Кәсіпкерлік шарт туралы түсінік

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2011 в 18:06, реферат

Краткое описание

Кәсіпкерлік – адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. Бұған кезінде атақты неміс экономисті Йозеф Алоиз Шумпетер ерекше мән беріп, былайша айтып өткен болатын: «Кәсіпкер болу – басқаның істегенін істемеу». Шындығында да кәсіпкер нарықта өмір сүру үшін жаңалық енгізіп, сұранымдарды қанағаттандырып, өз жұмысын дұрыс басқарып, ұйымдастыруы қажет.

Оглавление

І Кіріспе

ІІ Негізгі бөлім

1.Кәсіпкерлік шарт түсінігі
2.Кәсіпкерлік шарттың белгілері мен қызметтері
3.Кәсіпкерлік шарт жасасу, оны өзгерту және тоқтату ерекшеліктері
ІІІ Қорытынды

IV Әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

РЕФЕРАТ.doc

— 76.50 Кб (Скачать)

     Шартты  орындаудан біржақты бас тартуға (шарттан  бас тартуға) азаматтық заңмен, басқадай заң актілерімен немесе тараптардың келісімімен қарастырылған жағдайларда рұқсат етіледі. Сонымен, мынандай: шартқа негізделген міндеттемелерді орындаудың мүмкін еместігі; белгіленген тәртіпте екінші тарап банкрот болып танылса; соның негізінде шарт жасалған мемлекеттік органның актісі өзгергенде немесе заңды күшін жойғанда; сонымен қатар егер заңмен немесе тараптардың келісімімен басқадай көзделмесе, шарт мерзімі көрсетілмей жасалған жағдайларда тараптардың біреуі шартты орындаудан бас тартуға құқылы.

     Егер  заңмен немесе тараптардың келісімімен өзгедей белгіленбесе, тараптар шарт бұзылғанға немесе өзгергенге дейін міндеттемелері бойынша орындағандарын қайтаруды талап етуге құқылы емес. Егер шарттың бұзылуына немесе өзгеруіне тараптардың біреуінің шартты елеулі бұзғаны негіз болса, екінші тарап шарттың бұзылуы немесе өзгеруі себепті келтірілген залалдың орнын толтыруды талап етуге құқылы. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     Қорытынды

     Қорытындылай  келсем, рефератта кәсіпкерлік шарт туралы баяндадым. Бірінші бөлімде жалпы кәсіпкерлік шарт ұғымы кеңінен талқыланды, яғни кәсіпкерлік шарт – бұл кәсіпкерлердің өз еркі бойынша құқықтық қатынас, міндеттемелерді тіркеуге байланысты туындайтын кесім, яғни құқықтық құжат болып табылады. Жалпы кәсіпкерлік шарт ұғымы «шаруашылық шарт» ұғымынан пайда болып, кейіннен шаруашылық шарт түсінігі кәсіпкерлік шарт ұғымына ауысқан болатын.

     Екінші  бөлімде кәсіпкерлік шарттардың өзлеріне тән бірқатар ерекшеліктерін баяндадым. Қысқаша тоқталып өтсем, кәсіпкерлік шарттың негізгі басты және айқындаушы белгісі – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін жасалатын шарттың кәсіпкерлік мақсаты, өйткені ол кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға негіз болып табылады. Ал кәсіпкерлік шарт қызметтері – кәсіпкерлер арасында заңдық негізде байланыс орнату, келісім жасаушылар шарт тәртібін сақтауын қамтамасыз ету болып табылады.

     Үшінші  бөлімде кәсіпкерлер арасында кәсіпкерлік шарт жасасу жолдары, оны өзгерту шаралары, яғни толықтырулар енгізу және қажет болған жағдайда заңдылыққа сай тоқтату жолдары қарастырылды.

     Сонымен, кәсіпкерлік шарт – кәсіпкерлік қызметте кәсіпкерлердің екіжақты келісімімен ерікті түрде жасалатын, заңдық негізде жүзеге асатын құжат, құқықтық кесім болып табылады.

     Кәсіпкерлердің  келісімдік құқы, яғни кәсіпкерлік  шарт бүгінгі күнде әлі қалыптасу  үрдісінде, ал оның қалыптасуы тікелей азаматтардың құқықтық мәдениетімен байланысты болып табылады. Кәсіпкерлер шарт жасасу негізінде өздерінің негізгі құндылықтарын анықтап, керек емес бөліктерін ажырата алады және де кәсіпкерлердің арасындағы қарым-қатынас мәдениетінің дамуына зор үлесін тигізеді. Сондықтан да кәсіпкерлер дұрыс, сауатты келісім-шарт құра отырып, өз қызметін жандандыра түсуі қажет. 
 

Әдебиеттер  тізімі

  1. «Кәсіпкерлік (шаруашылық) құқық», С.П.Мороз. Алматы, 2009.
  2. «Кәсіпкерліктің жедел курсы» оқу-әдістемелік құрал, Б.А.Бижан. Алматы, 2009.

Информация о работе Кәсіпкерлік шарт туралы түсінік