол себепті кәсіпкерліктің барлық белгілеріне сай болады).

     Кәсіпкерлік шарт қызметтеріне мыналар жатады:

  • кәсіпкерлік қызмет субъектілері арасында заңдық маңызы бар байланыстар орнату қызметі;
  • келісімге қатысушылардың өзара байланысты қызметінің мазмұнын (яғни кәсіпкерлік қызмет субъектілері ретіндегі тараптардың өзара құқықтары мен міндеттемелерін) анықтау қызметі;
  • кәсіпкерлік қатынастарды қалыптастыру қызметі (кәсіпкерлік қызмет субъектілері шарт жасаса отырып, оның формасын, шарттарын, түрін, тараптардың құқықтары мен міндеттемелерін және тағы басқаларын өз қалаулары бойынша айқындауға құқылы);
  • келісімге қатысушылардың шарт тәртібін сақтауын қамтамасыз ету қызметі (міндеттемелерді орындауды қамтамасыз етудің қосымша тәсілдерін белгілеу жолымен және тағы басқалары).

     Бұл қызметтер барлық кәсіпкерлік шарттарға  тән, ортақ қызметтер болып табылады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     3. Кәсіпкерлік шарттың формасы мәмілелер мен шарттардың формасына жататын жалпы ережелермен, сонымен қатар кәсіпкерлік шарттардың көптеген түрлерінің формасына жататын арнайы ережелермен реттеледі. Жалпы ереже бойынша мәмілелер ауызша немесе жазбаша түрде (жай немесе нотариалдық рәсімдеу) жасалады. Егер мәмілелердің жекелеген түрлері үшін заңдарда өзгеше жағдай арнайы көзделмесе немесе іскерлік қызмет аясы машықтарынан туындамаса, мәмілелерді жасау барысында орындалатындардан басқа, кәсіпкерлік қызмет үдерісінде жүзеге асырылатын; сонымен қатар нақты мәмілелерден басқа, жүз есептік көрсеткіштен асатын сомаға жасалатын мәмілелер жазбаша орындалуға тиіс (ҚР-ның АК 152-бабының 1-тармағы).

     Мәміленің жай жазбаша түрін сақтамау оның жарамсыз болып қалуына соқтырмайды, бірақ дау туған жағдайда тараптарды мәміленің жасалғанын, оның мазмұнын немесе орындалғанын куәгерлік айғақтармен растау құқығынан айырады; алайда тараптар мәміленің жасалғанын, оның мазмұнын немесе орындалғанын жазбаша немесе өзге, куәгерлік айғақтардан басқа дәлелдермен растауға құқылы. Заң актілерінде немесе тараптардың келісімінде тікелей көрсетілген жағдайда мәміленің жай жазбаша түрін сақтамау оның жарамсыз болып қалуына әкеліп соқтырады.

     Шетелдік  мемлекеттерде шарттарға жазбаша  түрдегі талаптар, бәрінен бұрын, бұл белгілі бір сомаларға жасалған шарттар туралы сөз болғанда қойылады (Франция АК 1341-бабы және Испания АК 1280-бабы); шарттардың жекелеген түрлеріне нотариалдық форма (мысалы, Германияда, Швейцарияда, Ресей Федерациясында жылжымайтын дүние-мүлікке қатысты мәмілелер үшін) немесе мемлекеттік тіркеу көзделуі мүмкін; біржақты міндеттемелер үшін (яғни ыңғайласпа нәтижесіз міндеттемелер) «мөрмен бекітілген» ерекше форма (құқықтың ағылшын-американ жүйесі елдерінде) қарастырылуы мүмкін. Халықаралық сауда тәжірибесінде «шарт жасасудың еркін формасы» жұмыс істейді, соған сәйкес шарттың бар екендігі кез-келген тәсілмен, оның ішінде куәгерлік айғақтармен де расталады.

     Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен шартты өзгерту және бұзу тәртібі белгіленген, оның үстіне шартты біржақты бұзудың мүмкін еместігі жалпы ереже болып табылады. Егер тараптар шарт жасасқанда тараптардың біреуінің бастамашылығымен шартты біржақты бұзу мүмкіндігін қарастырмаған болса, онда бұл мәселе тек сот арқылы және белгілі бір себептерге байланысты, атап айтқанда, екінші тарап шартты елеулі бұзған кезде шешіледі (ҚР АК 401-бабы). Тараптардың біреуінің шартты бұзуы екіншісіне шарт жасасу кезінде үміттенуге құқылы болған нәтижеден айтарлықтай айырылып қалатын шығынға ұшыратса, мұндай шарттың бұзылуы елеулі деп танылады.

     Егер  заңдармен, шартпен немесе іскерлік қызмет дағдыларымен өзгедей жағдай көзделмесе, шартты өзгерту және бұзу туралы келісім шарттың жасалған түрінде орындалады. Тараптардың  бірі екінші тарап шартты өзгерту немесе бұзу туралы ұсыныстан бас тартатынын  хабарлағаннан немесе ұсыныста көрсетілген немесе шартпен немесе заңмен белгіленген мерзімде, ал ондай мерзім белгіленбеген болса, отыз күн ішінде жауап бермеген жағдайда шартты өзгерту немесе бұзу туралы сотқа арыз бере алады.

     Шарт  бұзылғанда тараптардың міндеттемелері тоқтатылады, ал өзгергенде әрекет ете  береді, бірақ өзгерген түрінде. Міндеттемелердің тоқтатылуының немесе өзгеруінің уақыты тараптардың шартты өзгерту немесе бұзу туралы келіскен сәті болып табылады, ал шартты бұзу немесе өзгерту сот тәртібімен шешілген жағдайда, соттың шартты бұзу немесе өзгерту туралы шешімі заңды күшіне енген сәттен есептеледі.

Информация о работе Кәсіпкерлік шарт туралы түсінік